Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 204 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 28 ақпандағы
N 204 қаулысымен  
бекітілген    

  Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен
мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды
субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) көзделген қаражат есебінен және шегінде құрама азықтың (құнарлы жемшөптің) құнын арзандату арқылы, мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру үшін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.

      2. Субсидиялар сиыр етін, шошқа етін, қой етін, бройлерлік құс етін (бұдан әрі - тауық еті), жұмыртқалағыш кростың құс жұмыртқасын (тағамдық жұмыртқа) (бұдан әрі - жұмыртқа) және сүтті өндіру мен сатуды ынталандыру, жануарлардың өнімділігін, өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ірі қара малды, шошқаны, қойды және құсты бордақылау (азықтандыру) кезінде пайдаланылатын құрама азықтың (құнарлы жемшөптің (бұдан әрі - құнарлы жемшөп) құнын 45%-ға дейін ішінара арзандатуға арналады.
      Сиыр етін, шошқа етін, қой етін, құс етін, жұмыртқаны және сүтті өндіруге маманданған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) құрама азықты (құнарлы жемшөп) арзандатуға арналған субсидиялар төлеу ішкі рынокта сатылған сиыр етінің, шошқа етінің, қой етінің, құс етінің сойыс салмағында, жұмыртқаның және қайта өңдеу кәсіпорындарының сүтіне, (жеке қайта өңдеу цехтарын қоса алғанда) және (немесе) сауда объектілеріне, оның ішінде жеке, сондай-ақ ауруханаларға, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге (сүт өнімін қоспағанда) іс жүзіндегі көлемі үшін жүргізіледі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Субсидия:
      ірі қара малды бордақылаумен айналысатын және бордақылау үшін құрама азықты (құнарлы жемшөпті) пайдаланатын, сиыр етін өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға;
      азықтандыруда құрама азықты пайдаланатын сүтті мал тұқымдарын өсірумен және ұстаумен айналысатын сүт өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға;
      қойларды бордақылаумен және оларды бордақылау үшін құнарлы жемшөпті пайдаланумен айналысатын қой етін өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға;
      шошқаны бордақылау үшін құрама азықты пайдаланатын шошқа етін өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға;
      құс етін және жұмыртқаны өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға;
      бордақыланған малдарды ірі партиямен 50-ден және одан да көп мал басын сатқан кезде мамандандырылған кәсіпорындарға төленеді, бұл ретте малдардың тірі салмағын сойысқа аудару үшін Министрлік бекіткен аудару коэффициенті қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      сиыр етін, шошқа етін, қой етін, құс етін, жұмыртқаны және сүтті (бұдан әрі - өнім) одан әрі сату және (немесе) қайта өңдеу үшін мамандандырылған кәсіпорындар басқа да заңды және (немесе) жеке тұлғадан сатып алынған өнім;
      өзара есеп айырысу есебінде немесе аффиилирленген тұлғаларға айырбас бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға сатылған өнім;
      амалсыз сойылу нәтижесінде мамандандырылған кәсіпорындар алған өнім;
      сиырды суалту алдындағы соңғы бес күнде және сиыр бұзаулағаннан кейін бірінші жеті күнде, жұқпалы аурулардан таза емес малдардан мамандандырылған кәсіпорындар алған (сүт) өнім.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген субсидиялар тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін субсидиялар алуға арналған тізімге енгізілген мамандандырылған кәсіпорындарға беріледі.

      6. Мамандандырылған кәсіпорындарға және өндірілетін өнім сапасына қойылатын өлшемдерді, субсидиялар алуға арналған өтінімдерді, сатылған өнім үшін субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомості, тірі салмағын сойысқа аудару коэффициентін, қаражатты бөлудің жылдық сметасын, есеп нысанын, сондай-ақ өнімді сатып алу-сату шартының ұсынылатын нысандарын Министрлік бекітеді.

      7. Ірі қара малды, шошқаны, қойды, құсты бордақылау (азықтандыру), сондай-ақ сүтті өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың (құнарлы жемшөптің) 1 (бір) килограмының құнын арзандату, өнімнің 1 (бір) килограмын өндіруге (10 дана) жұмсалатын құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының, өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 (бір) килограмына (1 дана) арналған субсидиялардың нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Министрлік облыстық бюджеттерге мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық ауыл шаруашылығы департаменттері (басқармалары) (бұдан әрі - департаменті (басқармасы) мәлімдеген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес аударады.

  2. Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын
арттыруға берілетін субсидияларды пайдалану тәртібі

      9. Облыс әкімінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарының төрағалығымен құрамында департамент (басқарма), Министрліктің аумақтық инспекциясының, облыстық статистика басқармасының мамандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ет өндірушілері қауымдастығының өкілдері бар комиссия (бұдан әрі - Облыс комиссиясы) құрылады. Департамент (басқарма) Облыс комиссиясының жұмыс органы болып табылады. Облыс комиссиясының құзыретіне мыналар кіреді:
      1) үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ұсынған субсидиялар алуға арналған өтінімді, сондай-ақ Министрлік бекіткен мамандандырылған кәсіпорындардың технологиялық параметрлерге сәйкестігін (бұдан әрі - материалдар) қарау;
      2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың субсидиялар алуға арналған тізімін, субсидиялауға жататын өнімді сатуға арналған жылдық квоталарды, сондай-ақ субсидиялар көлемін облыс әкіміне бекітуге ұсыну.

      10. Мамандандырылған кәсіпорындардың өтінімі белгіленген квотадан асып түскен жағдайда, Комиссия тұқымдық малдың үлес салмағы жоғары болған мамандандырылған кәсіпорындарды тізімге енгізеді.

      11. Мамандандырылған кәсіпорындар осы Ереже ресми жарияланған күннен бастап екі апта мерзімде субсидиялар алуға арналған материалдарды тиісті аудандардың бөлімдеріне ұсынады.

      12. Бөлім үш жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды тексеруді жүзеге асырады және олардың сәйкестігі жағдайында аудан әкімінің қол қоюымен Облыс комиссиясының қарауына жібереді.

      13. Облыс әкімі Комиссияның ұсынысы бойынша:
      мамандандырылған кәсіпорындардың субсидиялар алу құқығына арналған тізімін;
      мамандандырылған кәсіпорындарға берілетін квоталар мен сатылатын өнімнің жоспарланып отырған көлеміне арналған субсидияларды бекітеді.

      14. Тізімге енгізілген мамандандырылған кәсіпорындар өнімнің сатылуына қарай субсидиялар алу үшін ай сайын 20-күнінен кешіктірмей бөлімге мынадай құжаттарды:
      1) өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына, сауда объектілеріне, сондай-ақ ауруханаларға, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге сатқан жағдайда:
      жеке өндірісінің өнімін сату көлемі туралы аумақтық статистика органы берген ақпарат;
      өнімді сатып алу-сату шарты;
      сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесі (нақты ақшасыз жағдайда банкінің төлем тапсырмасы және (немесе) қолма-қол есеп айырысу жағдайында кіріс-кассалық ордер);
      2) өнімді жеке дүкендер жүйесі арқылы сатқан немесе жеке цехқа қайта өңдеуге берген жағдайда:
      жеке өндірісінің өнімін өндіру көлемі туралы аумақтық статистика органы берген ақпарат;
      өнімді жөнелту туралы жүкқұжат;
      сатылған (қайта өңделген) тиісті көлем өніміне төлем құжатының көшірмесі (нақты ақшасыз есеп-айырысу жағдайында банктің төлем тапсырмасы және (немесе) қолма-қол есеп айырысу жағдайында кіріс-кассалық ордер).
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      15. Бөлім әр айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Ережедегі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың біріктірілген жиынтық ведомосын қалыптастыратын департаменттің (басқарманың) қарауына осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген жиналған құжаттарды және ақы төлеу шотын ұсынады.

      16. Бекітілген квоталар шегінде мамандандырылған кәсіпорындар өндірілген өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына, сауда объектілеріне, сондай-ақ ауруханаларға, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге тең көлемде сатылуын жүзеге асырады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Тиесілі субсидияларды тиісті мамандандырылған кәсіпорындардың ағымдағы шоттарына аударуды департамент (басқарма) белгіленген тәртіппен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.

      18. Департамент (басқарма) құжаттардың, сондай-ақ субсидиялар төлеу үшін ұсынылатын материалдардың дұрыстығы үшін жауапты болады.

      19. Департамент (басқарма) ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2008 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлік бекіткен нысандар бойынша бюджеттік кіші бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті Министрлікке ұсынады.

      20. Қандай-да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

      21. Ағымдағы нысаналы трансферттердің орынды, тиімді және уақтылы пайдаланылуы үшін Министрлік және облыстар әкімдері жауапты болады.

                               Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың
                                  республикалық бюджетінен мал
                             шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің
                                 сапасын арттыруды субсидиялауға
                           арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді
                                        пайдалану ережесіне
                                             1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

   1. Құрама азықтың (құнарлы жемшөп) 1 килограмының құнын
                     арзандату нормативі

Өнімнің атауы

Құрама азықтың (құнарлы жемшөп)
1 килограмын арзандату нормативі, теңге

Құс еті

25,4

Ірі қара
мал еті

құрама азық

13,8

құнарлы
жемшөп

9,5

Қой еті

9

Шошқа еті

13,9

Сүт

16,2

Жұмыртқа

13,2

     2. 1 килограмм (10 дана) өнім өндіруге арналған
     құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының нормативі 

Өнімнің түрі

1 килограмм (10 дана) өнім
өндіруге арналған құрама азық
(құнарлы жемшөп) шығысының
мөлшері

Құс еті

2,61

Ірі қара мал еті

құрама азық

10

құнарлы жемшөп

12

Қой еті

4

Шошқа еті

7

Сүт

I   сорт

0,5

II сорт

0,3

Жұмыртқа

2,0

      3. Жеке өндірістің сатқан өнімінің 1 килограмына
              (1 дана) арналған субсидиялардың нормативі

Өнімнің түрі

Жеке өндірістің сатқан өнімінің
1 килограмына (1 дана) арналған
субсидиялардың нормативі, теңге

Құс еті

66

 
Ірі қара мал еті

138

113

Қой еті

36

Шошқа еті

98

Сүт

I сорт

8

II сорт

5

Жұмыртқа

2,6

"Бекітемін"                                Облыстық бюджеттердің
____________облысы                       2008 жылдың республикалық
Ауыл шаруашылығы департаментінің      бюджетінен мал шаруашылығының
(басқармасының)                      өнімділігі мен өнімінің сапасын
басшысы______________(Т.А.Ә.,       арттыруды субсидиялауға арналған
қолы, мөрі)                         ағымдағы нысаналы трансферттерді
200_жылғы "__"_________                     пайдалану ережесіне
                                                  2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.05.13  N 447  (2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

            _________облысы бойынша 2008 жылғы______айы
       өндіруге және сатуға арналған құрама азықтардың (құнарлы
     азықтардың) пайдаланылған көлемі үшін_____________субсидиялар
                         төлеуге арналған
 (сиыр еті, шошқа еті, құс еті, жұмыртқа және сүт - керегін
          қалдыру) біріктірілген жиынтық ведомосы

Атауы

Өнім
сатудың
жылдық
квотасы,
тонна,
мың дана

1 тонна құрама
азықтар-
дың ар-
зандатыл-
ған нор-
мативі,
мың теңге

Субсидия-
лардың жалпы қа-
жеттілігі, мың теңге

Нақты сатылған
өнім, тонна, мың
дана

маман-
данды-
рылған
кәсіп-
орындар

өнім-
дер

жыл
басынан

есепті
айдан
кейінгі

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Өнімді өндіру
және сату үшін
нақты пайдаланыл-
ған құрама азық,
тонна

Жыл басынан
бері тиесі-
лі субси-
диялардың
сомасы,
теңге

Жыл басынан
бері төленгені, теңге

Субсидия-
лардың
тиесілі
сомасының
қалдығы,
теңге

Төленуге
жататыны,
теңге

жыл
басынан

есепті
айдан
кейінгі

  

  

  

  

  

  

Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы
(жауапты тұлға)                _______________________(Т.А.Ә., қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға)     ________________________(Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады