Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 12 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 53-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" деген сөздер "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады