Байланыс формасы

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 351 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңы  69-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Z100291 қараңыз

      1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы»16 сәуірдегі
N 351 қаулысымен 
бекітілген    

  Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың
құнын айқындау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1.   Осы Ереже тарихи шығындарды және жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар.

      3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпарат пакетінің құны, тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады.

      4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады.

      5. Тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құны мен оны алу шарттарын айқындауды жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) орындайды.

  2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың
құнын айқындау тәртібі

      6. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жарияланғанға дейін, жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі - жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделеу дәрежесі мен геологиялық барлау жұмыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиісті. Түгендеу деректері бойынша геологиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шығындардың есебі жүзеге асырылады.

      7. Тарихи шығындар әр жер қойнауы учаскесі бойынша жеке-жеке қаралады.

      8. Барлау немесе барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің алаңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

      9. Өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлау, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігіне арналған зерттеу, өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да зерттеулерді қамтиды.

      10. Тарихи шығындарды есептеуден 8, 9-тармақтарда көрсетілген жұмыстардан, пайдалы қазбалардың мәлімделген түріне жатпайтын немесе мемлекеттің қаражатынсыз жүргізілген жұмыстар алынып тасталады.

      11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961-1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге, геологиялық барлау жұмыстары құнының, салаішілік индексінің өзгеруі тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болады.
      1961 жылға дейінгі шығындарды 1961-1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961-1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.
      1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу: 

                  Тш96=  Өжшх И 91 х 0,002 х И96 ,
                                  10

      формуласы бойынша жүзеге асырылады:
      мұнда: Тш 96 - 1996 жылғы бағадағы тарихи шығындар
      Өжш - өткен жылдардың шығындары
      И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі
      0,002 - теңгеге аудару коэффициенті
      И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.
      1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай:
      Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96 формуласы бойынша жүзеге асырылады
      1991 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу:

                  Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96
      1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу:

                  Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92-95) х И96, формуласы бойынша жүзеге асырылады

      мұнда: И (92-95)- жылдар бойы өзгеріп тұрған геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).
      1996 жылғы бағадағы тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. Тарихи шығындардың есебін даярлау кезінде АҚШ долларымен алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады.

      12. Барлық геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін тарихи шығындар сомасынан проценттік ставка қолданылады. Проценттік ставкалар пайдалы қазбалардың түрі мен берілетін жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты сараланады:
      Көмірсутек шикізаты:
      барлау - 1%, барлау және өндіру - 2%, өндіру - 3%.
      Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):
      барлау - 1,5%, барлау және өндіру - 2%, өндіру - 2,5%.
      Жерасты сулары (емдік балшықты қоса алғанда): барлау - 1,5%,
      барлау және өндіру - 2,5%, өндіру - 4%.

      13. Мемлекеттің қаражатынсыз алынған, бірақ мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін нәтижесінде геологиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындар сомасынан 12-тармақта көрсетілген ұқсас проценттік ставкалар қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады