Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 579 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Қызметінің негізгі мәні:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қысқы спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің»"Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бұқаралық спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
      2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.»"Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-3-жолмен толықтырылсын:

      "15-3.»"Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады