"Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 6 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 қаулысына (1999 жылғы 20 желтоқсандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумы" деген сөздер "Жоғарғы Сотының" деген сөздермен, "қаулысына" деген сөз "нормативтік қаулысына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта :

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 307-бабына ескертпелерде ұғымдары берілген тұлғалар заң бойынша пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілсін.";

      екінші абзацтағы "лауазымды" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 3-тармақтағы "лауазымды" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 4-тармақтағы "басқа лауазымды" деген сөздер "ҚК-нің 307-бабына ескертпелерде көрсетілген басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-тармақтың екінші абзацындағы "атқарған лауазымды" деген сөздер "атқарған ҚК-нің 307-бабына ескертпелерде көрсетілген адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 6-тармақта :

      бірінші абзацтағы "лауазымды адам" деген сөздер тиісінше "пара алу субъектісі" деген сөздермен, "бір лауазымды адамның" деген сөздер "пара алу субъектілерінің біреуі" деген сөздермен, "бірнеше лауазымды адамның" деген сөздер "пара алудың бірнеше субъектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "лауазымды" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзацтағы "Лауазымды емес кісімен" деген сөздер "Пара алу субъектісі болып табылмайтын адаммен" деген сөздермен ауыстырылсын, "лауазымды" деген сөз алып тасталсын;

      8) 7-тармақтағы "лауазымды адамдар тобына", "әр лауазымды адам", "бір лауазымды адамға", "бірнеше лауазымды адамның" деген сөздер тиісінше "пара алу субъектілері тобына", "пара алудың әр субъектісі", "пара алудың бір субъектісіне", "пара алудың бірнеше субъектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 8-тармақтағы "Лауазымды" деген сөз алып тасталып, "адамның" деген сөз бас әріппен жазылсын;

      10) 9-тармақта :

      екінші сөйлемдегі "ірі мөлшердегі" деген сөздер "ірі немесе аса ірі мөлшердегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Параның ірі немесе аса ірі мөлшері ұғымы ҚК-нің 311-бабына ескертпелердің 1 және 3-тармақтарында берілген.";

      11) 10-тармақта :

      бірінші абзацтағы "Лауазымды" деген сөз алып тасталып, "адамның" деген сөз бас әріппен жазылсын;

      екінші абзацтағы "лауазымды адам" деген сөздер "парақорлықтың субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 11-тармақта :

      бірінші абзацтағы "Лауазымды адам" деген сөздер "Пара алу субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Лауазымды" деген сөз алып тасталып, "адамға" деген сөз бас әріппен жазылсын;

      үшінші абзацтағы "лауазымды" деген сөз алып тасталсын;

      13) 12-тармақтағы "N 2 ескертудегі" деген сөздер "ескертудің 4-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 13-тармақ алып тасталсын;

      15) 15-тармақта :

      бірінші абзацтағы "параның көп мөлшері" деген сөздер "параның ірі, аса ірі мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы ", парақорлық үшін сотталғандығы" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 16-тармақтағы "лауазымды" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 18-тармақ алып тасталсын;

      18) 19-тармақтың бірінші және екінші абзацтары алып тасталсын;

      19) 20-тармақтың бірінші абзацы алып тасталсын;

      20) 20-2-тармақтағы "Пленумының" деген сөз "нормативтік қаулысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ҚР" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


О внесении изменений и дополнений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 1995 года № 9 "О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество"

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 6. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 8

      Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда РК от 27.11.2015 № 8 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В связи с изменением законодательства пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

постановляет :

      1. Внести в постановление Пленума Верховного Республики Казахстан от 22 декабря 1995 года № 9 «О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество» (с изменениями от 20 декабря 1999 года) следующие изменения и дополнения:
      1) в заголовке слова «Постановление Пленума» заменить словами «Нормативное постановление»;
      2) в преамбуле слово «Пленум» заменить словами «пленарное заседание»;
      3) в пункте 1:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      «Разъяснить, что в силу закона к уголовной ответственности за получение взятки подлежат лица, понятие которых дано в примечаниях к статье 307 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее - УК).»;
      в абзаце втором слова «должностных», «должностными» исключить;
      4) в пункте 3 слова «должностным» исключить;
      5) в пункте 4 слово «должностному» заменить словами «, указанному в примечаниях к статье 307 УК,»;
      6) в абзаце втором пункта 5 слово «Должностное» заменить словами «Лицо, указанное в примечаниях к статье 307 УК,»;
      7)  в пункте 6:
      в абзаце первом слова «должностных лица», «должностных лиц» заменить соответственно словами «субъекта получения взятки», «субъектов получения взятки»;
      в абзаце третьем слова «Должностное», «должностным» исключить, слово «лицо» написать с заглавной буквы;
      в абзаце четвертом слово «должностного» исключить, слово «должностным» заменить словами «субъектом получения взятки»;
      8) в пункте 7 слова «должностных лиц», «должностному лицу», «должностными лицами», «каждое должностное лицо» заменить соответственно словами «субъектов получения взятки», «субъекту получения взятки», «субъектами получения взятки», «каждый субъект получения взятки»;
      9) в пункте 8 слово «должностным» исключить;
      10) в пункте 9:
      в предложении втором после слов «крупном» дополнить словами «или особо крупном»;
      предложение третье изложить в следующей редакции:
      «Понятия крупного и особо крупного размеров взятки даны в пунктах 1 и 3 примечаний к статье 311 УК.»;
      11) в пункте 10:
      в абзаце первом слово «должностным» исключить;
      в абзаце втором слова «должностным лицом» заменить словами «субъектом взяточничества»;
      12) в пункте 11:
      в абзаце первом слова «должностного лица» заменить словами «субъекта получения взятки»;
      в абзацах втором и третьем слова «должностному», «должностным» исключить;
      13) в пункте 12 слова «в примечании № 2» заменить словами «в пункте 4 примечаний»;
      14) пункт 13 исключить;
      15) в пункте 15:
      в абзаце первом после слова «крупный» дополнить словами «, особо крупный»;
      в абзаце втором слова «, судимость за взяточничество» исключить;
      16) в пункте 16 слова «должностному», «должностное» исключить;
      17) пункт 18 исключить;
      18) абзацы первый и второй пункта 19 исключить;
      19) абзац первый пункта 20 исключить;
      20) в пункте 20-2:
      слово «Пленума» заменить словами «нормативного постановления»;
      слово «РК» заменить словами «Республики Казахстан».
      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.     

       Председатель Верховного Суда
      Республики Казахстан                       К. Мами

      Судья Верховного Суда
      Республики Казахстан,
      секретарь пленарного заседания             Ж. Баишев