"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 405 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба

      Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж.,  N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж,. N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат):
      50-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "саяси партиялардың қызметін қолдау;".
      2. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат; 2004 ж., N 19, 115-құжат; N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.".
      3. "Кәсіптік одақтар туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат; 1995 ж., N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы
      заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.";
      2) 8-баптың төртінші бөлігінде "Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақ КСР Заңына" деген сөздер "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-бапта "Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақ КСР Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2000 ж., N 20, 380-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):
      28-бап алып тасталсын.
      5. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 18, 111-құжат):
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы
      туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.".
      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 170-құжат):
      3 және 13-баптарда "келісімімен" деген сөздің алдынан "Сенатының" деген сөзбен толықтырылсын.
      7. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):
      6-баптың 1-тармағында "Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша" деген сөздер алып тасталсын.
      8. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      1) 3-баптың екінші бөлігінде "аумақтық" деген сөз алып тасталсын;
      2) 4-баптың екінші бөлігінде "Қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына,", "және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына" деген сөздер алып тасталсын.
      9. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 5, 51-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 9, 49-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат,):
      9-баптың 2-тармағында "Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша" деген сөздер алып тасталсын.
      10. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 143-құжат):
      6-баптың 2-тармағында "Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен" деген сөздер алып тасталсын.
      11. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      1) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) республикалық бюджет қаражаты.";
      2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
      "18-1-бап. Саяси партияларға бөлінетін республикалық бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің соңғы сайлауында алынған сайлаушылардың дауыстарына бара-бар саяси партияларға жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді.
      Сайлаушылардың кемінде 7 пайыз дауысын алған саяси партиялар республикалық бюджеттен қаржыландыруға жатпайды.
      Республикалық бюджеттен алынған қаражатты саяси партиялар партияның орталық аппаратының қызметін қаржыландыруға, партияның қызметін зерттеу мен талдамалық қамтамасыз етуге және партиялардың өңірлік филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қаржыландыруға тең үлесте пайдаланады.
      Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін қаржы қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалады.
      Қаражаттың жұмсалуын бақылауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.".
      2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 11-тармақтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады