"Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 277 Қаулысы

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 21 наурыздағы 
N 277 қаулысымен     
бекітілген       

"Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы

      1. "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) дайындаушыда (өндірушіде) орауышқа (ыдысқа) буып-түйілген (өлшеніп буып-түйілген) және буып-түйілмеген (өлшеніп буып-түйілмеген), Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін отандық және импорт өндірісі өніміне (тауарға) қолданылады және буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

      2. Осы Техникалық регламент ережелері өнімді (тауарды) өткізу, тасымалдау, сақтау, пайдалану, жөндеу, қалпына келтіру, кәдеге жарату, жою, нормативтік құқықтық актілерді және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ сәйкестікті растау кезінде қолданылуға тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын, өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптарды регламенттейтін техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар осы техникалық регламент талаптарына қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.

2. Терминдер

      4. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:

      1) жарамдылық мерзімі - өнімді (тауарды) дайындау (өндіру), оның айналымы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшін өнімнің (тауардың) қауіпсіз болып саналатын уақыты аяқталғанға дейінгі кезең;

      2) дайындалған (өндірілген) күні - өнімді (тауарды) дайындаудың (өндірудің) технологиялық процесінің аяқталған сәті туралы ақпарат беретін, дайындаушы (өндіруші) қоятын күн;

      3) буып-түйілген күні (өлшеніп салынған, сұйық өнімдер құйылған) - өнімнің (тауардың) орауышқа (ыдысқа) салынған күні;

      4) дайындаушы (өндіруші) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін жеке немесе заңды тұлғалар;

      5) ингредиент - жануар, өсімдік, микробиологиялық немесе минералдық текті зат, сондай-ақ тағам өнімін дайындау (өндіру) кезінде пайдаланылатын және дайын өнімде бастапқы немесе өзгертілген түрде болатын табиғи немесе синтезделген тағамдық қоспалар;

      6) ұжымдық тауарлық белгі - бұл қауымдастықтың (одақтың) немесе заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсіпкерлердің өзге де бірлестіктерінің өздері шығарған немесе өткізетін өнімдерді (тауарларды) белгілеу үшін қызмет ететін, бірыңғай сапалық немесе өзге де сипаттамаларға ие тауарлық белгісі;

      7) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге (тауарға), құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгілерге, контрзатбелгілерге, кольереткаларға, заттаңбаларға, жапсырмаларға (стикерлерге), орауышқа (ыдысқа) түсірілген мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер;

      8) өнім (тауар) шығарылатын жердің атауы - табиғи жағдайларды немесе адам факторларын қоса алғанда, өнімнің (тауардың) ерекше немесе басты түрде оны дайындаумен байланысты айрықша қасиеттерін белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық сілтеме;

      9) тағамдық құндылық - құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын, ағзаны тағамдық заттармен қанағаттандыру дәрежесі;

      10) тұтынушы - тікелей тұтыну (пайдалану) немесе одан әрі өткізу үшін өнімді (тауарларды) сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

      11) өнім беруші - өнімді (тауарды) өткізетін жеке немесе заңды тұлға;

      12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен;

      13) тауарлық белгі - заңнамаға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркеусіз қорғалатын, бірыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың өнімін (тауарларын) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бір текті өнімінен (тауарларынан) ажырату үшін қызмет атқаратын белгі;

      14) орауыш (ыдыс) - өнімді (тауарды) зақымдалудан, бүлінуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар кешені.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

3. Өнімді (тауарларды) таңбалауға, затбелгі жапсыруға және тұтынушыларға арналған ақпаратқа қойылған жалпы талаптар

      5. Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтынушыға арналған қажетті және дәйекті ақпаратты уақтылы ұсынады.

      6. Өнімді (тауарды) өткізу кезінде тұтынушыға арналған ақпарат тікелей өніммен (тауармен), орауышта (ыдыста), затбелгіде, кольереткада, контрзатбелгіде, заттаңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтарда) берілген мәтінмен, шартты белгілермен және (немесе) суреттермен бірге заңнамаға сәйкес  өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін таңбалауға қойылатын талаптар ескеріле отырып берілуге тиіс.
      Өнімді (тауарды) өткізу кезінде тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндіруші) және (немесе) буып-түюші, өнім беруші ұсынады.

      7. Орауыштағы (ыдыстағы), затбелгідегі, кольереткадағы, контрзатбелгідегі, заттаңбадағы, жапсырмадағы (стикердегі), құжаттардағы, жаднамалардағы (қосымша парақтардағы) қолдану жөніндегі тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
      Тұтынушыға арналған ақпарат өнім (тауар) туралы ақпарат берілетін мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдің емле ережесі нормалары ескеріле отырып жазылады.

      8. Тұтынушыға арналған ақпарат тікелей өнімнің (тауардың) әр бірлігіне орауышта (ыдыста), затбелгіде, кольереткада, контрзатбелгіде, таңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтардағы) оқуға (танысуға) қолайлы жерге орналастырылады.

      9. Тұтынушыға арналған ақпарат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада көзделген тәсілмен беріледі және айқын әрі оңай оқылуға тиіс.

       10. Тұтынушыға арналған ақпарат бір нақты түсінікті, толық және өнімнің (тауардың) құрамына, қасиеттеріне, тағамдық құндылығына (тағам өнімдері үшін), энергия тұтынуына (энергия тұтынатын жабдықтар үшін), табиғатына, тегіне, дайындалу (өндірілу) және тұтынылу (қолданылу) тәсіліне, сондай-ақ сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәліметтерге қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмайтын және берілген өнімді (тауарды) сыртқы түрі немесе органолептикалық көрсеткіштері бойынша соған жақын басқа өнім ретінде қабылдауға жол бермейтін болуға тиіс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2009.12.10 N 2071 (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Тұтынушыға арналған ақпаратта өнім (тауар) оған сәйкес дайындалған (өндірілген) нормативтік құжаттың атауы (белгісі) көрсетіледі.

      12. Сәйкестікті егер өнім (тауар) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес сәйкестікті міндетті растауға жататын болса, өнімді (тауарды) растау туралы тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндіруші) және (немесе) өнім беруші:
      стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес түсірілген сәйкестік белгісі;
      техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес өніммен (тауармен) қоса жүретін сәйкестік сертификаты (сәйкестік сертификатының көшірмесі) немесе сәйкестік декларациясы түрінде беруге тиіс.
      Буып-түйілмеген немесе өлшеніп буып-түйілмеген өнімнің (тауардың) сәйкестігін растау туралы ақпаратты тұтынушыға өнім беруші жеткізеді.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      13. Өнім (тауар) туралы тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің (тауардың) атауын көрсету қажет.

      14. Өнімнің (тауардың) атауы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      15. Өнім (тауар) атауын латын алфавитінің әріптерімен жазуға болады.

      16. Өнімнің (тауардың) шығу тегі орнының атауы мынадай жағдайлар сақталған жағдайда оның атауына қосу рұқсат етіледі:
      өнімнің (тауардың) шығарылған орнының атауы географиялық объектінің тарихи атауы болса;
      тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушы (өндіруші) орналасқан елдерде белгіленген тәртіппен тіркеусіз дайындаушы (өндіруші) - осы тауарлық белгінің иесі тіркеген немесе қабылдаған (ұжымдық) тауарлық белгі көрсетілсе;
      белгісі географиялық объектіні білдіретін немесе содан тұратын, бірақ Қазақстан Республикасында оны дайындаған (өндірген) орнымен байланысты емес белгілі бір түрдегі өнімнің (тауардың) белгісі ретінде жалпы қолдануға енгізілген өнімнің (тауардың) шығарылған орны атау деп танылмаса;
      өнімнің (тауардың) шығарылған орнының тіркелген атауын осы атауды пайдалану құқығына ие болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді.

      17. Өнімнің (тауардың) атауында:
      басқа ұқсас өнімнің (тауардың) атауын көрсетуге;
      өнімге (тауарға) өнімнің (тауардың) шығу тегіне (табиғатына) қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын атау беруге (табиғи өнімдердің өнеркәсіптік өндірілетін баламаларына табиғи өнімдердің атауларына жақын атау беруге) жол берілмейді.

      18. Өнім (тауар) туралы тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің (тауардың) жеке түріне арналған қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өнімнің (тауардың) ерекше қасиеттері, жайы-күйі және арнайы өңделуі (болған жағдайда) туралы ақпарат болуға тиіс.

      19. Өнімді дайындау (өндіру) кезінде өңделген негізгі ингредиентті пайдаланған жағдайда тиісті ақпарат өнімнің (тауардың) құрамына кіретін ингредиенттер тізбесінде ингредиенттер атауымен қатар орналастырылады.

      20. Егер өнім (тауар) екі негізгі құрамадан (ингредиенттен) дайындалса (өндірілсе), олардың атаулары өнімнің (тауардың) атауына, екеуден артық құрамадан (ингредиенттен) құралса, өнімнің (тауардың) құрамы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа енгізіледі.

      21. Өнімнің (тауардың) құрамына кіретін ингредиенттердің, құрамалардың тізбесі бір ингредиенттен, бөлшектеп тұратын өнімдерді (тауарларды) қоспағанда, егер өнімге (тауарға) арналған заңдарда және Техникалық регламенттерде өзгеше көзделмесе, өнімдердің (тауарлардың) барлық түрлері үшін беріледі. Ингредиенттерді, құрамаларды көрсетуден бұрын "Құрамы" немесе "Жинақтылық" деген тақырып болуға, одан кейін өнімді (тауарды) дайындау (өндіру) кезіндегі олардың тізбесі берілуге тиіс.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      22. Ингредиенттер тізімінде:
      өнімді (тауарды) дайындау (өндіру) барысында буланып кететін ұшпа компоненттерін;
      қайта өңдеу үшін агенттер ретінде пайдаланылатын заттар мен көмекші материалдарды;
      еріткіштер немесе жеткізгіштер ретінде пайдаланылатын заттарды көрсетпеуге болады.

      23. Егер шикізаттарды, шала өнімдерді, жинақтаушыларды тұтынушыларға өткізу үшін олардың қасиеттерін өзгертетін және (немесе) оларды дайын (оның ішінде өлшеп салынған) өнімге (тауарға) айналдыратын, технологиялық өңдеуді немесе қайта өңдеуді, жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға бірнеше дайындаушы (өндіруші) жеткізсе және осының салдарынан әрбір нақты партияның дайындаушысын (өндірушісін) көрсету мүмкін болмаса, онда тұтынушыға арналған ақпаратта көрсетілген өнімге технологиялық өңдеуді немесе қайта өңдеуді, жинауды жүзеге асыратын, кәсіпорынды осындай өнімнің (тауардың) дайындаушысы (өндірушісі) және буып-түюшісі деп есептеу қажет.

      24. Дайындаушының (өндірушінің), буып-түюшінің, өнім берушінің, өнімнің (тауардың) сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның және лицензиардың (егер өнім (тауар) лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе) атауы ол орналасқан елінде белгіленген тәртіппен тіркелген атауға сәйкес келуге тиіс.

      25. Тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушының (өндірушінің), өнім берушінің, өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның, лицензиардың (егер өнім (тауар) лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе), атауы мен орналасқан жерін (заңды мекен-жайын), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын өнім (тауар) үшін тіркелген нөмірі мен тіркелген күнін көрсету қажет.

      26. Егер бір елде дайындалған (өндірілген) өнім (тауар) оның қасиеттерін өзгертетін және (немесе) соңғы дайын өнімге айналдыратын басқа елде кейіннен технологиялық өңдеуден немесе құрастырудан өтсе, онда тұтынушыға арналған ақпаратты түсіру кезінде кейіннен технологиялық өңдеуді немесе құрастыруды жүргізген ел осы өнімді (тауарды) дайындаушы (өндіруші) ел ретінде қарастырылады.

      27. Дайындаушының (өндірушінің), буып-түюшінің, өнім берушінің, өнім (тауар) сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның және лицензиардың (егер өнім (тауар) лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе) заңды мекенжайы елдің, қаланың (облыстың және елді мекеннің), көшенің атауы, үйдің және кеңсенің нөмірін қамтуға тиіс. Көрсетілген тұлғалардың байланыс құралдары: телефоны, факс, электрондық поштасы, интернет-ресурсы қосымша көрсетілуі мүмкін.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      28. Егер өнімді дайындаушы (өндіруші) бір мезгілде буып-түюші, өнім беруші болып табылмаса, онда тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушының (өндірушінің) атауы мен оның заңды мекен жайынан басқа буып-түюшінің, өнім берушінің атауы және олардың заңды мекенжайлары көрсетіледі.

      29. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      30. Тұтынушыға арналған ақпаратта Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы мен мекен-жайы көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы шағымдар қабылдайтын ұйым туралы ақпарат мынадай:
      егер өнім (тауар) өзге елде дайындалған (өндірілген);
      егер дайындаушының (өндірушінің) заңды мекен-жайы тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның заңды мекен жайымен сәйкес келмеген жағдайларда көрсетіледі.

      31. Орауышта (ыдыста) тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның заңды мекен жайының көрсетілмеуі, осы дайындаушы (өндіруші) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жағдайда, шағымдар дайындаушының (өндірушінің) заңды мекен жайы бойынша қабылданатынын білдіреді.

      32. Өнімді (тауарды) дайындауға (өндіруге) және өткізуге белгіленген тәртіппен құқық (лицензия) алған ұйымдар орауышқа (ыдысқа) оларға осы құқықты (лицензияны) берген ұйымдардың, компаниялар мен фирмалардың тауарлық белгілерін салады.

      33. Тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің (тауардың) таза салмағы, жалпы салмағы, негізгі өлшемдері мен көлемі орауышта (ыдыста) шамалардың метрикалық жүйесімен (Халықаралық бірліктер жүйесімен) көрсетіледі.

      34. Өнімнің таза салмағы, жалпы салмағы, негізгі өлшемдері немесе көлемдері дайындаушының (өндірушінің) қалауы бойынша белгіленген тәртіппен тығыздықты - таза салмақ мәнінің өлшеуді орындау әдістемелері бекітілген өнімге (тауарға) белгіленеді.

      35. Негізгі құрам бірлігі сұйық ортада болатын өнімдер (тауарлар) үшін, таза ортақ салмақтан басқа негізгі өнімнің (тауардың) салмағы орауышта (ыдыста) көрсетіледі.

      36. Өлшеп салынған сұйық өнім (тауар) үшін тұтынушыға арналған ақпаратта көлем мәні өзге де сусымалы, қатты, қоймалжың немесе тұтқыр иілмелі консистенциялы, газды қуыстары бар өнім (тауар) түрлері үшін, сондай-ақ тығыздықты - таза салмақ мәнін өлшеудің стандартталған әдістемесі жоқ өнімдер үшін көрсетіледі.

      37. Сақтау кезінде таза салмағы, негізгі өлшемдері немесе көлемі кішірейетін, даналап немесе "өлшеп" (тұтынушының көзінше өлшенеді) сатылатын өнім (тауар) үшін, тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің таза салмағының немесе көлемінің мәнін көрсетпеуге рұқсат етіледі.

      38. Тағамдық өнімнің арнайы қоректік қасиеттері, емдік, ем-дәмдік немесе сауықтыруға арналғандығы туралы, онда биологиялық белсенді заттардың барлығы, зиянды заттардың жоқтығы туралы немесе сауықтыру-емдік арналуы туралы өзге де балама сипаттамалар және аурудың жеке түрлері болған жағдайда қолдануға қайшы айғақтар туралы ақпарат тұтынушыға орауышқа (ыдысқа), өнімнің (тауардың) әрбір бірлігіне қоса берілетін немесе жабыстырылатын затбелгіге, кольереткаға, контрзатбелгіге, құлақшаға, жапсырмаға (стикерге), құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға) жазылып жеткізіледі.

      39. Тағамдық өнімдер үшін тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің тағамдық құндылығын (қоректік заттардың: ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендердің, макро- және микроэлементтердің болуын және өнімнің нәрлілігін) көрсету қажет.
      Құрамындағы қоректік заттардың ақпараттық (есептік) көрсеткіштері өнімнің жеуге жарамды бөлігінің 100 г-дағы немесе 100 мл-дегі көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың, дәрумендердің, макро- және микроэлементтердің салмағы ретінде, ал нәрлілігі - 100 г немесе 100 мл өнімге есептелген килокалориямен көрсетіледі.

      40. Сақтау шарттары арнайы сақтау шарттарын (төмен температураны, жарық режімін және басқаларды) талап ететін өнім (тауар) үшін көрсетіледі. Сапасы қымталған орауышты ашқаннан кейін өзгеретін өнім (тауар) үшін орауышты ашқаннан кейінгі сақтау шарттары көрсетіледі.

      41. Егер өнімнің (тауардың) біткеннен кейін пайдалану үшін қауіпті болып саналатын уақыт мерзімі бар болса, өнімнің (тауар) жарамдылық мерзімі белгіленеді.
      Жарамдылық мерзімін өнімді (тауарды) дайындаушы (өндіруші) сақтау шарттарын міндетті көрсетіп және нормативтік құқықтық актілер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген талаптарды ескере отыра белгілейді.
      Дайындаушы (өндіруші) белгілеген жарамдылық мерзімі, белгіленген сақтау шарттары сақталған жағдайда, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына өнімнің сәйкестігіне кепілдік береді.
      Жарамдылық мерзімі өнімнің дайындалған (өндірілген) күнінен бастап есептеледі.
      Жарамдылық мерзімінің ұзақтығына байланысты мынадай тәсілмен көрсетіле алады: "...(сағат, күн, ай немесе жылға дейін) жарамды", "...(күніне дейін) жарамды", "... (күніне) дейін пайдаланылсын ",  "...(сағат, күн, ай немесе жыл) бойына жарамды", "Қызмет ету мерзімі...(жыл-сағат-цикл)".
       Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      42. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      43. Егер жарамдылық мерзімі "...(сағат, күн, ай немесе жыл) бойына жарамды", деген сөздермен көрсетілсе, онда затбелгіге немесе орауышқа (ыдысқа) өнімнің (тауардың) дайындалған (өндірілген) күні міндетті түрде жазылады.
      Өнімнің дайындалған (өндірілген) күні: "...(күні) дайындалды (өндірілді)", ал буып-түйілген күні - "...(күні) буып-түйілді" деген сөздермен көрсетіледі. Егер өнімді (тауарды) бір мезгілде дайындайтын (өндіретін) және буып-түйетін дайындаушы (өндіруші) буып-түюші болса немесе буып-түюші дайындаушы (өндіруші) деп есептелсе, онда дайындалған (өндірілген) және буып-түйілген күнін: "...(күні) дайындалып (өндіріліп) буып-түйілді" деген сөздермен көрсетуге рұқсат етіледі.
      Дайындалған (өндірілген), буып-түйілген, жарамдылық мерзімінің аяқталған күйін затбелгілердің жиектеріне сандарға қарсы кертпеш (белгі) түсіру немесе күнге сәйкес келетін сандарды өшіру жолымен көрсетуге рұқсат етіледі.
       Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

      44. Түссіз орауышқа (ыдысқа) құйылатын мөлдір түссіз сұйық өнім (тауар) түрлерінің құйылған күні орауыштың (ыдыстың) артқы жағынан көрінетін затбелгінің артқы жағына жазуға болады.

      45. Нақты өнімді (тауарды) сәйкестендіретін штрих код қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сканерлеуші құрылғылармен есептеу үшін қолайлы орында затбелгіге және (немесе) орауышқа (ыдысқа) орналастырылады.

      46. Өнім (тауар) өнімді сипаттайтын кез келген өзге ақпаратпен, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін жарнамалық ақпаратпен қоса жіберіле алады.

      47. Егер өлшемдері шағын (бір жағының ауданы 10 см-ден аспайды) орауышқа (ыдысқа) өнім туралы тұтынушыға арналған ақпараттың қажетті мәтінін толық түсіру мүмкін болмаса, онда ақпаратты топтық орауышқа (ыдыстың) немесе жеке немесе топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ өнім (тауар) жинақтап сатылатын топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігі тұтынушыға арналған ақпаратпен қоса жіберіледі.
      Тұтынушыларға өнімді (тауарды) алдын ала өлшеп салынбаған түрінде өткізу кезінде, өнім (тауар) сауда үй-жайларында (сатылатын орындарда), оның ішінде сатып алушының көзінше өлшеп салынған жағдайда, олар туралы ақпаратты орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа, өнімнен (тауардан) тікелей жақын жердегі баға көрсеткішке немесе ақпараттық параққа орналастыруға рұқсат етіледі.
      Өткізу орындарында қаптарға салынған өнімде (тауарда) буып-түйілген немесе өлшеп салынған ұқсас өнім үшін қарастырылған ақпарат болуға тиіс. Тұтынушыларға арналған ақпарат қаптарға бекітілген затбелгілерге жазылады.
      Өнімді (тауарды) дайындаушы (өндіруші) тұтынушыға арналған ақпаратты орауыштың (ыдыстың) бірлігінің тек сол бір жеріне орналастырады.
      Тұтынушыға арналған ақпаратты оқу үшін қолайлы бір немесе бірнеше орынға орналастыруға рұқсат етіледі.

      48. Өнімді сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату (қайта өңдеу), жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары тұтынушы үшін қалған ақпараттан өзге қаріппен, түспен немесе басқа тәсілдермен ерекшеленуге тиіс.
      Егер өнім (тауар) салынған орауыш (ыдыс) қосымша орауышпен қапталса, онда не ішкі орауыштың затбелгісі сыртқы орауыш арқылы жеңіл оқылуға, не сыртқы орауышта ұқсас затбелгі болуға тиіс.

      49. Өніммен (тауармен) байланысқа түсетін, тұтынушыларға арналған ақпаратты түсіру құралдары өнімнің (тауардың) қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс, өнімді (тауарды) сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде таңбалау тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс.

      50. Қоршаған орта белсенді әсер ететін жағдайларда немесе арнайы жағдайларда (жоғарғы немесе төменгі температура, жемірлі орта және тағы басқа) қолданылатын өнім (тауар) туралы тұтынушыға арналған ақпараттың сақталуы мынадай:
      әсер етуге тұрақты (ылғалға төзімді, ыстыққа төзімді және тағы басқа) материал-жеткізушіні қолдану;
      тиісті түсіру (басу, ою және тағы басқа) әдісін қолдану;
      әсер етуге тұрақты қабықты (мөлдір үлдірді, буманы, қорапты және тағы басқаларды) қолдану тәсілдерінің бірімен немесе олардың жиынтығымен қамтамасыз етілуге тиіс.

      51. Тұтынушыға арналған ақпаратты беру, оның ішінде таңбалау өлшемдері мен нысаны орауыштың (ыдыстың) өлшемі мен нысанына сәйкес келуге тиіс.

4. Буып-түю материалын өндіруге және оның құрамына қойылатын талаптар

      52. Буып-түю материалын өндіру кезінде, буып-түю материалының көлемі мен салмағын өнімді (тауарды) буып-түю үшін қауіпсіздіктің, гигиена мен қабылдаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін ең аз қажетті санмен шектеу қажет.

      53. Буып-түю материалы тамақ өнеркәсібінде пайдалануға арналған буып-түю материалдарынан басқа, оны қайта пайдалану немесе рециркуляцияны қоса алғанда, қалпына келтіру мүмкіндігі есепке ала, сондай-ақ буып-түюден қалған қалдықтарды басқару жұмыстары нәтижесінде қалдықтарды және қалғандарын кәдеге жарату кезінде қоршаған ортаға тиетін әсерді азайтуды есепке ала жобаланады, өндіріледі және өткізіледі.

      54. Буып-түю материалы тастандылар кезінде, буып-түю материалы немесе кәдеге жарату жұмыстары нәтижесінде алынған қалдықтар өртелген немесе жерге көмілген уақытта күлде немесе сілтілендіру кезінде ішінде зиянды және басқа қауіпті заттардың болуын азайтуды есепке ала өндіріледі.

      55. Буып-түю материалы мынадай талаптарға бір мезгілде жауап беруге тиіс:
      буып-түю материалының физикалық қасиеттері мен сипаттамалары өнімді (тауарды) қолданудың (пайдаланудың) көзделген жағдайларында оның өмірлік циклі ішінде тасымалдауларының немесе айналыстарының белгілі бір санын қамтамасыз етуге тиіс;
      пайдаланылған буып-түю материалы адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңделуге, қайта өңделуге, кәдеге жаратылуға және жойылуға тиіс.

      56. Бұдан әрі қолдануға және бұдан әрі пайдалану мақсатында қайта өңдеуге жатпайтын және көмілу мен жойылуға жататын буып-түю материалынан қалған қалдықтар биошіру сипатына ие болуға тиіс.

      57. Буып-түю материалынан қалған биошіру қалдықтары соңғы қорданың үлкен бөлігі көміртегі қостотығына, биомасса мен суға айналып ыдырайтындай физикалық, химиялық, жылулық және биологиялық шіруді қамтамасыз етуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады