2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1243 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін:
      1) 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері мынадай шамалардың неғұрлым көп мөлшерінде:
      "2003 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 564  қаулысына  сәйкес есептелген еңбек өтілі мен орташа айлық жалақы деректеріне қарай. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының ең көп мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс;
      алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 (тоғыз) пайызына;
      2) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тағайындалған зейнетақы төлемдері мынадай шамалардың неғұрлым көп мөлшерінде:
      зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ұсынылған еңбек өтілі мен орташа айлық табысына қарай. Бұл ретте арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табысының ең көп мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс;
      алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 (тоғыз) пайызына;
      3) қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерінің алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің 9 (тоғыз) пайызына арттыру жүзеге асырылсын.

      2. Мыналар:
      1) еңбек өтілі мен орташа айлық жалақыға қарай арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 (жетпіс бес) пайызынан аспауға;
      2) қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерінің алатын зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшері "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жетпіс бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде осы қаулының қолданылуы жөнінде түсіндірме дайындасын.

      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады