Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 130 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығы.

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі N 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 26, 276-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі





  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2008 жылғы 11 ақпандағы
  N 130 қаулысымен
  бекітілген

Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және өнімнің транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімнің (бұдан әрі - өнім) транзитіне рұқсат беруді экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Осы Ережеде белгіленген талаптар өнімнің транзитіне байланысты Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына, шетелдік заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) қолданылады.

2. Өтінішті және рұқсат алу үшін қажетті
құжаттарды беру тәртібі

      4. Рұқсат алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

      2) заңды тұлға үшiн – өтiнiш берушiнi заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк* немесе анықтама, дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

      ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.

      3) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері бойынша уәкілетті органының өнімді шығаруға рұқсатының болуы туралы берген құжат;

      4) өтініш беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнімнің транзитіне байланысты қызметті жүзеге асыруға құқықты растайтын құжат;

      5) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ ТН) бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бақылау тізім бойынша кодтарын көрсете отырып, өнімнің номенклатурасы мен көлемі (заттай және құндық мәндегі) қоса берілген өнімді жеткізуге арналған келісім-шарт;

      6) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру полисі;

      7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі құзыретті органдар рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілерін бұзу айқындалған жағдайда өтініш беруші тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажетті әрекеттеріне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтіру және/немесе экспорт мемлекетіне жүкті қайтару қажеттігіне байланысты шығыстарды өтеуге кепілдікті растайтын құжат;

      8) өтініш берушінің транзитпен алып өтілетін өнімді физикалық қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенін растайтын құжаттың және физикалық қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға құқығын растайтын құжат;

      9) егер жүк алушыға жүкті беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, өнімді жүк жөнелтушінің бұл жүкті қайтадан қабылдауға келісімін растайтын құжат;

      10) өтініш берілген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыттарын, кіру және шығу шекаралық пункттерін, көлік түрін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат.

      2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерде беріледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Егер шетел мемлекетінің мемлекеттік органы өтініш беруші болып әрекет еткен жағдайда:

      1) осы Ереженің 4-тармағының 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      2) осы Ереженiң 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған жағдайда жіберілетін елдің және/немесе жөнелтетін елдің заңнамасында көзделген өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль қою туралы талаптар сақтала отырып ұсынылады.

      7. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өнімді заңсыз алып өтуді болдырмау және оның жолын кесу мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік органдарға қатысты бөлігінде, осы Ереженің 8-тармағына сәйкес осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін келісуге жібереді.

      8. Мемлекеттік органдар он күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, уәкілетті орган жіберген құжаттарды мынадай номенклатура бойынша қарайды:

      1) Қазақстан Республикасының қорғаныс және қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдарында - жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      2) Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды реттеу саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарында - ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      3) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия мен атом өнеркәсібі саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарында - экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар;

      4) Қазақстан Республикасының ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органында - тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейтін бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері;

      5) аэроғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органда - тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейтін зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар;

      6) Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы уәкілетті органында - әскери мақсаттағы өнімге және екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және зияткерлік қызметтің нәтижелері.

      9. Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      10. Мемлекеттік органдардың ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      11. Ұсынылатын мәліметтердің растығы үшін жауапкершілік өтініш берушіге жүктеледі.

      12. Рұқсат беру туралы шешім осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

3. Рұқсат беру

      13. Транзитке рұқсат өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан СЭҚ ТН-ге сәйкес кемінде он белгіден тұратын деңгейдегі кодты көрсете отырып, тауардың бір түріне беріледі.

      14. Транзитке рұқсат өтініш берушіге рұқсат берілген күннен бастап бір күнтізбелік жылға арналған мерзімге олардың бір транзит операциясын жүзеге асыруы үшін беріледі.

      Егер өнім транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда транзитке рұқсат автоматты түрде жойылады.

      15. Уәкілетті орган аумақтық кеден органдарын хабардар етуге арналған рұқсатты куәландыратын мөрлердің бедерлерін және уәкілетті тұлғалар қолдарының үлгілерін кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынады және уәкілетті тұлғалар өзгерген жағдайда, үш күнтізбелік күн ішінде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға хабарлайды.

      16. Уәкілетті орган үш күн мерзімде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға транзитке берілген рұқсаттардың көшірмелерін жібереді.

      17. Транзитке берілген рұқсат басқа заңды және жеке тұлғаға берілмейді.

4. Рұқсат беруден бас тарту

      18. Уәкілетті орган мынадай:

      1) осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған немесе өтініш дұрыс толтырылмаған;

      2) өтініш беруші рұқсат алу үшін көрсеткен мәліметтердің растығы анықталмаған;

      3) мемлекеттік органдардың бірі келісуден бас тартқан;

      4) егер баратын елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынған жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.

      Рұқсат беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      Егер рұқсат осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы әрекеттерге шағым жасауға құқылы.


  Ережеге
  1-қосымша

      1-данасы - өтініш берушіге

      2-данасы - экспорттаушы елге

      3-данасы - кеден органына

      4-данасы - уәкілетті органға

Транзитке
РҰҚСАТ

1. Рұқсат N


2. Өтініш беруші (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны)


3. Жүк жөнелтуші (заңды және іс

жүзіндегі мекен-жайы, телефоны)


6. Жүк жөнелтушінің елі


4. Жүк алушы (заңды және іс

жүзіндегі мекен-жайы, телефоны)


7. Баратын елі


5. Өтініш берушінің елі


8. Қолданылу мерзімі ұзартылуы


9. Қазақстан Республикасының кеден

органы:

әкелу

әкету


10. Көлік түрі


11. Төлем валютасы


12. Тауардың

атауы және то-

лық сипаттамасы


13. Тауардың СЭҚ ТН

бойынша коды


15. Өлшем

бірлігі


17. Жалпы құны

(мың):

төлем

валютасымен,

теңгемен,

доллармен (USD)


14. Тауардың бақы-

лау тізімдері

бойынша коды


16. Саны


18. Рұқсат сұрау үшін негіз (келі-

сім-шарттың, шарттың N, оған қол

қойылған күні)


19. Келісілді


20. Өтініш беруші ұйымнан (Т.А.Ә.,

лауазымы, қолы, МО, күні)


21. Уәкілетті орган

Өтініш 200 ж. " " қарауға қабылданды


22. Сақтандыру полистерінің нөмірлері, сақтандыру компаниясының

атауы


23. Рұқсаттың ерекше шарттары




  Ережеге
  2-қосымша

Өнімнің транзитіне рұқсат беруге
арналған өтініш

1. Рұқсат N


2. Өтініш беруші (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны)


3. Жүк жөнелтуші (заңды және іс

жүзіндегі мекен-жайы, телефоны)


6. Жүк жөнелтушінің елі


4. Жүк алушы (заңды және іс

жүзіндегі мекен-жайы, телефоны)


7. Баратын елі


5. Өтініш берушінің елі


8. Қолданылу мерзімі ұзартылуы


9. Қазақстан Республикасының кеден

органы:

әкелу

әкету


10. Көлік түрі


11. Төлем валютасы


12. Тауардың

атауы және то-

лық сипаттамасы


13. Тауардың СЭҚ ТН

бойынша коды


15. Өлшем

бірлігі


17. Жалпы құны

(мың):

төлем

валютасымен,

теңгемен,

доллармен (USD)


14. Тауардың бақы-

лау тізімдері

бойынша коды


16. Саны


18. Рұқсат сұрау үшін негіз (келі-

сім-шарттың, шарттың N, оған қол

қойылған күні)


19. Келісілді


20. Өтініш беруші ұйымнан (Т.А.Ә.,

лауазымы, қолы, МО, күні)


21. Уәкілетті орган

Өтініш 200 ж. " "

қарауға қабылданды


22. Сақтандыру полистерінің нөмірлері, сақтандыру компаниясының

атауы


23. Рұқсаттың ерекше шарттары



Об утверждении Правил выдачи разрешения на транзит продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2008 года N 130. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 901.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016 № 901 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 384.
 

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "Об экспортном контроле" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешения на транзит продукции.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2006 года N 674 "Об утверждении Правил транзита продукции, подлежащей экспортному контролю" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 26, ст. 276).

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 9 февраля 2008 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 11 февраля 2008 года N 130

Правила
выдачи разрешения на транзит продукции

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи разрешения на транзит продукции (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "Об экспортном контроле" и определяют порядок выдачи разрешения на транзит продукции.

      2. Выдача разрешения на транзит продукции, подлежащей экспортному контролю (далее - продукция), осуществляется уполномоченным органом, осуществляющим государственное регулирование в области экспортного контроля (далее - уполномоченный орган) согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      3. Требования, установленные настоящими Правилами, распространяются на всех юридических и физических лиц Республики Казахстан, иностранных юридических и физических лиц, связанных с транзитом продукции (далее - заявитель).

  2. Порядок подачи заявления и документов,
необходимых для получения разрешения

      4. Для получения разрешения заявитель представляет следующие документы:

      1) заявление установленного образца согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) свидетельство* или справку о государственной регистрации заявителя в качестве юридического лица – для юридического лица, копию свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве индивидуального предпринимателя – для индивидуального предпринимателя;
      примечание: * свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица.

      3) документ, выданный уполномоченным органом по вопросам экспортного контроля страны экспортера, о наличии разрешения на вывоз продукции;

      4) документ, подтверждающий право на осуществление деятельности в соответствии с законодательством государства заявителя, связанной с транзитом продукции;

      5) контракт на поставку продукции с приложением номенклатуры и объема продукции (в физическом и стоимостном выражении) с указанием кодов по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности (далее - ТН ВЭД) и контрольному, списку, утвержденному Правительством Республики Казахстан;

      6) договор страхования гражданско-правовой ответственности или страховой полис в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      7) документ, подтверждающий гарантию со стороны заявителя возмещения расходов, связанных с проведением проверки реальных условий перевозки, а также с вероятным временным хранением, обратной перевозкой, экспертизой и другими необходимыми действиями исполнительных органов в случае выявления нарушения действующих нормативных актов Республики Казахстан, включая условия действия разрешения компетентных органов Республики Казахстан по ядерной и радиационной безопасности, а также расходов, связанных с необходимостью приведения выявленных отклонений в соответствие с требованиями законодательства и/или возвращением груза в государство экспорта;

      8) документ, подтверждающий обеспечение заявителем осуществления физической защиты продукции, перемещаемой транзитом, и документ, подтверждающий право на осуществление охранной деятельности юридических или физических лиц, осуществляющих физическую защиту;

      9) документ, подтверждающий согласие грузоотправителя продукции принять эти грузы обратно в случае, если передача груза грузополучателю окажется невозможной по независящим от него причинам;

      10) документ, подтверждающий согласование маршрутов движения, пограничных пунктов въезда и выезда, вида транспорта с уполномоченным органом в области транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, при осуществлении заявленной транзитной перевозки.
      Документы, указанные в подпунктах 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) и 9) представляются с официальным переводом на государственный язык Республики Казахстан или русский язык, а также в нотариально засвидетельствованных копиях, за исключением подпунктов 7) и 9).
      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 26.02.2014 № 155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. В случае если заявителем выступает государственный орган иностранного государства:

      1) представление документов, указанных в подпунктах 2), 4), 6) и 7) пункта 4 настоящих Правил, не требуется;

      2) при отсутствии контракта, указанного в подпункте 5) пункта 4 настоящих Правил, представляются иные документы, обосновывающие необходимость поставки продукции, предусмотренные законодательством страны назначения и/или страны отправителя.
      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 26.02.2014 № 155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Документы, указанные в пунктах 4 и 5 настоящих Правил представляются с соблюдением требования о консульской легализации или проставления апостиля в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      7. Уполномоченный государственный орган в целях предупреждения и пресечения незаконного перемещения продукции через таможенную границу Республики Казахстан направляет в государственные органы на согласование копии документов, указанных в пунктах 4 и 5 настоящих Правил, в касающейся их части, в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил.

      8. Государственные органы в течение десяти календарных дней рассматривают направленные уполномоченным органом документы, указанные в пунктах 4 и 5 настоящих Правил по следующей номенклатуре:

      1) обычное вооружение и военная техника, сырье, материалы, специальное оборудование и технологии, работы и услуги, связанные с их производством - в уполномоченных органах в области обороны и охраны общественного порядка, обеспечения общественной безопасности и борьбы с преступностью Республики Казахстан;

      2) ядерные и специальные неядерные материалы, оборудование, установки, технологии, источники ионизирующего излучения, оборудование и соответствующие товары и технологии двойного применения (назначения), работы и услуги, связанные с их производством - в уполномоченных органах в области обеспечения режима нераспространения ядерного оружия и регулирования безопасного использования атомной энергии и в области обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) химикаты, товары и технологии двойного применения, которые могут быть использованы при создании химического оружия по спискам, перечням, устанавливаемым международными режимами экспортного контроля - в уполномоченных органах в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, ветеринарии, защиты и карантина растений, энергетики, включая атомную, минеральных ресурсов, нефтехимической и атомной промышленности и в области обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан;

      4) возбудители заболеваний, их генетически измененные формы и фрагменты генетического материала, которые могут быть использованы при создании бактериологического (биологического) и токсинного оружия, списки, перечни, которых устанавливаются международными режимами экспортного контроля - в уполномоченном органе в области ветеринарии, защиты и карантина растений, санитарно-эпидемиологического благополучия населения и в области обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан;

      5) ракетная техника, двигатели, их компоненты, оборудование, материалы и технологии, применяющиеся при создании ракетной техники, списки, перечни, которых устанавливаются международными режимами экспортного контроля - в уполномоченном органе в области аэрокосмической деятельности;

      6) научно-техническая информация, услуги и результаты интеллектуальной деятельности, связанные с продукцией военного назначения и технологиями двойного применения (назначения) - в уполномоченном органе в области образования и науки Республики Казахстан.

      9. Государственные органы информируют уполномоченный государственный орган о результатах рассмотрения.

      10. По итогам рассмотрения представленных документов государственными органами, уполномоченный государственный орган принимает решение о выдаче разрешения или об отказе в его выдаче.

      11. Ответственность за достоверность представляемых сведений возлагается на заявителя.

      12. Решение о выдаче разрешения принимается в течение 30 календарных дней со дня представления документов, указанных в пунктах 4, 5 настоящих Правил в уполномоченный орган.

3. Выдача разрешения

      13. Разрешение на транзит выдается на один вид товара в соответствии с ТН ВЭД с указанием кода на уровне не менее десяти знаков, независимо от количества и номенклатуры продукции.

      14. Разрешение на транзит выдается заявителю для осуществления им одной транзитной операции сроком на один календарный год, начиная со дня выдачи разрешения.
      Если транзит продукции не осуществлен в указанный срок, то разрешение на транзит аннулируется автоматически.

      15. Уполномоченный орган представляет уполномоченному органу, осуществляющему государственное регулирование в сфере таможенного дела оттиски печатей и образцы подписей уполномоченных лиц, заверяющих разрешения, для информирования территориальных таможенных органов и, в случае изменения уполномоченных лиц, в течение трех календарных дней уведомляет уполномоченный орган, осуществляющий государственное регулирование в сфере таможенного дела.

      16. Уполномоченный орган направляет в трехдневный срок копий выданных разрешений на транзит уполномоченному органу, осуществляющему государственное регулирование в сфере таможенного дела.

      17. Выданное разрешение на транзит не может быть передано другому юридическому и физическому лицу.

4. Отказ в выдаче разрешения

      18. Уполномоченный орган отказывает в выдаче разрешения в случаях:

      1) представления неполного пакета документов, указанных в пунктах 5 и 6 настоящих Правил, или неправильного заполнения заявления;

      2) выявления недостоверности сведений, указанных заявителем для получения разрешения;

      3) отказа в согласовании одного из государственных органов;

      4) если на страну назначения или на страну отправителя наложены санкции Республики Казахстан, международных организаций и отдельных государств, в отношении которых Республика Казахстан приняла обязательства по их соблюдению в данной сфере.
      При отказе в выдаче разрешения заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи разрешения.
      Если разрешение не выдано в установленный настоящими Правилами срок или отказ в выдаче разрешения представляется заявителю необоснованным, он вправе обжаловать эти действия в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1
к Правилам

1 экз. - заявителю
2 экз. - стране-экспортеру
3 экз. - таможенному органу
4 экз. - уполномоченному органу

                    Разрешение на транзит

1. Разрешение N

2. Заявитель (юридический и фактический адреса, телефон)

3. Грузоотправитель
(юридический и фактический
адреса, телефон)

6. Страна грузоотправителя

4. Грузополучатель
(юридический и фактический
адреса, телефон)

7. Страна назначения

5. Страна заявителя

8. Срок действия
продление

9. Таможенный орган
Республики Казахстан
ввоза
вывоза

10. Вид транспорта

11. Валюта платежа

12. Наименование и полная
характеристика товара

13. Код
товара по
ТН ВЭД

15. Единица
измерения

17. Общая
стоимость

тысячах)
в: валюте
платежа,
тенге,
долларах
(USD)

14. Код
товара по
контроль-
ным
спискам

16. Коли-
чество

18. Основание для запроса
разрешения (N контракта,
договора, инвойса, дата его
подписания)

19. Согласовано

20. От организации-заявителя
(Ф.И.О., должность, подпись,
МП, дата)

21. Уполномоченный орган
Заявление принято к
рассмотрению
"__" __________ 200_ г.

22. Номера страховых полисов, наименование страховой
компании

23. Особые условия разрешения

Приложение 2
к Правилам

        Заявление на разрешение на транзит продукции

1. Разрешение N

2. Заявитель (юридический и фактический адреса, телефон)

3. Грузоотправитель
(юридический и фактический
адреса, телефон)

6. Страна грузоотправителя

4. Грузополучатель
(юридический и фактический
адреса, телефон)

7. Страна назначения

5. Страна заявителя

8. Срок действия
продление

9. Таможенный орган
Республики Казахстан
ввоза
вывоза

10. Вид транспорта

11. Валюта платежа

12. Наименование и полная
характеристика товара

13. Код
товара по
ТН ВЭД

15. Единица
измерения

17. Общая
стоимость
(в тысячах)
в: валюте
платежа,
тенге,
долларах
(USD)

14. Код
товара по
контрольным
спискам

16. Количество

18. Основание для запроса
разрешения (N контракта,
договора, инвойса, дата его
подписания)

19. Согласовано

20. От организаци-заявителя
(Ф.И.О., должность, подпись,
МП, дата)

21. Уполномоченный орган
Заявление принято к рассмотрению
"__" __________ 200_ г.

22. Номера страховых полисов, наименование страховой компании

23. Особые условия разрешения