Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 266 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.08.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.08.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
N 266 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Осы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы (бұдан әрі - мемлекеттік стипендия) беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мемлекеттік стипендия алуға:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;

      2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

      Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.

      Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      5. Мемлекеттік стипендияны алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталардан бұрын екі айдан кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi қағаз немесе электронды түрде жібереді.

      Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі.

      7. Комиссияның мемлекеттік стипендияны беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.

      Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      Уәкілетті орган тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы"4 сәуірдегі
N 266 қаулысына қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 288-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 482-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 және 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1370 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 567-құжат).

      "4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы N 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 94-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 236-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады