2008 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен қызмет көрсету көзделген мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 ақпандағы N 186 Қаулысы

      "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған 2008 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен қызмет көрсету көзделген мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 25 ақпандағы
N 186 қаулысымен  
бекітілген   

  2008 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу
мен қызмет көрсету көзделген мемлекеттік кепілдіктермен
қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз
алушылардың тізбесі

      1. "Рахат" қазақ-австрия бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
      2. "Айт-Отель" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
      3. "Отель Астана" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
      4. "Окан Қазинтер" қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы.
      5. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттік акционерлік компаниясы.
      6. "Өнеркәсіппластмасса" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады