Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 302 қаулысына өзеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 430 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 302  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 162-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесінде:
      1-тармақтағы "Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары" деген сөздер "Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "төрағасының орынбасары," деген сөздерден кейін "департаменттердің," деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" деген сөздердің алдынан»"Департаменттер," деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады