Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақатан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 724 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" және "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
      "17. Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы"»деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3-жолдармен толықтырылсын:
      "16-1. Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы 
      16-2. А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты 
      16-3. Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты";

      3) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 800  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 32, 343-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің»"Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде реттік нөмірлері 1, 2-жолдар алынып тасталсын;

      4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады