Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі N 280 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 6-тармақтың 10) тармақшасындағы ", инвестициялар" деген сөз алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 8-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
      "14. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.";
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады