Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 673 Қаулысы

      "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
      1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жыл сайын, жарты жылдық қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеге қарай Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, жарты жылдық қорытындылары бойынша 15 қаңтар мен 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 6 тамыздағы  
N 673 қаулысымен   
бекітілген        

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты
      2. Кіріспе
      3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
      4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
      5. Дамытудың негізгі бағыттары және Бағдарламаны іске асыру  тетігі
      6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
      8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                    Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару
                         жүйесін одан әрі дамытудың 2007-2009
                         жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін            "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму
негіздеме                стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі
                         шаралары туралы" Қазақстан Республикасы
                         Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
                         Жарлығымен бекітілген Қазақстан
                         Республикасы Үкіметінің 2007-2009
                         жылдарға арналған бағдарламасы
                          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
                         жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен
                         бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007
                         жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы
                         жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі
                         бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық
                         жоспарын және Қазақстан Республикасы
                         Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған
                         бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар
                         жоспары

Әзірлеуге жауапты       Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Мақсаты                  Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының
                         тиімділігін арттыру

Міндеттері               ҚАЖ-ды басқарудың ұйымдастырылуын
                         жетілдіру және ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын
                         адамдардың жағдайын жақсарту
                          Қылмыстық жазаларды орындау тиімділігін
                         арттыру, сотталғандардың еңбекпен
                         қамтылуын қамтамасыз ету, бас
                         бостандығынан айыру орындарынан босатылған
                         адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай
                         жасау
                          Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға
                         байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал
                         ету шараларының тиімділігін арттыру
                          Кадр құрамын нығайту, қызметкерлердің
                         кәсіби даярлығын жетілдіру, ҚАЖ мекемелері
                         қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік
                         қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлерінің
                         арасында сыбайлас жемқорлық құқық
                         бұзушылық санын төмендету

Қаржыландыру көздері     2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін 11
                         млрд. 466 млн. 309 мың теңге сомасындағы
                         республикалық бюджет қаражаты

Күтілетін нәтижелер      ҚАЖ жұмысының тиімділігін арттыру, оның
                         ішінде жедел және режимдік жұмысты
                         ұйымдастыру, бас бостандығынан айыру
                         орындарында қылмыстың деңгейі мен
                         қайталануын, өлімді төмендету бөлігінде
                         тиімділігін арттыру
                          Еңбекпен қамтылған сотталғандар санын
                         көбейту Бас бостандығынан айыру
                         орындарынан босатылған адамдарды
                         әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау
                          Жазалаудың балама шараларын орындау
                         тиімділігін арттыру. Бас бостандығынан
                         айыруға байланысты емес жазаларға
                         сотталғандар арасында қайталама қылмысты
                         төмендету
                          ҚАЖ қызметкерлерінің сапалық құрамын
                         жақсарту, ҚАЖ қызметкерлері арасында
                         сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету
                         үшін жағдай жасау

Іске асыру мерзімі       2007-2009 жылдар

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен.

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 195-тармағын орындау үшін әзірленді.
      Соңғы он жыл ішінде Қазақстан Республикасында ҚАЖ-ды жетілдіру аясында бірқатар бағдарламалар іске асырылды, олардың арасындағы сабақтастық бірқатар басым мәселелерді кезең-кезеңмен шешуге және белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осылайша, сотталғандардың құқықтары едәуір кеңейген, олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы анағұрлым тиімді бола түсті, жазаны өтеудің ілгерілеу жүйесі заңды түрде бекітілді, ТМ мен ТИ-дың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, түрме тұрғындарының тығыздығы төмендеді.
      Қылмыстық-атқару саясатын тиімді іске асыруға байланысты проблемаларды шешудің мемлекет пен қоғам үшін елеулі маңызы бар, өйткені ол елдегі жалпы криминогендік жағдайға да, тұтастай алғанда қоғамның криминалдану деңгейіне де, яғни азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалу сапасы мен деңгейіне әсер етеді. Осылайша, қылмыстық жазаларды атқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру, уәкілетті мемлекеттік органның қызметі мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалтудың пәрменді жүйесін тиісінше ұйымдастыру мәселелері ерекше кекейкесті болмақ.
      Осыған байланысты, қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер кешенін іске асыру мемлекеттің тұрақты қолдауынсыз, өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет пен халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жасаусыз мүмкін емес, ол Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігін негіздейді, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар халықаралық тәжірибені және шетелдік мемлекеттердің осы саладағы озық практикасын қолдана отырып жазаны орындау саласында бұрын қолданылған бағдарламаларға қатысы жағынан сабақтастық қағидатын сақтай отырып, қоғам дамуының осы кезеңде тән проблемалар мен басымдықтардың тиімді шешімін табуға ықпал етуі тиіс.

3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау

      Қылмыстық-атқару кодексін 1998 жылдан бастап қолданысқа енгізумен мемлекетімізде жазаны өткерудің құрылымы және мазмұны қағидатты түрде өзгерді, сөйтіп жазаларды орындаудың ұлттық моделі жасалды.
      Осыған байланысты ТМ мен ТИ қызметін регламенттейтін ведомстволық актілерге жазаларды орындау кезінде заңдылықты сақтау кепілдігін күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтік қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын төмендетуге, мерзімінен бұрын босатуға негіздерді кеңейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.
      Алдыңғы бағдарламалық құжаттарды іске асыру сотталғандарды ұстау жағдайларын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.
      Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп, шет елдердің пенитенциарлық мекемелерінде қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен ТМ мен ТИ қызметкерлерін таныстыру бойынша жұмыс жүргізілді.
      2003 жылы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды жазалауды ізгілендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау, сондай-ақ Мемлекет Басшысы жекелеген санаттағы сотталғандарға рақымшылық жасау туралы актілерге қол қоюы ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталғандар санын төмендетуге мүмкіндік берді.
      Осылайша, егер 2002 жылы ҚАЖ мекемелерінде 76707 сотталған, сезікті мен айыпталушы ұсталса, ал 2006 жылы олардың саны 51685-ті құрады.
      Мемлекеттің ізгілендіру саясатын жүргізуі нәтижесінде сотталғандардың криминогендік құрамы өзгерді.
      Бүгіндері ТМ-де аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың жалпы санының 52 пайызы, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін 32 пайызы жазасын өтеуде. Бұл ретте, қасақана кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жүрген адамдардың үлесі 22 пайызды, қарақшылық жасағаны - 14 пайызды, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені - 9 пайызды, тонау жасағаны - 8 пайызды құрайды.
      Дегенмен, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару саясатын іске асыру аясында қол жеткізген белгілі бір жетістіктеріне қарамастан оның тиімділігіне әсер ететін шешілмеген проблемалар әлі де болса қалып отыр.
      Өткен ғасырдың басы мен ортасында, ал кейбірі - 18 және 19 ғасырларда салынған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ғимараттары мен құрылыстарының көпшілігі ескірген, көбінесе апатты жағдайда тұр, санитарлық және техникалық талаптарға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай келмейді.
      Инженерлік және техникалық күзет құралдары қанағаттанғысыз күйде, осыған орай ҚАЖ мекемелерінің тиісінше қауіпсіздігі қамтамасыз етілмей тұр.
      Сондай-ақ, күзет қызметін шетелдік пенитенциарлық жүйелердегідей күзетшілерді бейнебайқау жүйелерімен ішінара алмастыру жолымен жаңғырту қажет.
      Мекемелердің жағрафиялық жағынан орналасуы, біріншіден, елде жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты ізгілендіруге толық ықпал етпейді, екіншіден, халықаралық стандарттар мен қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес келмейді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазаны қамалғанға дейін өздері тұрған немесе өздері сотталған облыстың түзеу мекемелерінде өтеуі тиіс. Дегенмен, облыстардың бәрінде бірдей колонияның барлық түрлері жоқ, ол сотталғандарды жазаны өтеу орындарына, соттың апелляциялық сатысының отырыстарына тасымалдауға, сондай-ақ оларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын жұмсауды арттыруға әкеп соғады. Бұл ретте, әйелдер мен кәмелетке толмағандар неғұрлым кемсітілген жағдайда қалып отыр, себебі, елімізде әйелдер ұсталатын бар болғаны төрт тәрбиелеу колониясы мен үш жалпы режимдегі колония бар.
      Бұдан басқа, экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстары үшін сотталған адамдар елеулі проблемалар туғызуда. Бас бостандығынан айыру орындарында бола тұра, олар діни экстремистік және террористік идеяларын таратып, басқа сотталғандарға теріс ықпал көрсетіп өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыруда.
      Осыған байланысты ТМ режім түрі, сондай-ақ олардың орналасуы бойынша ҚАЖ-дың жұмысын өңірлік деңгейде ұйымдастыруды оңтайландыру қажеттігі туындайды.
      Тиісті өңірдің барлық (ТМ тығыз орналасқан) аумағында орын алып отырған ҚАЖ органдарына кешенді жедел ден қою жөніндегі проблемалар, тұтастай алғанда, қылмыстық-атқару жүйесі жұмысын ұйымдастыруда теріс көрініс табады. ҚАЖ аумақтық басқармалары ведомстволық бағынысты мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйіне тиісті бақылау жасауды қамтамасыз ете алмауда.
      Сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды есепке алудың көп салалы заманауи жүйесінің болмауы, басқаруды бірдей бөлінбеген жүктеме, тұтастай алғанда қылмыстық жазаларды орындау мен қамауда ұстауды тиімді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты қиындатып отыр.
      Жеке-тәрбиелік ықпал ету тетіктері жеткілікті түрде әзірленбегендіктен, тәрбие жұмысын босаң ұйымдастыру байқалуда. Бас бостандығынан айырылғандар Қазақстан Республикасының азаматтары және өз елінің тұрғындары болып қала беретініне қарамастан, жергілікті атқарушы органдар жаза басқан азаматтарды қоғамға қайтару жөніндегі жұмысқа қатыспай отыр: ҚАЖ мекемелеріне сотталғандарды ұстау мәселелерінде, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған, сондай-ақ бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарды еңбекке орналастыруда жеткілікті түрде жәрдем көрсетпейді.
      Сотталғандардың қоғамдық-пайдалы еңбекпен айналысу төмендігі (еңбекке жарамды сотталғандардың 39,1 пайызы) түзеу мекемелерінде тәртіптің төмендеуіне ықпал етпейді және жалпы алғанда ҚАЖ мекемелерінің алдында тұрған мәселелерді шешуде кері әсер етуде. Жүйеде сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды атқару бойынша күрделі жағдай қалыптасты. Дегенмен, мемлекет жүргізіп отырған қылмыстық саясатты ізгілендіруге байланысты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны тек арта түспек.
      Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды бейімдеу жүйесі, сондай-ақ қылмыстық-атқару инспекцияларының базасында жұмыс істейтін және бас бостандығынан айыруға байланысты емес қылмыстық жазаларды атқарумен қатар, аталған оңалту жүйесін, сондай-ақ сотқа әлеуметтік зерттеу есебін бере отырып қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында құқық бұзушыларды әлеуметтік зерттеу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыра алатын пробация қызметі жоқ.
      Қоғамнан оқшауламай жазаларды атқаратын ұйымдарда пробация қызметін және сотталғандарға постпенитенциарлық бақылау жасауды қолдану Америка, Батыс Еуропа және Жапония елдерінде көптен бері және табысты түрде пайдаланылып келеді. Бұл қызметтердің кеңінен дамуы салдарынан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың үлесі, жазалардың жалпы құрылымында елеулі бөлігін Швецияда, Англияда - 70 пайыздан, Жапонияда 90 пайызға дейін алады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 52 пайызды құрайды.
      Репрессияны үнемдеу бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге әкеледі, өйткені сотталғанды пробациялық бақылау арқылы ұстау шамамен түрме мекемелеріндегі ұстаудан 10 есе арзанға түспек.
      Бұдан басқа, ҚАЖ-ды кадрлық қамтамасыз ету проблемалары орын алуда. ТМ-нің көпшілігі облыс орталықтарынан және үлкен қалалардан тысқары орналасқан, ол өз кезегінде жүйені сапалы қызметкерлермен толықтыру қиындығына әкеп соғады, ол криминалдық субмәдениеттің әсер ету, түрлі жұқпалы аурулармен науқастану қаупімен, мекеме қызметкерлері жалақысының төмендігімен (орта есеппен 32 мың теңге шамасында), өз оңалту-сауықтыру жүйесінің болмауымен, іс жүзінде тұрғын үй және кәсібінің беделді болмау проблемасының шешім таппауымен шиеленісе түседі.
      Соның нәтижесінде тиісті кадрлық қамтамасыз етудің жоқтығынан көбінесе жұмысқа осы саладағы кәсіптік даярлығының деңгейі жеткіліксіз азаматтар қабылданады. Тиісінше, кәсіпқойлығының төмендігі мен жұмысқа ынтасының болмауы ҚАЖ-да кадрдың көп тұрақтамауына әкеп соғады, ҚАЖ-да құрылған кадрлардың қажетті біліктілігін даярлау жүйесі қазақстандық білім беру ұйымдарының арта түскен талаптарына толық сай келмейді.
      ҚАЖ-дың мекемелерін күзету мәселесі ашық күйінде қалып отыр.
      Жоғарыда аталған проблемаларды шешу ҚАЖ-ды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды.
       Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты ҚАЖ қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
      Бағдарламаның міндеттері:
      ҚАЖ-ды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру және ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың жағдайын жақсарту;
      қылмыстық жазаларды орындау тиімділігін арттыру, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау;
      сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру;
      кадр құрамын нығайту, қызметкерлерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санын төмендету.

5. Дамытудың негізгі бағыттары және Бағдарламаны іске асыру тетіктері

      ҚАЖ-ды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру және ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың жағдайын жақсарту
      Бағдарламаны іске асыру тетігінің тиімділігі қызметтің барлық бағыттары бойынша ҚАЖ орталық және аумақтық органдарының мақсатты және келісілген іс-әрекеттерімен, сондай-ақ белгіленген тәртіпте Үкіметке қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және енгізу жолдары арқылы қамтамасыз етіледі.
      ҚАЖ органдары жұмысының тиімділігін, ҚАЖ-ға жүктелген міндеттерді шешудің үйлестірілуі мен жеделдігін арттыру мақсатында сотталғандарды есепке алу жүйесінің көп деңгейлі автоматтандырылған тарату жүйесін қайта қарау қажет.
      Бұдан басқа, ҚАЖ мекемелерін күзету функцияларын қайта бөлу мәселесін уәкілетті органдар арасында пысықтау қажет.
      ҚАЖ комитетінің әкімшілік корпусын құпиялылық режимін қамтамасыз ету талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ қару және арнайы құралдарды арнайы үй-жайларда сақтауды қамтамасыз етуге сәйкес келтіру мақсатында қолданыстағы ҚАЖ комитетінің ғимараты жанынан жаңа әкімшілік корпустың құрылысын салу қажет.
      Халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сай келетін сотталғандар мен тергеу-тұтқындағыларды ұстауға жағдай жасау үшін ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар қабылдау қажет.
      Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жағдайында сотталғандарды жасақтап ұстау түзеу мекемелерінен камералап және жасақтап ұстаудың аралас үлгісіне біртіндеп көшіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдаған жөн.
      ҚАЖ мекемелерін заманауи инженерлік-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру, автокөлікпен, сондай-ақ қолда барын күрделі жөндеу, қоғамның, сондай-ақ қызметкерлер мен сотталғандардың қауіпсіздігінің артуына ықпал ететін болады.
      Сотталғандардың медициналық қамтамасыз етілуін жақсарту үшін:
      ауруханалардың, емдеу құқығындағы ТМ-нің, соның ішінде туберкулездің белсенді түрімен ауыратын сотталғандарды ұстау мен амбулаторлық емдеуге арналған ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
      ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты мекемелердің штат санын қайта бөлу есебінен ҚАЖ басқармалары органдарының аумақтық бөлімшелерінің құрамында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер құру жөнінде ұсыныстар енгізу қажет.
      Қылмыстық жазаларды орындау тиімділігін арттыру, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау
      Қылмыстық жазаларды орындау мен қылмыстық-атқару қызметінің тиімділігін арттыру сотталғандармен қарым-қатынастың негізгі қағидаттары мен тәртібін айқындайтын халықаралық актілер ережелерін ескере отырып, жазаларды өтеу тәртібі мен жағдайларын одан әрі жетілдіру, ҚАЖ мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру жолымен көзделеді.
      Сотталғандардың жүріс-тұрысын қадағалау мен бақылауды ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде режім талаптарын сақтау мақсатында оларды заманауи бейнебайқау жүйелерімен қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет.
      Жедел-режим қызметтерін ҚАЖ мекемелерінде ұсталып отырған адамдардың дайындап жатқан қылмыстық ниеті және сотталғандар арасындағы ауыр және аса ауыр қылмыстар деңгейінің төмендеуі туралы хабардар болуы үшін ҚАЖ-дағы жедел жұмыс бойынша іс-шаралар жиынтығын әзірлеу қажет.
      Экстремистік және террористік әрекеттері үшін сотталған адамдардың ҚАЖ мекемелерінде ұсталып отырған басқа адамдарға әсер етуіне байланысты осы санаттағы адамдарды арнайы контингенттен бөлек ұстау мәселесін пысықтау қажет.
      Сотталғандарды айдауылдауға байланысты материалдық, қаржылық және өзге де шығындарды қысқарту, сотталғандарды аппеляциялық саты соттарына қатысу үшін тергеу изоляторларына этаппен айдауылдау қажеттігін болдырмау, сондай-ақ аса қауіпті қылмыскерлерді және өлім жазасына және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды этаппен айдауылдауға байланысты қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында Жоғарғы Сот, облыс орталықтарында және Астана және Алматы қалаларында орналасқан облыстық және оларға теңестірілген соттар мен тергеу изоляторларының арасында бейнеконференция байланысы жүйесін енгізу қажет.
      Сотталғандардың еңбегін сапалы ұйымдастыру және барлық еңбекке жарамды сотталғандарға жұмыс орындарын көбейту бойынша жағдай жасау мақсатында ҚАЖ "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысаны қайта қарауды қажет етеді. Сондай-ақ, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды барынша еңбекке орналастыруды, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін ҚАЖ кәсіпорындарының өндірістік қуатын жаңарту қажет. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін ҚАЖ кәсіпорындарымен өндірілетін жұмысты, тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуды конкурстан тыс жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу.
      Қылмыстық жазаны өтеп жүрген сотталғандарға әлеуметтік және басқа да көмек көрсету, оларды оңалту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін, сондай-ақ жергілікті атқару органдарының құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы облыстарының (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандарының (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдарында консультациялық-кеңесші орган құру қажет.
      Сонымен қатар, сотталғандарды босатуға дайындау және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін оларды еңбекке және тұрмыстық орналасуда жәрдемдесу, адамдарға босатылғаннан кейін алты ай ішінде құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған оңалту орталықтарын құру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу қажет.
      Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру
      Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиімді орындауға жағдай жасау мақсатында қылмыстық-атқару инспекцияларының штат санын 1183 бірлікке арттыру туралы мәселені пысықтау қажет.
      Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының функцияларын кеңейту, олардың негізінде мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы пробация қызметін құру.
      Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау бойынша нұсқаулық әзірлеу.
      Кадр құрамын нығайту, қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру, ҚАЖ мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санын төмендету
      Жұмыстың абыройын арттыру, қылмыстық жазаны орындау саласындағы мамандықтың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚАЖ қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға бағытталған мынадай шаралар кешенін қабылдау қажет:
      ҚАЖ қызметкерлерінің шетелде тәжірибелерін арттыру үшін басқа елдердің мамандандырылған оқу орындарымен ынтымақтастық мәселесін пысықтау;
      ҚАЖ қызметкерлерін еңбекақы төлеу мәселесін күрделі және ерекше еңбек жағдайлары үшін ҚАЖ мекемелерінің бақылаушылар құрамына - лауазымдық жалақының 20 пайызы, арнайы атағы жоқ адамдарға - лауазымдық жалақының 30 пайызы көлемінде үстемақы белгілеу, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлеріне республиканың бір өңірінен екіншісіне қызмет бабы бойынша ауысуы кезінде көтермелеу өтемақысын төлеу, тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстау шығындарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу бөлігінде пысықтау;
      ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу;
      ҚАЖ өз қауіпсіздігі қызметтерін техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру шеңберінде олардың жұмысына заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдау;
      ҚАЖ комитетінің Қостанай заң институтын пенитенциарлық бағыттағы заңгерлер, педагогтар, психологтар, ең алдымен ҚАЖ оқу орындары үшін ғылыми-педагогикалық кадр даярлауға бағытталған ҚАЖ Академиясы етіп қайта құру;
      ҚАЖ комитеті жоғарғы оқу орны объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу.
       Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен.

6. Қажетті ресурстар мен оларды каржыландыру көздері

      Қаржылық шығындарды қажет ететін Бағдарлама іс-шараларын іске асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен 2007 - 2009 жылдар кезеңінде 11 млрд. 466 млн. 309 мың теңге сомасында көзделген, оның ішінде жылдар бойынша:
      2007 жылы - 3 млрд. 154 млн. 241 мың теңге;
      2008 жылы - 4 млрд. 277 млн. 27 мың теңге;
      2009 жылы - 4 млрд. 35 млн. 41 мың мың теңге.
      Шығыстар сомасы алдын ала болып табылады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Республикалық бюджет комиссиясы нақтылайтын болады.
       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру нәтижелері бойынша:
      ҚАЖ жұмысының тиімділігін арттыру, оның ішінде жедел және режимдік жұмысты ұйымдастыру, бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстың деңгейі мен қайталануын, өлімді төмендету бөлігінде тиімділігін арттыру;
      еңбекпен қамтылған сотталғандар санын көбейту;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау;
      жазалаудың балама шараларын орындау тиімділігін арттыру. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталғандар арасында қайталама қылмысты төмендету;
      ҚАЖ қызметкерлерінің сапалық құрамын жақсарту, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету үшін жағдай жасау күтіледі.

    8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен.

р/с N Іс-шаралар Аяқтау нысаны Орында- луына жауап- тылар Орын- дау мерзі-мі Бол- жамды шығыс- тар (млн. теңге) Қар- жы- лан- дыру көз- дері
1 2 3 4 5 6 7
ҚАЖ-ды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру және ҚАЖ
мекемелерінде ұсталатын адамдардың жағдайын жақсарту

1

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

2

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

3

ҚАЖ мекемелерін күзету функцияла- рын қайта бөлу мәселесін
уәкілетті органдар
арасында пысықтау

Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар

Әділет- мині (жинақ- тау), ІІМ, ЭБЖМ

2007 жылғы 2-тоқ-
сан

-

-

4

Ішкі әскерлердің ТМ-ны күзету жөніндегі әскери қызметшілерін орналастыру үшін: Қызылорда қаласында ЗК-169/5;

Орындалғанжұмыстар актілері

IIМ


 
 
 

   2008, 2009 жылдар


 
 
 

    24,250
300,0


 
 
 
 

РБ
-/-


Жем кентінде КА-168/5;



2008, 2009 жылдар

21,340
300,0

РБ
-/-


Степной кентінде ЕЦ-166/26;



2008, 2009 жылдар

25,122
300,0

РБ
-/-


Леңгір қаласында ИЧ-167/9;



2008, 2009 жылдар

23,280
300,0

РБ
-/-


Тараз қаласында ЖД-158/7 объектілерін салуды жүргізу



2008, 2009 жылдар

23,280
300,0

РБ
-/-

5

ҚАЖ комитетінің жаңа әкімшілік ғимаратын салу үшін жер учаскесін бөлу туралы ұсыныстар енгізу

Астана қаласы әкімдігінеұсыныс

Астана қаласы- ның әкімді- гі, Әділет- мині

2007 жылғы 3-тоқ- сан

-

-

6

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

7

Мыналарды: Семей қаласында 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ салуды;

Орындалған жұмыстар актілері

Әділетмині

2008 жыл

100,0

РБ

Өскемен қаласында 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ салуды;

2008 жыл

100,0

РБ

Орал қаласында 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ салуды

2008 жыл

100,0

РБ

Павлодар қаласындағы "Химөнеркәсіп" ААҚ-тың N 822 және 823 өндірістік корпустарын 1500 орындық толтыру лимиті бар айрықша режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды;

2007, 2008 жылдар

1532,5
1532,5

РБ
-/-

ҚАЖ комитеті ғимаратына күрделі жөндеу;

2009 жыл

15,829

РБ

ҚАЖ ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізу

2007,
2008,
2009 жылдар

242,490
86,617
102,948

РБ
-/-
-/-

8

Мыналарды: Орал қаласындағы РУ-170/3 түзеу қоныс колониясын 900 орындық толтыру лимиті бар қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп;

Орындалғанжұмыстар актілері

Әділет- мині

2007 жыл


569,9
 
 

РБ

Атырау қаласындағы "Лейла" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасын 300 орындық толтыру лимиті бар сотталған әйелдерге арналған түзеу колониясы етіп;

2007, 2009 жылдар

115,0
713,745

РБ
-/-

Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу қоныс колониясын 1500 орындық толтыру лимиті бар қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп;

2009 жыл

904,7

РБ

Алматы қаласындағы 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ;

2007,
2008,
2009 жылдар

200,0
1418,14
300,0

РБ
-/-
-/-

Шымкент қаласындағы 1000 орындық толтыру лимиті бар ТИ қайта жаңартуды аяқтау

2007, 2008 жылдар

200,0
454,780

РБ
-/-

9

Инженерлік
қоршауларға
күрделі жөндеу
жүргізу, 31ТМ
жаңа инженерлік-
техникалық күзет
құралдарымен
жарақтандыру

Пайдалану- ға беру актісі

Әділет- мині

2008,
 
2009 жылдар

161,531
157,339

РБ
-/-

10

Мемлекеттік ҚАЖ мекемелері үшін коммуналдық-тұрмыстық жабдықтар сатып алу

Пайдалану- ға беру актісі

Әділет- мині

2008, 2009 жылдар

68,882
62,507

РБ
-/-

11

Мемлекеттік ҚАЖ мекемелері үшін автокөлік сатып алу

Пайдалану-ға беру актілері

Әділет- мині

2008, 2009 жылдар

61,710
77,581

РБ
-/-

12

Мемлекеттік ҚАЖ мекемелері үшін медициналық жабдықтар сатып алу

Пайдалану-ға қабылдау актісі

Әділет- мині

2008, 2009 жылдар

13,970
44,250

РБ
-/-

13

ҚАЖ аумақтық
органдарында және
ҚАЖ комитетінде
санитарлық-эпиде-
миологиялық
қызметтер құруды
ұйымдастыру
бойынша ұсыныстар
енгізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

Әділет- мині

2007 жылдың 1 жарты-
жылдығы

-

-

Қылмыстық жазаларды орындау тиімділігін арттыру, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау

14

Сотталғандармен
қарым-қатынастың
негізгі қағидаттары мен
тәртібін
айқындайтын
халықаралық
актілер
ережелерін ескере
отырып, жазаларды
өтеу тәртібі мен
жағдайларын одан
әрі жетілдіруді,
олардың құқықтық
және әлеуметтік
қорғалуын
арттыруды
көздейтін
Қазақстан
Республикасы
Заңының жобасын
әзірлеу

Қазақстан Республи- касы Заңының жобасы

Әділет- мині

2008 жылғы 3-тоқ- сан



15

ҚАЖ мекемелерін қазіргі заманғы бейне бақылау жүйесімен қамтамасыз ету

Пайдалану-
ға қабылдау актісі

Әділет- мині

2007,
2009
жылдар

141,288
156,142

РБ -/- -/-

16

ҚАЖ мекемелерінде
жедел жұмысты
жетілдіру жөнінде
іс-шаралар
әзірлеу және іске
асыру

Іс-шаралар
жоспары,
Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Әділет- мині
(жинақ-
тау),
ІІМ, ҰҚК (келісім бойын- ша), ЭСЖКА
(келісім
бойынша)

Жыл сайын 2007- 2009 жылдар, мамыр

-

-

17

Экстремизм мен
терроризм үшін
сотталған
адамдарды ҚАЖ
мекемелерінде
ұсталатын басқа
адамдардан бөлек
ұстау мәселесі
бойынша ұсыныстар
әзірлеу

ҚСК-ге
ұсыныстар

Әділет- мині, БП (келісім
бойын- ша), ҰҚК (келісім бойынша)

2007 жылғы 3-тоқ- сан

-

-

18

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

19

ҚАЖ-дың "Еңбек"
республикалық
мемлекеттік
кәсіпорындарының
ұйымдық-құқықтық
нысанын өзгерту
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

Әділет- мині
(жинақ- тау),
ИСМ,
Қаржыми- ні, ЭБЖМ

2007 жылғы 3-тоқ- сан

-

-

20

ҚАЖТМ өндірістік
қуаттарын қайта
жарақтандыру
бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар

Әділет- мині (жинақ- тау), ИСМ, ЭБЖМ

2007 жылдың 1 жарты-
жылдығы

-

-

21

ҚАЖ кәсіпорындары
өндіретін
тауарларды,
жұмыстарды және
қызметтерді
мемлекеттік сатып
алуды конкурстан
тыс жүзеге асыру
мәселесі бойынша
ұсыныстар әзірлеу

Қаржымині-не ұсыныстар

Әділет- мині, Қаржы- мині

2007 жылдың 1 жарты-
жылдығы

-

-

22

Облыстар, Астана
және Алматы
қалаларының барлық
әкімдіктерінде
қылмыстық
жазаларды және
өзгеде қылмыстық-
құқықтық ықпал ету
шараларын орын-
дайтын мекемелер-
дің қызметтеріне
жәрдемдесуі
жөнінде, сондай-ақ
қылмыстық жазаны
өткеріп жатқан
адамдарға
әлеуметтік және
өзгеде көмек
көрсетуді
ұйымдастыру
жөнінде консульта-
циялық-кеңесші
органдар құру

Әкімдіктержәне мәслихат- тар қаулысы, Әділет- миніне ақпарат

Облыс- тар, Астана және Алматы қалала- рының әкімдік- тері

2007 жылғы 2-тоқ- сан



22-1

Аудандардың (облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының жанынан қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ қылмыстық жазаны өткеріп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші органдар құру

Аудандардың (облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының қаулысы, мәслихаттардың шешімі
 
 
 
Әділетминіне
ақпарат

Облыс аудандарының және республикалық маңызы бар қаланың, астаның, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері
 
 
 
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы мамыр
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2009 жылғы маусым

-

-

22-2

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ қылмыстық жазаны өткеріп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші органдардың қызметін жандандыру

Семинарлар, кеңестер

Әділетмині, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдары

2009
жыл

-

-

22-3

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ қылмыстық жазаны өткеріп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші органдардың қызметін бағалау өлшемін әзірлеу және бекіту

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы 1-тоқсан

-

-

23

Сотталғандарды
босатуға дайындау
бойынша олармен
тәрбие жұмысын
жетілдіру

Семинар- лар, кеңестер

Әділет- мині

2007-
2009
жылдар

-

24

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

25

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында
бас бостандығынан
айыру орындарынан
босатылған
адамдарды оңалту
бойынша орталықтар
құру үшін жергілікті атқарушы
органдардың
ғимараттар бөлуі

Әділет- миніне ақпарат

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақ- стан, Жамбыл, Батыс Қазақ- стан, Қараған- ды, Қостан- ай, Қызылор- да, Солтүс- тік Қазақ- стан, Оңтүстік Қазақ- стан облыс- тарының, Астана және Алматы қалала- рының әкімдік- тері

2007 жыл

-

26

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру

27

Қылмыстық-атқару
инспекцияларының
штат санын 1183
бірлікке ұлғайта
отырып, олардың
функцияларын
кеңейту және
олардың базасында
пробация қызметін
құру жөнінде
ұсыныстар енгізу

ВАК-қа
ұсыныстар
енгізу

Әділет- мині

2007
жылғы
2-тоқ-
сан

28

Қоғамнан
оқшаулауға
байланысты емес
жазаларды және
өзгеде
қылмыстық-құқықтық
ықпал ету
шараларын орындау
жөнінде жаңа
нұсқаулық әзірлеу

Әділет-
минінің
бұйрығы

Әділет- мині

2009
жылғы
4
тоқсан

  -

Кадр құрамын нығайту, қызметкерлердің кәсіби даярлық жүйесін жетілдіру, ҚАЖ мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санын төмендету

29

ҚАЖ қызметкерлерін
таяу және алыс
шетелдерде оқыту,
біліктілігін
арттыру жөнінде
ұсыныстар енгізу

МҚА-ға
ұсыныс

Әділет-
мині

2007 жылғы
3 тоқсан

-

-

30

ҚАЖ қызметкерлері-
нің еңбек ақы
төлеу жүйесіне
күрделі және
ерекше еңбек
жағдайлары үшін
ҚАЖ мекемелерінің
бақылаушылар құра-
мына - лауазымдық
жалақының 20
пайызы, арнайы
атағы жоқ
адамдарға - 30
пайызы көлемінде
үстем ақы
белгілеу жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

ВАК-қа ұсыныс

Әділет- мині

2007 жылғы
3 тоқсан

-

-

31

ҚАЖ қызметкерлер-
інің әлеуметтік
қорғалу проблема-
ларын шешу жөнінде
ұсыныстар енгізу

ВАК-қа ұсыныс

Әділет- мині

2007 жылғы
3 тоқсан

  -

32

ҚАЖ кызметкерлерінің
арасында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
күрес жөніндегі
шаралар кешенін
әзірлеу және іске
асыру

Әділет-
минінің
бұйрығы

Әділет-
мині,
мүдделі
мемлекет-
тік
органдар

2007- 2009 жылдар

-

33

ҚАЖ өз қауіпсіздігі
қызметтерін
техникалық қайта
жарақтандыру

Пайдалану-
ға
қабылдау
актісі

Әділет-
мині

2007, 2008
жылдар

92,018
17,148

РБ -/-

34

ҚАЖ комитетінің
Қостанай заң
институтын ҚАЖ
академиясы етіп
қайта ұйымдастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
қаулысыныңжобасы

Әділет- мині (жинақ- тау), БҒМ

2007 жылғы 4-тоқсан

  -

35

ҚАЖ жоғары оқу орны объектілеріне жөндеу жүргізу

Орындалған
жұмыстар
актілері

Әділет- мині

2007,
2008
жылдар

61,045
44,477
 

РБ -/-

36

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)

37

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.22. N 34 Қаулысымен)


Жиыны



2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл

3154,241
4277,027
4035,041

РБ
 
-/-
 
-/-


Барлығы



2007- 2009 жылдар

11466,309

РБ

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖС             - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП             - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК            - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Әділетмині     - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                 министрлігі
ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                 жоспарлау министрлігі
МҚА              Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                 агенттігі
ЭСЖҚА          - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                 сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
                 полициясы)
АБА            - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                 байланыс агенттігі
РБ             - Республикалық бюджет
ҚСК            - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
                 Құқықтық саясат жөніндегі кеңес
ВАК            - Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі
                 ведомствоаралық комиссия
ҚАЖ            - Қазақстан Республикасы әділет органдарының
                 қылмыстық-атқару жүйесі
ТМ             - түзеу мекемелері
ТИ             - тергеу изоляторлары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады