Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1133 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-5/575 бұйрығын қараңыз.

      "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 26 қарашадағы
N 1133 қаулысымен  
бекітілген     

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі, мақта қолхатында индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;
      кепілдік берілген мақта көлемі - қайтару жөніндегі жауапкершілікке қор кепілдік беретін, әрбір қорға қатысушыға қор белгілейтін мақта көлемі;
      қорға қатысушы – қормен жасалған және қатысу шарты қолданылатын мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - қор немесе қорлар);
      қатысу шарты - қор мен мақта өңдеу ұйымы арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Қордың кепілдігін алу тәртібі

      3. Қордың кепілдігін алу үшін мақта қолхатын ұстаушы қорға кепілдік алуға еркін нысанда өтінішін береді және оған мынадай құжаттарын қоса береді:
      1) кепілдік және қоймалық куәліктері бөлінбеген мақта қолхаты;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу және/немесе шитті мақтаны сақтауға жасалған шарттардың көшірмесі;
      3) қатысушының осы мақта қолхатын кепілдендірілген мақта көлеміне енгізу туралы қолдаухат бар ілеспе хаты.
      4) заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесiн ұсынады;
      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      5) жеке тұлғалар:
      мақта қолхатын ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (егер мақта қолхатын ұстаушы жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда) ұсынады;
      6) егер қорға заңды немесе жеке тұлғаның мақта қолхатын ұстаушының бірінші басшысы хабарласпаса, қорға хабарласуға құқық сенімхаты.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613, 24.04.2013 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      4. Егер төменде санамаланған жағдайлардың біреуі орын алса, қор мақта қолхатын ұстаушыға кепілдік беруден бас тартады:
      1) мақта қолхатын ұстаушы хабарласқан қорға қатысушы болып табылмайтын мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын берсе;
      2) мақта қолхатын ұстаушы осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаса;
      3) мақта қолхаты заңнамада белгіленген мақта қолхаттарына қойылатын талаптарға сәйкес келмесе.

      5. Қордың кепілдік алудан бас тартуы мақта қолхатын ұстаушының осы Ереженің 4-тармағында көзделген жағдайларды жойғаннан кейін кепілдік алу үшін қайта хабарласуына кедергі болып табылмайды.

      6. Қордың кепілдігін беру қор мен қорға қатысушы арасында жасалған қатысу шартына сәйкес қорға қатысушы үшін қор белгілеген кепілдік берілген мақта көлемінің шегінде мақта қолхатына уәкілетті тұлғаның қолымен және қордың мөртаңбасымен тиісті жазба жасау жолымен жүзеге асырылады.

      7. Қордың кепілдік беру мерзімі қорға мақта қолхатын ұстаушылардан өтініштер келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Об утверждении Правил получения гарантий фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2007 года N 1133. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2016 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 26.06.2015 г. № 4-5/575.


      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила получения гарантий фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 26 ноября 2007 года N 1133

Правила
получения гарантий фондов гарантирования
исполнения обязательств по хлопковым распискам

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила получения гарантий фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок получения гарантий фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      держатель хлопковой расписки - владелец хлопка, передавший хлопкоперерабатывающей организации хлопок-сырец на хранение и (или) первичную переработку; хлопок-волокно и семена хлопчатника - на хранение, в случаях совершения на хлопковой расписке индоссамента - индоссат;

      объем гарантированного хлопка - объем хлопка, устанавливаемый фондом по каждому участнику, ответственность по возврату которого гарантируется фондом;

      участник фонда - хлопкоперерабатывающая организация, имеющая лицензию на право осуществления деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок, с которой фондом заключен и действует договор участия;

      фонд гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам - юридическое лицо, осуществляющее свою деятельность в целях обеспечения защиты прав и законных интересов держателей хлопковых расписок от неисполнения хлопкоперерабатывающими организациями обязательств по выданным ими хлопковым распискам (далее - фонд или фонды);

      договор участия - договор, заключаемый между фондом и хлопкоперерабатывающей организацией, на основе которого последняя участвует в системе гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.04.2013 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

2. Порядок получения гарантий фонда

      3. Для получения гарантии фонда держатель хлопковой расписки представляет в фонд заявление на получение гарантии в произвольной форме и прилагает к нему следующие документы:
      1) хлопковую расписку с неразделенными залоговым и складским свидетельствами;
      2) копии заключенных договоров первичной переработки хлопка-сырца в хлопок-волокно и/или хранения хлопка-сырца, соответствующих типовым формам договоров, утвержденным решениями Правительства Республики Казахстан;
      3) сопроводительное письмо участника с ходатайством о включении данной хлопковой расписки в объем гарантированного хлопка;
      4) юридические лица представляют копии свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;
      примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица;
      5) физические лица представляют копию документа, удостоверяющего личность держателя хлопковой расписки, либо копию свидетельства о регистрации индивидуального предпринимателя (в случае если держатель хлопковой расписки является индивидуальным предпринимателем);
      6) доверенность на право обращения в фонд, в случае если в фонд обратился не первый руководитель держателя хлопковой расписки юридического или физического лица.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 18.06.2010 № 613; от 24.04.2013 № 390 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      4. Фонд отказывает держателю хлопковой расписки в выдаче гарантии, если имеет место один из нижеперечисленных случаев:
      1) хлопковая расписка выдана хлопкоперерабатывающей организацией не являющейся участником фонда в который обратился держатель хлопковой расписки;
      2) держатель хлопковой расписки не представил документы, указанные в пункте 3 настоящих Правил;
      3) хлопковая расписка не соответствует установленным   законодательством требованиям, предъявляемым к хлопковым распискам.

      5. Отказ фонда в получении гарантии не является препятствием для повторного обращения держателя хлопковой расписки для получения гарантии, после устранения случаев предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил.

      6. Выдача гарантии фонда осуществляется в пределах объема гарантированного хлопка, установленного фондом для участника фонда, в соответствии с договором участия, заключенным между фондом и участником фонда, путем совершения соответствующей надписи на хлопковой расписке с подписью уполномоченного лица и оттиском печати фонда.

      7. Срок выдачи гарантий фондом не должен превышать трех рабочих дней с момента поступления заявлений от держателей хлопковых расписок в фонд.