Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 180 Қаулысы

      2007 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге қоса берілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қаржы ережелерінің 2-бабы b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды қаржыландыруды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында, халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1738 (2011.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 21 ақпандағы    
N 180 қаулысымен       
бекітілген         

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды
тұлғаларды ұстауға арналған
шығыстар сметасы

      Ескерту. Шығыстар сметасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 211 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Шығыстардың атауы

Шығыстардың сомасы
(АҚШ долларымен)

1.

Жалақы:
1) атқарушы директордың орынбасары
   (2850 х 12 айға)
2) кәсіби персоналдың мүшесі
   (2700 х 12 айға)
3) кәсіби персоналдың мүшесі
   (2700 х 12 айға)

99000

2.

Тұрғын үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу:
1) атқарушы директордың орынбасары
   (1500 х 12 айға)
2) кәсіби персоналдың мүшесі
   (1000 х 12 айға)
3) кәсіби персоналдың мүшесі
   (1000 х 12 айға)

42000


Барлығы

141000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады