Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылығы 13 маусымдығы N 488 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 440-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлімдегі»"А.Өсімдіктер зиянкестері" деген ішкі бөлімде:
      "Lymantria dispar L.(аsіаn rасе)" деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Dendroctonus micans (Кugelman)
      Dendrolimus sibiricus Tschetw
      Monochamus urussovi Fisch.
      Monochamus sutot L
      Monochamus galloprovincialis Oliv
      Monochamus saltuarius Gebl.";
      "Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлімде "А.Өсімдіктер зиянкестері" деген ішкі бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Lymantria dispra (аsіаn rасе)
      Myiopardalis pardalina".
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады