Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 мамырдағы N 377 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 4, 56-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      кестеде:
"2207-  80 айн. % немесе одан   физ. көлемі  400 теңге/л  3 ЕВРО*/л
ден **    жоғары концентрациясы
        бар денатуратталмаған
        этил спирті; этил спирті
        және кез келген концен-
        трациядағы денатурат-
        талған өзге де спирттер
        (тауар өндірушіде
        көрсетілген өнімді
        өндіру құқығына
        Қазақстан Республика-
        сының лицензиясы бол-
        ған кезде, алкоголь
        өнімін, емдік және
        фармацевтикалық
        препараттарды өндіру
        үшін сатылатын, сон-
        дай-ақ белгіленген
        квоталар шегінде
        мемлекеттік медицина-
        лық мекемелерге
        берілетін спирттен
        басқа)                                                 "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

2207 ***   Денатуратталған отын   физ. көлемі 0,1 теңге/л  0,1 теңге/л
-ден     этил спирті (этанол)
         (түссіз, ішкі нарықта
         тұтыну үшін боялған)                                  ";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "*** тауар номенклатурасы тауарлардың атауымен айқындалады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады