Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы", "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы", "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы", "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы N 359 Қаулысы

      Спорт резервін және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт
комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы", "Күрес түрлері
бойынша олимпиадалық даярлау орталығы", "Велосипед спортынан
олимпиадалық даярлау орталығы", "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде ресми халықаралық жарыстарға қатысу үшін спорт резерві мен ұлттық құрама командаларды даярлауды жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі "2. Мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-4, 15-5, 15-6, 15-7-жолдармен толықтырылсын:
      "15-4. "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-5. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-6. "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      15-7. "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады