Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1165 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 557 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 557 Қаулысымен.

      "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2007 жылғы 3 желтоқсандағы
N 1165 қаулысымен 
бекітілген 

Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

      1. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму жөніндегі қызметтер.
      2. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын "Солтүстік - Оңтүстік" транзиті бойынша бере отырып өндіру және сату.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады