Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1293 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.21 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 669  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 277-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларында:
      мына:
      "Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған
      лицензия бергені үшін алымдар             20000 евро
 
        Ауданы мынадай еркін қойманы құруға
      арналған лицензия бергені үшін алымдар:
      1000 м2 дейін                             19000 евро
      1000м2 астам                              28000 евро"
      деген жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады