Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 111 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының  11-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 6 ақпандағы   
N 111 қаулысымен     
бекітілген        

  Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік
қамсыздандыру объектілерін ұстауға 2008 жылға арналған
республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесі

      1. Осы Ереже "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 018 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ағымдағы нысаналы трансферттердің қаражатын пайдалану туралы есептерді ұсынады.
      5. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні пайдалануға беру актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады.
      6. Ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға, атап айтқанда: жалақыға, өтемақы төлемдеріне (еңбек демалысында сауықтыруға арналған материалдық көмекке), әлеуметтік салыққа және әлеуметтік бөлуге, тамақтандыруға, дәрі-дәрмектерге, елдің ішіндегі іссапарлар мен қызметтік шығуларға, басқа да материалдарға (ЖЖМ-ға, шаруашылық тауарларына, кеңселік тауарларға, жазылымға), коммуналдық қызмет төлеміне, байланыс қызметі төлеміне, электр қуаты үшін төлемге, жылыту үшін төлемге, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналарына, ұстауға, қызмет көрсетуге, ғимараттарды, үй-жайларды ағымдағы жөндеуге, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеуге, басқа да қызметтер мен жұмыстарға, басқа да ағымдағы шығындарға пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады