Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 568 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 22 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы N 1041 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.10 N 1041 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 568  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 26, 249-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесінде:
      1-тармақта "техникалық" деген сөзден кейін "және есептік" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта:
      "және газды пайдаланатын үймереттерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
      "кәсіпорындағы" деген сөз "газ тораптық ұйымдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      екінші абзацта "газ сатып алушы" деген сөздер "газ сатып алуға шарт жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "кәсіпорны" деген сөз "объектісі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта:
      "кәсіпорны" деген сөз "ұйымы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "газбен жабдықтау" деген сөздер "газ шаруашылығының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "газ толтыратын бекетті," деген сөздерден кейін "газбен жабдықтау жүйесін пайдалану қызметін, оның ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "газбен жабдықтау жүйесі - газ құбырлары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, газбаллонды қондырғылар, газ құбырларындағы үймереттер, электр- химиялық коррозиядан қорғау құралдары, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ғимараттарының, қазандықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындардың, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің газ жабдықтары;";
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "газ жабдығы - газ құбырларының құрамдас элементі ретінде пайдаланылатын толық зауыттық дайын күйдегі техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, құбырлық бекітпе арматура, газ аспаптары), газды пайдаланатын қондырғылар.";
      4-тараудың тақырыбында "жасасу" деген сөзден кейін "және газ тораптық ұйымының қызметтерін беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "12-1. Табиғи монополия саласында қызметін жүзеге асыратын газ тораптық ұйымдар табиғи монополиялар саласына жатпайтын өзге қызметті табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
      12-2. Табиғи монополия саласына жатқызылған газ тораптық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу тәртібі мен шарттары табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тиісті үлгі шартпен айқындалады.
      12-3. Табиғи монополия саласына жатқызылған газ тораптық ұйымның қызметтеріне қол жеткізуге рұқсат беру табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      16-тармақта "Азаматтарға" деген сөз "Абоненттерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. СКСГ-ның шығысын есепке алу және оны тұтынғаны үшін есеп айырысу";
      21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде, топтық резервуарлық қондырғыларда газ тораптық ұйымның СКСГ-ның шығысын есепке алуы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құжатпен белгіленеді.";
      мынадай мазмұндағы 22-1, 23-1, 23-2, 23-3, 23-4, 23-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "22-1. Топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыларға бөлінген СКСГ-ның мөлшері көлемдік әдіспен анықталады және тұтынушылардың газдың коммерциялық есебін алу аспаптарының көрсеткіштерін немесе газдың коммерциялық есебін алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар пайдаланған және тұтыну нормасы бойынша есептелген газ көлемін жиынтықтау жолымен есептеледі.";
      "23-1. Тұтынушылардың оларға СКСГ-ны жеткізгені үшін есеп айырысуы заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленетін бағаларға сәйкес жүргізіледі.
      Газ толтыру станцияларынан СКСГ-ны алатын тұтынушылар үшін бағалар СКСГ-ның бір килограмы үшін белгіленеді.
      Коммерциялық есебін алу аспаптары бар тұтынушыларға бағалар СКСГ-ың бір текше метрі үшін белгіленеді.
      23-2. Тұтынушы тұтынған СКСГ үшін есеп айырысу газ тораптық ұйымның газды коммерциялық есепке алу аспаптарының мәліметтері негізінде жазып берген төлем құжаты бойынша СКСГ-ны жеткізуге арналған шарт ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      23-3. Абонентпен СКСГ-ны тұтынуды есепке алған деректер болмаған кезде, газ тораптық ұйым абоненттің газды коммерциялық есебін алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептесу арқылы тұтыну нормасы бойынша есеп айырысу жүргізеді.
      23-4. Тұтынушының кінәсінен емес және СКСГ-ны тұтынуды есепке алу деректерінің дұрыс еместігін тудырған газдың коммерциялық есебін алу аспабының бұзылуы айқындалған жағдайда, газ тораптық ұйым СКСГ-ны тұтынуды тұтыну нормасы бойынша қайта есепке алуды, бірақ алдыңғы өткен үш айдан аспайтын мерзімде жүргізеді. Егер коммерциялық есепке алуды көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаса, СКГС тұтыну есебінің тәртібі және есебін қалпына келтіру мерзімдері тұтынушы мен газ тораптық ұйым арасындағы келісім бойынша белгіленеді.
      23-5. Пәтерлерде тұрып жатқан абоненттердің санын есепке алуды газ тораптық ұйым жүзеге асырады.
      Абоненттің пәтерінде тұрып жатқан адамдар санын есепке алу тәртібін айқындайтын шарттарды абонентпен СКСГ-ны жеткізуге арналған шартқа газ тораптық ұйым енгізеді.";
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Газ толтыру пунктін жобалау кезінде тапсырыс берушімен (газ тораптық ұйыммен) авариялық өтінімдерді орындауға және тұрмыстық газ баллондарын жөндеуге қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйыммен шарт жасасу қажеттілігін ескеру керек.";
      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      "35-1. Тұтынушылардың газ жабдықтарын газ тораптық ұйымның газ құбырларына қосуы газ тораптық ұйым беретін техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі.";
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Газ жабдықтарын пайдалану кезінде тұтынушылар Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарын сақтайды.";
      мынадай мазмұндағы 8-1-бөліммен толықтырылсын:
      "8-1. Газды есепке алудың коммерциялық аспаптарын орнату және пайдалану
      38-1. СКГС тұтынушыларының газды пайдаланатын қондырғылары тұтынылған газ үшін газ тораптық ұйыммен есеп айырысу үшін газды коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі. СКСГ-ның есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есептеу аспаптары пайдаланылады.
      38-2. Газды коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген аспапқа аралық тексеру интервалына сәйкес, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына және оның есебіне күмән келтірілген жағдайда жүргізіледі.
      38-3. Газды коммерциялық есепке алудың орнатылған аспабы газдың коммерциялық есебін алу аспабының бастапқы көрсеткіштері, аспаптың маркасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілетін акті жасала отырып, СКСГ-ны тұтынушыға жеткізетін газ тораптық ұйымда міндетті тіркелуден өтеді.
      38-4. Газды коммерциялық есепке алу аспабының есептеу тетігі қаптамасының бекіткішінде тексеруге құқығы бар ұйымның пломбасы, ал газ құбырымен қосылған жерінде - газ тораптық ұйымның пломбасы болуы тиіс.
      38-5. Газды коммерциялық есепке алу аспаптарының техникалық сипаттамалары газды пайдаланатын жабдықтардың зауыттық паспорттарында көрсетілген техникалық деректермен салыстырмалы болуы тиіс.
      38-6. Абоненттердің газды: коммерциялық есепке алу аспаптары газ тораптық ұйымның қызметкерлері оларды байқау үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін жерлерге орналастырылады.
      38-7. Газды коммерциялық есепке алу аспабын және пломбасын қарау мақсатында, сондай-ақ СКСГ-ны жеткізуге арналған шарт ережелерін абоненттің орындауы мәніне газ тораптық ұйымның өкілі абонентке барады және СКСГ-ны жеткізуге арналған шартта белгіленген тәртіппен газ тораптық ұйымның өкілі және абонент (оның өкілі) қол қоятын актіні ресімдейді.
      Акті абоненттің қол қоюдан бас тартқан кезінде де, бірақ оны газ тораптық ұйымның және/немесе кондоминиумды басқару органының өкілдерінен тұратын құрамында кемінде үш адам бар комиссия ресімдеген, сондай-ақ абоненттің (оның өкілінің) қол қоюдан бас тартқаны туралы жеке актіні ресімдеген жағдайда жарамды деп есептеледі. Бас тартқаны туралы актіге газ тораптық ұйымның өкілі және абонент (оның өкілі) қол қояды.".
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2003 года № 568

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 января 2008 года № 22. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2012 года № 1041

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2012 № 1041 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2003 года N 568 "Об утверждении Правил поставки, транспортировки и реализации природного газа, Правил поставки, перевозки и пользования сжиженными углеводородными газами" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 26, ст. 249) следующие дополнения и изменения:
      в Правилах поставки, перевозки и пользования сжиженными углеводородными газами, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 после слова "технической" дополнить словами "и учетной";
      в пункте 5:
      cлова "и газоиспользующих установок" исключить;
      слова "на предприятии" заменить словами "в газосетевой организации";
      в пункте 7:
      в абзаце втором слова "покупающее газ" заменить словами "заключившее договор на покупку газа";
      в абзаце пятом слово "предприятие" заменить словом "объект";
      в абзаце седьмом:
      слово "предприятие" заменить словом "организация";
      слово "газоснабжения" заменить словами "газового хозяйства";
      после слов "газонаполнительный пункт," дополнить словами "службу эксплуатации системы газоснабжения, в том числе";
      абзац тринадцатый изложить в следующей редакции:
      "система газоснабжения - газопроводы, газонаполнительные станции, газонаполнительные пункты, групповые резервуарные установки, газобаллонные установки, сооружения на газопроводах, средства защиты от электрохимической коррозии, газовое оборудование зданий промышленных и сельскохозяйственных предприятий, котельных, предприятий бытового обслуживания, общественных зданий и жилых домов;";
      дополнить абзацем пятнадцатым следующего содержания:
      "газовое оборудование - технические изделия полной заводской готовности (компенсаторы, конденсатосборники, арматура трубопроводная запорная, газовые приборы), используемые в качестве составных элементов газопроводов, газоиспользующие установки.";
      заголовок главы 4 дополнить словами "и предоставления услуг газосетевой организацией";
      дополнить пунктами 12-1, 12-2 и 12-3 следующего содержания:
      "12-1. Газосетевые организации, осуществляющие деятельность в сфере естественной монополии, осуществляют иную деятельность, не относящуюся к сфере естественной монополии, согласно законодательства о естественных монополиях.
      12-2. Порядок и условия оплаты услуг газосетевой организации, отнесенных к сфере естественной монополии, определяются соответствующим типовым договором на предоставляемые услуги (товары, работы), относящиеся к сфере естественной монополии.
      12-3. Предоставление доступа к услугам газосетевой организации, отнесенным к сфере естественной монополии, осуществляется в порядке, установленном законодательством о естественных монополиях.";
      в пункте 16 слово "гражданам" заменить словом "абонентам";
      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Учет расхода СУВГ и расчет за его потребление";
      пункт 21 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Учет расхода СУВГ газосетевой организацией на газонаполнительных станциях, газонаполнительных пунктах, в групповых резервуарных установках устанавливается нормативным документом, утвержденным уполномоченным органом.";
      дополнить пунктами 22-1, 23-1, 23-2, 23-3, 23-4, 23-5 следующего содержания:
      "22-1. Количество отпущенного СУВГ из групповой резервуарной установки потребителям, определяется объемным методом и рассчитывается путем суммирования показателей приборов коммерческого учета газа потребителей или при отсутствии приборов коммерческого учета газа, количества газа, использованного потребителями и рассчитанного по норме потребления.";
      "23-1. Расчеты потребителей за поставленный им СУВГ производятся в соответствии с ценами, определяемыми в установленном законодательством порядке.
      Для потребителей, получающих СУВГ с газонаполнительных станций, цены определяются за один килограмм СУВГ.
      Для потребителей, имеющих приборы коммерческого учета, цены определяются за один метр кубический СУВГ.
      23-2. Расчеты за потребленный СУВГ потребителем производятся по платежному документу, выписанному газосетевой организацией на основании данных приборов коммерческого учета газа, согласно условиям договора на поставку СУВГ.
      23-3. При отсутствии данных учета потребления СУВГ абонентом, газосетевая организация производит расчет по норме потребления с последующим перерасчетом по фактическим данным прибора коммерческого учета абонента.
      23-4. В случае выявления неисправности прибора коммерческого учета газа, возникшей не по вине потребителя и вызвавшей недостоверность данных учета потребления СУВГ, газосетевая организация производит перерасчет потребления СУВГ по норме потребления, но не более, чем за три предыдущих месяца. В случае, если коммерческий учет невозможно восстановить в указанный срок, порядок расчета потребления СУВГ и сроки восстановления учета устанавливаются по соглашению между потребителем и газосетевой организацией.
      23-5. Учет количества проживающих в квартирах абонентов осуществляет газосетевая организация.
      Условия, определяющие порядок учета количества лиц, проживающих в квартире абонента, включаются газосетевой организацией в договор на поставку СУВГ с абонентами.";
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      "27. При проектировании газонаполнительного пункта, следует учесть необходимость заключения заказчиком (газосетевой организацией) договора на выполнение аварийных заявок и на ремонт бытовых газовых баллонов с организацией, имеющей лицензию на данный вид деятельности.";
      дополнить пунктом 35-1 следующего содержания:
      "35-1. Подключение газового оборудования потребителей к газопроводам газосетевой организации производится в соответствии с техническими условиями, выдаваемыми газосетевой организацией.";
      пункт 38 изложить в следующей редакции:
      "38. При эксплуатации газового оборудования потребителями соблюдаются требования Правил безопасности в газовом хозяйстве.";
      дополнить разделом 8-1 следующего содержания:
      "8-1. Установка и эксплуатация коммерческих приборов учета газа
      38-1. Газоиспользующие установки потребителей СУВГ обеспечиваются необходимыми приборами коммерческого учета газа для расчетов за потребленный газ с газосетевой организацией. Для учета СУВГ используются приборы учета, типы которых внесены в реестр государственной системы обеспечения единства измерений Республики Казахстан.
      38-2. Поверка приборов коммерческого учета газа производится в соответствии с межповерочным интервалом на прибор, указанным в реестре государственной системы обеспечения единства измерений Республики Казахстан, а также в случае сомнения в правильности их показаний по заявлению одной из заинтересованных сторон и за ее счет.
      38-3. Установленный прибор коммерческого учета газа проходит регистрацию в газосетевой организации, поставляющей СУВГ потребителю, с составлением акта, в котором указываются начальные показания прибора коммерческого учета газа, марка прибора и другие необходимые сведения.
      38-4. Прибор коммерческого учета газа должен иметь на креплении кожуха счетного механизма пломбу организации, имеющей право поверки, а на соединении с газопроводом - пломбу газосетевой организации.
      38-5. Технические характеристики приборов коммерческого учета газа должны быть сопоставимы с техническими данными газоиспользующего оборудования, указанными в их заводских паспортах.
      38-6. Приборы коммерческого учета газа абонентов располагаются в местах, обеспечивающих беспрепятственный доступ для их осмотра работником газосетевой организации.
      38-7. В целях осмотра прибора коммерческого учета газа и пломб, а также обследования на предмет выполнения абонентом условий договора на поставку СУВГ представитель газосетевой организации посещает абонента и оформляет акт в установленном договором на поставку СУВГ порядке, подписываемый представителем газосетевой организации и абонентом (его представителем).
      Акт считается действительным при отказе абонента от подписи, но при условии оформления его комиссией, состоящей из представителей газосетевой организации и/или органа управления кондоминиума, в составе не менее трех человек, а также оформления отдельного акта об отказе абонента (его представителя) от подписи. Акт об отказе подписывается представителем газосетевой организации и абонентом (его представителем).".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан