"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1269 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

      Жоба

Қазақтан Республикасының Кодексі
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

      Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын реттейді, сондай-ак оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілейді. отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оны құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Жалпы бөлім
1-бөлім
І-тарау. Неке-отбасы заңдары 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Кодексте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілері - адамның құқықтары мен міндеттерінің туындауына, бар болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңды ресімделген мән-жайлар;

      2) алименттер - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (бала) - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының ез баласын тәрбиелеу немесе медициналық ұйымдардан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ак ата-анасы қамқорлық жасамаған және заңдарда көзделген олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қажеттілігін белгілеуді қажет ететін өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айырылған балалар (бала);

      4) әкелікті анықтау - некеден (ерлі-зайыптылықтан) тыс туған балаға қатысты әке болу фактісін сот тәртібімен ерікті тану немесе анықтау;

      5) бала - он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам;

      6) бала асырап алу - баланы (балаларды) сот шешімінің негізінде отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық, нысаны, нәтижесінде қандас туыстарына (шығу тегі бойынша) бірдей қатынастар туындайды:

      7) балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

      8) баланың заңды өкілдері - ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, қорғаншы және қамқоршы органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер, қамқорлық, білім беру, тәрбиелеу, баланың құқықтарын қорғау мен мүдделерін жүзеге асыратын интернат мекемелері;

      9) бас тартылған бала - ата-анасы тиісті заңды құжаттар ресімдеу арқылы оны әрі қарай тәрбиелеуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз етуден бас тартқан бала;

      10) жақын туыстары - ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бір әке бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек ағалы-інілер мен апа-қарындастары (сіңлілер), атасы, әжесі, немерелері;

      11) жалған неке (ерлі-зайыптылық) - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке (ерлі-зайыптылық);

      12) жеке басты куәландыратын құжат - ұлттық паспорт, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты;

      13) жетім балалар (бала) - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;

      14) қайын жұрт - ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің жақын туыстарына қатынастары;

      15) қамқоршылық - он төрттен он сегіз жасқа дейінгі балалардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

      16) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және кәмелетке толмағандарды және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

      17) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

      18) қорғаншы және қамқоршы орган - өзінің кәмелеттік жасқа толмағандарға, іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар;

      19) материалдық жағдай - жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

      20) мүліктің шарттық режимі - ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған, асырап алған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;

      21) неке (ерлі-зайыптылық) - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған ер мен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

      22) неке (ерлі-зайыптылық) жасы - адамның некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру құқығына жеткендегі жасы;

      23) некеге тұрмаған ана - баланы (балаларды) туған, бірақ азаматтық хал актілерін жазу органдарына тіркелген некеге тұрмаған әйел;

      24) отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, қайын жұрттан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

      25) отбасылық жағдай - некеде тұруы не тұрмауы немесе ажырасуы, жесір қалуы, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

      26) патронат (қабылдап алатын отбасы) - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қамқоршы және қорғаншы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген ерлі-зайыптылар (қабылдап алған отбасы) арасында жасалатын шарт бойынша отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;

      27) репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;

      28) суррогат ана - заңда белгіленген тәртіппен сурогат ана мен эмбрион имплантациясына келісімін берген ерлі-зайыптылардың арасында жасалған шарт бойынша баланы көтеру және туу;

      29) суррогат ана шарты - суррогат ана туралы нотариаттық куәландырылған келісім;

      30) тастанды (тастап кеткен) бала - ата-анасы қамқорлықсыз қалдырған бала;

2-бап. Неке-отбасы заңдарының негіздері

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

      Отбасы заңдары отбасын нығайту, махаббат пен сыйлау, өзара көмек, отбасы алдындағы оның барлық мүшелерінің жауапкершілігі, отбасының ісіне қандай да бір араласуға жол бермеу, отбасы мүшелерінің құқықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтарды сотта қорғау мүмкіндіктері принциптерінен туындайды.

      2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

      1) ер мен әйелдің некелі (ерлі-зайыпты) одағының еріктілігі;

      2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

      3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

      4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

      5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, оларды өсіп-жетілуі мен эл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

      6) отбасының кәмелеттік жасқа толмаған, жасы келген және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

      7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

      8) отбасының барлық мүшелерін салауатты өмір салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.

      3. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады.

      4. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне немесе қай дінге жататындығы бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

      Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастардағы құқықтары тек заң негізінде конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада гана шектелуі мүмкін.

3-бап. Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар

      Неке-отбасы заңдары:

      1) Отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды белгілейді;

      2) отбасы мушелерінің міндеттері мен мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтарын белгілейді;

      3) некеге тұруды, некені тоқтатуды және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

      4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

      5) азаматтық хал актілерін тіркеуді реттейді.

      6) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.

4-бап. Неке-отбасы заңдары және отбасы құқығының нормаларын қамтитын өзге де актілер

      Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді осы Кодекстен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

5-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану

      1. Осы Кодекстің 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады. өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді.

      2. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-тұрып болмаған жағдайларда, бұл оларды мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.

6-бап. Неке-отбасы заңдары және халықаралық құқық нормалары

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ұлттық неке-отбасы заңына қарағанда өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-тарау. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын жүзеге асыру және қорғау 7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру

      1. Егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын құқықтарды, соның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты оз қалауы бойынша қолданады.

      Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау

      Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғаудың азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша - сот, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

9-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына талап қою мерзімінің қолданылуы

      1. Осы Кодексте бұзылған құқықты қорғау үшін мерзім белгіленген жағдайларды қоспағанда, талап қою мерзімі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға таралмайды.

      2. Талап қою мерзімін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын дауларды қарау кезінде сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 177, 179, 180, 182-185-баптарының ережелерін басшылыққа алады.

2-бөлім. Неке (ерлі-зайыптылық)
3-тарау. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұрудың шарттары мен тәртібі 10-бап. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұру шарттары

      1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және оларды неке жасына жетуі қажет.

      Еркектер мен әйелдердің де, бір жыныстың өкілдерінің де нақты бірлесіп өмір сүруі неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.

      2. Неке осы Кодекстің 12-бабында аталған мән-жайлар болған жағдайда қиылмайды.

11-бап. Неке жасы (ерлі-зайыптылық жасы)

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

      2. Дәлелді себептер болған жағдайда некені (ерлі-зайыптыларды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

      3. Некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш бере алады.

      4. Неке жасын төмендетуге тек некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.

      5. Неке жасына толмаған адамдардың және адамның арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) кәмелеттік жасқа жетпегендердің ата-аналарының не қорғаншыларының, қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

12-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыптылық) жол берілмейтін адамдар

      Некеге тұруға (ерлі-зайыптылық):

      1) бір жынысты тұлғалардың;

      2) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

      3) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстарды (ата-аналар мен балаларды, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің(аға-қарындастарды);

      4) асырап алушылар мен асырап алғандардың;

      5) заңды күшіне енген соттың шешім бойынша біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

13-бап. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдарды медициналық тексеру

      1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді денсаулық сақтау ұйымдары және некеге (ерлі-зайыптылар) тұратын адамдардың екеуінің келісімімен гана жүргізеді.

      2. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге (ерлі-зайыптылар) тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

14-бап. Некеге (ерлі-зайыптылар) тұру тәртібі

      1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында не арнайы мемлекеттік салтанат және салт-дәстүр сарайларында (үйлерде) қиылады.

      Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше (аурудың ауыр түрі, сотталған немесе тергеуде тұрған) жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша тиісті мекеменің әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып қиылуы мүмкін.

      Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

      2. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы құжатпен растайтын дәлелді себептер болғанда бір ай өткенге дейін неке қиюға рұқсат береді, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге тұруға тілек білдірушілердің қалауы бойынша неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

      3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      4. Діни нормалар бойынша неке кию (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелгенмен теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.

      5. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

4-тарау. Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату 15-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату

      Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату - ерлі-зайыптыларға тәуелсіз жағдайлардың (өлім, олардың біреуінің қайтыс болғаны туралы немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау) нәтижесінде не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу арқылы ерлі-зайыптылардың екеуінің де, не оның біреуінің өз еркімен жасаған іс-әрекетінің нәтижесіндегі олардың арасындағы заңдық қатынастардың тоқтатылуы.

16-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың шешімі бойынша оның хабар-ошарсыз кеткен немесе елді деп жариялау салдарынан тоқтатылады.

      2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін.

      3. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырса, некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруге болмайды.

      Неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса. бұл ереже қолданылмайды.

17-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе

      екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ак сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін.

      2. Некені (ерлі-зайыптылықты) әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

18-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

      1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені (ерлі- зайыптылық) бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі- зайыптылық) бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.

      2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша. егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:

      1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

      2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

      3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас

      бостандығынан айыруға сотталса, неке (ерлі-зайыптылық) азаматтық хал

      актілерін жазу органдарында бұзылады.

      3. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізеді.

19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау

      Некені бұзу кезінде ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз зайыбын асырауға қаражат төлеуге, сондай-ақ кәмелеттік жасқа жетпеген балаларға қатысты ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.

20-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

      Некені (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзу:

      1) осы Кодекстің 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы:

      2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде;

      3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;

      4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

21-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылық) бұзуға келісімі болмаған жағдайда некені сот тәртібімен бұзу

      1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

      2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі- зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

      Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.

22-бап. Өзге де негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

      1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылық) бұзуға өзара келісімі болған, ерлі-зайыптылардың бір біріне мүліктік қарсылықтары болмаған жағдайда немесе егер ерлі- зайыптылардың бірі оның қарсылығының барына қарамастан, өз әрекетімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұза алады.

      2. Некені (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай еткен соң жүргізіледі.

      3. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 2-тармағында көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін.

23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер

      1. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе); еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу туралы келісім ұсына алады. Неке бұзылғаннан кейін текті таңдауды ерлі-зайыптылар азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзуды тіркеу кезінде шешеді.

      2. Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында, аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:

      1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

      2) балаларды асырауға алиментті ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде төлейтінін белгілеуге;

      3) кәмелеттік жасқа толмаған балалардың және (немесе) ерлі- зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге:

      4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.

      3. Егер мүлікті болу үшінші адамдардың мүдделерін қозғаған жағдайда, сот мүлікті бөлу туралы талапты жеке іске бөлуге құқылы.

24-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде оның тоқтатылу сәті

      1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда - соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

      Некені бұзу туралы соттың шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот шешімі шығарылған жер бойынша не ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тіркеуге жатады.

      2. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті.

      Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға (тіркеуге) құқығы жоқ.

25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың салдары

      Некенің (ерлі-зайыптылық) тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, некелік (ерлі-зайыптылық) қатынастарынан туындайтын жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.

5-тарау. Некенің (ерлі-зайыптылық) жарамсыздығы 26-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану

      1. Осы Кодекстің 10-12-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылады.

      2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      3. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты катер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.

      4. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.

      5. Сот некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.

      6. Некенің (ерлі-зайыптылық) жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.

27-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар

      1. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:

      1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса (осы Кодекстің 11- бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;

      2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ак прокурор;

      3) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы, осы Кодекстің 12-бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ак қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;

      4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ак некенің (ерлі-зайыптылық) жалғандығы туралы білмеген жұбайы;

      5) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы.

      2. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ак сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

28-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар

      1. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке некенің қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, сот осы мән-жайлар жойылған сәттен бастап некені жарамды деп тануға құқылы.

      2. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ак оның некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады.

      3. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылық) жалған деп тани алмайды.

      4. Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі болған не некені мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған (осы Кодекстің 12-бабы) жағдайларды қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.

29-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танудың салдары

      1. Сот жарамсыз деп таныған неке, осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды.

      2. Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Мұндай жағдайда ерлі- зайыптылар жасасқан неке шарты (осы Кодекстің 40-42-баптары) жарамсыз деп танылады.

      3. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді (осы Кодекстің 48-бабының 3-тармағы).

      4. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге түру кезінде болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан осы Кодекстің 145, 146 баптарына сәйкес асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты осы Кодекстің 34, 38, 39-баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.

      Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

      5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таныған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеу кезінде өзі таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

6-тарау. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері 30-бап. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

      Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

31-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

      1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

      2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді және тұратын жерді таңдауда ерікті.

      3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.

      4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

32-бап. Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы

      1. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не оз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.

      Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде тегін өзгерткен жағдайда, азамат бір айдың ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

      2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін ауыстыру екінші жұбайдың тегін міндетті түрде ауыстыруына әкеп соқтырмайды.

      3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

7 -тарау. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі 33-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі ұғымы

      1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.

      2. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді.

34-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі

      1. Ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.

      2. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және зияткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, жинақталған зейнетақы қаражаты, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

      3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде (ерлі- зайыптылық) тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып- күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

35-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету

      1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі-зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының жазбаша келісімі талап етіледі. Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.

      3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет.

      4. Аталған мәміле жасауға нотариаттық куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

36-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі

      1. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:

      1) некеге (ерлі-зайыптылық) тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

      2) ерлі-зайыптылардың некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;

      3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқ киім және басқалар).

      2. Некенің (ерлі-зайыптылық) іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.

37-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін олардың бірлескен ортақ мулкі деп тану

      Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салым жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.

38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу

      1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез

      келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ак ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредитор талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

      2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімі нотариалды куәландырылуы тиіс.

      3. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.

      Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.

      4. Кәмелетке толмаған балалардың гана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқаларын бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі.

      Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.

      5. Ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ак ерлі-зайыптылардың одан кейінгі кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.

      6. Некесі (ерлі-зайыптылық) бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылардың талабына неке бұзылған сәттен бастап үш жылдық талап қою мерзімі қолданылады (Азаматтық кодекс 178-бап).

39-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді анықтау

      1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.

      2. Сот кәмелеттік жасқа толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе жұбайының келісімінсіз ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы.

      3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді.

2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі 40-бап. Неке шарты

      1. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.

      2. Неке шарты некеде (ерлі-зайыптылық) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын қарастыра алады.

41-бап. Неке шартын жасасу

      1. Неке шарты азаматтық хал актілерін жазу органдарына некені (ерлі-зайыптылық) тіркеу туралы өтінішін берген күннен бастап некеге тұруды мемлекеттік тіркеген күнге дейін де, және неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін.

      Некеге тұруды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      2. Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариаттық куәландырылуға жатады.

42-бап. Неке шартының мазмұны

      1. Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін (осы Кодекстің 34-бабы) өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы.

      Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.

      Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі ез құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сонымен қатар неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты, сондай-ақ бұл некеде (ерлі-зайыптылық) туған және асырап алынған балалардың мүліктік жағдайы, өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.

      2. Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.

      3. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың ез құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды және неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды көздей алмайды.

43-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу

      1. Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісім бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады.

      Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

      2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

      3. Неке шартында неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады (осы Кодекстің 24-бабы).

44-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

      1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы ушін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.

      2. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін ете қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Осы Кодекстің 42-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.

3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі 45-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу

      1. Ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша өндіріп алу тек сол жұбайының мүлкіне гана жасалады. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кредитор өзіне өндіріп алу ушін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін болу кезінде борышкер жұбайға тиесілі болатын борышкер жұбайдың үлесін бөліп беруді талап етуге құқылы.

      2. Өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша алынғандардың бәрі отбасының қажеттеріне пайдаланғандығын анықтаса, ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша да ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен жасалады. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда ерлі- зайыптылар аталған міндеттемелер бойынша өздерінің әрқайсысының мүлкімен бірлесе отырып жауапкершілік көтереді.

      Егер соттың үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыстық жолмен алған қаражат есебінен сатып алынғаны немесе көбейтілгені анықталса, өндіріп алу тиісінше ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен немесе оның бір бөлігінен жасалады.

      3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленеді. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтірген зиянды өтеуі кезінде олардың мүлкінен өндіріп алу осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалады.

46-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредиторлардың құқықтарына кепілдік

      Борышкер жұбайдың кредиторы (кредиторлары) айтарлықтай өзгерген мән-жайларға байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 401-404-баптарында белгіленген тәртіппен ерлі-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертуді немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.

3-бөлім. Отбасы
8-тарау. Балалардың туу тегін белгілеу 47-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері

      Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

48-бап. Баланың туу тегін белгілеу

      1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) азаматтық хал актілерін жазу органы ананың медициналық ұйымда бала туғанын растайтын құжаттардың негізінде белгілейді.

      Егер бала медицина мекемесінен тыс жерде туған жағдайда баланың туған күннен бастап бір жасқа толғанға дейінгі туу фактісін растайтын медициналық құжаттарының негізінде оның туу тегін азаматтық хал актілерін жазу органдарында белгіленеді. Осы мерзім етіп кеткен жағдайда баланың туу тегі фактісі сот тәртібімен белгіленеді.

      2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.

      3. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.

      4. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы емес не бұрынғы жұбайы емес деп мәлімдесе, анасының өзінің және әкесінің не жұбайының, бұрынғы жұбайының ол туралы жазбаша өтініші болған кезде балаға қатысты әкелік осы баптың 5-тармағында немесе Кодекстің 49-бабында көзделген ережелер бойынша белгіленеді. Ондай өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.

      5. Баланың әкесі бала тапқан әйелдің күйеуі емес басқа адам болған жағдайда және анасының келісімі, сондай-ак жұбайының келісімі болған кезде баланың әкесі сол адам болып жазылады.

      6. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді.

      Әкелікті анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.

      Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, баланың анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен от белгілейді.

      7. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әкелікті анықтауға оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса -оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.

49-бап. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу

      Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде (осы Кодекстің 48-бабының 6-тармағы) баланың нақты адамнан туу тегі (әкелікті) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.

      Туу туралы актінің жазбасынан бала әкесі туралы бала анасының күйеуі немесе бұрынғы күйеуі баланың әкесі болып көрсетілген мәліметтерді алып тастауды азаматтық хал актілерін жазу органының тууды тіркеу туралы актілік жазбадағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастаудан бас тартқаны туралы жазбаша бас тартуының негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.

50-бап. Соттың әкелікті тану фактісін белгілеуі

      Өзін баланың әкесімін ден таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.

51-бап. Баланың ата-анасын туу туралы жазбалар кітабына жазу

      1. Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы акт жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады.

      2. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба - анасының арызы бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша (осы Кодекстің 48-бабының 6-тармағы) жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады.

      3. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әкелікті анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы акт бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазбалар кітабына жазылады.

      Бала анасының қалауы бойынша бала туу туралы актінің жазбасында әкесі туралы мәлімет көрсетілмейді.

      4. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы акт жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады.

      Суррогат ана мен бойға бала бітірудің жасанды әдістері мәселелерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

52-бап. Әке (ана) болуды даулау

      1. Осы Кодекстің 51-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүргізілген туу туралы акт жазбалар кітабына ата-ананы жазу баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының), сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана даулануы мүмкін.

      2. Осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағының негізінде баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды.

      Егер туу туралы актінің жазбасында бала анасының, күйеуі немесе бұрынғы күйеуі баланың әкесі болып көрсетілген болса, азаматтық хал актілерін жазу органы әке екенін белгілеуді мемлекеттік тіркеуден туу туралы актінің жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне дейін жазбаша бас тартуы тиіс.

      3. Заңнамада белгіленген тәртіппен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде келісім берген жұбайдың әкелікті даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

      Басқа әйелге эмбрион имплантациясына келісім берген ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың (осы Кодекстің 51 -бабы 4-тармағының екінші бөлігі) туу туралы акт жазбалар кітабына ата-аналар жазылғаннан кейін ана және әкелікті даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

53-бап. Бір-бірімен некеде (ерлі-зайыптылық) тұрмайтын адамдардан туған балалардың құқықтары мен міндеттері

      Осы Кодекстің 48-50-баптарында көзделген тәртіппен әке екені белгіленген жағдайда балалардың ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты бір-бірімен некеде (ерлі-зайыптылық) тұрағын адамдардан туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері болады.

54-бап. Азаматтардың жеке және отбасы құпиясы

      1. Азаматтардың жеке және отбасы өмірі заңмен қорғалады.

      2. Бұл актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар, сондай-ак өзге түрде бұл туралы хабардар болған адамдар ол туралы азаматтардың жеке және отбасылық өмірінің құпиясын сақтауға міндетті.

      3. Бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ суррогат ана шартын куәландырған нотариустар бұл туралы құпияны сақтауға міндетті.

9-тарау. Баланың құқықтары 55-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

      Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

      Баланың өз ата-анасы тәрбиелеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

      Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Кодекстің 13-тарауында белгіленген қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

56-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы

      1. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуі тиіс.

      Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың оз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

      2. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, медициналық ұйымда болу және басқа да жағдайларға) ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ез ата- анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

57-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы

      Бала отбасында ез мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Осы Кодексте (59, 73, 91, 93, 102, 103, 128-баптар) көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың және оларға заңды өкілдердің қатысуымен берілген келісімімен гана шешім қабылдай алады.

      Баланың пікірі ата-аналарының (ата-анасының) немесе олардың орнындағы адамдардың, баланың тұратын жері бойынша оқытушысының қатысуымен қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімімен ресімделеді.

58-бап. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы

      1. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.

      2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.

      Бөлек жазылатын болса, екі есімнен аспайтын қос есім алуға рұқсат етіледі.

      Баланың әкесінің аты оның әкесі ретінде көрсетілген атпен беріледі, әкесінде қос есім болған жағдайда әкесінің аты балаға бір-бірден немесе екі аты да бірге жазылып беріледі.

      Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты-жөні ол туралы өздері өтініш берген кезде өзгертіледі.

      3. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі.

      Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесі жағынан да, шешесі жағынан да бала әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.

      Балаға ата-бабаның атынан текті қоюға болмайды.

      4. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

      5. Егер әкесі белгіленсе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша (осы Кодекстің 51-бабының 3-тармағы), 51-баптың 3-тармағының 3-абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, тегі - анасының тегі бойынша беріледі.

      6. Егер баланың ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, әкесінің атын қорғаншы және қамқоршы орган немесе бала тұрған жердегі мемлекеттік мекеме (босанатын үйлер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері) қояды.

59-бап. Баланың аты мен тегін өзгерту

      1. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді.

      Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.

      2. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады.

      3. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған немесе шектелген, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз арналған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.

      4. Егер ата-аналары азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзуды ресімдеп, бөлек тұрса, және баласы өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін беруге тілек білдірсе, азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүддесі үшін осы мәселені екінші ата-анасының пікірін ескермей-ақ шешеді.

      5. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.

      6. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның заңды өкілдерінің қатысуымен алынған келісімімен гана өзгертуге болады.

60-бап. Баланың ұлты

      1. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады.

      2. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады.

      3. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша тек басқа ата- анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

61-бап. Баланың мүліктік құқықтары

      1. Баланың осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар.

      2. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.

      3. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар.

      Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.

      Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22, 22-1 және 23-баптарымен белгіленеді.

      Ата-ананың бала мүлкін басқару жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруы кезінде оларға осы Кодекстің 120-бабында белгіленген ереже қолданылады.

      4. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.

      5. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленеді.

62-бап. Баланың қорғалу құқығы

      1. Баланың оз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

      Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы Кодексте көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.

      Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Баланың ата-анасының және олардың орнындағы адамдардың тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар.

      Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін ез бетінше өтініш жасауға құқылы.

      3. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.

10-тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 63-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі

      1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады.

      2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.

64-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

      1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар.

      2. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олардың баласы туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.

      3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ак олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

65-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

      2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.

      Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.

      Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

      3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.

      4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

66-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

      1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

      2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың оз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.

      Егер оларға қатысты ата-ана құқығынан айырылса не шектелсе. ата-аналардың ез балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ.

67-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей отырып жүзеге асыру

      Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.

      Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

      Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген жауапкершілікті көтереді.

68-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

      1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.

      Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.

      2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері мен заңды мекен-жайы ата-аналарының келісімімен белгіленеді.

      Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және басқа да осындай жағдайлар) ескереді.

      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.

      Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді.

      4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қолданылады.

      Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.

      5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың оз баласы туралы тәрбиелеу, медициналық ұйымдар мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.

      Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда гана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

69-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап егуге құқығы

      1. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап-етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.

      Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.

11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу 70-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру

      1. Егер ата-аналар (олардың біреуі :

      1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;

      2) ез баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, медициналық ұйымдардан немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;

      3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

      4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

      5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылады.

      2. Өз балаларының, жұбайының не басқа отбасы мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

71-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі

      1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

      Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.

      2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.

      3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.

      4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.

      5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына және баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

72-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары

      1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу (осы Кодекстің 142-бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.

      2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.

      3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.

      4. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ак мүліктік құқықтарын сақтап қалады.

      5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.

      6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.

      7. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.

      Ата-анасының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға басқа ата-анасының келісімімен жол беріледі.

73-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру

      1. Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін.

      2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер ата-аналарының (ата- анасының), қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ак прокурордың қатысуымен қаралады.

      3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреуінің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен гана жасалуы мүмкін.

      Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса (осы Кодекстің 101-бабы), ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.

74-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу

      1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-аналар (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.

      Ата-анасы немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген баланы орналастыруды баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.

      2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:

      1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән- жайлардың салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;

      2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса. алайда бұл ретте ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.

      3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Кодекстің 71 -бабының І-тармағы), мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін және басқа да ұйымдар, сондай-ақ прокурор қоя алады.

      4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның міндетті түрде қатысуымен қаралады.

      5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істерді қараған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

75-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары

      1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал осы Кодекстің 74-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады.

      2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.

      3. Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.

      4. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.

      5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға теріс әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.

76-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою

      1. Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы және осы Кодекстің 75-бабында көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады.

      2. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

77-бап. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу

      1. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.

      Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.

      2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.

78-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау

      1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуге тиіс.

      2. Баланы ата-анасынан айырып алу және оны басқа адамға (адамдарға) беру туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей орындау мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбиелеу, медициналық немесе басқа мамандандырылған мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкін.

12-тарау. Бала асырап алу 79-бап. Асырап алуға жол берілетін балалар

      1. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол беріледі.

      2. Туылған кезде медициналық ұйымдарда қалдырылған балалар, тастандылар, сондай-ақ тауып алынған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік есепке қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.

      Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар осы Кодекстің 112-бабының 3-тармағына сәйкес Орталықтандырылған дерек қорға осындай балалар туралы мәліметтер келіп түскен күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берілуі мүмкін.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.

      4. Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстанмен тең халықаралық міндеттері бар елдердің азаматтарына гана рұқсат етіледі.

80-бап. Асырап алуға үміткер адамдардың міндеттері

      1. Бала асырап алғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде бір апта бойы тікелей жақын араласуға, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын тексеру актісін, қаржылық әл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, соттылығының жоқтығы туралы анықтама беруге міндетті.

      2. Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-ак уәкілетті органда кейіннен аккредиттеумен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу негізінде Қазақстан Республикасында осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін әлеуетті ата-аналардың қаржы жағынан эл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті.

      81-бап. Асырап алушының құқықтары мен міндет тері

      1. Баланы асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуы жөнінде қамқорлық етуге міндетті.

      2. Бала асырап алушы баланың пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органдардың ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ осы Кодекстің 66-бабында көзделген талаптарды сақтаған кезде баланы тәрбиелеу тәсілін өз бетінше белгілеуге құқылы.

      3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, оның міндетті орта білім алғанға дейін білім беру мекемесін және баланы оқыту нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті түрде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Бала асырап алушы бала он сегіз жасқа жеткенге дейін кемінде жылына бір рет асырап алған баланың өмір сүруі, оқуы, тәрбиеленуі және денсаулық жағдайы туралы уәкілетті органға есеп беруге міндетті.

      5. Шетелдік бала асырап алушылар жыл сайын асырап алған бала сегіз жасқа толғанша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі арқылы қорғаншы және қамқоршы органға асырап алған баланың өмір сүруі. оқуы, тәрбиеленуі және денсаулық жағдайы туралы есеп береді.

82-бап. Баланы асырап алу тәртібі

      1. Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

      Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдар өкілдері мен прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, соның ішінде балалардың туысқандары болып табылатын адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуы туралы істер баланың тұратын жері бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарда қаралады.

83-бап. Асырап алушылардың (алушының) құқықтары мен міндеттерінің туындайтын кезі

      Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

      Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті.

      Бала асырап алу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

84-бап. Асырап алуға жататын балаларды және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу

      1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 12-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері жүргізеді.

85-бап. Бірнеше бала асырап алу

      1. Бір адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады.

      Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты құқықтар мен міндеттер пайда болады.

      2. Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өзінің туыстығы туралы білмейтін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді.

86-бап. Бала асырап алуға құқығы бар адам дар

      1. Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты тәндік, психикалық, рухани және адамгершілік дамуы, тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі.

      Мыналарды:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;

      3) сот арқылы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      4) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;

      5) егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдарды;

      6) денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар бола алады. Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына (қамқоршылығына) алуға, патронатқа алуға болмайтын адамның бойындағы ауруларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      7) тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдарды;

      8) дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

      9) асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген соттылығы бар адамдарды;

      10) жағдайы қолайсыз (ауа-райы, экономикалық, эпидемиологиялық

      және одан әрі) елдер мен өңірлерде тұратын адамдарды;

      11) азаматтығы жоқ адамдарды;

      12) анасы қайтыс болған, ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайларда кемінде үш жыл баланы іс жүзінде тәрбиелеуді қоспағанда, тіркелген некеде тұрмайтын еркек жынысты адамды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар бола алады.

      3. Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп асырап алуына болмайды.

87-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың арасындағы жас айырмасы

      1. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.

      2. Өгей әкесі (өгей шешесі) бала асырап алғанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген жас айырмасы талап етілмейді.

88-бап. Бала асырап алуға ата-аналардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімі

      1. Егер олар ата-аналар құқықтарынан айырылмаса не шектелмесе мемлекеттік балалар мекемесінің асырауындағы емес баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет.

      Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға жетпеген ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-апалары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған немесе баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және оның өміріне уш айдан астам уақытта ешкім қызығушылық танытпаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімі қажет.

      2. Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата- ананың тұрғылықты жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін.

      Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы.

      3. Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ак баланы асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап етілмейді.

      4. Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегі келісімі қажет.

      5. Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі келісімі қажет.

      6. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, медициналық ұйымдар мен басқа да мекемелердегі балаларды асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.

      7. Сот баланың мүдделерін көздей отырып, оны асырап алу туралы осы баптың 1, 4, 5, 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың келісімінсіз шешім шығаруға құқылы.

89-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу

      Егер ата-аналарын:

      1) сот белгісіз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;

      2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған;

      3) сот ата-ана құқықтарынан айырған (осы Кодекстің 69-бабы 2-тармағының және 72-бабы 7-тармағының талаптары сақталған жағдайда);

      4) баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрген;

      5) некеде тұрмайтын ананың медициналық ұйымда баладан бас тарту туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініші болған жағдайларда олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.

90-бап. Асырап алуға баланың келісімі

      1. Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет.

      2. Ата-аналарының не оларды алмастыратын адамдардың, қорғаншы және қамқоршы органның өкілі, прокурордың қатысуымен баланың асырап алынуға келісімін сот белгілейді.

91-бап. Бала асырап алуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі

      1. Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі- зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі.

      2. Егер ерлі-зайыптылар отбасылық қатынастарды іс жүзінде тоқтатып, бір жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алу үшін екінші жұбайын келісімі талап етілмейді.

92-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі

      1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталуы мүмкін.

      2. Бала асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмейтін болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегі, сондай-ак ол ұсынған ат беріледі. Асырап алынған баланың әкесінің аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесі ретінде сол әйел ұсынған адамның аты танылады.

      Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әртүрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімдері бойынша, асырап алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі.

      3. Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның өтініші бойынша туу туралы жазбалар кітабына асырап алынған бала шешесінің (әкесінің) тегі, аты мен әкесінің аты осы адамның (бала асырап алушының) көрсетуі бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында асырап алуды мемлекеттік тіркеу кезінде жазылады. Асырап алушының қалауы бойынша әкесі (анасы) туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      4. Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды қоспағанда, он жасқа жеткен асырап алынған баланың тегі, аты мен әкесінің аты тек сол баланың келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.

      5. Асырап алынған баланың тегі, аты және әкесінің аты өзгертілгені туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

93-бап. Асырап алынған баланың туған күні мен туған жерінің өзгертілуі

      1. Бала асырап алудың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін бала асырап алушының өтініші бойынша асырап алынған баланың туған күні. бірақ алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ак оның туған жері өзгертілуі мүмкін.

      Асырап алынған баланың туған күнін өзгертуге үш жасқа дейінгі бала асырап алынған кезде ғана жол беріледі.

      Асырап алынған баланың туған жерін өзгертуге баланың жасына қарамастан, асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі.

      2. Асырап алынған баланың туған күнінің және (немесе) туған жерінің өзгертілуі жөнінде бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

94-бап. Бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың ата-анасы ретінде жазу

      1. Бала асырап алушылардың өтініші бойынша сот туу туралы жазбалар кітабына бала асырап алушыларды өздері асырап алған баланың ата-анасы ретінде жазу туралы шешім қабылдай алады.

      2. Мұндай жазба жүргізу қажеттігі жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде міндетті түрде көрсетіледі.

95-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары

      1. Асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға теңестіріледі.

      2. Асырап алынған балалар өздерінің ата-аналарына (өздерінің туыстарына) қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады.

      3. Баланы бір адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы еркек болса, шешесінің тілегі бойынша, егер бала асырап алушы әйел болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін.

      4. Асырап алынған баланың меншігіндегі мүліктің сақталуы үшін бала асырап алушы жауапты болады. Бала асырап алудан бас тартқан жағдайда бұл мүлікті қайтару жөніндегі міндет те бала асырап алушыға жүктеледі.

      5. Асырап алынған баланың ата-анасының біреуімен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастары сақталуы жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың, осы баланың туу туралы акт жазбасындағы бала асырап алушылардың ата-анасы ретінде жазылуына қарамастан, құқықтық салдары пайда болады.

96-бап. Асырап алынған баланың зейнетақы мен жәрдемақы алу құқығының сақталуы

      Асырап алынар кезінде ата-анасының қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы бар бала бұл құқықты асырап алынған жағдайда да сақтап қалады.

97-бап. Бала асырап алудың құпиялылығы

      1. Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгеше түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

98-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану

      1. Бала асырап алу:

      1) асырап алу туралы шешім жалған құжаттар негізінде қабылданған;

      2) бала асырап алу осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген адамдардың келісімінсіз жасалған;

      3) некеде тұрған адам жұбайының жазбаша келісімінсіз бала асырап алған;

      4) осы Кодекстің 85-бабының 2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады.

      2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі.

      3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істі сот асырап алушылардың (алушының), прокурордың және қорғаншы және қамқоршы орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қарайды.

99-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап етуге құқығы бар адамдар

      Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы орган қоюға құқылы.

100-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары

      1. Бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады.

      2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, асырап алынған баланың және асырап алушылардың (бала асырап алушылар туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер мұны баланың мүдделері қажет етсе, баланың және оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.

      3. Ата-ананың талап етуі бойынша балаға бұрынғы аты, әкесінің аты және тегі беріледі, сондай-ақ егер асырап алу кезінде өзгерсе, бұрынғы туған күні мен айы қалпына келтіріледі.

      4. Сот бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

101-бап. Бала асырап алудың күшін жоюға негіздер

      1. Бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш қолданып немесе психикалық зорлық-зомбылық етіп, жыныстық пәктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жағдайларда, баланы асырап алудың күші жойылуы мүмкін.

      2. Сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, басқа да негіздер бойынша баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.

102-бап. Бала асырап алудың күшін жою

      1. Бала асырап алудың күшін жою сот тәртібімен жүргізіледі.

      2. Бала асырап алудың күшін жою туралы іс қорғаншы және қамқоршы органның, сондай-ак прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.

      3. Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.

      Сот бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап уш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

103-бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар

      Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге оның ата-аналарының, бала асырап алушылардың, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншы немесе қамқоршы органның, сондай-ақ баланың мүдделеріне сай прокурордың құқығы бар.

104-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары

      1. Сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, асырап алынған баланың және баланы асырап алғандардың, бала асырап алушылар туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер баланың мүдделері талап етсе, бала мен оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.

      2. Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі бойынша ата-анасына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде^ сондай-ак баланы ата-анасына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.

      3. Сот баланың асырап алынуына байланысты оған берілген аты. әкесінің аты және тегі сақталу-сақталмау, сондай-ақ асырап алу кезінде өзгертілген туған күні мен айы қалпына келтіру-келтірмеу мәселесін де шешеді.

      Он жасқа толған баланың атын, әкесінің атын немесе тегін тек оның келісімімен ғана өзгерту мүмкін болады.

      4. Сот баланың мүдделерін негізге ала отырып, осы Кодекстің 135 және 137-баптарында белгіленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы асырауға қаражат төлеп тұруға міндеттеуге құқылы.

105-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толғаннан кейін бала асырап алудың күшін жоюға жол бермеу

      Егер бала асырап алудың күшін жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, баланы асырап алудың күшін жоюға жол берілмейді, бұған мұндай күшін жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың өзара келісімі, сондай-ақ асырап алынған баланың ата-анасының, егер олары тірі болса, сот ата-ана құқықтарынан айырмаған ие шектемеген немесе әрекетке қабілетсіз деп танымаған болса, олардың да келісімі болған жағдайлар қосылмайды.

13-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттікті
аккредиттеуді жүргізу 106-бап. Жалпы ережелер

      1. Аккредиттеу - бала асырап алу, бала асырап алушыларды іздестіру және бала асырап алу рәсімдерін ресімдеу мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің құқықтарын балалардың құқықтарын қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік органның ресми тануы.

      2. Аккредиттеуге:

      Қазақстан Республикасының бала асырап алу жөніндегі агенттігі;

      бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктер жатады.

      3. Аккредиттеу заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы мен өкілдіктерін есептік тіркеуге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      4. Асырап алу жөніндегі агенттіктерді акредиттеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

107-бап. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      1. Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші балалардың құқықтарын қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшірмелері;

      3) агенттік мүшелерінің тізімі;

      4) бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін растайтын өзге де құжаттар.

      2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) аккредиттеу материалдарын қарауы;

      2) аккредиттеу органының аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;

      3) аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тарту туралы жазбашаны хабарламаны негіздемемен беру.

108-бап. Балалардың құқықтарын қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік органның шешім қабылдауы

      1. Балалардың құқықтарын қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аккредиттеу туралы шешім аккредиттеуден бас тарту туралы себептері негізделген жазбаша хабарлама агенттікке аккредиттеу органы тиісті шешім қабылдағаннан күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі (шетелдік агенттіктер үшін - ақпарат жинау үшін дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерден сұрау мерзімі ішінде).

      2. Құжаттарды (өтініш қабылданған сәттен бастап) қарау және аккредиттеу туралы шешім беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      3. Аккредиттеуден, егер:

      1) ұсынылған құжаттар заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) ұсынылған құжаттарда толық емес мәліметтер қамтылған жағдайда бас тартылады.

      4. Аккредиттеу туралы шешім жыл мерзімге беріледі.

      5. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен айрылмайтын болып табылады және ол басқа заңды тұлғаға берілмейді.

      6. Аккредиттеу туралы шешім жоғалтқан кезде тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде куәлік берген балалардың құқықтарын қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік органда телнұсқасын алуға болады.

109-бап. Аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

      1. Аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай:

      1)осы Кодексінің нормаларын сақтамаған;

      2) агенттіктің қызметіне балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға негізделген шағым жасалған жағдайларда тоқтата тұрады.

      2. Шешімнің қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды жойған кезде, оның қолданылуын балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қалпына келтіреді.

      3. Аккредиттеу туралы шешім мынадай:

      1) агенттіктің құрылтай құжаттары сәйкес бала асырап алу жөніндегі қызметін жүзеге асырмаған;

      2) куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды бір айдың ішінде жоймаған;

      3) аккредиттелген агенттік қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      4) агенттік шешімнің қолданысын ерікті түрде тоқтату туралы өтінішті ұсынған;

      5) оның қолданылу мерзімі аяқталған;

      6) агенттіктің қызметіне тыйым салу туралы соттың заңды кушіне енген шешімі болған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.

      4. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін комиссия он жұмыс күнінің ішінде қарайды.

      5. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында жүзеге асырылады.

4-бөлім. Қорғаншылық және қамқоршылық
14-тарау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды анықтау және орналастыру 110-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

      1. Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата- аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, медициналық және басқа да осыған, ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ак ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.

      2. Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады.

      Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді.

111-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандары

      Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына (асырап алуға), қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа (асырап алған отбасы) тәрбиелеуге, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбиелеу мекемесі, соның ішінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мекемесі) мекемелерге беру арқылы жүзеге асырылады.

112-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу

      1. Осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің (мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру, медициналық және басқа да мекемелердің) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті.

      Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күні дереу баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, медициналық және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.

      3. Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2- тармақтарында аталған мәліметтер түскен күннен күн ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкіндігі болмаған кезде өңірлік деректер қорына есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін осындай бала туралы мәліметті тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді.

      Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібі" білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

113-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру

      1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, жетім балаларға немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбие, медициналық және басқа да) мекемелерге берілуге тиіс.

      Баланың мүддесіне сай оны орналастыру кезінде оның этникалық шығу тегі, белгілі бір дінге және мәдениетке жататындығы, ана тілі, тәрбие мен білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.

      2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, осы баптың 1 -тармағында аталған отбасына немесе мекемеге тәрбиелеуге орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерін атқару қорғаншы және қамқорын органдарға уақытша жүктеледі.

15-тарау. Қорғаншылықты және қамқоршылықты
белгілеу тәртібі 114-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық белгіленетін адамдар

      1. Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағы балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.

      2. Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.

115-бап. Қорғаншылық

      1. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді.

      2. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады.

      Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.

116-бап. Қамқоршылық

      1. Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.

      2. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

117-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар

      1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын:

      кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы;

      мүгедектер және оларға теңестірілген адамдар болып табылатын, кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.

      2. Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті.

      3. Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады.

118-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу

      1. Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгілейді жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін.

      2. Адамды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.

      3. Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық белгіленеді.

      4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

119-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар

      1. Мыналарды:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі ден таныған адамдарды;

      2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдарды;

      3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;

      4) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды;

      5) денсаулығының жай-күйіне байланысты (осы Кодекстің 85-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы) баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, екі жыныстың да кәмелетке толған адамдары қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.

      2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен гана тағайындалуы мүмкін.

      Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындауда жұбайының, ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.

      Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншыны немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.

      3. Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бірақ балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалатын кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.;

      Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ак, егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі.

      Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының міндетті түрде келісімі талап етіледі.

      4. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін және тиісті тәрбие, медициналық ұйымдарында, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы мекемелердің әкімшілігі болып табылады.

      Қорғаншының (қамқоршының) осындай мекемелерге баланы уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты қорғаншылық (қамқоршылық) құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.

      5. Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорындағылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды кез келген адамдарға қатысты, соның ішінде сотта арнайы өкілеттіксіз қорғай алады.

16-тарау. Қорғаншылардың (қамқоршылардың) және
қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы 120-бап. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың құқықтары

      1. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың:

      1) өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне;

      2) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;

      3) осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға;

      4) өздеріне тиесілі алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;

      5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;

      6) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы бар.

      2. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар осы баптың 1 -тармағында келтірілген құқықтардан басқа:

      1) қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиелену;

      2) оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілу;

      3) тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оны алу құқықтарына да;

      4) осы Кодекстің 55-58, 63-баптарында көзделген құқықтарға ие болады.

121-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие және медициналық ұйымдарындағы балалардың құқықтары

      1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған. тәрбие, медициналық және басқа да мекемелеріндегі балалардың:

      1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуы өздерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерін қамтамасыз етілуіне;

      2) өздеріне тиесілі алименттерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;

      3) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайлы пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға;

      4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға құқығы бар.

      2. Қорғаншы және қамқоршы органдар осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, олардың білім беру жағдайларын бақылауды жүзеге асырады.

      3. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.

      4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұратын балалар осы Кодекстің 55-57. 62-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.

122-бап. Қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқаруы

      1. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

      2. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді. қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

      Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды оз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

      Қамқоршылығына алғандарды асырап бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап бағуға жәрдемақы тағайындайды.

      3. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет қабілеттілігі (эмансипацияланған) шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктелмейді.

      4. Спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруге міндетті.

123-бап. Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құқықтары мен міндеттері

      1. Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және міндетті.

      Көрсетілген міндеттер кәмелетке толған адамдардың сот қабілеттігін шектеген қамқоршыларына жүктелмейді.

      Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы Кодекстің 67-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеудің әдістерін дербес белгілеуге құқылы.

      Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті орта білім алғанға дейін балаға білім беру мекемесі мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы және баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) баланы өздерінде заңды негіздерсіз ұстап отырған кез келген адамнан, соның ішінде баланың жақын туыстарынан қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы.

      3. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделеріне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ.

      4. Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе медициналық ұйымдарда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары өздері қамқорлыққа алғандармен бірге тұруға міндетті қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесіне және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол беріледі.

      Қорғаншылар мен қамқоршылар тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға міндетті.

      5. Қорғаншы кемінде алты айда бір рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ оның мүлкін басқару жөніндегі жұмыс туралы есеп беріп отыруға міндетті.

124-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу

      1. Денсаулық жағдайы бойынша ез құқығын жүзеге асырап, қорғай алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның өтініші бойынша оған қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

      2. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.

      3. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.

      Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады.

      4. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

      Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Кодекстің 126-бабында көзделген жағдайларда өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатылады.

125-бап. Қамқоршылыққа алынушының мүлкіне билік ету

      1. Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік етуге құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын-ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.

      Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығыстар жасауға құқылы.

      2. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және қамқоршы орган белгілейді.

      Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.

      3. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.

      Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.

126-бап. Қорғаншылар мен қамқоршыларды олардың өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету

      1. Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынушы өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны ез міндеттерін атқарудан босатады.

      Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, медициналық мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың ез міндеттерін атқарудан босатады.

      2. Дәлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсініспеушілік және т.с.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның өтініші бойынша ез міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін.

      3. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.

127-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату

      1. Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаншының, қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешім шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады.

      2. Жасөспірім қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады ал қорғаншылық міндетін жүзеге адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады.

      3. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ак ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.

128-бап. Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекеттеріне шағым жасау

      Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым жасай алады.

129-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдарының шешімдеріне шағым жасау

      Қорғаншы және қамқоршы органдардың барлық мәселелер жөніндегі мүдделі адамдар сот тәртібімен шағым жасай алады.

17-тарау. Патронат (қабылдайтын отбасы) 130-бап. Патронат (қабылдайтын отбасы)

      1. Патронат нысанындағы қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, медициналық немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді.

      2. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады.

      3. Патронат туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

131-бап. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт

      1. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.

      Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.

      Тәрбиелеуге берілген баланың әрқайсысына жеке (жекелеген) шарт жасалады.

      Тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда баланың отбасында болу мерзімін ұзарту патронат тәрбиелеу туралы жаңа шарттың негізінде жасалады.

      2. Патронат тәрбиелеушілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

      1) дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

      2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;

      3) бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

132-бап. Патронат тәрбиешілер

      1. Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы Кодекстің 119-бабында көзделген талаптар қойылады.

      2. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен патронат тәрбиелеушілерге қойылатын талаптар туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

133-бап. Патронат белгіленетін бала (балалар)

      1. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру ушін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органның және бала (балалар) ұсталатын мекеме әкімшілігінің келісімі бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.

      Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға, бұл олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қоспағанда, жол берілмейді.

      2. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.

      3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.

      Тәрбиеленушіге тиесілі ақша қаражатын және басқа мүлікті сақтау патронат туралы шарттың қолданылу уақытында патронат тәрбиешіге жүктеледі.

      Тұрғын үйді ұстап-күтуге бала алған түрлі әлеуметтік төлемдер қаражатының, ал ол болмаған жағдайда жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) осы Кодекстің 55-57, 62-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.

134-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағу

      1. Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.

      2. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды л<үзеге асыруға құқылы.

5-бөлім. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары
18-тарау. Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері 135-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері

      1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.

      Ата-аналар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ак 21 жасқа дейінгі жастағы күндізгі оқыту нысаны бойынша оқу орындарында оқитын балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.

      2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына ерікті түрде алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

      3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.

136-бап. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері

      1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады.

      2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

137-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын табыстың және (немесе) өзге де кірістің түрлері

      Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы Кодекстің 136-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кірісінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және атқарушылық іс жүргізу органдары анықтайды.

138-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрінде алимент өндіріп алу

      1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте (осы Кодекстің 136-бабына сәйкес) және тұрақты акция сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.

      Мұндай жағдайларға табысы тұрақты емес, өзгермелі және (немесе) өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге ле кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент өндіріп алу жатады.

      2. Күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындары (арнайы оқу орындарында) оқитын 21 жасқа дейінгі жастағы балаларды асырап-бағуды өндіріп алу алименттер төлеу туралы келісім болмаған кезде ақша сомасында жүргізіледі.

      3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгілейді.

      4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.

139-бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алиментті өндіріп алу және пайдалану

      1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 135-138-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді.

      Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат тәрбиешіге берілген балаларға төленетін алимент сомасы екінші деңгейдегі банктерге ашылған осы балалардың шотына аударылады.

      2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу. медициналық мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата- аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.

      Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Көлін түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу пайызы аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу пайызы екінші деңгейдегі банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.

      Психовенерологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі ата-аналардан балаларға өндірілген алименттер екінші деңгейдегі банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады және қорғаншы баланың қосымша қажетіне пайдаланады.

      Қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер әрбір жарты жылда бала ұсталатын тәрбиелеу, медициналық және басқа да мекемелердің әкімшіліктері қорғаншы және қамқоршы органға балаға тиесілі алименттер, жәрдемақылар және т.б. ақшалай және басқа да түрдегі қаржыны жұмсағаны туралы есеп береді.

140-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы

      1. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.

      2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.

141-бап. Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы

      1. Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға әрбір ата-ананы тартуы мүмкін.

      2. Ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі мен бұл шығыстардың мөлшерін сот егер екіжақты келісім бойынша анықталмаса, ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып ай сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді.

      3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға міндеттеуге құқылы.

142-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттері

      1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

      2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

      3. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.

      4. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.

      5. Егер сот ата-аналардың осы балаларға қатысты ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

      Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

      6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері де балалардың ата-аналары алдындағы міндеттеріндей анықталады.

143-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығыстарға қатысуы

      1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу, оны халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат үйіне орналастыру қажет болғанда және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығыстарды көтеруге қатыстыруы мүмкін.

      2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 142-бабының 3, 4, 5-тармақтарының ережелері сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере ' отырып белгілейді.

      3. Қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен бұл шығыстардың мөлшері болмаған жағдайда дау сот тәртібінде шешілетін тараптардың келісуімен белгіленуі мүмкін.

19-тарау. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың
алименттік міндеттемелері 144-бап. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап-бағу жөніндегі міндеттері

      1. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті.

      2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:

      1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;

      2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;

      3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін;

      4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға І-ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

145-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы

      1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:

      1) бұрынғы әйелінің жүкті кезінде және ортақ баласы кәмелеттік жасқа жеткенге дейін;

      2) көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға Г-ІТ топтағы мүгедектің белгіленген жағдайда;

      3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.

      2. Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.

146-бап. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері

      Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынаста сот белгілейді.

147-бап. Жұбайды екінші жұбайды асырап-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу

      1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екінші жұбайды асырап-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге мынадай жағдайларда:

      1) спирт ішімдіктеріне, есірткі заттарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;

      2) ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылық) ұзақ тұрмаған (5 жылға дейін);

      3) алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.

      2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:

      1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге (ерлі-зайыптылық) тұрғанда;

      2) осы Кодекстің 145-бабына көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешімімен тоқтатылады.

20-тарау. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік
міндеттемелері 148-бап. Ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарындастарын) асырау жөніндегі міндеттері

      Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.

149-бап. Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері

      Өздерінің ата-аналарынан көмек мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан және кәмелетке толған еңбекке қабілетті ағалары мен апаларынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі.

150-бап. Немерелердің атасын және әжесін асырап-бағу міндеті

      Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

151-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті

      1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді және асырап-бағуды жүзеге асырған еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балалары мен немерелерінен немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен асырап-бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

      2. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап-бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейді.

152-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін асырап-бағу жөніндегі міндеттері

      1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

      2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асырау міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.

153-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері

      1. Осы Кодекстің 148-152-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін.

      2. Тараптардың келісімі болмаған жағдайда сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынаста белгілейді.

      3. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам асырап-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының алимент төлеу міндеттерін орындауға қатысу мөлшерін белгілейді. Алимент мөлшерін белгілеу кезінде сот алимент төлеуге міндетті барлық адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.

21-тарау. Алимент төлеу туралы келісім 154-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау

      Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адамның арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде - осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.

155-бап. Алимент төлеу туралы келісімінің нысаны

      Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және нотариаттық куәландыруға жатады.

      Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарға әкеп соғады.

156-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, атқару, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі

      1. Алимент төлеу тәртібі туралы келісімді жасауға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.

      2. Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысанда жасалуға тиіс.

      3. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

      4. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.

157-бап. Алимент алушының мүдделерін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану

      Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырап-бағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстің 158-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның немесе прокурордың талап етуі сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

158-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері

      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.

      2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алименттің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы Кодекстің 136-бабы).

159-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі

      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.

      2. Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; мерзімді төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ак келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.

      Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін ұштастыру көзделуі мүмкін.

22-тарау. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу
тәртібі 160-бап. Алиментті сот шешімімен өндіріп алу

      Осы Кодекстің 140-152-баптарында аталған отбасы мүшелері төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

161-бап. Алимент алу үшін арыз беру мерзімдері

      1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап еткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы.

      2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі.

      Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

162-бап. Ұйым әкімшілігінің алиментті ұстап қалу міндеті

      Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті; адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге де төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.

      Төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақытылы аударылмаған алименттік төлемді ұстап қалғаны үшін жауаптылық заңды тұлғаның әкімшілігіне жүктеледі.

163-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу

      Нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу пайызынан аспаған жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.

164-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті

      1. Сот шешімі немесе нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

      2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде соңғысына және сондай-ақ алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға және хабардар еткені туралы растау алуға тиіс.

      3. Алимент төлеуге міндетті және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін адам көші-қон полициясы органдарына алимент төлемдері бойынша қарыздарының жоқтығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

      4. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді дәлелсіз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

165-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу

      1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен өндіріп алынады, табысы және өзгеде кірісі жеткіліксіз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы немесе банктік емес қаржы мекемелеріндегі ақша қаражатынан ұстайды. Бұл қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріліп алынады.

      2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

166-бап. Алимент бойынша берешекті белгілеу

      1. Алимент төлеу жөніндегі келісім негізінде немесе атқару нарығының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару парағы немесе нотариаттық куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгеннен бұрынғы үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.

      Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан ұш ай бойы қатарынан өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда борышкердің мүлкінен өндіріп алынады, бұған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлік кірмейді.

      2. Атқару парағы негізінде немесе нотариаттық куәландырылған келісім негізінде алимент ұстау алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгіленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.

      3. Берешек мөлшерін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ставкасы бойынша берешекті төлеу кезіндегі индекстеу коэффициентін қолдана отырып, сот шешімінде немесе алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент мөлшерін негізге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.

      4. Осы Заңның 136-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшері алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі табысы мен өзге де кірісі негізге алына отырып анықталады. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізге алына отырып анықталады.

      Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемеген болса, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықталады.

      5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті анықтауымен келіспеген жағдайда кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот орындаушысының әрекетіне шағымдана алады.

      6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру кезеңінде төленген, Қазақстан Республикасының заңнамасында балаға белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он пайызын бюджет кірісіне есептеу арқылы өндіріп алынады.

167-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату

      1. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісімі бойынша азайтылуы мүмкін.

      2. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.

168-бап. Алиментті уақтылы төлемегені үшін жауапкершілік

      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам сол келісімде көзделген тәртіппен жауапты болады.

      2. Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әр күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      Алимент алушы алимент төлеуге міндетті, алименттің уақтылы төленбегеніне кінәлі адамнан алименттік міндеттемелерді орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.

169-бап. Алиментті есептеуге және кері өндіріп алуға жол бермеу

      1. Алименттерді басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды.

      2. Төленген алимент сомаларын:

      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240- і -бабында көзделген;

      2) алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту немесе күш көрсетіп ықпал жасау салдарынан алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.

      3. Егер осы баптың 2-тармағының 2-тармақшасында келтірілген әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаған болса, алимент кері өндіріліп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талабы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.

170-бап. Алиментті индекстеу

      Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасымен өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстайтын орын бойынша ұйымның әкімшілігі заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне бара-бар жүргізеді.

171-бап. Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу

      1. Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Заңның 154-159-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы.

      2. Келісімге қол жетпеген жағдайда мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті бір жолғы төлеу туралы не алимент есебіне белгілі бір мүлікті беру туралы немесе алиментті өзге бір жолмен төлеу туралы талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.

172-бап. Соттың бұрын белгіленген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату

      1. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесін де ескеруге құқылы.

      2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам алиментті төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайы анықталса, сот оған алимент өндіріп беруден бас тартуға құқылы.

173-бап. Алименттік міндеттемелерді тоқтату

      1. Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік- міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ак тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

      2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

      1) бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін алған жағдайларда;

      2) асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

      3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

      4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;

      5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
6-бөлім. Азаматтық хал актілері
23-тарау. Жалпы ережелер 174-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу

      1. Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімде міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс. Азаматтық хал актілерін басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің мемлекеттік тіркеуі танылмайды және жол берілмейді.

175-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәліктерді беру

      1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген соң оған қатысты акті жазбасы жасалған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

      2. Туу туралы куәлік жаңа туған балалардың ата-аналарына не жеке тұлғаларға, туған бала асырап-бағуында болатын және болған мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне беріледі.

      3. Некені қию туралы куәлік ерлі-зайыптыларға некені қиылған жері бойынша мемлекеттік тіркеген күні беріледі.

      4. Некені бұзу туралы куәлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі.

      5. Әкелікті анықтау. туралы куәлік ата-аналарының тілегі бойынша мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі, сондай-ақ ата-аналарының тілегі бойынша куәлік олардың әрқайсысына берілуі мүмкін.

      6. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік ауыстыру жүргізілген адамға ғана мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі.

      7. Қайтыс болу туралы куәлік оның мұрагерлері қатарына жататын қайтыс болған адамның жақын туыстарына, не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам асырауында тұрған (жазасын өтеген) мемлекеттік мекеме әкімшілігінің өкілдеріне беріледі.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша берілуі мүмкін.

176-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар

      1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді аудандық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жүргізеді.

      2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде, азаматтық хал актілерін тіркеуді кент әкімі он күнге дейінгі мерзімде құжаттарды жинауды және оларды он күн мерзімде азаматтық хал актілерін тіркеу және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына мәліметтер тапсыру үшін азаматтық хал актілерін жазу актілері бөлімдеріне тапсыруды ұйымдастырады.

      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасы астанасының аумақтық әділет органына беріледі.

177-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу ережелері. Акт кітаптары

      1. Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандары және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандары, акт кітаптарын сақтау тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы өзара хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

178-бап. Акт кітаптарын сақтау тәртібі және мерзімдері

      1. Акт кітаптары жүз бірдей (сәйкес) актілер жазбасынан екі данада бір-бірінен кейін қатаң жүйелі түрде жасалады, тігіледі және бауланады.

      Акт кітаптарының бірінші даналары аудандық (қалалық) әділет органының мұрағатында азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны бойынша, екінші дана - әділет департаментінің мұрағатында сақталады.

      2. Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір ұй-жайда (ғимаратта) сақтауға жол берілмейді.

      3. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары 75 жыл бойы сақталады, содан соң аумақтық мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады.

179-бап. Мемлекеттік баж

      1. Шетелдік азаматтардың бала асырап алуын, неке қиюды, некені бұзуды, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу ушін, сондай-ак ұлтын және жынысын өзгертуге, туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктер беру, қайтадан куәліктерді, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды талап еткені және бергені ушін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

      2. Тууды, қайтыс болуды, әкелікті анықтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуын тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.

180-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды өзгерту, толықтыру және түзету тәртібі

      1. Тіркеу туралы бастапқы акті жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі.

      2. Азаматтық хал актілері жазбаларындағы орын алған өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар - арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына беріледі.

      3. Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы жазбаның сақталу орны бойынша азаматтық хал' актілерін жазу органына беріледі.

      4. Азаматтық хал актілері жазбаларындағы орын алған өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

181-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

      1. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы арыз сол арызды берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы жазбаның мемлекеттік тіркелген (жоғалған) орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына беріледі.

      2. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе акті жазбасын қалпына келтіру туралы тіркелу орны мен уақыты көрсетіле отырып сот шешімінің негізінде жасалады.

      3. Тарихи отанына қайтып оралғандарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерін қалпына келтіру, жеткілікті негіздер жағдайда және осы фактіні құжаттамалық растау (акті жазбасының жоқтығы туралы анықтама немесе хабарлама) мүмкін болған кезде не ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды келуі туралы растауы және олардың Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы өтініші болған кезде, жүргізіледі.

      Репатрианттардын (оралмандардың) тууы туралы жазбаны қалпына келтіруді тіркеу олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

      4. Азаматтық хал актілері жазбасының жоғалғанын сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облысты (қалалық) мұрағаты растауға тиіс.

      5. Азаматтық хал актілерін жазатын органдардың жоғалған жазба қалпына келтіруі мүмкін болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен анықталады.

      6. Азаматтық хал актілерін жазуды қалпына келтіруді мемлекеттік тіркеуді жоғалған жазба болған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.

182-бап. Азаматтық хал актілеріндегі жазаларды жою

      1. Азаматтық хал актілері жазбасының:

      1) сот шешімінің негізінде;

      2) мүдделі адамдардың арызы бойынша;

      3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе; қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.

      2. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша сотқа немесе азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы жазбаның сақталу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жойылуға тиісті азаматтық хал актісі жазбасының сақталу орны бойынша беріледі.

      3. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою жойылуға тиісті жазба болған жерде жүргізіледі.

183-бап. Жеке және отбасы өмірінің құпиясы мен бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі

      Лауазымды адамдар азаматтардың жеке басы және отбасы өмірі туралы мәліметтерді, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауапкершілікті көтереді.

184-бап. Азаматтық хал актілерін жазу туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

      1. Тууды тіркеу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде азаматтық хал актілерін жазу органдарында міндетті тіркеуге жатады.

      2. Некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда азаматтар әкімшілік жауапкершілік көтереді.

24-тарау. Тууды мемлекеттік тіркеу 185-бап. Тууды тіркеу үшін негіз

      1. Баланың тууын тіркеуге туу туралы медициналық куәлік негіз болып табылады.

      Медициналық ұйымнан тыс жерде, соның ішінде үйде босанған жағдайда туу туралы медициналық куәлікті босанғаннан кейін анасы дербес өтініш жасаған медициналық ұйым, медициналық қызметкер немесе босандырған жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға оның жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес ресімдейді.

      Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, тіркеу сәтінде дәлелді себеп бойынша ата-аналары туралы мәлімет неке туралы куәлікке не осы азаматтық хал актілерін жазу органындағы неке қию туралы акт жазбасына сәйкес толтырылады. Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарында ата-анасы, ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, ұлты туралы жазба осы Заңның 51, 52, 58-баптарының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      2. Баланың тууы туралы медициналық анықтама баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметті (тегі, аты, әкесінің аты), сондай-ақ баланың туған күнін және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуы тиіс. Куәлік лауазымды адамның қолымен және медициналық ұйымның мөрімен расталуы тиіс.

      3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Суррогат ана туған баланың туғанын мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүргізіледі.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу ушін негіз болмаған кезде тууды мемлекеттік тіркеу осы әйелдің баланы туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

186-бап. Тууды мемлекеттік тіркеу орны

      1. Балалардың тууын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары баланың туған жерінде немесе ата-аналарының не олардың біреуінің тұрғылықты жерінде жүргізеді. Ата-аналарының (олардың біреуінің) тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу кітабындағы олардың заңды мекен-жайына сәйкес анықталады.

      2. Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, ортақ баланы туу өзін баланың әкесімін деп танитын адамның тұратын жерінде тіркелуі мүмкін. Тууды тіркеу туралы өтінішпен бірге әкелікті анықтау туралы өтініш беріледі.

      3. Туу туралы акт жазбасында баланың туған жері ретінде тууды мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлінісінің атына сәйкес нақты туған жерінің атауы көрсетіледі.

      4. Экспедицияларда және азаматтық хал актілерін жазу органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған кезінде туған балалардың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасы тұратын жеріне қайтып келгеннен кейін ата-аналарының немесе олардың бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.

      Мұндай жағдайларда баланың туған жері болып тууды мемлекеттік тіркеу жүргізілген әкімшілік-аумақтық бөлініс көрсетіледі.

187-бап. Туу туралы арыз беру мерзімдері

      Туу туралы арызды баланың ата-аналары, не басқа да мүдделі адамдар азаматтық хал актілерін жазу органдарына бала туған күннен бастап екі айдан, ал бала өлі туған жағдайда арызды денсаулық сақтау (медициналық) ұйымның жауапты лауазымды адамы босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей беруі тиіс.

      Екі айлық мерзім өткен соң тууды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша аумақтық әділет органының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы арыз

      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы арызды ата-анасы немесе олардың біреуі, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге себептермен арыз беру мүмкін болмаған жағдайда - мүдделі адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкімшілігі жазбаша нысанда береді. Арызға ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ некені кию туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.

      Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуді ата-аналары емес, басқа адамдар жүргізсе, онда арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат берілуі тиіс.

      Екі немесе одан көп балаларды мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.

189-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған балалардың тууын мемлекеттік тіркеу

      Некеде тұрған кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен екі жүз сексен күннен аспаған болса, жалпы негіздерде жүргізіледі.

190-бап. Туу туралы акт жазбасына ата-аналары туралы мәліметтерді енгізу тәртібі

      1. Өзара некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. Мұндай жазбаға некеге тұру туралы куәлік негіз болып табылады.

      2. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін қолдануға немесе эмбрион имплантациясына жазбаша нысанда ез келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады.

      3. Егер суррогат ана туралы шартта өзгеше айтылмаса, некеде тұратын және оны көтеру мақсатында басқа әйелдің эмбрион жазбаша нысанда өз келісімін берген адамдар баланың ата-анасы болып жазылады.

      4. Егер ата-аналарының арасында неке бұзылған, сот жарамсыз таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ некені бұзған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексеннен астам күн етсе, анасы туралы мәлімет Кодекстің 185-бабына көрсетілген құжаттардың негізінде, баланың әкесі туралы мәлімет - некені немесе бұзу туралы куәліктің негізінде енгізіледі.

      Егер бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екі жүз сексен күн еткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы тек әкелікті анықтау туралы акт жазбасының негізінде гана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.

      Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адамды жазбаша таныған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болғанда баланың әкесі болып осы адам жазылады.

      5. Егер ата-ана өзара некеде тұрмаған жағдайда, анасы туралы мәлімет Кодекстің 186-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      Мұндай жағдайда әкесі туралы мәлімет:

      1) егер баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әкелік анықталған және тіркелген жағдайда, әкелікті анықтау туралы акт жазбасының негізінде;

      2) егер әкелік анықталмаса. некеге тұрмаған ананың өтініші бойынша енгізіледі.

      Тууды жазу кітабында баланың әкесінің тегі анасының тегі бойынша баланың әкесінің аты мен оның әкесінің аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәлімет әкелікті анықтау туралы мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды.

      Анасының тілегі бойынша баланың әкесі туралы мәлімет туу туралы акт жазбасына енгізілмеуі мүмкін.

      3) қандайда бір басқа адамның өтініші бойынша енгізіледі. Анасы туралы мәлімет осы Кодекстің 186-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі, әкесі туралы мәлімет осы адамның көрсетуі бойынша жазылады.

      Бұдан әрі баланың анасы туу туралы акт жазбасына енгізілген баланың әкесі туралы мәліметке келіспеген кезде түзету белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

191-бап. Бала туғанда мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін, атын, әкесінің атын беру тәртібі

      1. Тууды мемлекеттік тіркеу кезіңде баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі эр түрлі болғанда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан жүргізілуі мүмкін. Баланың тегіне қатысты ата-ана арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

      2. Азаматтардың тілегі бойынша қазақ ұлтындағы адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, - овна, - евна, - ович, - евич аффикстерін алып тастауға, ал олардың орнына әкесінің атына -ұлы, -қызы деп бірге жазуға болады.

      3. Қазақ ұлтындағы адамдардың аттарын екі мүше сызбасы бойынша жазуға жол беріледі, әкесінің аты тегін ауыстырып тұрғанда, міндетті тәртіппен бірінші орында, содан кейін аты тұрады, ал әкесінің аты жазылмайды.

192-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған балалардың тууын мемлекеттік тіркеу

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған балалардың тууын мемлекеттік тіркеу келген елдің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде не Қазақстан Республикасының басқа елдегі қоса атқарушы шетелдік мекемелерінде жүргізіледі.

193-бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың туылғанын мемлекеттік тіркеу тәртібі

      1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншы және қамқоршы органның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс.

      Өтінішке бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетіп, ішкі істер органы немесе қорғаншы және қамқоршы орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасын және жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және бала туралы басқа да жеке мәліметтер қоса тіркеледі.

      2. Баладан медициналық ұйымда (перзентханада) бас тартылған жағдайда осы ұйымның әкімшілігі заңнамада белгіленген нысан бойынша ананың жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      3. Баланы белгісіз ана қалдырған жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі екі куәгердің-қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар тастанды (бас тартылған) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса тіркеледі.

194-бап. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу

      1. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей тіркеледі.

      2. Өлі баланың тууы медициналық ұйым немесе жеке айналысатын дәрігер берген перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің негізінде тіркеледі.

      Өлі туған баланың тууы туралы куәлігі берілмейді. Ата-аналарының өтініші бойынша өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.

      3. Бала өмірінің алғашқы аптасында шетінеген жағдайда оның тууын мемлекеттік тіркеу - туу туралы медициналық анықтаманың және шетінегені - перинаталдық өлім туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.

      Туу және қайтыс болуы туралы жасалған акт жазбаларының негізінде қайтыс болуы туралы куәлік қана беріледі. Ата-аналарының өтініші бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.

      Бұдан әрі тек қайтыс болу туралы қайталама куәлік қана беріледі.

      4. Азаматтық хал актілерін жазу органына өлі баланың тууы немесе баланың тууы және өмірінің алғашқы аптасында шетінегені туралы мәлімдеу міндеті:

      бала туылған немесе бала өлген медициналық ұйымның басшысына;

      дәрігер баланың өлі туылған фактісін, баланың өмірінің алғашқы аптасында шетінегенін анықтаған медициналық ұйымның басшысына, не медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке айналысатын дәрігерге жүктеледі.

195-бап. Бір жасқа толған және одан үлкен балалардың тууын мемлекеттік тіркеу

      1. Бір жасқа толған және одан үлкен балалардың тууын мемлекеттік тіркеу медициналық ұйым немесе жеке айналысатын дәрігер берген туу туралы белгіленген нысанда құжат болған кезде ата-анасының (олардың біреуінің) немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.

      Бала кәмелетке толғаннан кейін оның тууын мемлекеттік тіркеу аумақтық әділет органы бекіткен азаматтық хал актілерін жазу органының қорытындысы негізінде баланың өзінің жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.

      Өтінішке туу туралы медициналық куәлік, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әділет департаменті азаматтық актілерін жазу бөлімінің туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы хабарламасы, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, ата-анасының жеке басын, сондай-ақ некесін растайтын құжаттар, арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі.

      2. Бір жасқа толған және одан үлкен балалардың тууын мемлекеттік тіркеу аумақтық әділет органы бекіткен азаматтық хал актілерін жазу органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

196-бап. Шетелдіктердің балаларын тууды мемлекеттік тіркеу

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдіктердің балаларын тууды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тиісті шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде не егер Қазақстан Республикасында мұндай жоқ болса, қоса атқаратын шетелдік мекемелерде жүргізіледі.

197-бап. Тууды салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу

      Ата-аналардың тілегі бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың тууын салтанатты жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органының үй-жайында, арнайы арналған салт-дәстүр, салтанат, неке сарайларында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.

198-бап. Туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер

      Туу туралы жазбалар кітабына мынадай деректер енгізіледі:

      тууды мемлекеттік тіркеу күні;

      балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі;

      туу туралы акт жазбасының нөмірі;

      тегі, аты, әкесінің аты, баланың туған уақыты, туған жері, жынысы;

      туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да кеп балалар);

      тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі;

      туу фактісін растайтын құжат туралы мәлімет;

      баланың заңды мекен-жайы;

      ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, жасы, тұрақты тұратын жері, заңды мекен-жайы, азаматтығы, табыс кезі немесе жұмыс орны, білімі және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты;

      баланың әкесі туралы мәлімет енгізілген құжат туралы мәлімет;

      арыз беруші туралы мәлімет;

      берілген куәліктің сериясы және нөмірі.

199-бап. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру

      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгіде туу туралы куәлік беріледі.

      Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.

200-бап. Туу туралы куәлік

      Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері;

      акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ата-анасының (олардың біреуінің) аты, әкесінің аты, тегі, ұлты;

      ата-анасының (олардың біреуінің) азаматтығы;

      мемлекеттік тіркеу орны (АХАЖ органының атауы);

      туу туралы куәліктің берілген күні.

25-тарау. Әкелікті анықтауды тіркеу 201-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін негіз

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында:

      1) баланың ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен өтінішінің;

      2) анасы қайтыс болған, анасы елді деп жариялаған; анасы жан ауруы немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасының ата-ана құқығынан айырылған не шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтінішінің;

      3) әкелікті анықтау туралы, сондай-ак әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау (белгілеу) туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

      2. Әкелікті жан ауруы немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сол тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша анықтауға жол берілмейді.

202-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу орны

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары баланың әкесі немесе анасының тұрғылықты жері бойынша не әкелікті анықтау туралы немесе әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімінің шығарылған орны бойынша жүргізіледі.

203-бап. Баланың ата-анасының бірлескен арызының негізінде әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу

      1. Ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен арызы азаматтық хал актілерін жазу органына олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша беріледі. Бірлескен арыз беру қиын болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органына баланың әкесі мен анасы жеке-жеке арыз бере алады.

      2. Егер ата-аналарының біреуі дәлелді себеппен әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін азаматтық хал актілерін жазу органына өзі келе алмаса, оның арызындағы қолы нотариаттық тиіс.

      3. Әкелікті анықтау туралы арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін болмаған немесе қиын болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органына медициналық анықтамамен расталған анасының жүктілігі уақытында әлі тумаған балаға қатысты бірлескен (немесе бөлек) арызды тұрғылықты жері бойынша алдын-ала беруге рұқсат етіледі.

      Мұндай арызды баланың ата-аналары әкелікті анықтау туралы мемлекеттік тіркеу жасалғанға дейін кез-келген уақытта қайтарып ала алады.

      4. Ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен арызымен бірге ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі, мұндай өтініш бала туғанға дейін берілген жағдайда медициналық ұйым немесе жеке айналысатын дәрігер берген құжат беріледі.

      Егер әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, туу туралы куәлікті қоса беру талап етілмейді.

      5. Әкелікті анықтауды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін жазу органдары ата- анасының екеуінің қатысумен арыз берілген күні жүргізеді.

      6. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың әкесі некеде тұрған-тұрмағанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың келісімі талап етілмейді.

204-бап. Ата-анасының әкелікті анықтау туралы бірлескен арызы кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру

      1. Баланың тегі ата-анасының келісімі бойынша, ал келісім болмаған кезде сот тәртібімен анықталады.

      Баланың қандай текті иеленетіні жөнінде әкелікті анықтау туралы арызда көрсетілуі тиіс.

      2. Баланың әкесінің аты егер олардың тарапынан қарсылықтар жоқ болса, әкесінің аты бойынша, соның ішінде кәмелетке толған балаларға қатысты өзгертіледі.

      Баланың туу туралы бұрынғы акт жазбасында көрсетілген баланың әкесінің аты (анасының көрсетуі бойынша) баланың әкесі ретінде танылған адамның атымен сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық хал актілерін жазу органының әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

      3. Егер баланың ата-анасы некеге ол туғаннан кейін тұрса, әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркемей, баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді.

205-бап. Өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтініші бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу

      1. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның жазбаша өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен жүргізіледі.

      2. Өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтінішіне өзін баланың, әкесі деп мойындаған адамның жеке басын куәландыратын және анасының болмауының мән-жайын растайтын құжаттар (анасының қайтыс болуы туралы куәлік; жан ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны өлді деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқығынан айыру не шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін анықтаудың мүмкін еместігі туралы анықтама) қоса беріледі.

206-бап. Өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтініші бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегін, әкесінің атын беру

      1. Баланың тегі өзін баланың әкесі деп мойындаған адамның өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен анықталады.

      2. Баланың әкесінің аты әкесінің атымен, соның ішінде егер олардың тарапынан қарсылықтар болмаса, кәмелетке толған балаларға қатысты өзгертіледі.

207-бап. Әкелікті, әкелікті мойындау фактісін және әкелік фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу

      1. Әкелікті анықтау туралы, сондай-ақ әкелік фактісін және әкелікті мойындау фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу баланың анасының, әкесінің немесе қорғаншысының (қамқоршысының) өтініші бойынша жүргізіледі.

      2. Өтінішке соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі.

      3. Әкелікті анықтау туралы, сондай-ақ әкелік фактісін және әкелікті мойындау фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешімнің көшірмесін ол заңды күшінен енген күннен бастап ұш күн ішінде сот шешімі шығарылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жіберуге міндетті.

208-бап. Сот шешімі бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегін, әкесінің атын беру

      1. Сот шешімі бойынша әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде әкесі туралы мәлімет сот шешіміне сәйкес көрсетіледі.

      Егер бұл мәліметтер сот шешімінде көрсетілмесе, әкесінің тұрақты тұрғылықты жері, қайда және кім болып жұмыс істейтіні өтініш берушінің сөзінен жазылуы мүмкін.

      Сот шешімінде әкесінің ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде әкелікті анықтау туралы акт жазбасының "Ұлты" деген бағаны жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде толтырылады.

      2. Балаға тегі сот шешіміне сәйкес, ал мұндай жазба болмаған жағдайда - өтініш берушінің көрсетуі бойынша беріледі. Бұл мәселе бойынша дау туындаған жағдайда тек сот шешімімен жазылады.

209-бап. Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде мемлекеттік тіркеу

      Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде мемлекеттік тіркеу кезінде міндетті түрде туу туралы және әкелікті анықтау туралы актілер жасалады. Туу туралы акт жазбаларындағы баланың тегі анасының тегі, әкесінің аты және әкесі туралы мәліметтер әкесінің арызы немесе ата-аналарының бірлесіп берген арызы бойынша көрсетіледі.

210-бап. Тууды және әкелікті анықтауды бір мезгілде мемлекеттік тіркеу кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру

      1. Баланың тегі ата-анасының келісімі бойынша, ал келісім болмаған жағдайда - сот тәртібімен анықталады.

      Баланың қандай текті иеленетіні жөнінде әкелікті анықтау туралы өтініште көрсетілуі тиіс.

      2. Баланың әкесінің аты егер олардың тарапынан қарсылықтар жоқ болса, әкесінің аты бойынша, соның ішінде кәмелетке толған балаларға қатысты өзгертіледі.

      3. Егер баланың ата-аналары некеге ол туғаннан кейін тұрса, әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркемей, баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді.

211-бап. Кәмелетке толғанға қатысты әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу

      Кәмелетке толған адамға қатысты әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуге тек оның жазбаша келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз леп танылса - оның қамқоршысының немесе қамқоршылық және қорғаншылық органының келісімімен жол беріледі.

      Кәмелетке толған адамның келісімі жеке арызда не ата-аналарының бірлескен арызындағы оның қолымен көрсетілуге тиіс. Арыз берген кезде кәмелетке толған адам не оның қорғаншысы әкесінің тегін алғысы келетіндігі не анасының тегін сақтағысы келетіндігі туралы бірден көрсетеді.

212-бап. Әкелікті анықтау туралы арыз

      1. Әкелікті анықтау туралы арызды ата-аналары немесе олардың біреуі, олар қайтыс болған, науқастанған немесе өтініш жасау өзге ле себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда - белгіленген тәртіппен сенім білдірілген адамдар жазбаша нысанда жасайды.

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеуді ата-аналары емес, басқа адамдар жүргізген кезде, онда арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылуы тиіс.

      2. Әкелікті анықтау туралы арыз нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.

213-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде өзгерістер енгізу тәртібі

      1. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы акт жазбасына әкелікті анықтау туралы акт жазбасының негізінде тиісті өзгерістер енгізіледі.

      Баланың тегі, әкесінің аты, сондай-ақ әкесі туралы мәлімет осы Кодекстің 204, 205, 206, 208-баптарына сәйкес енгізіледі.

      2. Туу туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізген соң арыз берушіге (арыз берушілерге) туу туралы жаңа куәлік беріледі.

214-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде анықталған әкелікті тану

      Ата-аналарының ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаға қатысты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде тіркелген әкелік танылады.

215-бап. Әкелікті анықтау туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер

      Әкелікті анықтау туралы акт жазбасына мынадай деректер енгізіледі:

      тууды мемлекеттік тіркеу күні;

      туу туралы акт жазбасының нөмірі;

      әкелікті анықтағанға дейінгі және кейінгі баланың тегі, аты, әкесінің аты:

      баланың туған уақыты және туған жері, азаматтығы;

      ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі, туған күні, жасы, тұрақты тұратын жері, заңды мекен-жайы, азаматтығы, табыс кезі немесе жұмыс орны, білімі және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты;

      әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу жүргізілген құжат туралы мәлімет;

      арыз иесі туралы мәлімет;

      берілген куәліктің сериясы және нөмірі.

216-бап. Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру

      Әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде азаматтық хал актілерін жазу органдары белгіленген үлгідегі куәлікті береді.

217-бап. Әкелікті анықтау туралы куәлік

      Әкелікті анықтау туралы куәлік мынадай мәліметті қамтиды:

      бала әкесінің тегі, әкесінің аты;

      баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні;

      бала анасының тегі, аты, әкесінің аты;

      акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

      мемлекеттік тіркеу орны (АХАЖ органының атауы);

      туу туралы куәліктің берілген күні.

26-тарау.Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
мемлекеттік тіркеу 218-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу үшін негіз

      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге тұру туралы бірлескен жазбаша арызы негізінде жүргізіледі.

219-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу орны

      Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген азаматтық хал актілерін жазу органында жүргізіледі.

220-бап. Некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы арыз беру мерзімдері және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу мерзімі

      1. Некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу органына некені мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын берілуі тиіс.

      2. Некені мемлекеттік тіркеуді некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы бірлескен арыз берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-175-баптарына сәйкес мерзімнің өтуі арыз берілгеннен кейін келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс емес күнге тура келсе, онда мерзімнің біту күні келесі жұмыс күнінен бастап есептелінеді.

      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу уақытын азаматтық хал актілерін жазу органы некеге тұрғысы келетін адамдардың келісімі бойынша тағайындайды. Мемлекеттік тіркеу уақыты бір және сол үй-жайдың ішінде қайтыс болуды және ажырасуды мемлекеттік тіркеу уақытымен сәйкес келмейтіндей етіп тағайындалуға тиіс.

      Неке осы Кодекстің 221-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлар болған кезде некеге түру туралы (ерлі-зайыптылық) арыз берілген күні қиылуы мүмкін.

221-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту

      1. Некеге тұратын адамдардың бірлескен арызы бойынша, тиісті құжаттармен (жүктілігі туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа ерекше мән- жайларды растайтын анықтамалар) тиісті құжаттармен расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төну және басқа ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы некені бір ай мерзім өткенге дейін қиюға, сондай-ақ бұл мерзімді әрі кеткенде бір айға дейін ұзартуға рұқсат бере алады.

      Мерзімді қысқартудың уақыты әрбір жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты анықталады.

      2. Жекелеген жағдайларда некені мемлекеттік тіркеуді күту мерзімі тек некені мемлекеттік тіркеу үшін кедергі келтіретін арыз болғанда гана азаматтық хал актілерін жазу органының бастамасымен ұзартылуы мүмкін. Неке туралы жазу жасалғанға дейін лауазымды адам жазуды тоқтата тұруға және арыз берушіден бір айдан аспайтын белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге міндетті.

      Азаматтық хал актілерін жазу органы мүдделі адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен қажетті тексеру жүргізе алады. Некені мемлекеттік тіркеуді кейінге қалдыру туралы некеге тұруға арыз берген адамдарға хабарланады. Некені қиюға заңды кедергілер болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органы оны мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

      Егер мұндай кедергілер туралы мәліметтер расталмаса, некені мемлекеттік тіркеу жалпы негіздерде жүргізіледі. Аталған мән-жайларды тексеру бір ай мерзімде аяқталуға тиіс.

      Айлық мерзімді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсат некеге тұру туралы арызға азаматтық хал актілерін жазу органының бастығының, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адамның бұрыштамасы түрінде беріледі.

      Некеге тұруға ниет білдірушілер белгіленген күні азаматтық хал актілерін жазу органына дәлелді себеппен келе алмаса, некені мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.

222-бап. Некеге түру (ерлі-зайыптылық) туралы арыз

      1. Некеге тұру жөніндегі арыз жазбаша жасалуға тиіс. Белгіленген үлгідегі арыз нысандары болмаған жағдайда, арыз мәтінінде еркін нысанда барлық көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Арыз нысанында қамтылған барлық сұрақтарға толық және дәл жауаптар берілуге тиіс.

      2. Некеге тұру туралы арызды беру кезінде мыналар ұсынылуы қажет:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттар, (Республикада тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы тиісті жеке куәлігін немесе паспортын көрсетеді; шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы - оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде есепке алынғаны туралы шетелдегі консулдық мекеменің белгісі бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын көрсетеді; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетел азаматы Қазақстан Республикасының ішкі істер органы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беретін құжатты ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұратын жері бойынша тіркелгендігі туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша тұрып жатқан азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, ол тұратын елдің құзыретті органдары берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген құжатты ұсынады.

      Шетел азаматының паспортын (жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуымен қатар оның мәтінінің нотариаттық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалған аудармасын беруге тиіс.

      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат мәтінін аудармасының дұрыстығы бұл адам азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде немесе сыртқы саяси ведомствода куәландырылуы мүмкін);

      2) белгіленген неке жасын кеміту қажеттігін растайтын осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген құжаттарды;

      3) бұрынғы некелері туралы мәліметтерді;

      4) балалары бар екендігі туралы мәліметтерді;

      5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға кедергі жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхат.

223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі

      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде біреуінің тегін таңдаса, некеге дейінгі тегін өзгертуге тілек білдірген ерлі-зайыбына ерлі-зайыбының бірінің тегі беріледі.

      Ерлі-зайыптылар бұрынғы тектерінде қалғысы келсе, некені қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектері өзгермейді.

      Бір немесе ерлі-зайыптылардың екеуі де ез тектеріне екінші ерлі-зайыбының тегін қосуға тілек білдірсе, неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптыға (ерлі-зайыптыларға) осы Кодекстің 32-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, некеге дейінгі тегінен кейін ерлі-зайыбының бірінің тегі қосылады.

      Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдау некеге отыру туралы бірлескен жазбаша өтініште көрсетілуге тиіс.

224-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу тәртібі

      1. Некені қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында (бөлімдерінде), арнайы арналған мемлекеттік салт-дәстүр. салтанат, неке кию сарайларында некеге тұратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

      2. Егер некеге тұратын адамдар (олардың біреуі) қатты науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеппен азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмаған жағдайда, неке қиюды мемлекеттік тіркеу үйде медициналық немесе өзге де ұйымдарда некеге тұратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

      3. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының лауазымды адамы:

      1) некеге тұру ниеті туралы берілген өтініштерді жария етеді;

      2) некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

      3) некеге тұруға келісетінін және жұбайлардың таңдайтын тектерін анықтайды;

      4) неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергі жоқ екендігін анықтайды.

      5) мемлекет атынан неке кию (ерлі-зайыптылық) туралы белгіленген куәлікті тапсырады.

      4. Неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергі жоқ болған кезде азаматтық хал актілері жазу кітабына неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілері жазбалары органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді.

      5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыптылыққа) кедергі болатын мән- жайлардың бар-жоғын растайтын айғақтары болса, азаматтық хал актілерін жазу органы неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

      6. Азаматтық хал актілерін жазу органының неке қиюды мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға болады.

225-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу

      Некені (ерлі-зайыптылықты) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу - некені салтанатты түрде мемлекеттік тіркеуге арнайы арналған мемлекеттік салт-дәстүр, салтанат, неке сарайларында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органының ғимараттарында, үй-жайларында жүргізілуі мүмкін.

226-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазу органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде не некеге тұруға (ерлі-зайыптылыққа) ниет білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде жүргізіледі.

      2. Егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, шетел азаматымен некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы өтініш берумен бір мезгілде шетел азаматы азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыптылықты) рұқсатты ұсынуы тиіс.

      Мұндай рұқсат болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органы арызды қабылдау кезінде некелесушілерге, және ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы(шасы)на, олардың некесі ол некелесетін адам (ерлі-зайыпты) азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкін екендігін түсіндіруге тиіс.

      Егер, мұндай түсіндірулерге қарамастан, арыз берушілер некенің (ерлі-зайыптылықтың) мемлекеттік тіркелуін талап етсе, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тіркеледі.

      Тарихи отанына қайтып келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамаған адамдармен (оралмандармен) Қазақстан Республикасы азаматтарының некесін (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу жалпы негіздерде жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-зайыптылық) шарттары егер ол адамның осы аумақта тұрақты түрғылықты жері болса, оның заңнамасымен анықталады.

227-бап. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде, дипломатиялық өкілдіктерінде және шет мемлекеттердің шетелдік мекемелерінде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде қиылады.

      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінде немесе шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің аумағында шетелдіктер арасында қиылған некелер Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

228-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) тану

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы некелер (ерлі- зайыптылық) және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасындағы некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11 -бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған некелер (ерлі-зайыптылық) олар аумағында жасалған мемлекеттің заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

229-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы

      Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы осы Кодекске сәйкес неке қию (ерлі-зайыптылық) кезінде қолданылған заңнамамен айқындалады.

230-бап. Некеге қабілеттілігі туралы анықтамалар беру тәртібі

      1. Некеге қабілеттілігі туралы анықтаманы аумақтық әділет органының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі аудандық (қалалық) әділет басқармаларының азаматтық хал актілерін жазу қызметтерінің мұрағаты бойынша өтініш берілген күні тексерулер негізінде береді.

      Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге шыққанға дейін бір аумақтық-әкімшілік бөліністе тұрақты тұрса, неке қиюды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған сәтінен бастап беріледі.

      Анықтамалар алу үшін арызданушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      некені бұзу туралы немесе егер арызданушы некеде тұрса жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік;

      2. Белгіленген нысандағы некеге қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерде некені мемлекеттік тіркеу үшін облыстың (қаланың) аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі.

231-бап. Еңбекпен түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу

      1. Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру орындарында (еңбекпен түзеу мекемелерінде) жазасын өтеп жатқан адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыптылық) шарттарын сақтай отырып, тиісті мекеменің үй-жайында жүргізеді.

      2. Сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың қатысуымен еңбекпен түзеу мекемесінің әкімшілігі азаматтық хал актілерін жазу органымен келісім бойынша белгілеген үй-жайда жүргізеді.

      Сотқа дейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы, осы іс жүргізуде тұрған адамды немесе. органды хабардар еткеннен кейін тергеу изоляторларында жүргізеді.

232-бап. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбаларының мазмұны

      1. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) әрқайсысының (некеге тұратындардың) тегі, (неке қиғанға дейін және кейін), аты, әкесінің аты, туған күні және жері, жасы, азаматтығы, ұлты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекен-жайы, білімі, отбасы жағдайы;

      2) ортақ балалары туралы мәлімет;

      3) некеге тұратындардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;

      4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

      5) берілген куәліктің нөмірі.

      2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп таныған жағдайда неке кию туралы акт жазбасына қажетті мәлімет енгізіледі. Мұндай мәліметтерді енгізу некені (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарындағы некені бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.

233-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазбаны тоқтата тұру

      Неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба жасалғанға дейін некені мемлекеттік тіркеу үшін кедергілер бар екендігі туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушіден белгіленген мерзімде тиісінше деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Бұл мерзім бір айдан аспауы керек.

234-бап. Ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік беру

      Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі. Қажет кезде некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың әрқайсысына неке қию туралы куәлік берілуі мүмкін.

235-бап. Некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік

      Некені кию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі (некені (ерлі-зайыптылық) қиғанға дейінгі және кейінгі), аты. әкесінің аты, туған күні және туған жері, азаматтығы және ұлты (жеке басын куәландыратын құжатта болса) (некеге тұратындардың әркайсысының);

      2) некенің қиылған күні;

      3) актінің жасалған күні және нөмірі;

      4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәлімет;

      5) неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны (азаматтық хал актілерін жазу органының атауы);

      6) неке қию туралы куәліктің берілген куні;

      7) неке кию туралы берілген куәліктің сериясы және нөмірі.

27-тарау. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу 236-бап. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз

      1. Некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен арызы. белгіленген тәртіппен некені бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың бірінің арызы, сондай-ақ некені бұзу туралы сот заңды күшіне енген шешімі некені бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады.

      2. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.

      3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

      4. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:

      1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;

      2) жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;

      3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы соттың үкімі негізінде неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

237-бап. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны

      1. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органында жүргізіледі.

      2. Некені бұзуды 236-баптың 3-тармағы негізінде мемлекеттік тіркеген жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органына өтініш екінші жұбайының тұрғылықты жері бойынша беріледі.

      3. Некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу сот шешімінің шыққан жері бойынша немесе бұрынғы ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органында жүргізіледі.

      4. Қазақстан Республикасы азаматының некесінің бұзылуын шет мемлекеттің некені бұзуды тіркеу туралы күшіне енген сот шешімінің негізінде тіркеу азаматтың тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.

238-бап. Ерлі-зайыптылардың некенің бұзылуы туралы бірлескен арызы бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері

      Некені мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары некені бұзу туралы бірлескен арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң неке бұзушылар жеке қатысқан кезде жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-175-баптарына сәйкес мерзімнің өтуі арыз бергеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс істемейтін күнге тура келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

      Айлық мерзім қысқартылуы мүмкін емес.

      Егер ерлі-зайыптылар азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзуды мемлекеттік тіркеуді олар белгілеген күні келе алмаған жағдайда, олар некенің бұзылуы үшін айлық мерзімді қайтадан тағайындайтын азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзу туралы арызбен қайтадан жүгіне алады.

239-бап. Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      1. Ортақ кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы соттың үкімінің негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.

      2. Некені бұзу туралы өтінішке осы Кодекстің 236-бабы 1, 3-тармақтарында көзделген негіздер бойынша неке қию туралы куәлік қоса берілуге тиіс.

      Егер ерлі-зайыптыларда осы куәлік жоқ болса және неке қию туралы акт жазбасы азаматтық хал актілерін жазу органында сақталмаса, неке туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.

      Арыз иесі мынадай құжаттарды:

      1) некені бұзатын адамдардың жеке басын куәлындыратын құжаттарды;

      2) некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздемені (некені бұзу туралы; жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі; жұбайының қылмыс жасағаны ушін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы соттың үкімі);

      3) қорғаншы және қамқоршы органның әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайының мүлкіне қорғаншы тағайындау туралы қорытындысын;

      4) мемлекеттік баж төлемі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

      3. Бұрынғы ерлі-зайыптылар (олардың әрқайсысы) немесе әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысы некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы арыз жасауға басқа адамдарды жазбаша нотариаттық куәландырылған нысанда уәкілетті ете алады.

      5. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін азаматтық хал актілерін жазу органына келе~йлмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оларға, сенім білдірілген тұлғаға азаматтық хал актілерін жазу органдарында оның мүдделерін білдіру үшін белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат беріледі.

240-бап. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

      Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органы арыз түскен күннен бастап бір апта мерзімде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар арыз бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы хабарлауға құқылы.

241-бап. Ерлі-зайыптылардың некені бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі

      Өз тегін некеге түру кезінде басқаға өзгерткен жұбайы неке бұзылған соң да осы текті сақтауға құқылы немесе оның қалауы бойынша некені мемлекеттік тіркеу кезінде оған некеге дейінгі тегі беріледі.

242-бап. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдармен некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес некені азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде бұзылуы мүмкін.

      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған шетелдіктер арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

243-бап. Некені бұзу туралы акт жазбасының мазмұны

      Некені бұзу туралы акт жазбасында мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі (неке бұзылғанға дейін және кейін), аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері, жасы. азаматтығы, ұлты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) тұрғылықты жері және заңды мекен-жайы, білімі, кіріс көздері немесе жұмыс орны, неке саны туралы мәліметтер;

      2) жасалған күні, некеге тұрғандығы туралы акт жазбасының нөмірі және некені тіркеу жүргізілген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      3) некені бұзу үшін негіз болып табылатын құжат;

      4) некенің тоқтатылған күні;

      5) некені бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;

      6) мемлекеттік бажды төлегені туралы мәлімет;

      7) өтініш беруші туралы мәлімет;

      8) некені бұзу туралы куәліктің сериясы және нөмірі.

244-бап. Некені бұзу туралы куәлік беру

      Некені бұзу туралы акт жазбасының негізінде азаматтық хал актілерін жазу органдары тараптардың әрқайсысына олардың арызы бойынша мемлекеттік тіркеу уақытына қарамастан белгіленген үлгідегі куәлік береді.

245-бап. Некені бұзу туралы куәлік

      Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі (неке бұзылғанға дейін және кейін), аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері, жасы, азаматтығы, ұлты (егер бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) некені бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәлімет;

      3) некенің тоқтатылған күні;

      4) некені бұзу туралы актінің жасалған күні және нөмірі;

      5) некені бұзу туралы куәлік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты;

      6) берілген күні және құжат берген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      7) некені бұзу туралы куәліктің сериясы және нөмірі.

      Егер неке сот тәртібімен бұзылса, некені бұзу туралы куәлікте некені бұзу туралы сот шешімінің заңды күшіне енгізілетін күні көрсетілуге тиіс.

28-тарау. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу 246-бап. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу негізі

      Бала асырап алу соттың заңды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі.

247-бап. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны

      Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жерде азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.

248-бап. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      1. Баланы асырап алуды мемлекеттік тіркеу асырап алушының жазбаша өтініші бойынша жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету және соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген көшірмесін беру кезінде жүргізіледі.

      Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

      Асырап алушылар (асырап алушы) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті басқа адамдардың беруіне жазбаша нотариаттық куәландырылған нысанда уәкілетті етуге құқылы.

      2. Егер асырап алушылар немесе уәкілетті адам соттың бала асырап алу туралы шешімінің заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде бала асырап алу туралы өтініш жасамаса, онда азаматтық хал актілерін жазу органы шешім шығарған соттан түскен шешімнің көшірмесі немесе соттың асырап алу туралы шешімінің көшірмесі негізінде бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.

249-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуын мемлекеттік тіркеу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жою осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, баланы асырап алуға баланың да келісімін алу қажет.

      3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін баланың немесе оның ата-анасының (олардың біреуінің) тұратын жері бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органынан бала асырап алуға рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      4. Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші сот тәртібімен жойылуға тиіс.

      5. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      6. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

250-бап. Бала асырап алу туралы акт жазбасының мазмұны

      Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) баланы асырап алуды мемлекеттік тіркеуге дейінгі және кейінгі баланың тегі, аты, әкесінің аты;

      2) баланың туған күні, туған жері және азаматтығы;

      3) ата-ананың аты, тегі, әкесінің аты, азаматтығы, ұлты (акт жазбаларында немесе туу туралы куәлігінде болған жағдайда);

      4) бала асырап алу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі, тууды мемлекеттік тіркеуді жүргізген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      5) бала асырап алу туралы актінің жасалған күні;

      6) бала асырап алушылардың тектері, аттары, әкесінің аттары, азаматтығы, ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрақты жері;

      7) баланы асырап алушылар ата-ана ретінде жазылуы;

      8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтер;

      9) куәліктің нөмірі.

251-бап. Бала асырап алу туралы куәлік және баланың тууы туралы жаңа куәлік беру

      Азаматтық хал актілерін жазу органдары бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алу туралы куәлік береді. Асырап алынған баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерткен кезде (осы Кодекстің 92-бабы), сондай-ақ туу ды жазу кітаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазғанда (осы Кодекстің 94-бабы) туу туралы жаңа куәлік беріледі.

      Екі немесе одан көп бала асырап алған жағдайда асырап алу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.

252-бап. Бала асырап алу туралы куәлік

      Бала асырап алу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) асырап алынатын баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған жері;

      2) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу негізі;

      3) бала асырап алушылардың тегі, аты, әкесінің аты;

      4) бала асырап алуды мемлекеттік тіркегеннен кейін берілген баланың тегі, аты, әкесінің аты;

      5) мемлекеттік тіркелген куні. орны, азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      6) куәліктің берілген күні;

      7) куәліктің нөмірі мен сериясы.

253-бап. Бала асырап алу туралы жазбаны жою

      1. Бала асырап алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жойылады.

      2. Егер бала асырап алудың күші олардың өтініші бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішті баланың ата-анасы, егер оның талап етуі бойынша бала асырап алудың күшін жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган береді.

254-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының бала асырап алу құпиясын қамтамасыз етуі

      1. Азаматтық хал актілерін жазу органдары қызметкерлері бала асырап алушылардың келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және мазмұнынан бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы емес болып табылатын құжаттарды беруге құқылы емес.

      2. Асырап алу туралы мәлімет тек құзыретті мемлекеттік органдардың сауалы бойынша гана берілуі мүмкін.

29-тарау. Атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды
мемлекеттік тіркеу 255-бап. Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеу негізі

      Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары оз атын, тегін, әкесінің атын өзгерткісі келген және он алты жасқа келген адамның өтініші бойынша олардың қорытындысының, белгіленген құжаттар пакетінің негізінде жүргізеді.

      Бір және сол адамға қатысты тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруға екі реттен артық жол берілмейді.

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру мынадай дәлелді себептермен жасалады:

      1) тегінің, атының, әкесінің атының оғаш естілуі;

      2) тегінің, атының, әкесінің атының айтылу қиындығы;

      3) егер некені мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде калса, жұбайының екіншісімен оргақ текті иемденгісі келуі;

      4) егер некені бұзу кезінде бұл туралы айтылмаса, некеге дейінгі тегін қайта алғысы келуі;

      5) кейінгі неке бұзылмаған жағдайларда бұрынғы некеден туған балаларымен бірдей текте болғысы келуі;

      6) егер жұбайы қайтыс болса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;

      7) егер жұбайы қайтыс болса, ал өтініш беруші некеге дейінгі тегінде болса, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;

      8) арыз беруші таңдаған ата-анасының бірінің ұлтына (ата-анасы әр ұлттан болғанда) сәйкес келетін текті және/немесе атын алғысы келуі;

      9) өмірде нақты қалыптасқан құжаттағы атынан ерекшеленетін атты иеленгісі келуі;

      10) егер некеге тұрған кезде зайыбының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін иеленгісі келуі;

      11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесінің немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;

      12) арыз берушіні нақты тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша тегі мен атын иеленгісі келуі;

      13) жынысын өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін текті, атты және әкесінің атын иеленгісі келуі.

256-бап. Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеу орны

      Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы өтініш, өтініш берушінің тұрған жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына беріледі.

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттік тіркеу азаматтың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

257-бап. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы өтініш

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

      1) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты;

      2) таңдаған тегі, аты, әкесінің аты;

      3) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру себебі.

258-бап. Атын, тегін және әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау мерзімдері

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы өтінішті қарауды азаматтық хал актілерін жазу органы жеке тұлғалардың өтініштерін шешу үшін белгіленген тәртіппен жүргізеді.

259-бап. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы өтінішке өтініш беруші тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын құжаттарды қоса береді. Мұндай құжаттар мыналар:

      1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;

      2) егер өтініш беруші некеде тұрса, неке қию туралы куәлік;

      3) кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі (егер өтініш берушіде кәмелетке толмаған балалары болса);

      4) бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік (егер бұлар азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелсе);

      5) некені бұзу туралы куәлік (егер өтініш беруші некені бұзуға байланысты оған некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш білдірсе);

      6) өтініш берушінің екі фотосуреті;

      7) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру себептерін түсіндіріп өз қолымен жазған өтініш берушінің толық автобиографиясы.

      Қажет болған жағдайда басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

260-бап. Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуден бас тарту

      Азаматтық хал актілерін жазу органдарының атын, тегін, әкесінің атын ауыстырудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

261-бап. Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасының мазмұны

      Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасында мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мемлекеттік тіркеуге дейінгі және кейінгі баланың тегі, аты, әкесінің аты;

      2) туған күні, жері;

      3) азаматтығы, ұлты;

      4) туған жері, туу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

      5) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы жазба негізі;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;

      7) мемлекеттік баж төлеу туралы мәліметтер;

      8) берілген күні және құжатты берген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      9) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің сериясы және нөмірі.

262-бап. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруға байланысты акт жазбасының негізінде бұл туралы оған қатысты жасалған азаматтың туу туралы акт жазбасына ғана өзгеріс енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгеріс енгізу жүргізілмейді.

      Жүргізілген тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды растау үшін белгіленген үлгіде тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік беріледі.

263-бап. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік беру

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін азаматқа тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік беріледі.

264-бап. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік

      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеуге дейінгі және кейінгі тегі, аты, әкесінің аты;

      2) туған жері, күні;

      3) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасының нөмірі және жасалған күні;

      4) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      5) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің берілген күні;

      6) куәліктің нөмірі және сериясы.

265-бап. Азаматтың тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы хабарланатын мемлекеттік органдардың ауқымы

      Азаматтың тегі, аты, әкесінің аты ауыстырылған жағдайда бұл туралы хабарлама бір апта мерзімде азаматтың тұрақты тұратын жері бойынша ішкі істер органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, прокуратураға, қаржы полициясына, салық комитетіне, сондай-ақ тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органына жіберіледі.

30-тарау. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу 266-бап. Қайтыс болудың мемлекеттік тіркеу негізі

      Қайтыс болудың мемлекеттік тіркеу ушін:

      1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;

      2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды өлді деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.

267-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны

      Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның тұрған жері немесе қайтыс болған жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.

268-бап. Қайтыс болуы туралы мәлімдеме

      1. Қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, қайтыс болған адам тұрған немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша нысанда береді.

      2. Қайтыс болу туралы мәлімдемеде мәлімдеуші өлген адам. туралы мына мәліметтерді: өлген адамның аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, соңғы тұрған жері және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күні, қайтыс болу себебі, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның аты, әкесінің аты, тегі және тұрғылықты жері көрсетіледі.

269-бап. Танылмаған адамдарды және сұралмаған мәйіттердің өлімін мемлекеттік тіркеу

      Танылмаған және сұралмаған адамдардың өлімін мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары мәйіттің орналасқан жері бойынша немесе сот-медицина сараптамасының қорытындысы берілген жері бойынша жүргізеді.

      Белгісіз (танылмаған) адамдардың өлімін мемлекеттік тіркеу кезінде қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігінде қамтылған мәліметтерді мемлекеттік тіркеу үшін қажеттілері гана енгізіледі.

      Егер соңынан қайтыс болған танылса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына қорытынды жасамастан қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және өтініш берушінің жазбаша өтінішінің негізінде енгізіледі.

270-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны

      Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері және күні, соңғы тұрған жері, жынысы, азаматтығы, ұлты (егер қайтыс болғанның жеке басын куәландыратын, ұлты туралы мәліметтер құжатта көрсетілген болса), қайтыс болған күні және жері;

      2) қайтыс болу себебі (қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде);

      3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;

      4) қайтыс болуы туралы арыз берген, арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері не органның, ұйымның немесе мекеменің атауы және заңды мекен-жайы;

      5) қайтыс болуы туралы куәліктің сериясы мен нөмірі.

271-бап. Қайтыс болу туралы куәлік

      Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері және күні, жасы, қайтыс болған күні мен жері;

      2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

      берілген күні және құжатты берген азаматтық хал актілерін жазу органының атауы;

      3) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы және нөмірі.

7-бөлім. Неке-отбасы заңнамасы нормаларының шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы 272-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері

      Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында екеуінің бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал екеуінің бірге тұратын жері болмаған жағдайда - аумағында екеуінің бірге тұрған соңғы жері болған мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді. Бұрын бірге тұрған жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

273-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау

      1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.

      2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтық хал актілерін жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне арыз беруге құқылы.

274-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері

      Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын жері болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін

275-бап. Кәмелетке толған балалардың және отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері

      Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.

276-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу

      1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жүргізіледі.

      2. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

277-бап. Азаматтық хал актілерінің жасалуын растайтын шет мемлекеттердің құжаттарын тану

      Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар консулдық ресмилендірілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

31-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 278-бап. Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңнамасын қолдану

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде көзделген нормаларды қоспағанда, басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңнамасының нормалары қолданылмайды.

279-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Кодекс оны ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат, N 9, 67-құжат; 15.08.2007 жылы "Казахстанская правда" және 15.08.2007 жылы""Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 жылғы Заңы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады