Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1185 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. "Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 тамыздағы N 682 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1185 қаулысымен
бекітілген   

  Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын
қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық
қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарлама

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

1.  Бағдарламаның паспорты
2.  Кіріспе
3.  Қазіргі проблеманың жай-күйін талдау
4.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5.  Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Жаңа қоғамдық-саяси жағдайда мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын дамыту
5.2. Конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, діни экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру
5.3. Діни ахуал мониторингі, оны талдау және болжау жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
5.4. Мемлекеттік қызметшілердің діни дайындығы мен дін қызметшілерінің біліктілік деңгейін арттыру
6.  Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7.  Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8.  Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама-        Қазақстан Республикасында діни сенім
ның атауы       бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-
                конфессиялық қатынастарды жетілдіру
                жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған
                бағдарлама

Әзірлеу үшін       Қазақстан Республикасының Президенті
негіз           Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы
                "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
                қарсаңында" және 2007 жылғы 28 ақпандағы
                "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты
                Қазақстан халқына жолдаулары;
                  "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
                экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға
                арналған орта мерзімді жоспары (екінші
                кезең) туралы" Қазақстан Республикасы
                Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы
                N 822 қаулысы;
                  "Мемлекет басшысының 2005 - 2007
                жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы
                жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі
                бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық
                жоспарын және Қазақстан Республикасы
                Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған
                бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар
                жоспарын бекіту туралы" Қазақстан
                Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
                20 сәуірдегі N 319 қаулысы

Әзірлеуші          Қазақстан Республикасы Әділет
                министрлігі

Бағдарлама-        Конфессияаралық келісімді сақтау
ның              және Қазақстан Республикасы азаматтарының
мақсаты         діни сенім бостандығына   құқықтарын іске
                асыруды қамтамасыз ету үшін шарттарды дамыту

Бағдарлама-        Түрлі діни нанымдағы діни бірлестіктер
ның міндеттері арасында өзара түсіністікті, төзімділікті
                және олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын
                нығайту;
                  мемлекеттік органдар мен діни
                бірлестіктер арасындағы әлеуметтік
                ынтымақтастықты дамыту;
                  діни ахуал мониторингі, оны талдау
                және болжау жүйесін жетілдіру;
                  діни салада ғылыми қолданбалы зерттеулер
                жүргізу;
                  азаматтардың діни сенім бостандығына
                құқықтарын іске асыру және діни
                бірлестіктердің қызметі саласындағы
                заңнаманы жетілдіру;
                  мемлекеттік қызметші кадрлардың дінтану
                сауаттылық деңгейін арттыру

Іске асыру         2007 - 2009 жылдар
мерзімдері

Қаржыландыру       Бағдарламаны іске асыруға республикалық
көздері          бюджеттен қаржыландыруға 177,7 млн. теңге
                мөлшерінде талап етіледі, соның ішінде: 2007
                жылға - 68,1 млн. теңге, 2008 жылға - 31,6
                млн. теңге, 2009 жылға - 78 млн. теңге.
                  Республикалық және жергілікті бюджеттер
                қаражаты есебінен қаржыландырылатын
                іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі
                тиісті қаржы жылына арналған республикалық
                және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру
                кезінде жыл сайын нақтыланатын болады

Күтілетін          Бағдарламаны 2007-2009 жылдары іске
нәтиже           асыру   мыналарды қамтамасыз етеді:
                  діни ахуал тұрақтылығы мен конфессияаралық
                төзімділік деңгейін арттыру;
                  діни сенім бостандығы туралы заңнаманы
                бұзушылықтар мен діни тұрғыдағы
                қақтығыстардың саны алдыңғы кезеңге
                қарағанда пайыздық қатынаста азаяды;
                  мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер
                арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық
                нысандарын әзірлеу;
                  діни ахуал мониторингінің жүйесін,
                оны талдау мен болжауды жетілдіру;
                  дін саласында мемлекеттік саясаттың
                негізін қамтамасыз ететін
                ғылыми-әдістемелік база құру;
                  діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл
                мәселелерімен айналысатын мемлекеттік
                қызметшілердің біліктілігін, сондай-ақ
                халықтың дінтану сауаттылығын арттыру;
                  азаматтардың діни сенім бостандығына
                құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктер
                қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру;
                  діни сенім бостандығы құқықтарын іске
                асыруға, конфессияаралық қатынастарды
                үйлестіруге және діни экстремизмнің
                алдын алуға бағытталған
                ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту;
                  елдегі діни ахуал мәселелері бойынша 9
                әлеуметтік зерттеу және 3 мониторингті
                жүргізу;
                  қолданбалы ғылыми жобаларды іске асыру;
                  мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
                мәселелері бойынша 4 республикалық, 8
                өңірлік, 4 халықаралық және бірқатар
                облыстық конференциялар мен
                семинар-кеңестер өткізу;
                  жалпы таралымы 18 мың дана "Дін және
                құқық" ақпараттық-талдау бюллетенінің
                12 нөмірін жарыққа шығару;
                  дін мәселелері бойынша жалпы таралымы 52
                мың дана 15 арнайы атаулы ғылыми әдебиеттер,
                анықтамалықтар, әдістемелік құралдар,
                сөздіктер шығару;
                  мемлекеттік-конфессиялық қатынастар туралы
                6 бейнефильм мен 6 бейнеролик шығару;
                  азаматтардың діни сенім бостандығына
                құқықтарды қамтамасыз ету саласындағы
                мемлекеттік саясатты насихаттау мәселелері
                бойынша 15 үгіт-насихат топтарының жұмысын
                ұйымдастыру;
                  мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың
                өзекті мәселелерін жүйелі жариялау бойынша
                БАҚ-та жарияланған материалдардың сапасын
                арттыру;
                  діни экстремизмнің алдын алу жөнінде
                ақпараттық-насихаттау жұмысында үкіметтік
                емес бірлестіктердің қатысуын жандандыру.

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі тәуелсіздік жылдарында республикада болған демократиялық қайта құруларға, елдің конфессиялық кеңістігі құрылымының өзгеруіне, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру мәселелерінің өзектілігіне, сондай-ақ конфессияаралық қарым-қатынастарды одан әрі үйлестіруге негізделген.
      Бағдарламаның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы " Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" және 2007 жылғы 28 ақпандағы " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " атты Қазақстан халқына жолдауларында белгілеп берген идеялары жатыр.
      Бұдан басқа, осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы  N 822 және "Мемлекет басшысының 2007-2009 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі  N 319 қаулыларына сәйкес әзірленді.
      Бағдарламада ұсынылып отырған шаралар кешені азаматтардың діни сенім бостандығына конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынастар жүйесін дамытуға, азаматтардың толеранттық санасын нығайтуға, қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, діни ахуалдың даму үрдістерін талдауға және болжауға ғылыми тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бағдарлама діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық шараларды әзірлеуді болжайды.

  3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      Қазақстан көп конфессиялы мемлекет болып табылады. Соңғы 15 жылда республика тәуелсіздік алғалы бері елдің конфессиялық кеңістігі елеулі кеңейіп және өзгеріске ұшырады. Осы кезең арасында халықтың діншілдік деңгейі анағұрлым көтеріліп, діни бірлестіктердің саны бес есеге дейін өсті. Егер 1990 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда 10-15 конфессияны білдіретін 671 діни бірлестік жұмыс істесе, 2007 жылдың басына олардың саны 40-тан аса конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін діни бірлестіктер 3783-ке дейін өсті.
      Ислам діни сеніміндегі діни бірлестіктердің саны 46-дан 2144-ке дейін, орыс православиялық шіркеулерінің діни бірлестіктері 62-ден 270-ке дейін, рим-католиктік шіркеулері 42-ден 95-ке дейін, протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер 521-ден 1 147-ге дейін өсті. Бұдан басқа, республикада иудаизмді білдіретін - 27, буддизм - 4 діни бірлестік, 49 - Қазақстан үшін дәстүрлі емес конфессия, сондай-ақ 33 қайырымдылық діни қоры мен басқа да қоғамдар жұмыс істейді.
      Конфессиялық алуан түрлілікті ескере отырып, конфессияаралық диалог пен келісім бірнеше маңызды қағидаттарға негізделетін мемлекеттік дін саласындағы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған болатын.
      Біріншіден, азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандықтарына құқықтарын заңнамалық және институционалдық қамтамасыз ету. Бұл қағида конфессиялық белгі бойынша кез келген кемсітушілік нысанына тыйым салатын еліміздің Конституциясында бекітілген. Діни бірлестіктердің кедергісіз жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық негіздер "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында қамтылған.
      Екіншіден, конфессиялардың өз функцияларын іске асыруы үшін мемлекеттің тең жағдайлар жасауы. Бұл ұстаным да заңнамалық деңгейде нақты көрініс тапқан. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, мемлекет діни бірлестіктердің ісіне араласпайды, ешбір дін немесе діни бірлестік басқаларға қатысты ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды.
      Үшіншіден, Қазақстанда конфессияаралық диалогты ынталандыру. Біздің конфессияаралық диалог тәжірибемізді әлемдік діндердің көшбасшылары мойындап қолдау көрсетті. Мұның нәтижесі Қазақстанның астанасында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екі съезінің өткізілуі болды.
      Жалпы республикада мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын реттейтін заңнамалық база қалыптастырылды. Мемлекет діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі қағидатына сүйене отырып, олар үшін ортақ құқықтық ая жасауда, оның шеңберінде өз қызметінде бірдей мүмкіндіктер мен шектеулерге ие.
      Мемлекетіміздің зайырлы сипатының конституциялық қағидаты мемлекет пен діни бірлестіктер құзыреті мен функциялары салаларын дәл бөлу арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, дін қоғам өмірінің аса маңызды саласы болып табылады және мемлекет діни бірлестіктермен өзара әрекет етпеуге мүмкін емес.
      Республикада мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар құру практикасы, сондай-ақ ТМД (Әзірбайжан, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина) елдері мен алыс шет елдердің (Түркия, Сауд Арабиясы Корольдігі) тәжірибесін зерделеу мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы діни істер жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның, әр түрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен консультативтік-кеңесші органдардың болуы кезінде неғұрлым тиімдірек екендігін көрсетеді.
      Қазақстанда діни бірлестіктермен әр түрлі өзара іс-қимыл нысандарын орталық және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      2005 жылғы желтоқсанда өз құзыреті шегінде азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету, мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды.
      Қазақстан Республикасының Үкіметінің және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанынан 2000 жылы құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес өз қызметін жалғастыруда.
      Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуінің конституциялық қағидатына сәйкес құрамына діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін кеңестерде, ғалымдар мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атқарушылық-билік ету функциялары жоқ және консультативтік-кеңесші органдар ретінде жұмыс істейді.
      Ірі діни орталықтар мен бірлестіктердің жетекшілері де республикалық және Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
      Жүйелі мониторинг пен талдауды ұйымдастыру, діни салада сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы құрылды.
      Қазақстан Республикасында діни ахуал тұрақты күйінде қалып отыр. Ойластырылған және мақсатты мемлекеттік саясат көпконфессиялы қоғам жағдайында діни тұрғыдағы араздықты болдырмауға мүмкіндік берді. Бұған қазақстан қоғамының төзімділік деңгейінің дәстүрлі жоғары болуы көп рөл атқарды.
      Сонымен қатар, осы салада ыждаһатты назар аударуды және мемлекеттің шешімін қажет ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар.
      Өз қатарларына Қазақстан азаматтарын, әсіресе жастарды тартуға бағытталған дәстүрлі емес діни бірлестіктердің белсенді қызметі конфессияаралық қатынастардың белгілі бір шиеленісуін туғызуда. Олардың әлеуметтік қауіптілігі - өз мақсаттарын жариялай және іске асыра отырып, олар жеке адамның бостандығына қол сұғады, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрлерді, сондай-ақ заңнаманың нормаларын ескермейді.
      Республикадағы конфессияаралық қатынастарды тұрақсыздандыру факторының бірі оларды тасушылар ретінде түрлі конфессиялық спектрлері бар жекелеген діни ұйымдар болады және көбіне діни қабықты жамылған радикалды және экстремистік идеяларды тарату фактілері болуы мүмкін.
      Қазақстанда діни ахуалда шиеліністер пайда болуының алғышарттары мынадай проблемалар болуы мүмкін:
      біріншіден, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды, әсіресе жергілікті деңгейде қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың жеткіліксіз үйлестірілген қызметі.
      екіншіден, діни кемсітушілік пен діни-экстремистік идеологияның кез келген нысандарына қарсы әрекет ету жөніндегі ақпараттық-ағартушылық жұмыстары сипатының жетілмегені, осы жұмысты ұйымдастырған кезде білім беру саласы жеткіліксіз қамтылады және мақсатты дәрісханалар ерекшелігі ескеріледі, бұл оны өткізудің тиімділігі мен нәтижелерін едәуір төмендетеді.
      үшіншіден, мемлекеттік құрылымдардың діни ахуал мониторингін, оны талдау мен болжауды жеткіліксіз жүйеде жүргізуі, діни ахуал туралы қажетті сапалы ақпаратты алуға, діни салада ықтимал қатер дәрежесін бағалауға мүмкіндік бермейді, шиеленіскен жағдайлар себептерінің, әсіресе олардың ертерек алдын алуға кедергі келтіреді.
      төртіншіден, діни бірлестіктермен өзара әрекет ететін мемлекеттік қызметшілердің дінтану дайындығының жеткіліксіз деңгейі. Бұл діни бірлестіктердің типологиясын, дін ілімдерінің ерекшеліктерін және діни практиканы білмеуінен байқалады.
      бесіншіден, миссионерлік қызметтің, діни мазмұндағы өнімді таратудың, рухани білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялаудың жеткіліксіз тиімді құқықтық регламентациясы, діни практикамен шұғылдануға құқығы бар заңды тұлғаларға арналған бір жақты өлшемдердің болмауы.
      Осындай жағдай бірқатар діни құрылымдардың өз қызметтерін тіркеусіз немесе діни емес қоғамдық бірлестіктер мен әр түрлі қорлар болып қызмет етуіне себеп болып отыр. Миссионерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты жөнсіздіктер, әсіресе шет ел азаматтары тарапынан діни және діниге жақын әдебиеттерді қандай да бір шығу мәліметтерінсіз және конфессиялық тиесілігін көрсетпей таратулары орын алып отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 953  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында халықаралық стандарттар мен Қазақстан халқының қалыптасқан ұлттық-мәдени дәстүрлерін ескере отырып, кейбір заңнамалық актілерге діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу көзделген.
      Мемлекеттік-конфессиялық саясатты, оның тиімділігін жетілдіру белгіленген проблемаларды ескеру мен шешуге тәуелді болады, бұл мемлекетке азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің әлеуметтік функцияларын неғұрлым толық іске асыруға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттің мұндай көзқарасы діни бірлестіктер тарапынан заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға және қазақстандық қоғамға діни, мәдени және өзге де алуан түрлілікке, төзімділікке қатысты білдірілген тиісті түсінік тудыруға тиіс.

  4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін конфессияаралық келісімді сақтау және жағдайларды дамыту болып табылады.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті және олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын нығайту;
      мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасында әлеуметтік ынтымақтастықты дамыту;
      діни ахуал мониторингі, оны талдау және болжау жүйесін жетілдіру;
      дін саласында ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу;
      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру саласындағы заңнаманы және діни бірлестіктердің қызметін жетілдіру;
      мемлекеттік қызметші кадрлардың дінтану сауаттылығы деңгейін арттыру деп белгіленген.
      Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің діни бірлестіктермен әлеуметтік ынтымақтастығы бағыттарын әзірлеуге; жүйелі көзқарас және біртекті өлшемдер негізінде діни ахуалды болжауды жүзеге асыруға, діни бірлестіктер туралы біріздендірілген деректер банкін құруға; заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауға; дін саласындағы мәселелермен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауға; халықтың діни сауаттылығын және діни төзімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
      Бағдарламаны іске асыру барысында алынған нәтижелерді талдау негізінде азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру саласындағы одан арғы жұмыс жоспарланатын болады.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

  5.1. Жаңа қоғамдық-саяси жағдайда мемлекет пен діни
бірлестіктердің өзара іс-қимылын дамыту

      Мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудағы перспективалы бағыттар әлеуметтік маңызды бағдарламаларды бірлесіп іске асыру, қоғамның моральдық-адамгершілік тіректерін нығайту үшін дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын пайдалану, дінаралық диалогты дамыту, түрлі конфессиялар өкілдерінің арасында өзара түсіністік ахуалын жасау, қоғамның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету болады.
      Мемлекет пен діни бірлестіктердің білім, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастары отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға негізделуі тиіс.
      Мемлекет пен діни бірлестіктердің білім саласындағы өзара іс-қимылын дамыту мыналарды көздейді:
      діни бірлестіктер құрған білім беру мекемелерінде жалпы білім беру пәндерін беруде мемлекеттік қолдау көрсету;
      діни білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялауды қамтамасыз ету және олардың қолданыстағы заңнаманы сақтауын бақылау.
      Мәдениет саласындағы мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы шығармашылықта, мәдени мұраны сақтауда түрлі конфессия ізбасарлары арасында, сондай-ақ олар мен дінге сенбейтін азаматтардың арасындағы ынтымақтастығын қолдауға бағытталуы тиіс.
      Діни бағыттағы мүліктердің көп бөлігі мәдени және тарихи ескерткіштер мәртебесіне ие және мұрағаттық, кітапханалық немесе мұражайлық қордың құрамдас бөлігі болып табылады. Мәдениет туралы заңнамада осы объектілердің ережелерін құқықтық реттеу жағдайы, олардың діни бағалылығы немесе ғибадат пәні ретінде ерекше мінездемесі ескерілуге тиіс.
      Осыған байланысты мынадай шараларды жүзеге асырған жөн:
      мемлекет пен діни бірлестіктердің мәдени ғибадат ескерткіштеріне қол жеткізу, сақтау, иемдену мәселелері бойынша қатынастардың құқықтық негізін жетілдіруді қамтамасыз ету;
      тарихи, діни және мәдени құндылықтарды білдіретін мәдени өнерді мемлекет меншігіне алу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру.
      Әлеуметтік қызмет барлық уақытта діни бірлестіктер қызметінің тәжірибесі мол басымды саласы болған. Мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасындағы тепе-теңдік қатынастарда қоғамның адамгершілік бағдарларының жүйесін қалпына келтіру, нашақорлыққа, маскүнемдікке, ЖҚТБ және АҚТҚ инфекциясының таралуына, балалардың, жасөспірімдердің қылмыстары мен қараусыз қалуына, отбасы-неке институтының әлсіреуіне қарсы күрес сияқты әлеуметтік проблемаларды шешуге болады.
      Діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар оқшаулаудағы арнайы медициналық және бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың мүмкіндігін неғұрлым толық қамтамасыз етуге, олардың діни мұқтаждықтарын қанағаттандыру, діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы заттарды алуға және пайдалануға, діни әдет-ғұрыптарды жүзеге асырулары үшін шаралар қабылдайтын болады.
      Діни бірлестіктерге олардың қайырымдылық қызметі мен әлеуметтік қызмет ету үшін жағдай жасай отырып, мемлекет діни бірлестіктерден олардың діни наным-сенімдеріне қысым жасау не өзгерту мақсатында табысы аз азаматтардың мұқтаждарын теріс пайдаланбауын талап етуге құқылы.
      Діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекет саясатын қалыптастыру осы мәселелер бойынша бірыңғай бағыныстылық пен қызметті үйлестірген кезде ғана мүмкін болады. Діни істер жөніндегі құзыретті органның және оның жергілікті құрылымдарының құрылымы мен қызметін жетілдіру қажет.
      Осы Бағдарламаны іске асыру орталық және жергілікті билік органдарының, діни істер жөніндегі уәкілетті органның, барлық деңгейдегі діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылына жүйелі және кешенді көзқарасқа қол жеткізудегі алғашқы қадам болады.

  5.2. Конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, діни экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру

      Діни тұрғыда жанжалдың пайда болуының және діни экстремизмнің таралуының алдын алу мақсатында халықтың діни саладағы базалық білімін қалыптастыруда кешенді ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.
      Осындай жанжалдардың туындауының себебі адамның санасын баурап алуға және азаматтарды теріс пиғылды діни табынушылыққа итермелеуге мүмкіндік беретін қазақстандықтардың негізгі бөлігінің діни сауаттылығының төмен деңгейі болып табылады. Сондықтан ақпараттық-ағарту жұмысы діни-экстремистік ағымдардың әлеуметке қарсы өзегін ашуға, азаматтарға теріс пиғылды діндер туралы ақпарат беруге, діни төзімділік мақсаттарының қалыптасуына бағытталуға тиіс.
      Осы бағытта тек қана айту арнасы емес, қоғамдық пікірді қалыптастырудың қуатты құралы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеті мол.
      Ақпараттық-ағартушылық және түсіндіру жұмысындағы БАҚ мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ оған журналистік қоғамдастықты тарту мақсатында мыналар жоспарлануда:
      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ақпараттық-ағартушылық және түсіндіру жұмысын жүргізу;
      мемлекеттік баспа және электрондық БАҚ редакцияларында діни мәселелер жөнінде бөлімдер құру және арнайы тілшілер тағайындау туралы мәселені   қарастыру;
      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде республикалық және жергілікті БАҚ-тарда діни сенім бостандығын қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша тұрақты айдарлар, теле-радио хабарларының топтамасын құруды қамтамасыз ету;
      діни тақырыпқа мамандандырылған журналистер үшін семинар-тренингтер мен практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін діни бірлестіктердің баспасөз қызметіне тұрақты консультациялар беруді ұйымдастыру;
      журналистер арасында конфессияаралық келісім, діни сенім бостандығы және діни экстремизмнің алдын алу туралы ең үздік мақалаға, теле- және радио хабарларға республикалық және жергілікті конкурстар өткізу.
      Дінтану білімін насихаттау үшін "Дін және құқық" ақпараттық-талдау бюллетені шығарылатын болады. Сондай-ақ Қазақстандағы діндер туралы бейнефильмдер жасау көзделіп отыр, олардың мазмұны республикамыздағы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің шешімдерін іске асыруға, Рухани келісім күні идеяларын, Астананың рухани астана ретіндегі беделін насихаттауға, діни экстремизмнің алдын алуға және әртүрлі әлеуметтік топтардағы төзімділік мінез-құлқын қалыптастыруға бағдарланған.
      Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші Съезінде айтқан бастамаларды іске асыру мақсатында БАҚ-та шетелдік және республикалық діни орталықтар көшбасшыларының дәрістері мен кездесулері олардың сөйлеген сөздерін БАҚ-тарда жариялай отырып ұйымдастырылатын болады.
      Ғалымдардан, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өкілдерінен қалыптасқан үгіт-насихат топтары еліміздің барлық өңірлерінде діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және халықтың дінтану сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізетін болады.
      Қазақстандық қоғамды шоғырландыру, конфессияаралық қатынастарды үйлестірудің шетелдік тәжірибесін зерделеу, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар халықаралық және республикалық конференциялар өткізу көзделген.
      Ақпараттық-ағартушылық жұмыстар практикалық сипат пен кешенді тәсілге ие болады, халықтың әр түрлі жігін, мақсатты дәрісханаларды, өңірлердің ерекшелігін ескеретін болады.

  5.3. Діни ахуалдың мониторингі, оны талдау мен болжау
жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру

      Еліміздің конфессиялық кеңістігі құрылымының серпінді ауысуы және діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді құрастыруда діни экстремизм қаупінің ұлғаюы жағдайында осы саланың даму үрдісіне сапалы терең талдау мен болжау жүргізусіз мүмкін емес.
      Осы мақсатта діни ахуал мониторингі жүйесін жетілдіру, оны еліміздің барлық өңірлерінде бір схема бойынша жүзеге асыру көзделген. Діни саладағы мониторинг пен талдау үрдісі діни салада діннің мәнін зерделеуді көздейтін терең ғылыми зерттеулер нәтижелеріне, діни сананы қалыптастыру тетіктеріне, сенушілердің психологиялық және олардың әлеуметтік мінез-құлқын дәлелдеу ерекшеліктеріне негізделеді.
      Сондай-ақ зерттеу объектісі Қазақстан халқының даму тарихында діннің рөлі, республика тұрғындарының әртүрлі жігі мен әлеуметтік топтарының діни сауаттылық деңгейі, жұмыс істеп тұрған конфессиялардың ерекшелігі, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынасының салты, шет елдегі өздерінің діндестерімен байланысы, олардың шет елдегі діни орталықтарының саясаты және т.б. алға тартылуы тиіс.
      Осы жұмысты ұйымдастыруда Әділет министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығына маңызды орын беріледі, ол мыналарды жүзеге асыратын болады:
      дін мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтар қызметін ақпараттық-талдау және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету;
      елдегі діни ахуалдың дамуын талдау және болжамдау;
      практикалық ұсынымдарды өңдеуге бағытталған дін саласында ғылыми-қолданбалы және социологиялық зерттеулер жүргізу;
      оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ақпараттық бюллетеньдерді шығару, сондай-ақ   үйрету және арнайы семинарлар өткізу.
      Осы жұмысқа тәуелсіз зерттеу ұйымдары мен сарапшылар тартылатын болады. Жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық қамтамасыз етудің негізі болады .

  5.4. Мемлекеттік қызметшілердің діни дайындығы мен дін
қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру

       Діни салада мемлекеттік саясаттың міндетін шешу мектеп қабырғасынан бастап осы саладағы мемлекеттік қызметшілер мен жоғарғы білікті мамандарды даярлаумен аяқталатын дінтану білім жүйесін құруды қажет етеді.
      Діни білім қазіргі заманғы гуманитарлық білімнің маңызды интегралды бөлігі болуға, білім беру мен кәсіптік мектептерді, жоғары оқу орындарын, аспирантура мен докторантураны қамтуға тиіс.
      Ол үшін мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесінде:
      дінтану және мәдениеттану бағыты бар пәндер мен курстар әзірленетін болады;
      білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасына төзімді мінез-құлық қағидаттарын қалыптастыру бойынша әдістемелер, жатсынушылық пен діни экстремизмнің алдын алу енгізіледі;
      "Дінтану" мамандығы бойынша оқып жатқандардың санын оңтайландыру және олардың дайындық сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізіледі;
      "Теология" мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттар әзірленеді.
      Қазіргі таңда мемлекеттік органдар жүйесінде діни салада, діни бірлестіктердің қызметінде жан-жақты ғылыми талдау жүргізе, сапалы діни сараптаманы жүзеге асыра алатын білікті дінтанушы мамандардың тапшылығы байқалады.
      Осыған байланысты дінтану дайындығы пен қайта даярлаудың негізгі міндеті дін тарихы мен теориясы, мемлекеттік-конфессионалды қатынастарды реттеудің құқықтық қырлары, дінге сенушілермен жұмыстың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері саласында мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
      Бұл проблемаларды шешу мақсатында мынадай шаралар қабылданады:
      мемлекеттік қызметшілер кадрларын даярлаудың және біліктілігін арттырудың мемлекеттік жүйесінде дінтану және құқықтық ағарту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды шығару реттеледі;
      діни сенім саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік қызметшілердің және бюджет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары тұрақты негізде ұйымдастырылады;
      қағаз және электронды тасымалдаушыларда ғылыми-танымал және әдістемелік әдебиеттерді тарату қамтамасыз етіледі;
      дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, радио және теле хабарларын оқытатын топтамалар, БАҚ-тарға жарияланымдар жүргізіледі.
      Конфессияаралық қатынастар саласындағы белгілі бір жағымсыз үрдістер діни білім беру саласындағы проблемалармен байланысты. Діни бірлестіктер санының өсуі барлық конфессиялар алдына діни қызметші кадрлардың күрт жетіспеушілігі фактісіне әкелді. Осындай жағдайларда олар құдайға құлшылық ету қызметіне құлшылық ету дайындығы деңгейі жеткіліксіз ғана емес, білім деңгейі төмен адамдарды тартуға жиі мәжбүр болады. Осындай фактілер сенуші азаматтар арасында діни қызметшілердің беделіне теріс әсер етеді, олардың діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысының тиімділігін төмендетеді.
      Бұл мәселені шешу, ең алдымен, республикада жұмыс істейтін діни оқу орындарындағы оқыту сапасын арттыруға, рухани оқу орындарының оқу қызметін лицензиялау тетігін жетілдіруге байланысты.
      Діни қызметшілердің құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы негізінде дәрістер топтамасын ұйымдастыру, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және ғылыми-әдістемелік құралдар әзірлеу жоспарлануда.
      Республиканың діни орталықтарының басшылығымен бірлесіп, қазақстандық азаматтарды шетелдік теологиялық білім беру орындарында оқытуды ұйымдастыру мәселелері неғұрлым тереңірек зерделенетін болады, онда олар негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына қайшы келетін түбірлі-экстремистік идеология мен діни ағымдардың әсеріне тап болуы мүмкін.
      Тұтастай алғанда қабылданған шаралар түрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің, білім, мәдениет, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ діни қызметшілердің мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелерінде құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстандықтардың ой-өрісі мен білімділігінің жан-жақтылығын кеңейту, олардың жеке елдер мен халықтардың тарихы мен мәдениетіндегі діннің рөлі мен орнын түсінуі, патриотизмге тәрбиелеуге, өз елінің мұрасын, адамның құқықтары мен бостандықтарын, діни және ұлттық төзімділікті құрметтеуге ықпал етеді.

  6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 177,7 млн. теңге мөлшерінде қаржыландыруды талап етеді, оның ішінде: 2007 жылға - 68,1 млн. теңге, 2008 жылға - 31,6 млн. теңге, 2009 жылға - 78 млн. теңге.
      Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны 2007-2009 жылдары іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
      діни ахуал тұрақтылығын, конфессияаралық төзімділік деңгейін арттыру;
      діни сенім бостандығы туралы заңнаманы бұзушылықтар мен діни тұрғыдағы қақтығыстардың саны алдыңғы кезеңге қарағанда пайыздық қатынаста азаяды;
      мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық нысандарын әзірлеу;
      діни ахуал мониторингінің жүйесін, оны талдау мен болжамдауды жетілдіру;
      дін саласында мемлекеттік саясаттың негізін қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік база құру;
      діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін, сондай-ақ халықтың дінтану сауаттылығын арттыру;
      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктер қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру;
      діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыруға, конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту;
      елдегі діни ахуал мәселелер бойынша 9 социологиялық зерттеу және 3 мониторингті жүргізу;
      қолданбалы ғылыми жобаларды іске асыру;
      мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша 4 республикалық, 8 өңірлік, 4 халықаралық және бірқатар облыстық конференциялар мен семинар-кеңестер өткізу;
      жалпы таралымы 18 мың дана "Дін және құқық" ақпараттық-талдау бюллетенінің 12 нөмірін жарыққа шығару;
      дін мәселелері бойынша жалпы таралымы 52 мың дана 15 арнайы атаулы ғылыми әдебиеттер, анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, сөздіктер шығару;
      мемлекеттік-конфессиялық қатынастар туралы 6 бейнефильм мен 6 бейнеролик шығару;
      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау мәселелері бойынша 15 үгіт-насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру;
      мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзекті мәселелерін жүйелі жариялау бойынша БАҚ-та жарияланған материалдардың сапасын арттыру;
      діни экстремизмнің алдын алу жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмысында үкіметтік емес бірлестіктердің қатысуын жандандыру.

  8. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

N Іс-шаралар Аяқтау
нысаны
Жауап-
ты
орын-
дау-
шылар
Орын-
дау
мер-
зім-
дері
Болжамды ресурстар
(млн.тг.)
Қар-
жы-
лан-
дыру
көз-
дері
2007 2008 2009
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жаңа қоғамдық-саяси жағдайда мемлекет пен діни бірлестіктердің
өзара іс-қимылын дамыту

1.

Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметінің
жанындағы Діни
бірлестіктерімен
байланыс жөнінде-
гі кеңестің
кеңейтілген оты-
рыстарын өткізу

Хаттама,
Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині
(жинақ-
тау),
МАМ,
БҒМ,
СІМ,
ІІМ

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шіл-
де-
ге

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

-

2.

Облыстардың,
Алматы және Аста-
на қалаларының
әкімдіктері жанындағы дін
бірлестіктерімен
байланыс жөнінде-
гі кеңестердің
кеңейтілген оты-
рыстарын өткізу

Хаттама,
Әділет-
миніне
ақпарат

Облыс-
тардың,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкім-
діктері

2008-
2009
жыл-
дар
тоқ-
сан
сайын

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

-

3.

Мемлекет пен діни
бірлестіктердің
ғибадат өнері
ескерткіштерінің
иеленуі, сақталуы
және қол жетім-
ділігі мәселелері
бойынша қарым-
қатынасының
құқықтық негізін
жетілдіру бойынша
ұсыныс енгізу 

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ұсыныс

МАМ

2008
жыл-
дың
I тоқ-
саны

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

-

4.

WT компаниясы
әзірлеген VII
ғасырдағы "Осман
Құраны" қолжазба-
сының көшірмесін
алу туралы РБК-ға
ұсыныс енгізу

РБК
шешімі

Әділет-
мині,
МАМ

2008
жыл-
дың
IV
тоқса-
ны

-  

-  

-  

-

5.

Мемлекеттік бас-
қару жүйесін одан
әрі жаңғыртуға
бағытталып жүр-
гізіліп жатқан
әкімшілік реформа
шеңберінде діни
істер жөніндегі
уәкілетті орган-
ның құрылымын
жетілдіру бойынша
ұсыныс енгізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ұсыныс

Әділет-
мині

2007
жыл-
дың
IV
тоқ-
саны

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

-

Конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, діни экстремизм
көріністерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық
және ұйымдастырушылық шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру

6.

Діни бірлестіктер
өкілдерінің қаты-
суымен діни сенім
бостандығын қам-
тамасыз ету, мем-
лекеттік-конфес-
сиялық қарым-қа-
тынастарды жетіл-
діру және діни
экстремизмнің
алдын алу мәселе-
лері бойынша
өңірлік, респуб-
ликалық және
халықаралық
конференциялар,
семинарлар мен
дөңгелек столдар
өткізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
БҒМ,
СІМ,
МАМ,
ІІМ,
облыс-
тардың,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкім-
діктері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шілде-ге

-

5,836

19,323

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

7.

Ғалымдардың, діни
бірлестіктер мен
үкіметтік емес
ұйымдар өкілдері-
нің қатысуымен
діни сенім бос-
тандығын қамтама-
сыз ету және діни
экстремизмнің
алдын алу мәселе-
лері бойынша ақ-
параттық-насихат-
тау топтарының
жұмысын ұйымдас-
тыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
облыс-
тардың,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік
-тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шілде-ге

-

2,0

10,0

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

8.

"Дін және құқық"
ақпараттық-талдау
бюллетенін шыға-
руды қамтамасыз
ету

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шілде-де

-

2,7

6,0

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

9.

Діни сенім бос-
тандығын қамта-
масыз етуге және
діни экстремизм-
нің алдын алуға
бағытталған бей-
нефильмдерді, ро-
ликтерді дайындау

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
облыс-
тардың,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шілде-де

-

4,8

6,0

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

10.

Халықтың экстре-
мистік идеология-
ны қабылдамауын
қалыптастыруға
бағытталған отан-
дық және шетелдік
көрнекті қоғам
қайраткерлерінің,
ғалымдар мен тео-
логтардың бұқара-
лық ақпарат
құралдарында сөз
сөйлеулерін ұйым-
дастыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
МАМ,
БҒМ,
СІМ,
облыс-
тардың
және
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шілде-де

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

  -

11.

Діни сенім бостан
-дығын қамтамасыз
ету және діни
экстремизмнің
алдын алу мәселе-
лері бойынша
мемлекеттік тап-
сырыс шеңберінде
республикалық
және жергілікті
БАҚ-та тұрақты
айдарлар, теле-
радиобағдарлама-
ларының циклдарын
құруды қамтамасыз
ету

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

МАМ,
Әділет-
мині,
облыстар
, Астана
, Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
және
20
шілде-де

Мемле-
кеттік
тапсы-
рыс
шеңбе-
рінде

Мемле
-кет-
тік
тап-
сырыс
шең-
берін
-де

Мемле
-кет-
тік
тап-
сырыс
шең-
берін
-де

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет
 
  Жер-
гі-
лік-
ті
бюд-
жет

12.

Журналистер ара-
сында конфессия-
аралық келісім,
діни сенім бос-
тандығын және
діни экстремизм-
нің алдын алу
туралы ең үздік
мақалаға, теле-
және радиобағдар-
ламаға республи-
калық және жергі-
лікті конкурстар
ұйымдастыру және
өткізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

МАМ,
Әділет-
мині,
облыстар
, Астана
, Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

2009
жылғы
жел-
тоқ-
сан

-

-

1,5

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

13.

Діни тақырыпқа
маманданған
журналистер үшін
семинар-тренинг-
тер өткізуді,
тәжірибелік және
әдістемелік көмек
көрсету үшін діни
бірлестіктердің
баспасөз қызметі-
не тұрақты кеңес
беруді ұйымдасты-
ру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

МАМ,
Әділет-
мині,
облыстар
, Астана
, Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

2009
жылғы
жел-
тоқ-
сан

-

-

3,6

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

14.

Мемлекеттік баспа
және электрондық
БАҚ редакцияла-
рында діни мәсе-
лелер жөнінде бө-
лімдер құру және
арнайы тілшілер
тағайындау бойын-
ша сұрақты
қарастыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ұсыныс

МАМ,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

2008
жыл-
дың I
тоқ-
саны

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

-

-

15.

Экстремистік және
конституцияға
қарсы мазмұндағы,
сондай-ақ діни
өшпенділікті
насихаттау, аза-
маттардың діни
сезімдерін жәбір-
лейтін белгілері
бар діни әдебиет-
терді, аудио-бей-
не және баспа
өнімдері мен өзге
материалдарды ел-
ге әкелу, дайын-
дау және тарату
әрекеттерінің
жолын кесу жөнін-
дегі іс-шаралар
кешенін әзірлеу
және іске асыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
Қаржыми-
ні, ІІМ,
МАМ, об-
лыстар,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын20
қаң-
тарға
және
20
шіл-
деде

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді


16.

Экстремизмнің
жолын кесу мен
алдын алудың
әлемдік тәжірибе-
сін зерделеу,
экстремистік
көріністермен
байланысты істер
санаттары бойынша
сот-тергеу және
әкімшілік тәжіри-
бені жинақтау (ҚР
ҚК 164, 170-бап-
тары және ҚР ӘҚБК
344-бабы)

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
СІМ, ІІМ

2008
жыл-
дың I
тоқ-
саны

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді


17.

Халықаралық стан-
дарттарды зерде-
леу негізінде
діни бірлестіктер
туралы заңнаманы
одан әрі жетілді-
ру бойынша ұсы-
ныстар енгізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ұсыныс

Әділет-
мині,
БҒМ,
СІМ,

2008
жылғы
20
шілде

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді


Діни ахуалдың мониторнигі, талдау және болжау жүйесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

18.

Дін мәселелері
жөніндегі ғылыми-
зерттеу және тал-
дау орталығының
қызметін қамтама-
сыз ету

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині

2007
жылғы
жел-
тоқ-
сан

68,1

-

-

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

19.

Елдегі діни ахуал
-дың мониторин-
гін, талдау мен
болжауды ұйымдас-
тыру және практи-
калық ұсынымдарды
әзірлеуге бағыт-
талған әлеуметтік
зерттеулер жүргі-
зу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині об-
лыстар,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға

-

12,268

24,577

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

20.

Дін саласында
ғылыми-қолданбалы
зерттеулер жүргі-
зу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
БҒМ

2009
жылғы
қара-
ша

-

-

Мемле
-кет-
тік
тап-
сырыс
шең-
берін-де

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

Мемлекеттік қызметшілердің діни дайындығы мен дін қызметшілерінің біліктілік деңгейін арттыру

21.

Діни сенім бос-
тандығы саласын-
дағы мемлекеттік
саясатты іске
асыратын мемле-
кеттік қызметші-
лердің және бюд-
жет саласындағы
қызметкерлерінің
біліктілігін арт-
тыру курстарын
тұрақты негізде
ұйымдастыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

МҚА
(келісім
бойынша)
, Әді-
летмині,
БҒМ, об-
лыстар-
дың,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға

Мемле-
кеттік
тапсы-
рыс
шеңбе-
рінде

Мемле
-кет-
тік
тап-
сырыс
шең-
берін-де

Мемле
-кет-
тік
тап-
сырыс
шең-
берін-де

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет
 
  Жер-
гі-
лік-
ті
бюд-
жет

22.

Оқу-әдістемелік
әдебиеттер шыға-
ру: діни бірлес-
тіктер жөніндегі
анықтамалықтар,
мемлекеттік қыз-
метшілерге арнал-
ған құралдар,
діни терминдер
сөздігі және т.б.

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Әділет-
мині,
БҒМ, об-
лыстар,
Астана,
Алматы
қалала-
рының
әкімдік-
тері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға

-

4,0

7,0

Рес-
пуб-
ли-
ка-
лық
бюд-
жет

23.

Төзімділік қағи-
даттарын қалып-
тастыруды, ксено-
фобия мен экстре-
мизмнің алдын
алуды қамтамасыз
ететін әдістеме-
лерді білім беру
ұйымдарының оқу
бағдарламаларына
енгізу туралы
ұсыныс енгізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ұсыныс

БҒМ,
Әділет-
мині

2008
жыл-
дың
тоқ-
саны

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

Талап
етіл-
мейді

-

Жиыны:

Республикалық бюджет Барлығы: 68,1
    68,1
31,6
 
 
    31,6
78,0
 
 
    78,0
177,7
 
  177,7

      Ескертпелер:
      2008, 2009 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар шығыстарының көлемі "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған шешімдерімен анықталады (нақтыланады), мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көрсетіледі.

аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі
ҚР ӘҚБК - Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады