"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 805 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі қабылдаған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731 -құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; 2007 жылғы 2 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      52-баптың екінші бөлігінде "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді" деген сөздер "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж.,N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 3 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 215-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында "не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге" деген сөздер "не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші абзацта "меншік иесі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару функциялары берілген тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта "бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      216-баптың екінші абзацында "бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      217-баптың екінші абзацында "бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; 2007 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сотқа құрметтемеушілік білдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 2 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 3 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 3 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 155-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында "отыздан", "жүзден", "үш жүзден" деген сөздер тиісінше "алпыстан", "екі жүз елуден", "төрт жүз елуден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында "отыздан", "бес жүзге", "бес жүзден" деген сөздер тиісінше "алпыстан", "төрт жүзге", "тоғыз жүзден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 155-1-баппен толықтырылсын:
      "155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің банкроттық туралы заңнаманы бұзуы
      1. Конкурстық басқарушының:
      кредиторлар комитетінің құрамын уақытылы қалыптастырмауы;
      борышкер алдында берешегі бар тұлғаларға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;
      әдейі және/немесе жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
      банкроттық туралы заңнамада көрсетілген мән-жайлар кезінде, олар анықталған жағдайларда, борышкер жасаған мәмілелердің күші жойылды деп тану туралы талаптарды қоймауы;
      банкроттық туралы заңнамаға сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытылы қарамауы;
      кредиторлармен белгіленген тәртіпті бұза отырып, есеп айырысулар жүргізуі;
      сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;
      борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұзып борышкердің мүлкін сатуы нәтижесінде жасаған банкроттық туралы заңнаманы бұзуы,-
      банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата отырып, елуден жетпіс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Оңалтушы басқарушының:
      банкроттық туралы заңнамада көрсетілген мән-жайлар кезінде, олар анықталған жағдайларда, борышкер жасаған мәмілелердің күші жойылды деп тану туралы талаптарды қоймауы;
      банкроттық туралы заңнамаға сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытылы қарамауы;
      кредиторлармен белгіленген тәртіпті бұза отырып, есеп айырысулар жүргізуі;
      дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарын орындамауы;
      егер оңалту рәсімі жүргізілгеннен кейін пайда болған борышкердің ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімі жүргізілген сәттегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының 20 пайызынан асып кетсе, борышкердің жаңа ақшалай міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді кредиторлар комитетінің келісімінсіз жасауы нәтижесінде жасаған банкроттық туралы заңнаманы бұзуы, -
      банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата отырып, елуден жетпіс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сырттай байқау әкімшісінің:
      борышкердің негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ак олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келісім жасамауы;
      сырттай байқау рәсімінде әдейі және/немесе жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті шеттету бойынша мәмілелердің күші жойылды деп тану туралы борышкерге талап қоймауы нәтижесінде жасаған банкроттық туралы заңнаманы бұзуы, -
      банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата отырып, елуден жетпіс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші, және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
      банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, сексеннен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "156-бап. Әдейі банкрот болу
      Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншіктенушісінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден жеті жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      4) 157-баптың екінші абзацында "жиырмадан", "жүзден", "екі жүзден" деген сөздер тиісінше "отыздан", "екі жүз елуден", "төрт жүз елуден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      541 баптың бірінші бөлігінде "153-157" деген цифрлар "153-155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 156, 157" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 571-2-баппен толықтырылсын:
      "571-2-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар
      1. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар, осы Кодекстің 155-1 (бірінші, екінші және үшінші бөлігінде) бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";
      7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      "қаржы полициясы органдарының" деген жолда "153-157" деген цифрлар "153, 154, 155, 156, 157" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "салық қызметі органдарының" деген жолда "154-157" деген цифрлар "154, 155, 156, 157" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар (155-1 (төртінші бөлігі), 356-баптар);".
      4. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  кодексіне  (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 1-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69- құжат; N 12, 88-құжат; 2007 жылғы 10 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      501-баптың 23) тармақшасында:
      "конкурстық" деген сөзден кейін "және оңалтушы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "конкурстық іс жүргізу" деген сөздерден кейін ", оңалту рәсімі" деген сөздермен толықтырылсын.
      5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
      389-бапта:
      4-тармақтың 3) тармақшасында "не соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған" деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтың 3) тармақшасында "не соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданғаннан" деген сөздер алып тасталсын.
      6. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; 2007 жылғы 1 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының астанасын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      50-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацында "және таратудың соттан тыс рәсімін" деген сөздер алып тасталсын.
      7. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңында  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат;№N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N№14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат, N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат, N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 9, 67-құжат):
      1) преамбулада "соттан тыс тарату" деген сөздер "сырттай байқау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
      2) ауыл шаруашылығы ұйымы - егер өнімді өткізуден түсетін, оның ішінде ұқсатылған өнімнен түсетін кірісі жылдық кірісінің жалпы сомасының елу пайызынан артығын құраса, жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтар), омарта шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін ұйым;
      3) әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншіктенушісінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;
      4) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандандырылған ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту  рәсіміне және сырттай байқауға бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар.
       Борышкердің таратылуы барысында төлеу бойынша міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі;
      5) банкрот - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер;
      6) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
      7) борышкер - осы Заңда көзделген тәртіппен өзіне сырттай байқау, банкроттық рәсімдерінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға және жеке кәсіпкер;
      8) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
      9) дәрменсіздік - ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қамтамасыз етуге жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға борышкердің қабілетсіздігі;
      10) дәрменсіз борышкердің өз еркімен таратылуы - дәрменсіз борышкердің өз өтініші негізінде сот шешімі бойынша таратылуы;
      11) жалған банкроттық - кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатымен коммерциялық ұйым басшысының немесе меншіктенушісінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы;
      12) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;
      13) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
      14) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
      15) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшімен де, кепіл туралы келісімнің күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;
      16) конкурстық масса - конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын борышкердің мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда, өзге де тұлғалардың мүлкі;
      17) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан босатылған деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім;
      18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
      19) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге адам;
      20) мониторинг - бұл ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдарға қаржылық-экономикалық сауықтыру шараларын уақытылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржылық-экономикалық жай-күйіне талдау жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
      21) оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару функциясы берілетін адам;
      22) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған заңнамаға қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
      23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;
      24) субсидиарлық жауапкершілік - заңнамаға немесе міндеттеме шарттарына сәйкес тұлғаның негізгі борышкер болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілігі;
      25) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай- күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын анықтау, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, оларға қайта ұйымдастыру жүргізілуіне бақылау жасау, немесе құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына бақылау жасау мақсатында сот енгізетін рәсім;
      26) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;
      27) төлем қабілетсіздігі - борышкердің міндеттемелерін орындау мерзімі болған сәттен бастап үш ай ішінде орындамауы;
      28) уәкілетті орган - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      3) 2-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші бөлікте "қорларына" деген сөзден кейін ", банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші, бесінші бөліктер алып тасталсын;
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік саласындағы заң актілерімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 3-бапта:
      4-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацында "төлемдер жөніндегі" деген сөздерден кейін "борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "не соттан тыс тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақта "не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізумен" деген сөздер алып тасталсын;
      5) 4-бапта:
      тақырыпта "және соттан тыс тарату рәсімін өткізу" деген сөздер алып тасталсын;
      1 және 2-тармақтарда "не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы уәкілетті органға" деген сөздер алып тасталсын;
      6) 6-бапта:
      1 тармақтың 1 бөлігінде:
      бірінші абзацта "не соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғанға дейін" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "не соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылдағаннан" деген сөздер алып тасталсын;
      "жарамсыз деп танылуға тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      2 және 3-тармақтарда "немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақта "не соттан тыс тарату рәсімін бастап," деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақта "сатып алынған мүліктің" деген сөздерден кейін "нарықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      7) 9-бапта:
      1 -тармақтың бірінші бөлігінде "және соттан тыс тарату рәсімін", "не соттан тыс тарату рәсімін өткізу" деген сөздер алып тасталсын;
      1-1-тармақта "оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін" деген сөздер "оңалтушы басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысы болуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 4) тармақшасының ережесі осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
      8) 10-бапта:
      1, 3 тармақтарда "және борышкерді соттан тыс тарату рәсіміне", "немесе соттан тыс тарату рәсімін" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші және екінші бөліктерде "уәкілетті орган не", "немесе уәкілетті органның" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      9) 10-1, 10-2, 10-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретіне:
      1) табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгілеу;
      2) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметті лицензиялау Ережесін бекіту;
      3) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтар жүргізу тәртібін анықтау жатады.
      10-2-бап. Уәкілеті органның құзыреті Уәкілеті орган өзінің құзыреті шегінде:
      1) лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
      2) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
      3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін белгілейді;
      4) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметін, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      5) кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырып, бекітеді және оңалту рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
      6) кредиторлар комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісімен жасайтын келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарайды;
      7) дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тәртібін анықтайды;
      8) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келіседі;
      9) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпарат сұратады) және конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;
      10) оңалтушы басқарушының қорытынды есебін келіседі және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді, сондай-ақ конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келіседі;
      11) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;
      12) сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есеп нысанын және оларды келісу тәртібін бекітеді;
      13) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімдері кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;
      14) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
      15) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
      16) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
      17) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды;
      18) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;
      19) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта өткізу кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      20) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
      21) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
      22) осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады;
      23) білім беру ұйымы арқылы сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлау ережесін бекітеді;
      24) сырттай байқау әкімшісін белгілеу тәртібін, оңалтушы басқарушыны белгілеу тәртібін, сондай-ақ конкурстық басқарушыны белгілеу, есепке алу және тіркеу тәртібін белгілейді;
      25) өз құзіреті шегінде мониторингті жүзеге асырады;
      26) мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз борышкерлер туралы мәліметтерді сұратады және оны алады;
      27) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкімшісінің өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіне алады;
      28) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
      29) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсімдерді сақтауын тексеруді жүзеге асырады.
      10-3-бап. Оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін бақылау
      1. Уәкілетті органның оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін бақылау мәні тараптардың банкроттық туралы заңнаманы сақтауы болып табылады.
      2. Осы Заңда белгіленген құқықтарды қорғау және тараптардың оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуі бақылаудың мақсаты болып табылады.
      3. Осы баптың мақсаты үшін оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің тараптары деп кредиторлар, борышкер, мүлік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
      4. Оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсімдерде тіркелу есебі;
      2) төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдардың мониторингі;
      3) камералдық бақылау;
      4) оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу тараптарының банкроттық туралы заңнаманы сақтауын бақылау;
      5) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қолданыстағы заңнамасында белгіленген оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді сақтауын тексеру.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді сақтауын тексеру шағын кәсіпкерлік субъектілерін бақылау болып табылмайды;
      6) борышкердің конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылау.";
      10) мынадай мазмұндағы 10-4-бабымен толықтырылсын:
      "10-4-бап. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың оңалту
                 рәсімін, конкурстық іс жүргізуді сақтауын тексеру
      1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізінде үш ай мерзімді тексерілетін кезеңде бір реттен жиі жүргізілмейді.
      2. Тексеру жүргізу үшін мынадай деректемелер жазылған нұсқама болып табылады:
      1) уәкілетті органда тіркелген күні мен нөмірі;
      2) нұсқаманы берген уәкілетті органның атауы;
      3) борышкердің толық атауы және тіркеу нөмірі;
      4) тексеруші адамдардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты.
      Нұсқамаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының бірінші не оны ауыстыратын адамдар қол қойып, елтаңбалы мөрмен расталуға тиіс.
      5. Бір нұсқаманың негізінде бір тексеру ғана жүргізіледі.
      4. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргізу үшін тексеруші адамдарды жіберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге міндетті.
      5. Уәкілетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
      6. Тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің қорытындылары туралы акт жасалады, ол нөмірленіп, тігіліп және уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының мөрі басылып, тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.
      7. Тексеру актісінде көрсетілген қорытындылар негізінде банкроттық туралы заңнаманы анықталған бұзушылықтар болған жағдайда, уәкілетті орган мұндай бұзылушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, ұсыным шығарады.";
      11) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Кредиторлар комитетін қалыптастыру
      1. Сырттай байқау, банкроттық рәсімдерінде, оңалту рәсімінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Кредиторлар комитетін қалыптастыру.
      1) сырттай байқау кезінде осы Заңның 41-2-бабымен;
      2) конкурстық іс жүргізу кезінде осы Заңның 70-бабымен;
      3) оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 43-бабымен реттеледі.
      2. Кредиторлар комитетінің құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша кредиторлардың өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, сондай-ақ борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор кіреді.
      3. Кредиторлар комитеті мүшелері жеті адамнан аспайтын тақ санынан тұрады.
      4. Кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне қатысудан бас тартуға құқылы.
      5. Сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушысының, кредиторлар комитетінің, борышкер кредиторларының өтініші бойынша уәкілетті орган осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізуі мүмкін.
      6. Қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізудің негіздемелері мыналар:
      1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына екі реттен артық дәлелді себептерсіз келмей қалуы;
      2) борышкерге үлкен сомалы талабы бар кредиторлардың анықталуы;
      3) кредиторлар комитетінің құрамынан өзін шығару туралы кредиторлар комитеті мүшесінің өтініші;
      4) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауы;
      5) кредиторлар комитетінің құрамына оны қосу туралы кредитордың өтініші;
      6) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар (заң күшіне енген сот актілері, кредиторды тарату немесе оның қайтыс болуы және басқалар) болып табылады.";
      12) 13-бапта:
      төртінші, сегізінші абзацтарда "және соттан тыс тарату рәсімін", ", соттан тыс тарату рәсімін" деген сөздер алып тасталсын;
      13) 17-баптың 1-тармағында "жүгінуге құқылы" деген сөздер "жүгінеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) 22-баптың 5-тармағында "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "2, 3 және 4-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 23-баптың 2) тармақшасында "борышкерге" деген сөзден кейін "және уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 36-бапта:
      1 -тармақта:
      2) және 3) тармақшаларда "аспайтын мерзімде" деген сөздерден кейін "ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға борышкердің қабілетінің болмауын растайтын құжаттарды қоса бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-1-тармақта "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      41-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "үш күн" деген сөздер "бес күн" деген сөздерге ауыстырылсын;
      41-2-баптың 2-тармағында "салықтық берешегі болған кезде" деген сөздер "жалақы төлеу бойынша және" деген сөздермен, "кредитор" деген сөз "кредиторлардың өкілдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 41-4-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) уәкілетті органның сұрауы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпаратты беруге;";
      5) тармақшада "келісілген," деген сөзден кейін "борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру не оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы немесе борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 41-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары
      Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар және ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісі арасында жасалатын келісіммен анықталады.
      Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар және ағымдағы төлемдер сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айына бір рет борышкердің мүлкі есебінен төленеді.";
      21) 41-7-бапта:
      1) тармақшада "бір апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы болған кезде борышкер осы Заңның 43-бабында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге;
      5) сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі болмағаны туралы қорытындысы болған кезде борышкер банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.";
      22) 43-баптың 3-тармағында:
      1) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) соңғы үш жылдағы қаржы есептілігі және оңалту жоспарын жасау сәтіндегі борышкердің қаржылық ахуалы туралы мәліметтер;";
      2-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытынды;";
      23) 44-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс";
      45-бап ", борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      47-баптың 2-тармағында "75-бабында белгіленген кезек" деген сөздері "75, 76-баптарында белгіленген кезек және есеп айырысу ережелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 50-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған не республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын нарық субъектілерінің ұйымдары үшін сот оңалту рәсімінің мерзімін бір жылға дейін ұзартуға құқылы.";
      53-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "есебі", "Есептің" деген сөздер тиісінше "қорытынды есебі", "Қорытынды есептің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      65-бапта:
      екінші тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтініші уәкілетті органға конкурстық іс жүргізуге белгіленген мерзім өткенге дейін кем дегенде 15 күнде жіберіледі.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Көлемі үлкен мүлкі бар борышкерді таратқан, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігі болған, сот талқылаулары, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны іске асырудың ерекше шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу мерзімін уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен көрсетілген мән-жайларды ескере отырып бір жылға ұзартуы мүмкін.";
      29) 70-бапта:
      1) тармақшада "және кредиторлар комитетінің бірінші отырысын шақырады" деген сөздер алып тасталсын;
      1-1) тармақшада "мүшелеріне" деген сөзден кейін "осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өткізілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
      30) 72-баптың 3-тармағында "уәкілетті органға немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      31) 75-бапта:
      2-тармақта "азаматтардың" деген сөзден кейін "жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта "алиментті және" деген сөздер алып тасталсын;
      84-баптың 2-тармағында "меншікке" деген сөзден кейін "сауда- саттық жоспарында көрсетілген ең төменгі баға бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      94-баптың 5-тармағының екінші абзацында "банкроттық туралы іс қозғау жөнінде хабарландыруды" деген сөздер алып тасталсын;
      34) 8-тарау алып тасталсын.
      8. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат):
      36-баптың 1-тармағында екінші сөйлем алып тасталсын.
      9. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; 2007 жылғы 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      Заңға қосымшаның 19-тармағының екінші абзацында ", сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінің өткізілуін" деген сөздер алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4 тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады