Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1029 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға;

      Зейнуллин Талғат Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

      Плотников Сергей Викторович - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Көдеков Тұрсынбек Кәрімұлы, Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады