"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1178 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
Жарлығы     

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі  Заңына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған АЭА туралы ереже бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2007 жылғы    
N  Жарлығымен   
бекітілген    

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"
арнайы экономикалық аймағы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

       1.   "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.
      АЭА-ның аумағы 1787,4 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. АЭА-лар:
      қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамытудың серпінді инвестициялық жобаларын әзірлеу және іске асыру;
      мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің негізінде құрылысқа және мұнай-химия және аралас өндірістерді кешенді дамытуға инвестициялар тарту;
      жаңа өзара байланысты, тиімділігі жоғары және инновациялық мұнай-химия, ілеспе және аралас өндірістер салу;
      қазақстандық мұнай-химия өнімінің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық мұнай-химия өнімін жасау;
      мұнай-химия, ілеспе және аралас өндірістерді және көмірсутек шикізатын тазалау, тереңдете өңдеу жөніндегі технологияларды құру және жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобалар әзірлеу және іске асыру;
      халықаралық стандарттарға сәйкес мұнай-химия өндірістері үшін мамандар даярлау және қайта даярлау мақсатында құрылады.
      3. Қызметтің басым түрлері:
      қазақстандық базалық және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімін, оның ішінде мұнай-газ өндіру саласы үшін реагенттер өндіруді қамтамасыз ету үшін бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалау-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарын әзірлеу кезеңдерін қамтитын көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу үшін әлемдік деңгейдегі кешендерді, өндірістер мен қондырғыларды салу және пайдалану;
      мұнай-химия өндірістерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін осы заманғы жоғары технологиялық инфрақұрылым қалыптастыру;
      жаңа инновациялық мұнай-химия, ілеспе, аралас өндірістер мен технологиялар құру және дамыту жөнінде маркетингтік, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жобалар әзірлеу мен іске асыру және техникалық-экономикалық, тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
      халықаралық стандарттар бойынша өнеркәсіптің мұнай-химия саласы үшін техникалық бейіндегі мамандар даярлау және қайта даярлау.
      4. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында көрсетілгеннен өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережесі қолданылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасы кеден аумағының бір бөлігі болып табылады. АЭА-ның периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады және арнайы қоршаумен жабдықталады.
      8. АЭА-ның аумағында кеден ресімдеу мен бақылау Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      9. АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі:
      АЭА-ның аумағында салынатын объектілердің құрылысын қамтамасыз ету және оларды пайдалануға беру үшін қажетті машиналар, тетіктер, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
      тауарларды жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге, өңдеуге және пайдалануға арналған (акцизделетін тауарларды қоспағанда) шикізат және отын ресурстары, тауарлар мен материалдар;
      ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және оқу-білім беру бағдарламаларын жүргізу үшін қажетті аспаптар, құрылғылар, тауарлар мен материалдар;
      осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген негізгі қызмет түрлеріне сәйкес өндірістерді қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар және тетіктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар мен жартылай өнімдер.
      10. АЭА-ның аумағында осы Ережеге сай қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды сақтауды, пайдалануды, қайта өңдеуді және қолдануды қамтамасыз ету жөнінде операциялар жасауға рұқсат етіледі.

5. АЭА-ның аумағында шетел азаматтарының болу тәртібі

      11. АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзиті және болу тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      12. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген негіздер бойынша таратылады.
      АЭА-ны тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін АЭА-ның әкімшілігі АЭА-ны тарату рәсімдерін аяқтау үшін бір жыл бойы жұмыс істейді.
      АЭА-ны құрылған мерзімінің аяқталуына байланысты таратқан кезде АЭА-ның әкімшілігі:
      көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты арыздар мен талап-өтініштерді қабылдаудың тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру жариялайды;
      АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік режимде қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді.
      13. Осы Ережемен реттелмеген АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2007 года N 1178

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О создании специальной экономической зоны "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк".

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

  О создании специальной экономической зоны
"Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 6 июля 2007 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан"  ПОСТАНОВЛЯЮ :
      1. Создать специальную экономическую зону "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк" (далее - СЭЗ) на период до 31 декабря 2032 года.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о СЭЗ.
      3. Правительству Республики Казахстан принять меры по обеспечению деятельности СЭЗ.
      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
       Республики Казахстан

Утверждено         
Указом Президента      
Республики Казахстан     
от "__" _________ 2007 года N__

  Положение
о специальной экономической зоне
"Национальный индустриальный нефтехимический технопарк"

  1. Общие положения

      1. Специальная экономическая зона "Национальный индустриальный нефтехимический технопарк" (далее - СЭЗ) расположена на территории Атырауской области согласно прилагаемому плану.
      Территория СЭЗ составляет 1787,4 гектара и является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан.
      2. СЭЗ создается с целью:
      разработки и реализации прорывных инвестиционных проектов создания и развития нефтехимических производств мирового уровня по глубокой переработке углеводородного сырья и выпуска широкой конкурентоспособной нефтехимической продукции с высокой добавленной стоимостью;
      привлечения инвестиций в строительство и комплексное развитие нефтехимических и смежных производств на основе механизмов государственно-частного партнерства;
      строительства новых взаимосвязанных, высокоэффективных и инновационных нефтехимических, сопутствующих и смежных производств;
      осуществления интеграции казахстанской нефтехимической продукции в общемировую систему производства и сбыта, создания инновационной, конкурентоспособной отечественной нефтехимической продукции в соответствии с международными стандартами (ИСО);
      разработки и реализации научно-исследовательских и научно-технических инновационных проектов по созданию и совершенствованию нефтехимических, сопутствующих и смежных производств и технологий по очистке, глубокой переработке углеводородного сырья;
      подготовки и переподготовки специалистов для нефтехимических производств в соответствии с международными стандартами.
      3. Приоритетные виды деятельности:
      строительство и эксплуатация комплексов, производств и установок мирового уровня для глубокой переработки углеводородного сырья, включающее этапы разработки бизнес-планов, технико-экономических обоснований, проектно-сметной документации, строительно-монтажные и пуско-наладочные работы для обеспечения производства казахстанской базовой и с высокой добавленной стоимостью нефтехимической продукции, в том числе реагентов для нефтегазодобывающей отрасли;
      формирование современной высокотехнологической инфраструктуры для обеспечения эффективной деятельности нефтехимических производств;
      разработка и реализация маркетинговых, научно-исследовательских, научно-технических проектов и проведение технико-экономических, опытно-конструкторских работ по созданию и развитию новых инновационных нефтехимических, сопутствующих, смежных производств и технологий;
      подготовка и переподготовка специалистов технического профиля для нефтехимической отрасли промышленности по международным стандартам.
      4. Деятельность СЭЗ регулируется  Конституцией  Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 6 июля 2007 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательстве Республики Казахстан о специальных экономических зонах, то применяются правила международного договора.

  2. Управление СЭЗ

      5. Управление СЭЗ осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 июля 2007 года "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан".

  3. Налогообложение на территории СЭЗ

      6. Налогообложение на территории СЭЗ регулируется налоговым законодательством Республики Казахстан.

  4. Таможенное регулирование

      7. Территория СЭЗ является частью таможенной территории Республики Казахстан, на которой действует таможенный режим свободной таможенной зоны в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан. Периметры СЭЗ являются таможенной границей Республики Казахстан и оборудуются специальным ограждением.
      8. Таможенное оформление и контроль на территории СЭЗ осуществляются в порядке, определенном таможенным законодательством Республики Казахстан.
      9. Перечень товаров, необходимых для достижения цели создания СЭЗ:
      машины, механизмы, оборудование, товары и материалы, необходимые для обеспечения строительства и ввода в эксплуатацию объектов, возводимых на территории СЭЗ;
      сырьевые и топливные ресурсы, товары и материалы, предназначенные для переработки, обработки и использования (за исключением подакцизных товаров), в соответствии с критериями достаточной переработки товаров;
      приборы, устройства, товары и материалы, необходимые для проведения научно-исследовательских, научно-технических, опытно-конструкторских работ и учебно-образовательных программ;
      машины и механизмы, оборудование, автомобили специального назначения, материалы, товары и полуфабрикаты, необходимые для обеспечения производств, в соответствии с основными видами деятельности, указанными в пункте 3 настоящего Положения.
      10. На территории СЭЗ допускается совершение операций по обеспечению сохранности, эксплуатации, переработке и использованию товаров и оборудования, необходимых для достижения целей создания СЭЗ, в соответствии с основными видами деятельности согласно настоящему Положению.

  5. Порядок пребывания иностранных граждан на территории СЭЗ

      11. На территории СЭЗ действует порядок въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства, а также их транспортных средств, установленный законодательством Республики Казахстан и международными соглашениями, участником которых является Республика Казахстан.

  6. Заключительные положения

      12. СЭЗ упраздняется по основаниям, предусмотренным  статьей 6  Закона Республики Казахстан "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан".
      После принятия решения об упразднении СЭЗ администрация СЭЗ функционирует в течение одного года для завершения процедуры упразднения СЭЗ.
      При упразднении СЭЗ в связи с истечением срока, на который она создавалась, администрация специальной экономической зоны:
      не позднее, чем за три месяца до истечения указанного срока публикует в средствах массовой информации объявление на государственном и русском языках о предстоящем упразднении СЭЗ, порядке и сроках приема заявлений и претензий, связанных с ее упразднением;
      обеспечивает разъяснение физическим и юридическим лицам, осуществляющим деятельность на территории СЭЗ, порядка переоформления находящихся на ее территории товаров в иной таможенный режим.
      13. Деятельность СЭЗ, неурегулированная настоящим Положением, осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.