Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі N 854 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай толықтырулар және өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
      7-тармақта:
      екінші абзац "жылжымалы" деген сөздің алдынан "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац "маневр жұмыстары" деген сөздердің алдынан "бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Порттар, әуежайлар саласында:
      1) теңіз портының қызметтері:
      теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
      кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер;
      2) әуежайлардың қызметтері:
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру;
      Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы техникалық қонуларды жүзеге асыратын тұрақты емес авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады