Байланыс формасы

"Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 1 нормативтік қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 22 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 1 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      1) 3-тармақтағы "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жетінші тарауына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шегінде экологиялық заңнаманы бұзумен байланысты қылмыс жасалған аумақ ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе төтенше экологиялық жағдай аумағына (ҚК-нің 278-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 279-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 281-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 285-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 287-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 288-бабының бірінші бөлігі, ҚК-нің 291-бабының үшінші бөлігі) жата ма деген мәселені анықтаған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейтін және анықтайтын ережелерін негізге алған жөн.";

      3) 13-тармақта :

      "теңіз аңдары" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер әрекеттер:

      а) елеулі залал келтіріле отырып;

      б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын немесе су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоятын өзге де әдістер қолданыла отырып жасалса, мұндай әрекеттер үшін ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.

      Су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз олжалаудың өзге де жағдайлары әкімшілік жауаптылыққа әкеліп соғады.";

      4) 16-тармақтағы "үлкен залал" деген сөздер "елеулі залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 22-тармақтағы "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы" деген сөздер "Экологиялық заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 23-тармақта :

      бірінші абзацтағы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның 86-бабына " және ""Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың бұзылу нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтырудың жеке мәселелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 1186 қаулысына " деген сөздер тиісінше "Экологиялық кодекстің 321 , 322-баптарына " және "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 441 қаулысына " деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Қоршаған ортаны қорғау жөнінде заңнаманы" деген сөздер "Экологиялық заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7) 27-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы" деген сөздер "экологиялық заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 29-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың" деген сөздер "экологиялық заңнаманың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады