"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 765 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 ақпандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 114, 109-құжат; N 15, 122, 130-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат, N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92,   95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; 2007 жылғы 2 тамызда N 226-227 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 2 тамызда N 118 (25363) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі N 229-ІІІ; 2007 жылғы 7 тамызда N 232-234 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 7 тамызда N 121 (25366) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 304; 2007 жылғы 3 тамызда N 228-229 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 тамызда N 119 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 307; 2007 жылғы 3 тамызда N 228-229 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 тамызда N 119, (25364) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 308-ІІІ; 2007 жылғы 29 тамызда N 237-238 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 9 тамызда N 123 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі N 311; 2007 жылғы 10 тамызда N 239-241 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 тамызда N 124 (25369) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік және салықтық рәсімдерді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 312; 2007 жылғы 11 тамызда N 242-244 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 11 тамызда N 125 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі N 314; 2007 жылғы 10 тамызда N 239-241 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 тамызда N 124 (25369) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 315-ІІІ; 2007 жылғы 15 тамызда N 254-256 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 15 тамызда N 127 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 320 Қазақстан Республикасының Заңдары):
      20-тараудың тақырыбындағы "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) 310-баптың 8) тармақшасындағы "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 559-баптың екінші бөлігіндегі "ветеринариялық инспектор", "ветеринариялық инспекторлар" және "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық инспектор", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлар" және "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2003 жылы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13; 99-құжат; N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат;, 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; 2007 жылғы 21 шілдедегі 2007 жылғы 1 тамызда N 224-225 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 1 тамызда N 117 (25362) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 297; 2007 жылғы 3 тамызда N 228-229 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 307-ІІІ; 2007 жылғы 1 тамызда N 224-225 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 1 тамызда N 117 (25362) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі N 311; 2007 жылғы 14 тамызда N 201-202 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 15 тамызда N 127 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі N 320 Қазақстан Республикасының Заңдары):
      104-баптың 3-тармағындағы "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 17, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      21-баптағы "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2007 жылғы 15 тамызда N 254-256 "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 15 тамызда N 127 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі N 320 Қазақстан Республикасының Заңы):
      Заңның кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң ветеринария және ветеринариялық-санитариялық  қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, аумақтардағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлар денсаулығын қамтамасыз етуге, ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.";
      2) бүкіл мәтін бойынша:
      "ветеринариялық қадағалау", "ветеринариялық қадағаланатын", "ветеринариялық қадағалауға", "ветеринариялық-қадағаланып" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақыланатын", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" "ветеринариялық-санитариялық бақыланып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық инспекторлармен, "ветеринариялық инспекторларға", "ветеринариялық инспекторлар" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларға", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "базар", "базарларда", "базарларды", "базарларға", "базарлар" деген сөздер "ішкі сауда объектісі", "ішкі сауда объектілерінде", "ішкі сауда объектілерін", "ішкі сауда объектілеріне", "ішкі сауда объектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өнімдер", "өнімдермен", "өнімдер" деген сөздер "азықтар", "азықтармен", "азық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ветеринариялық анықтама" деген сөз алынып тасталсын;
      7) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ішкі сауда объектілері - сауда объектілері және көпшілік тамақтандыру орындары;";
      6) тармақшадағы "жасы" деген сөзден кейін "жануарлардың саулығын және аумақтың ветеринариялық-санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз ететін алдын-алу іс-шараларын ескеру" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің жануарлардың саулығын, мал өнімдерінің қауіпсіздігін, аумақтың ветеринариялық-санитариялық сәттілігін, халықты адам мен малға ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі;";
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;";
      20) тармақшадағы "тиісінше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "26) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктері - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық клеткалары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, мал ауруларының қоздырғыштары, ветеринариялық препараттар, гендік модификацияланған объектілер, жемшөп және жем-шөптік қоспалар, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;";
      32), 33), 34), 35), 36), 37) тармақшалармен толықтырылсын:
      "32) аймақ - әкімшілік-аумақтық бірліктердің жануарлардың жұқпалы ауруларының індеттік жағдайларымен ерекшеленетін белгілі бір аумағы;
      33) аурудан таза аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан таза аймақ;
      34) қадағалау аймағы - аурудан таза аймағының ішінде және шекара бойынша орналасқан аймақ;
      35) аурудан таза емес аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары тіркелген аймақ;
      36) буферлік аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан таза емес аймақтың ішінде және шекарада орналасқан аймақ;
      37) есеп нөмірі - өндіруші объектілердің нөмірі мен қызмет түрін анықтайтын коды.";
      8) 3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;";
      9) 4-баптың 5) тармақшасында:
      "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ережелер" деген сөзден кейін ", нормалар" деген сөзбен толықтырылсын;
      10) 5-бап мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) жануарларды бірдейлендіру тәртібін бекіту;
       9) мал өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өндіріс объектілеріне, өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу ұйымдарына, ішкі сауда объектілеріне нөмір беру тәртібін бекіту.";
      11) 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органы;";
      12) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару органдарына ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), аумақтық бөлімшелері, оның ішінде шекара және кеден пункттері (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері) бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық жүзеге асыру жөніндегі оның ведомстволарын қоса алғанда;";
      13) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Уәкілетті органның функциялары
      Уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:
      1. Стратегиялық функциялар:
      1) ветеринария саласындағы стратегиялық бағдарламаларды әзірлеу;
      2) өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіру.
      2. Реттеу функциялары:
      1) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
      2) мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылаудағы жүктерді импорттауға рұқсат етілетін өндірістерді анықтау және ветеринариялық бақылау жүргізу туралы шешім шығару ережелерін дайындау;
      3) ветеринариялық-санитариялық шараларды, ветеринариялық есеп және есеп беру үлгілерін, ветеринариялық ережелерді, нормаларды, техникалық регламенттерді және ветеринария саласындағы басқа да әдістемелік құжаттарды дайындау және бекіту;
      4) құрамына антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар кіретін ветеринариялық препараттардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау тәртібін бекіту;
      5) жануарларды, мал тегі өнімдері мен шикізаттарын, ветеринариялық препараттарды, мал азығын және мал азығы қосымшаларын алып қоймай өңдеу және міндетті түрде залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) адам және жануарлар ауруларының тізімін дайындау;
      6) шектеу шаралары немесе карантин қойылатын жануарлардың жұқпалы ауруларының тізімін дайындау;
      7) ветеринариялық шараларды жүзеге асыру және ұйымдастыру тәртібін бекіту;
      8) ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу тәртібін анықтау;
      9) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тізбесін дайындау;
      10) адам және жануарлар денсаулығына қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын жануарларға төлем ақы беру тәртібін дайындау;
      11) мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу тәртібін анықтау;
      12) шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру тәртібін анықтау;
      13) індет жағдайын және жануарлар аурулары мониторингі нәтижелерін талдау;
      14) әкімшілік аймақтық бірлік аумағын зоналарға бөлу тәртібін анықтау;
      15) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестациялау тәртібін анықтау;
      16) әкімшілік аймақтық бірлік аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс шаралар жоспарын келісімдеу;
      17) ветеринариялық есеп және есеп беруді жүргізу тәртібін анықтау және оларды ұсыну;
      18) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже дайындау;
      19) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын дайындау және қолдану нормативтерінің тәртібін дайындау және бекіту;
      20) Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктерін тасымалдауды орын ауыстыруды жүзеге асыру тәртібін анықтау;
      21) ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын келісімдеу;
      22) зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша қолдануға келмейтін ветеринариялық препараттарды, мал азығын және мал азығы қоспаларын утилдеу (жою) немесе әрі қарай қолдануға сараптау жүргізудің тәртібін анықтау;
      23) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен ережелерін дайындау және бекіту, сондай-ақ мал тегі өнімдері мен шикізаттарын өндіру, дайындау (сою), сақтау өңдеу және сату ұйымдарында жануарлардың, мал тегі өнімдері мен шикізаттарының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау;
      24) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми техникалық құжаттарын келісімдеу ережелерін дайындау;
      25) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер шаралар сол елдің аумағында қолайлы деңгейді қамтамасыз етсе олардың эквиваленттігін тану ережелерін дайындау;
      26) жаңа ветеринариялық, аспаптарға, құралдарға, мал азығына, мал азығы қоспаларына қорытынды беру ережелерін дайындау;
      27) аумақтың індет ахуалын еске ала отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктерін экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру тәртібін дайындау;
      28) ескерту үлгілерін, оларды толтыру және беру тәртібін бекіту;
      29) адам және жануарлар денсаулығына және өміріне әсерін еске ала отырып, ғылыми негізделген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкестендірілген ветеринариялық нормативтерді дайындау және бекіту;
      30) жануарлардың аса қауіпті аурулары тіркелген шекаралас мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына өтетін транспорт құралдарын дезинфекциялау тәртібін анықтау;
      31) жаңа ветеринариялық, аспаптарға, құралдарға, мал азығына, мал азығы қоспаларына қорытынды беру;
      32) аумақтың эпизоотиялық ахуалын ескере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктерін экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру;
      33) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудағы жүктерді импорттауға рұқсат етілетін мекемелерді анықтау және ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы шешім қабылдау;
      34) ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік реестрін жүргізу;
      35) мал азығы және мал азығы қоспаларының Мемлекеттік реестрін жүргізу;
      36) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми техникалық құжаттарын келісімдеу.
      3. Жүзеге асыру функциялары:
      1) ветеринария саласындағы халықаралық келісімдерді жүзеге асыру;
      2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттардың қолданылуына және сақталуына, тасымалдануына (апарып берілуіне) бөлінуіне бақылау жүргізу, республикалық запасын қоса алғанда;
      3) шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру;
      4) ветеринария саласындағы мамандарды қайта дайындау және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
      5) аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      7) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) және пайдалануды ұйымдастыру;
      8) мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өңдеу, жануарларды өндіру, дайындау (сою) ұйымдарын және мал шаруашылығы объектілерін қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияға қатысу;
      9) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, мал азығын және мал азығы қосымшаларын апробациялауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді ұйымдастыру;
      10) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастыру;
      11) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғау бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру;
      12) жүзеге асыру функцияларын орындайтын ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қызметтерін ұйымдастыру және реттеу;
      13) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жетімсіз болған жағдайда халықаралық ұйымдардан алған мәліметтерді қоса алғанда уақытша ветеринариялық санитариялық шаралар қолдану;
      14) аумақтың немесе оның бөлігінің аурудан таза немесе аурудың сәл таралуын анықтау, ол аумақтан жүктердің экспортталуына бақылау жүргізу, импорттаушы елге дәлелдеме беру және ол аумақты уәкілдер инспекциялау үшін қамтамасыз ету;
      15) мал өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өндіріс объектілеріне, өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу ұйымдарына, ішкі сауда объектілеріне нөмір беру;
      16) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер шаралар сол елдің аумағында қолайлы деңгейді қамтамасыз етсе олардың эквиваленттігін тану;
      17) эпизоотиялық ахуалды зерттеу және жануарлар ауруына мониторинг жүргізу.
      4. Бақылау функциялары:
      1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;
      2) ветеринариялық-санитариялық жағдайға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілері қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асыру;
      3) мал өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өндіріс объектілеріне, өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу ұйымдарына, ішкі сауда объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      4) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, мал азығын және мал азығы қоспаларын апробациялауды, оларды тіркеу сынағынан өткізуді бақылау;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      6) жануарлар ауруларының шығуы мен таралуын және олардың улану жағдайларын анықтау;
      7) мемлекеттік мекемелерде, ғылыми және өндірістік мекемелерде, өндірістерде олардың меншік түріне қарамастан ветеринария саласындағы қолданылатын деполанған микроорганизмдер штаммдарының, жануарлар ауруының уытты қоздырушыларының қолданылуына, тасымалдануына, сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;
      8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерінің дайындау, өндіру, және жою процестеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      9) техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;
      10) шекара және кеден бекеттерінде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      11) аурудан таза немесе аурудың таралуы төмен аумақтардан әкелінетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;
      12) ратификацияланған халықаралық шарттарда қаралған жағдайда импорттаушы мемлекетке растау және олардың уәкілдеріне аумақты инспекциялауды қамтамасыз ету;";
      14) 10-баптағы:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) уәкілетті орган белгілеген тәртіпте әкімшілік аумақтық бірліктің аумағын зоналарға бөлу туралы шешім қабылдау;
      6) тиісті әкімшілік аймақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық-санитариялық іс шаралар жоспарын бекіту және оны уәкілетті органмен келісімдеу;
      7) тиісті әкімшілік аймақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық-санитариялық іс шараларды ұйымдастыру;
      8) жануарлардың аса қауіпті аурулары профилактикасына қажетті ветеринариялық препараттарды сақтауды тасымалдауды ұйымдастыру";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) тиісті әкімшілік аймақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының ахуалын анықтау;
      12) тиісті әкімшілік аймақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енген жануарлардың аса қауіпті ветеринариялық профилактикалық шараларын жүргізуді ұйымдастыру;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жүргізілетін шараларды ұйымдастыру;
      15) ветеринариялық есеп және есеп беруді ұйымдастыру.";
      15) 10-1-бап 2) тармақшадағы "ұйымдастыру" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) жануарларға, мал тегі өнімдері мен шикізаттарына облыс аумағында күші бар ветеринариялық куәлік беру;
      4) ауданның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын бұзуды жою туралы нұсқама беру туралы және ветеринария саласындағы заңнаманы бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу";
      16) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай нысандарда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады:
      1) мынадай функцияларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық мекемелер:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою жөніндегі;
      шекара және кеден пункттерінде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) көлік құралдарын дезинфекциялау жөніндегі;
      жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды алып қою және жою жөніндегі;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау жөніндегі;
      2) мынадай функцияларды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар құрады:
      жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі;
      Микроорганизмдердің депозиттелген штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу сынағы, байқаудан өткізу, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (партияларына) бақылау жасау.";
      4) тармақшадағы "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 14-бапта:
      2-тармақ 6-1), 6-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "6-1) ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру барысына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу;
      "6-2) ветеринариялық мақсатта қолданылатын биологиялық препараттар, дәрілік заттар, ветеринариялық препараттар, мал азығы және мал азығы қосымшаларын, мал тегі өнімдері мен шикізаттарын дайындау (сою), сақтау, өңдеу және сату мекемелеріне, ішкі сауда объектілеріне, мал өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өндіріс объектілеріне нөмірлер беруге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;";
      3-1-тармақтағы "ветеринариялық бақылау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 14-1-бапта:
      тақырыбындағы "ветеринариялық бақылау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермeн ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "ветеринариялық бақылау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ішкі сауда объектілерінде - сауда объектілерінде және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде;";
      3) тармақшада:
      "түрлерін" деген сөз "кіші түрлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "базарлардағы" деген сөз алып тасталсын;
      19) 15-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) ішкі сауда объектілері.";
      20) 16-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақта:
      1), 2) және 4) тармақшалар "облыс аумағында", "облыстың аумағында", "ауданның" деген сөздердің алдынан "шекара және кеден пункттерін (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін) қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) бақылаудағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктеріне ветеринариялық сертификат беру";
      3-1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ветеринариялық-санитариялық бақылау жүктеріне ветеринариялық куәлік беру";
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "объектілеріне" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 23-бапта:
      баптың тақырыбындағы және 1-тармақтағы "ұйымдарда" деген сөзден кейін "экспорттаушыны (импорттаушыны) қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "ұйымдар" деген сөзден кейін "экспорттаушыны (импорттаушыны) қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, экспорттаушы импорттаушы мекемелерді қоса алғанда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жылына екі рет жүргізіледі, тек олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары шыққан жағдайдан немесе аурудан таза емес зона қалыптасқан жағдайдан басқа.
      6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мерзімі тексерген күннен бастап 5 күн.";
      22) 24-бапта:
      1-тармақтағы "ветеринариялық препараттардың" деген сөзден кейін "мал азығы және мал азығы қоспаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "тәртібін" деген сөзден кейін "денсаулық сақтау істері жөніндегі органмен келісе отырып" дегeн сөздер алынып тасталсын;
      23) 25-баптың 13) тармақшасындағы "ғылыми-техникалық" деген сөз "нормативтік-техникалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "препараттар" деген сөзден кейін "мал азығын, мал азығы қоспаларын, тамақ өнімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      24) мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2-баптармен толықтырылсын:
      "26-1-бап. Ветеринариялық-санитарлық шараларды қолдану
      1. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар берілген ғылыми негіздерге байланысты, жануарлардың және адамдардың денсаулығына және нақты өмірлік көрсеткіштерге байланысты және халықаралық саудаға кедергі келмейтіндей дәрежеде қолданылады.
      2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың эквиваленттік көрсеткіштерін бағалау, берілген ғылыми негіздерге байланысты, тексеру әдістерінің қорытындысына, зертханалық тексерулердің қорытындысына, нақты аурулардың таралуын зерттеу мониторингісіне байланысты және зонаның тізімі ескеріледі.
      3. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар эквиваленттілігін бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулер нәтижелері, (оның ішінде зертханалық) нақты аурулардың таралу мониторингі және зоналардың болуы ескерілуі тиіс.
      4. Басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының баламалылығы мынадай шарттарда мойындалады:
      1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар халықаралық стандарттарға, ұсыныстарға сәйкес келгенде;
      2) егер осы шаралар жануарлардың жұқпалы ауруларының сырттан әкелінуінен және таралуынан Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық-санитариялық қалыпты жағдайды қамтамасыз етсе.
      "26-2-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағын аймаққа бөлу
      1. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағын аймаққа бөлудің мақсаты:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының сырттан әкелінуіне және таралуына жол бермеу;
      2) ветеринариялық-санитариялық іс шараларды жоспарлау;
      3) халықаралық сауда жүргізу.
      2. Жануарлардың ауруларының таралуына және атқарылатын іс-шараларға байланысты, келесі зоналардың типтері анықталады:
      1) аурудан таза аймақ;
      2) қадағалау аймағы;
      3) буферлік аймақ;
      4) аурудан таза емес аймақ.
      3. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағын аймаққа және шекараға бөлу тәртібін жануарлардың ауруларының таралуына байланысты, ветеринария саласындағы уәкілетті орган анықтайды.";
      25) 32-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "32-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру және есептік нөмірлерін беру";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мал өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өндіріс объектілері, ішкі сауда объектілері, жануарларды өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және сату ұйымдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында есептеу номерлері беріледі.";
      3-тармақ алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады