Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1262 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/604 бұйрығын қараңыз.

      "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен 
бекітілген    

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - қор немесе қорлар);
      2) қатысушы - қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы.

2. Қорлардың қызметі мен таратылу тәртібі

      3. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылатын коммерциялық емес ұйым қор (қорлар) болып табылады.

      4. Қор (қорлар) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің , осы Ереженің және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

      5. Қордың (қорлардың) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту.

      6. Қорды (қорларды) басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті қордың (қорлардың) құрылтай құжаттарында белгіленеді.

      7. Қордың (қорлардың) кірістері алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін оның дамуына ғана бағытталады.

      8. Әрбір қордың (қорлардың) кепілдік төлемдеріне арналған өтеу резервінің мөлшері қатысушылардың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы және кемінде бір миллиард теңге соманы құрауы тиіс.

      9. Әрбір қордың (қорлардың) өтеу резервтері оны құру кезінде қажетті жарғылық капиталды қалыптастыруға қарамастан қалыптастырылады.

      10. Қатысушылардың жарналары міндетті түрде өтеу резервін толықтыруға жіберіледі.

      11. Мақта қолхатын ұстаушылардың талаптарын бірінші кезекте қамтамасыз ету мақсатында қордың (қорлардың) меншік капиталы мөлшерінің кемінде 80%-ы тұрақты негізде өтімділігі жоғары қаржы активтеріне (ақша, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер, бағалы қағаздар) орналастырылады.

      12. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмейтін мерзімде қор (қорлар) уәкілетті органға өздерінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттарды, құрылтай құжаттарын, сондай-ақ өтеу резервінің мөлшері туралы мәліметтерді тапсырады.

      13. Қор (қорлар) бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің құрылғандығы туралы хабарлама және мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына тиісті қорға (қорларға) қатысуға ұсыныстар жариялайды.

      14. Қатысушылар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қор (қорлар) мақта қолхатын ұстаушылардың алдында Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес субсидиярлық жауаптылықта болады.

      15. Қор (қорлар) осы Ереженің 16-тармағының талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен таратылуы мүмкін.

      16. Қорды (қорларды) басқару органдарының қорды (қорларды) ерікті түрде тарату туралы шешімі қордың (қорлардың) кепілдіктері аяқталғаннан кейін немесе қатысушы осы қор (қорлар) беріп, кепілдендірген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

Об утверждении Правил деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года N 1262. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2016 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 02.07.2015 г. № 4-5/604.


      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 21 декабря 2007 года N 1262

Правила деятельности и ликвидации
фондов гарантирования исполнения обязательств
по хлопковым распискам

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок деятельности и ликвидации фондов гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) фонд гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам - юридическое лицо, осуществляющее свою деятельность в целях обеспечения защиты прав и законных интересов держателей хлопковых расписок от неисполнения хлопкоперерабатывающими организациями обязательств по выданным ими хлопковым распискам (далее - фонд или фонды);

      2) участник - хлопкоперерабатывающая организация, имеющая лицензию на право осуществления деятельности по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно, с которой фондом заключен и действует договор участия.

2. Порядок деятельности и ликвидации фондов

      3. Фонд (фонды) является некоммерческой организацией, организационно-правовой формой которого является акционерное общество.

      4. Фонд (фонды) осуществляет свою деятельность на основании законодательных актов Республики Казахстан , настоящих Правил и учредительных документов.

      5. Основными задачами фонда (фондов) являются:
      обеспечение защиты прав и законных интересов держателей хлопковых расписок от неисполнения хлопкоперерабатывающими организациями обязательств по выданным ими хлопковым распискам;
      развитие системы гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам.

      6. Порядок формирования органов управления фонда (фондов) и их компетенция определяются учредительными документами фонда (фондов).

      7. Доходы фонда (фондов) направляются исключительно на его развитие для достижения поставленных целей и задач.

      8. Размер компенсационного резерва каждого фонда (фондов), предназначенного для гарантийных выплат, должен быть достаточным для обеспечения исполнения обязательств по хлопковым распискам участников и составлять в сумме не менее одного миллиарда тенге.

      9. Компенсационные резервы каждого фонда (фондов) формируются независимо от формирования уставного капитала, необходимого при его создании.

      10. Взносы участников в обязательном порядке направляются на пополнение компенсационного резерва.

      11. В целях первоочередного обеспечения требований держателей хлопковых расписок не менее 80 % от размера собственного капитала фонда (фондов) размещается на постоянной основе в высоколиквидные финансовые активы (деньги, депозиты в банках второго уровня, ценные бумаги).

      12. В срок не позднее одного месяца со дня государственной регистрации в органах юстиции фонд (фонды) представляет в уполномоченный орган документы, подтверждающие их государственную регистрацию, учредительные документы, а также сведения о размере компенсационного резерва.

      13. Фонд (фонды) публикует в средствах массовой информации сообщение о своем создании и предложения хлопкоперерабатывающим организациям принять участие в соответствующем фонде (фондах).

      14. Фонд (фонды) несет субсидиарную ответственность перед держателями хлопковых расписок в случаях неисполнения или ненадлежащего исполнения обязательств участниками в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан .

      15. Фонд (фонды) может быть ликвидирован в порядке, установленном законами Республики Казахстан , с учетом требований пункта 16 настоящих Правил.

      16. Решение о добровольной ликвидации фонда (фондов) органами управления фонда (фондов) может быть принято только по истечении гарантий фонда (фондов) или полного исполнения участником обязательств по выданным хлопковым распискам, прогарантированным данным фондом (фондами).