Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже
бекітілсін.

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2007 жылғы 30 маусымдағы 
N 553 қаулысына      
1-қосымша        

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру
жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, хатшы
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы ақпараттық қызметінің директоры (келісім бойынша)
      «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
      «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы
ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссия қызметінің мақсаты

      3. Комиссия қызметінің мақсаттары:
      1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласын қоспағанда, Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру, ақпараттандыру және мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
      2) мемлекеттік қаражат (оның ішінде қарыздар) есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
      3) "ақпараттық қоғамды" және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      4) «электрондық үкімет» ақпараттық ресурстарының қорғалғандығын талдау болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.12 № 787, 2012.04.19 № 492 Қаулыларымен.

  3. Негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға»"ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      3) деректерді электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      4) "электрондық үкімет" қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсіздікті" жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      5) "электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін»"электрондық үкіметті" қалыптастыру және»"ақпараттық қоғамды" дамыту проблемалары жөнінде материалдар мен ұсынымдар даярлау;
      7) ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі үдерістерін үйлестіру;
      8) ақпараттық қауiпсiздiктi және мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      9) ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзірлеу;
      10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді жетiлдiру жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
      11) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметi мен өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      12) ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      13) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      14) ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимылға бағытталған халықаралық уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      15) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын іске асыру кезеңдерін талдау, оның негізінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      16) мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын қарау болып табылады.
      Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:
      1) "электрондық үкіметті" қалыптастыру, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғамды" дамыту жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді;
      2) мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды әзірлейді;
      3) "электрондық үкіметті" қалыптастыру жөніндегі жұмысты және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру үдерістерін үйлестіреді;
      4) мемлекеттiк мекемелерде "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдастарын, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердi құру, енгiзу, сүйемелдеу және пайдалану үдерiсiн ұйымдастыру жөнiндегі және ақпараттандыру саласында қолданудан босаған активтерді одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстарды қарайды және енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасын ақпараттандырудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселелерін шешкен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгізілген өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
      7) "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бюджет қаражатын, директивалық кредиттерді және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерін (оның ішінде қарыздар) пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      8) «электрондық үкіметтің» ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды;
      9) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      11) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      12) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізеді;
      13) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын қарайды;
      14) ақпараттық технологияларды енгізу және ақпараттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      15) елiмiзде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      16) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамытуға және сүйемелдеуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипатта қорытындылар береді;
      17) ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
      18) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жоспарларын және бағдарламаларын және оларды іске асыру тұжырымдамаларын іске асыруға ақша қаражаты бөлінуінің мақсатқа сай болуы туралы ұсынымдар әзірлейді;
      19) ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде мемлекеттік органдардың жұмыс үдерістерін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.12 № 787, 2012.04.19 № 492 Қаулыларымен.

  4. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыретінің шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      1) өз құзыретінің шегінде ақпараттандыруды жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті шешімдер қабылдауға;
      2) заңнаманың талаптарына сәйкес өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
      3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      4) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге құқылы.

  5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады.
      Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.

      7. Комиссия төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді.

      8. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.

      9. Комиссия өзiнiң отырыстарын жарты жылда бір рет отырыстардың бекiтiлген жоспарына сәйкес өткiзедi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      11. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысына  
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 53-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 428-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 1458 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 445-құжат).

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1870 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 17, 177-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 3, 33-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі N 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 175-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 1697 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 48, 577-құжат).

      10.«"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 227  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 56-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 9, 66-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 маусымдағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 19, 206-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы N 1119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 34, 370-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 14, 145-құжат).

      15.«"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 748 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 301-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 65-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 684 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).

      18. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 478 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 256-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1176 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 587-құжат).

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 135-құжат).

Об утверждении Положения и состава Межведомственной комиссии Республики Казахстан по координации работ в сфере информатизации и обеспечения информационной безопасности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 553. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 244

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2016 № 244 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 19.04.2012 № 492.

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Межведомственную комиссию Республики Казахстан по координации работ в сфере информатизации и обеспечения информационной безопасности (далее - Межведомственная комиссия) в составе согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 19.04.2012 № 492.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Межведомственной Комиссии.

      3. Признать утратившим силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно  приложению 2 к настоящему постановлению.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение 1         
к постановлению Правительства 
Республики Казахстан    
от 30 июня 2007 года N 553    

Состав
Межведомственной комиссии Республики Казахстан
по координации работ в сфере информатизации
и обеспечения информационной безопасности

      Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель
      Руководитель Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя
      Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан, заместитель председателя
      Председатель Комитета связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, секретарь
      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан
      заведующий Общим отделом Администрации Президента Республики Казахстан (по согласованию)
      заместитель заведующего Отделом информатизации и защиты информационных ресурсов Администрации Президента Республики Казахстан (по согласованию)
      Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)
      Директор Службы внешней разведки Республики Казахстан «Сырбар» (по согласованию)
      Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции (по согласованию)
      Министр финансов Республики Казахстан
      Министр образования и науки Республики Казахстан
      Министр юстиции Республики Казахстан
      Министр национальной экономики Республики Казахстан
      заместитель начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан
      заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан
      председатель Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (по согласованию)
      заведующий сектором Секретариата Совета Безопасности Республики Казахстан (по согласованию)
      заведующий Отделом по защите государственных секретов Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан
      заведующий Отделом индустриально-инновационного развития Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан
      заместитель Управляющего Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию)
      директор Специальной информационной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)
      председатель правления акционерного общества «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде» (по согласованию)
      директор Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Государственная техническая служба» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
      председатель правления акционерного общества «Национальная компания Kazsatnet» (по согласованию)
      председатель правления акционерного общества «Национальные информационные технологии» (по согласованию)
      начальник Департамента по защите государственных секретов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)
      директор Департамента финансов, информатизации и защиты информационных ресурсов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (по согласованию)

Утверждено        
постановлением Правительства 
Республики Казахстан   
от 30 июня 2007 года N 553 

Положение
о Межведомственной комиссии Республики Казахстан по координации
работ в сфере информатизации и обеспечения информационной
безопасности

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 19.04.2012 № 492.

  1. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия Республики Казахстан по координации работ в сфере информатизации и обеспечения информационной безопасности (далее - Комиссия) создается в целях реализации Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации" и Концепции информационной безопасности Республики Казахстан до 2016 года, утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 14 ноября 2011 года № 174.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 19.04.2012 № 492.

      2. В своей деятельности Комиссия руководствуется  Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, международными договорами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

  2. Цели деятельности Комиссии

      3. Целями деятельности Комиссии являются:
      1) выработка основных положений государственной политики в области формирования национальной информационной инфраструктуры "электронного правительства" в Республике Казахстан, информатизации и информационной безопасности государственных учреждений, за исключением сферы защиты государственных секретов;
      2) выработка основных положений государственной политики по планам и программам информатизации государственных учреждений, финансируемых за счет государственных средств (в том числе заемных);
      3) координация работы по формированию "информационного общества" и процессов информатизации государственных учреждений;
      4) анализ защищенности информационных ресурсов "электронного правительства".
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 12.07.2011 № 787; от 19.04.2012 № 492.

  3. Основные задачи

      4. Основными задачами Комиссии являются:
      1) выработка предложений по нормативной правовой и методологической базе, позволяющей государству, гражданам и организациям функционировать в условиях "информационного общества";
      2) выработка предложений по формированию и развитию электронных услуг государственных органов;
      3) выработка предложений по казахстанским стандартам электронного представления и обмена данными, а также стимулированию развития информационно-коммуникационной индустрии;
      4) выработка мероприятий по обеспечению доступа к услугам "электронного правительства", организации работ по ликвидации "информационного неравенства" и повышению уровня образования в сфере информационно-коммуникационных технологий;
      5) координация работы по формированию базовых компонентов инфраструктуры "электронного правительства" и оптимизации информационной инфраструктуры государственных органов;
      6) подготовка материалов и рекомендаций для Правительства Республики Казахстан по проблемам формирования "электронного правительства" и развития "информационного общества;
      7) координация процессов функционирования информационных систем на государственном языке;
      8) выработка предложений по основным направлениям государственной политики в области обеспечения информационной безопасности и защиты государственных информационных ресурсов;
      9) выработка рекомендаций по совершенствованию системы правовых, административных, технических, программных и криптографических мер регулирования отношений в сфере информационной безопасности;
      10) выработка рекомендаций по совершенствованию нормативных правовых актов в области обеспечения информационной безопасности;
      11) выработка предложений по вопросам координации деятельности и взаимодействия государственных органов в области информационной безопасности;
      12) выработка предложений по вопросам лицензирования, технического регулирования, в том числе подтверждения соответствия информационных систем, технических, программно-технических и программных средств (изделий), технических средств защиты информации;
      13) анализ состояния работ по защите государственных информационных ресурсов в государственных органах и организациях, подготовка на его основе рекомендаций и предложений по совершенствованию государственной системы защиты информации;
      14) выработка предложений по вопросам реализации международных договоренностей, направленных на противодействие угрозам информационной безопасности;
      15) анализ этапов реализации планов и целевых программ обеспечения информационной безопасности, осуществляющихся за счет государственного бюджета, подготовка на его основе рекомендаций и предложений;
      16) рассмотрение планов и программ информатизации государственных органов и концепций их реализаций.
      В соответствии с возложенными задачами Комиссия:
      1) вносит на рассмотрение в Правительство Республики Казахстан предложения по формированию "электронного правительства", информатизации государственных учреждений и развитию "информационного общества";
      2) вырабатывает по согласованию с заинтересованными государственными учреждениями приоритеты в области формирования "информационного общества" и информатизации государственных учреждений;
      3) координирует работы по формированию "электронного правительства" и процессы информатизации государственных учреждений;
      4) рассматривает и вносит предложения по организации процесса создания, внедрения, сопровождения и эксплуатации базовых компонентов "электронного правительства", а также информационно-телекоммуникационных систем в государственных учреждениях и по дальнейшему использованию высвободившихся из применения активов в сфере информатизации;
      5) вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по защите интересов государства при решении вопросов формирования единого информационного пространства информатизации Республики Казахстан;
      6) запрашивает и получает от центральных и местных исполнительных органов, а также государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, и иных организаций, включенных в Комиссию, информацию, необходимую для выполнения возложенных на нее задач;
      7) вносит предложения по использованию бюджетных средств, директивных кредитов и других государственных источников финансирования (в том числе заемных) для проведения работ по формированию "электронного правительства" и информатизации государственных учреждений;
      8) заслушивает руководителей государственных органов по вопросам защиты информационных ресурсов "электронного правительства";
      9) вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по вопросам развития и совершенствования национальной системы защиты информационных ресурсов, обеспечения конституционных прав граждан и интересов общества в информационной сфере, проведения научных исследований, опытно-конструкторских работ по формированию научно-технической базы для обеспечения выпуска и технического сопровождения отечественных аппаратных, программных и аппаратно-программных средств защиты информации;
      10) вносит предложения по определению приоритетов в области обеспечения информационной безопасности;
      11) заслушивает руководителей государственных органов по вопросам защиты государственных информационных ресурсов;
      12) вносит предложения по координации деятельности и взаимодействия государственных органов и организаций в области обеспечения информационной безопасности;
      13) рассматривает планы и программы развития научной, экспериментальной и производственной базы по направлениям научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ в сфере информационной безопасности;
      14) заслушивает руководителей государственных органов о ходе реализации планов и программ по внедрению информационных технологий и обеспечению информационной безопасности;
      15) вносит предложения по осуществлению мер правового, экономического, организационного и научно-технического характера, направленных на создание в стране условий, способствующих обеспечению информационной безопасности;
      16) рассматривает предложения администраторов бюджетных программ по планированию расходов республиканского бюджета на очередной финансовый год, связанных с сопровождением и развитием систем информационной безопасности, и по данному вопросу представляет Республиканской бюджетной комиссии заключения рекомендательного характера;
      17) рассматривает предложения по совершенствованию системы подготовки кадров в области информационной безопасности;
      18) вырабатывает рекомендации о целесообразности выделения финансовых средств на реализацию планов и программ информатизации государственных органов и концепций их реализаций;
      19) вырабатывает рекомендации по оптимизации рабочих процессов государственных органов с применением информационных технологий, в том числе при оказании государственных услуг в электронном виде.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 12.07.2011 № 787; от 19.04.2012 № 492.

  4. Права Комиссии

      5. Комиссия в пределах своей компетенции для осуществления возложенных на нее задач вправе:
      1) принимать в пределах своей компетенции решения, необходимые для организации, координации и совершенствования взаимодействия государственных органов, осуществляющих и обеспечивающих информатизацию;
      2) в соответствии с требованиями законодательства рассматривать и вносить в Правительство Республики Казахстан предложения по изданию, изменению или отмене нормативных правовых актов по вопросам, отнесенным к ее компетенции;
      3) привлекать для проведения экспертиз и консультаций специалистов соответствующего профиля из государственных органов и организаций, а также организовывать при необходимости рабочие группы;
      4) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов и организаций информацию по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;
      5) вырабатывать рекомендации и вносить предложения по вопросам, входящим в ее компетенцию.

  5. Организация деятельности Комиссии

      6. Межведомственную комиссию возглавляет председатель.
      В состав Комиссии также входят два заместителя председателя, члены Комиссии.

      7. Председатель Комиссии организует ее работу и несет персональную ответственность за своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Комиссию настоящим Положением.

      8. Материалы рабочих заседаний Комиссии после согласования с председателем доводятся до каждого члена Комиссии не менее чем за 10 дней до заседания.

      9. Комиссия проводит свои заседания в соответствии с утвержденным планом заседаний один раз в полгода.
      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 19.04.2012 № 492.

      10. Рабочим органом Комиссии является Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

      11. Секретарь Комиссии после проведения заседания Комиссии оформляет протокол.
      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      12. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.
      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.
      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.
      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.
      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      13. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.
      Сноска. Пункт 13 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

Приложение 2        
к постановлению Правительства 
Республики Казахстан    
от 30 июня 2007 года N 553 

  Перечень утративших силу
некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384 "О координации работ по формированию и развитию национальной информационной инфраструктуры, процессов информатизации" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 50, ст. 473).

      2.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 1999 года N 187 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (CAПП Республики Казахстан, 1999 г., N 7, ст. 53).

      3.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 1999 года N 1389 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 46, ст. 428).

      4.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 сентября 1999 года N 1458 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 48, ст. 445).

      5.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1870 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384 и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан".

      6.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2000 года N 454 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 17, ст. 177).

      7.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2001 года N 122 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 3, ст. 33).

      8.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2001 года N 498 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 14, ст. 175).

      9.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2001 года N 1697 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 48, ст. 577).

      10.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2002 года N 227 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 6, ст. 56).

      11.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2002 года N 274 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 9, ст. 66).

      12.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2002 года N 685 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 19, ст. 206).

      13.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2002 года N 1119 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 34, ст. 370).

      14.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2003 года N 299 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 14, ст. 145).

      15.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 748 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 30, ст. 301).

      16.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2004 года N 118 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 4, ст. 65).

      17.  Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2004 года N 684 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 27 ст. 353).

      18.  Пункт 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2004 года N 751 "О создании Межведомственной комиссии по вопросам обеспечения информационной безопасности" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 27, ст. 353).

      19.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2005 года N 478 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 21, ст. 256).

      20.  Пункт 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года N 1176 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 44, ст. 587).

      21.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2006 года N 311 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1384" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 14, ст. 135).