Байланыс формасы

Мердігерге Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 261 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 13-бабының 1-5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : Z100291 қараңыз

      1. Қоса беріліп отырған Мердігерге Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 261 қаулысымен 
бекітілген    

Мердігерге Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жер асты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мердігерге Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және мердігерге (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құзыретті органмен келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлғаға) пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жер асты суларын барлауға және өндіруге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін белгілейді. Z100291 қараңыз

      2. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша рұқсат береді.
      Уәкілетті орган беретін геологиялық немесе тау-кен бөлуі рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Мердігер геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жер асты су қорларына оң мемлекеттік сараптама алғаннан кейін тау-кен бөлуі беріледі.

      3. Рұқсат мердігердің тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жер асты суларын барлауды және өндіруді жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

      4. Рұқсат мердігер өтініш берген мерзімге беріледі, бірақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жасалған келісім-шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

      5. Жер асты суларын барлауға және өндіруге құқығы бар мердігер уәкілетті орган берген жер асты сулары қорларына оң мемлекеттік сараптамасы болған кезде ғана өндіруді бастайды.

2. Рұқсат беру тәртібі

      6. Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса өтініш беріледі:
      1) заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркелгені туралы нотариалды куәландырылған көшірме;
      2) жеке тұлға үшін - жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
      3) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды және жер асты суларының кен орны (жер қойнауы учаскесі) туралы геологиялық ақпарат;
      4) өтініш білдірілген қажеттілікпен пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына өндірістік-техникалық жер асты суларын айдауға техникалық тапсырма.

      7. Су жинағы құрылыстарының геологиялық (тау-кендік) бөлу схемасын уәкілетті орган рұқсатқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.

      8. Рұқсатты уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

                                                            Ережеге
                                                            қосымша

Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
 

      Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің
    технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін
  тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі
өндірістік-техникалық жер асты суларын барлауға және өндіруге
                          РҰҚСАТ

____________________________________________________________
                               (кімге)
______________________________________________________________ үшін
                  (жер қойнауын пайдаланудың түрі)
__________________________________________________________________
                 (жер қойнауын пайдалану объектісі)
____________________________________________________________ берілді
                  (жер қойнауын пайдалану мақсаты)

      200 жылғы "____"_________________

                                          Сериясы Г және ЖҚПК N_____
                                          (Сериясы АБ N________)

      Комитет төрағасы
      (АБ бастығы)            ________________________Т.А.Ә.
                                     (қолы)
                              м.о.
      Рұқсаттың қолданылу мерзімі
      200 жылғы "____"__________ дейін ұзартылды
                              _________________________Т.А.Ә.
                                      (қолы)
                              м.о.

Рұқсатқа
1-қосымша

Мердігер, жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын пайдалану шарттары туралы мәліметтер

      1. Жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:
      1) тұрғылықты жері (заңды және жеке тұлға үшін)_____________
      2) мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі (заңды тұлға үшін),
      жеке куәліктің деректері (жеке тұлға үшін)__________________
      3) басшы (заңды тұлға үшін)_________________________________
      4) негізгі қызмет түрі______________________________________
      2. Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің сипаттамасы мен
      ерекшеліктері _________
      1) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) атауы және
      геологиялық-морфологиялық байланысуы________________________
      2) пайдалану мақсаты________________________________________
      3) өнімді су тұтқыш қабаттың атауы__________________________
      4) объекті пайдалану тәжірибесі және су жинағы құрылысы
      туралы мәлімет______________________________________________
      5) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) сандық және сапалық
      көрсеткіштері_______________________________________________
      3. Кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) кеңістік
      шекаралары__________________________
      4. Рұқсаттың қолданылу мерзімі (басталуы-аяқталуы)__________
      5. Барлауға арналған рұқсат мерзімін ұзарту шарттары________
      6. Жұмыс бағдарламасы және кен орнын (жер қойнауы учаскесін
      пайдалану жобасын келісуге тапсырудың және жұмыстардың
      басталу мерзімдері__________________________________________
      7. Жер қойнауын пайдаланудың міндетті шарттары:
      1) барлау___________________________________________________
      2) жер асты суларын өндіру (млн./м 3 жыл, мың/м 3 тәу., л/с)______
      3) су жинағы құрылысының типі (ұңғылар және т.б.) және олардың
      арасындағы қашықтық (м)_____________________________________
      4) пайдаланылатын және резервтік ұңғылардың саны____________
      5) су көтергіш жабдықтың типі мен өнімділігі________________
      6) бір ұңғыға немесе ұңғылар тобына жүктеме (ең төмен, ең
      жоғары (млн./м 3 жыл, мың м 3 /тәу., л/с)_______________________
      7) жер үсті деңгейінен қысымның рұқсат етілген төмендеуі
      немесе азаюы (м)____________________________________________
      8) суды дайындау____________________________________________
      9) алынатын судың сапасына қойылатын
      талаптар____________________________________________________
      10) тұтынушыларға жер асты суларын беру шарттары____________
      11) жер асты суларын жинаған кезде беткі ағыстың рұқсат
      етілген азаюы (млн. м 3 /жыл, мың м 3 /тәу., л/с)_______________
      12) бақылау-өлшеу аппаратурасының типі_______________________
      13) санитарлық қорғау аймағының (округінің) шекаралары (дара
      ұңғы және ұңғылар тобы немесе су жинағы үшін)_______________
      14) жер асты суларына мониторинг жүргізу бойынша қойылатын
      талаптар (жер асты суларын пайдалану режиміне және судың
      сапасын режимдік желінің қадағалаудың бар болуы)____________
      15) пайдаланылатын қорларды бағалау және қайта бағалау
      жөніндегі міндеттемелер_____________________________________
      16) жобаға салынатын инвестициялардың көлемі________________
      17) кен орны (жер қойнауы учаскесі) туралы ақпаратқа құқық
      _______________________
      18) жер қойнауын пайдаланушының заңды мекен-жайының
      өзгергендігі туралы ақпарат_________________________________
      19) геологиялық ақпаратты Геология және жер қойнауын
      пайдалану комитетіне және оның аумақтық органдарына ұсыну
      ______________________________________________
      20) жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану
      жөніндегі міндеттемелер_____________________________________
      21) объектіні технологиялық пайдалану схемасына байланысты бірнеше жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану шартын сақтауы жөніндегі талаптар________________________________________
      8. Жер қойнауын пайдалану қызметіне бақылауды жүзеге асыру
      тәртібі_____________________________________________________
      9. Шарттық талаптар_________________________________________
      10. Кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалануға байланысты
      төлемдер____________________________________________________
      11. Өзге де шарттар_________________________________________

      Қосымша:
      1. Бұрыштық нүктелердің координаталарымен бірге кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) геологиялық (тау-кендік) бөлу схемасы.

      Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы)
      200 жылғы "___"_______________

                                                           Рұқсатқа
                                                           2-қосымша

    Су жинағы құрылыстарының геологиялық (тау-кендік) бөлу
                          схемасы

      Жер асты су объектісі_______________________________________
           (жер қойнауын пайдалану түрі және объектінің, полигонның
                           атауы және т.б.)
_________________________________________________________ орналасқан
                  (әкімшілік байланысу)
және ахуалдылық схемада N-ден N аралығында бұрыштық нүктелермен
__________________________________________________________________
               (бұрыштық нүктелердің тізбесі)

                     Ахуалдық схема
                  масштабы (қоса беріліп отыр)

      және олардың географиялық координаталарымен (қажет болған жағдайда тік бұрышты координаталарда) белгіленген

нүктелердің
NN

координаталар

бойлық

ендік




        сондай-ақ тігінен келетін бөліністерде______________________
             (су тұтқыш қабаттың тереңдігі мен қуаты стратиграфиялық
                               индексі және т.б.)
      Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен белгіленген жер бөлу алаңы________________________________гектарды (км 2 ) құрайды.

                                                            Ережеге
                                                            қосымша

                          ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
                (жер қойнауын пайдаланудың түрі)
__________________________________________________________________
           (кәсіпорынның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жер асты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беруді сұрайды
__________________________________________________________________
      (жер қойнауын пайдаланудың түрі және объектісі - кен орны,
                       жер қойнауы учаскесі)
Жер қойнауын пайдалану мақсаты____________________________________
      (алынатын немесе шығарылатын жер асты суларының болжамды
           мөлшері (көлемі) (млн. м 3 /жыл, мың м 3 /тәу., л/с)
1_________________________________________________________________
      (жер асты суларын барлаудың және өндірудің басталуы мен
                     аяқталуының болжамды мерзімі)
2_________________________________________________________________
           (кәсіпорынның толық атауы және деректемелері)
3_________________________________________________________________
      (басшысының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.)
4_________________________________________________________________
      (кәсіпорынның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері
                        туралы мәліметтер)
5_________________________________________________________________
      (өтініш берушінің бұдан бұрынғы қызметі туралы деректер)
6_________________________________________________________________
      (өтініш берушінің жер асты суларын кен орнында (жер қойнауы
       учаскесінде) барлаған және пайдаланған кезде жер қойнауын
                  пайдалану шарттары туралы ниеті)
7_________________________________________________________________
      (өтініш берушінің жер асты суларын, қоршаған ортаны
  сарқылаудан және ластанудан, қорғауға қатысты, техникалық және
      технологиялық іс-шараларды, жаңартуды және жұмыстардың
   қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғандағы ниеті)
8_________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға байланысты кірістер мен шығыстардың есебі)
9_________________________________________________________________
      (жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемдердің болжамды есебі)
 
       Қосымшалар:
      1. Бұрыштық нүктелердің координаталары мен бірге тау-кендік немесе геологиялық бөлу схемасы
      2. Жер бөлу
      3. Жер қойнауын пайдалану объектісінің сипаттамасы бар жазба
 
       Өтініш беруші кәсіпорынның басшысы (лауазымы)
__________________            ___________________________________
     (қолы)                                  (Т.А.Ә.)
      м.о.      200 жылғы "___" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады