Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы N 203 Қаулысы

      Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесiнде:
      тақырыбындағы "жабық" деген сөз алынып тасталсын;

      1-тармақта:
      "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
      "081" деген сандар "083" деген сандармен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 5) тармақшасындағы "жылдық 12%" деген сөздердiң алдынан "9%-ды құрайтын және Қор маржасынан 2% құралатын әйел кәсiпкерлiгi желiсi бойынша сыйақы ставкасынан, сондай-ақ Қаржыминiнiң жылдық 7% сыйақы ставкасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерi, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы осы қаулыны орындау жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдасын. 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады