Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі;

      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.16 № 1452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.18 № 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір
күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі), 2012.11.16 N 1452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 6 мамырдағы
N 425 қаулысымен  
бекітілген    

Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру
ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.18 № 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды
(деректерді) ресімдеу және беру ережесі (будан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген, ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын (бұдан әрі - жоба) әзірлеу үшін қажетті құқық белгілеуші құжаттар мен өзге де бастапқы материалдарды (деректерді) берудің және оларды беруден уәжді бас тартудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың)
функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
      2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
      3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
      4) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстар:
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
      инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
      автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;
      әуе және су көлігі;
      көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;
      телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;
      атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
      кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіп;
      ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
      қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
      әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі.
      Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргізу межеленіп отырған үй-жайлары (жекелеген бөліктері) да объектілерге жатқызылады;
      5) өтініш беруші - өзінің мақсаты үшін (тұру, қызметтер көрсету, өнімдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшін) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруға не қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
      6) рұқсат беретін құжаттар - өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің Ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды:
      жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;
      7) сындарлы шешімдерді өзгерту - қолданыстағы объектілердің тіреу және (немесе) сыртқы қоршау конструкцияларын (оның ішінде іргетастарды, негіздерді, қаңқаларды, бағандарды, тіреулерді, арқалықтарды, ригельдерді, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, ішкі тіреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерістер не құрылыс жобасында бұрын бекітілген сындарлы шешімдерді өзгерту.
      3. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:
      1) шекарасының шегіндегі аумақты пайдалану және жоспарланған объектіні белгілеу жөніндегі регламенттерді коса алғанда, жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
      2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      3) жобалауға және құрылысқа қажетті (жер учаскесінің және
коммуникация төселген трассаның шекарасында) құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;
      5) аумақты инженерлік жағынан дайындау шарттарын, абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
      6) жобалауға (жобалау құжаттамасын әзірлеуге) арналған бекітілген тапсырма.
      4. Көрсетілген бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу  және беру тегін жүргізіледі.
      5. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келісу және бекіту, сондай-ақ жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеу тәртібі және олардың құрамы мемлекеттік құрылыс нормаларымен және ережелерімен белгіленеді.

2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері

      6. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген беліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері:
      1) өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы;
      2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиісті шешім қабылдайды.
      7. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған адамның (өтініш берушінің) жазбаша өтінішінде, тиісінше:
      1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почтаның мекенжайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      3) құрылысы ұйғарылып отырған объектінің мақсаты және негізгі параметрлері (есептелген қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар);
      4) құрылыс учаскесін орналастыру болжанған (қалап алынған) орын негіздемесі;
      5) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын қолданыстағы ғимараттардың, үй-жайлардың (жекелеген бөліктерінің) мекенжайы (орналасқан жері) көрсетіледі.
      Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім алу үшін өтінішке:
      1) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
      2) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.16 N 1452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Егер өтініш беруші сұратылып отырған жер учаскесінің нақты орнын және мөлшерін (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері одан құрылыс жүйесінде учаскенің орналасқан жеріне қатысты өтініш берушінің тілектеріне және ұйғарылып отырған (жоспарланып отырған) құрылыс объектісінің негізгі параметрлеріне негізделген нобайларды сұратады.
      9. Объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер учаскесін таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
      Объект салу үшін жер учаскесін таңдау жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы өтініштерді қарау, сондай-ақ оларды беруден уәжді бас тарту мерзімдерін Жер кодексі айқындайды.
      11. Тиісті жергілікті атқарушы органның өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы шешімі жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
      12. Өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы оң шешім мүмкін болмаған жағдайларда, жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниетіне қайшы келетін заңнамалық нормаларды (ережелерді, талаптарды, шектеулерді, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға міндетті.
      Өтініш беруші жерге тиісті құқық беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша уәжді бас тарту береді.

3. Жобалау алдындағы рәсімдер мен бастапқы материалдарды
(деректерді) беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері

      13. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі береді.
      14. Егер инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу қажет болса, олар сәулет-жоспарлау тапсырмасына міндетті қосымша болып табылады.
      15. Тапсырыс беруші сәулет-жоспарлау тапсырмасын және  техникалық шарттарды алуға өтінішті сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесіне береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жергілікті атқарушы органның жерге тиісті құқық беру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;
      2) жобалауға арналған бекітілген тапсырма.
      16. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға арналған өтінішті алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттармен қоса техникалық шарттарды алуға сұрау жібереді.
       17. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұрауды алған сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесіне қосу параметрлері мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе беруден негізделген бас тартуды жібереді.
      Өтініш беруші техникалық шарттарды беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдана алады.
      18. Осы Ереженің 27-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) шектерінде жүзеге асырылатын қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы өтінішті қарау немесе оларды беруден уәжді бас тарту мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      19. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
      20. Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуге рұқсат берілгендігін білдіреді.
      21. Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) ұйғарылған болса және сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, он да сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
      21-1. Егер қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) тірек және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуді қозғайтын, сондай-ақ қосымша жер учаскесін (аумақты, трассаны) бөліп беруді талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына хабарлау қажеттілігі көрсетіледі.
      Ескерту. Қағидалар 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.16 N 1452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Объект салуға немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жер учаскесін беру (бөліп беру) талап етілмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу немесе жүктемені арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиісті жазба жазылады.
      23. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасына сараптама жүргізу қажеттілігі не қажет болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.
      24. Тапсырыс беруші (меншік иесі) қабылдаған шешім бойынша сараптама мынадай жобалар бойынша жүргізілмеуі мүмкін:
      1) жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл қағида сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларды, арнайы жобалау шешімдері мен оларды сату кезіндегі іс-шараларды талап ететін аудандардағы (аймақтардан) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
      2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайлар;
      3) жеке үй жанындағы учаскелердің аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
      4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы және саяжай учаскелерін абаттандыру;
      5) контейнерлік және блоктық орындаудың ұтқыр кешендері, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келісуді талап етпейтін сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
      6) саны елу бірліктен аспайтын автомашинасы бар ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екіден аспайтын автомашинаға арналған бокстары бар гараждар;
      7) қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      8) инженерлік желілерді электр коррозиясынан сақтау;
      9) желілі инженерлік желілер мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді қажет етпейтін күрделі жөндеу жүргізу;
      10) шағын сәулеттік нысандар мен аумақтардың қоршаулары;
      11) ғимараттардың (құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, жаяусоқпақтар, төселген тастар;
      12) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) қайта жаңартуды немесе қайта бейімдеуді талап етпейтін бірлі-жарым технологиялық немесе инженерлік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру;
      13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты бөліп беруді) талап етпейтін, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы болады;
      14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделі емес басқа да құрылыстар.
      25. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдік шешімдер және ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетін әрлеу материалдары пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдік-кеңістіктік шешімдері бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді.
      26. Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жұмыстардың процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
      27. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:
      1) электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      2) тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      3) қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      4) елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      5) елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 6 мамырдағы
N 425 қаулысымен 
бекітілген    

Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және
қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

      Ескерту. Қағидалар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.16 № 1452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 6 мамырдағы
N 425 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 45, 449-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 819 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 381-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 259-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.

О некоторых мерах по упрощению порядка оформления и выдачи исходных материалов (данных) и разрешительных документов для строительства объектов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2008 года № 425. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 479

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.06.2015 № 479 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и в целях упрощения порядка оформления и выдачи исходных материалов (данных) и разрешительных документов для строительства объектов Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила оформления и выдачи исходных материалов (данных) для проектирования объектов строительства;
      2) исключен постановлением Правительства РК от 16.11.2012 № 1452 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 18.02.2012 № 237 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012); от 16.11.2012 № 1452 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 6 мая 2008 года № 425 

Правила
оформления и выдачи исходных материалов (данных)
для проектирования объектов строительства

      Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 18.02.2012 № 237 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30 января 2012 года).
 
 

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оформления и выдачи исходных материалов (данных) для проектирования объектов строительства (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан», определяют порядок и сроки выдачи правоустанавливающих документов и иных исходных материалов (данных), необходимых для разработки проектов строительства и реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий (далее - проект) и мотивированного отказа в их выдаче.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) переоборудование - изменение помещения (помещений), как правило, связанное с изменением его (их) функционального назначения, полной или частичной заменой внутренней системы технологического и (или) инженерного оборудования, необходимого для жизнеобеспечения, эксплуатации, выпуска какой-либо продукции, оказания услуг и тому подобное;
      2) реконструкция - изменение отдельных помещений, иных частей здания или здания в целом, как правило, связанное с необходимостью обновления и модернизации изменяемого объекта;
      3) перепланировка - изменение планировки помещения (помещений), сопряженное с изменением границ этого помещения (этих помещений);
      4) объекты (объекты строительства, их комплексы) - здания, а также объемные, плосткостные и линейные сооружения:
      жилищно-гражданского назначения;
      коммунального назначения, включая инженерные сети;
      автомобильные и железные дороги и их инфраструктура;
      воздушного и водного транспорта;
      мосты, путепроводы, тоннели, продуктопроводы и линии электропередач с инженерными сооружениями;
      телекоммуникационной и космической связи;
      энергетики, включая здания и сооружения для атомной энергетики;
      промышленности, включая здания и сооружения для добывающей промышленности;
      сельскохозяйственного, водохозяйственного, ирригационного и (или) гидротехнического назначения;
      жилого, производственного и подсобно-хозяйственного назначения в заповедниках, заказниках, рыбопитомниках, лесных, охотничьих и других угодьях;
      в военных городках и специальных военных технологических комплексах.
      К объектам также относятся помещения (отдельные части) существующих зданий (сооружений), в которых намечается произвести реконструкцию (перепланировку, переоборудование);
      5) заявитель - заинтересованное физическое или юридическое лицо (собственник, заказчик, застройщик), имеющее намерение осуществить строительство либо провести реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий в своих целях (для проживания, оказания услуг, выпуска продукции, получения прибыли и тому подобное);
      6) разрешительные документы - документы, предоставляющие заявителю право на реализацию его замысла по строительству или изменению помещений (отдельных частей) существующих зданий, которые включают:
      решение местного исполнительного органа о предоставлении соответствующего права на землю;
      решение соответствующего местного исполнительного органа о реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий;
      7) изменения конструктивных решений - изменения, которые затрагивают несущие и (или) наружные ограждающие конструкции (в том числе фундаменты, основания, каркас, колонны, опоры, балки, ригели, фермы, наружные стены, внутренние несущие стены, перекрытия, лестничные площадки и марши, лифтовые шахты и тому подобное) существующих объектов либо изменения конструктивных решений, ранее заложенных в проекте строительства.
      3. Исходные материалы (данные) для разработки проектов включают:
      1) решение  местных исполнительных органов о предоставлении соответствующего права на землю, включая регламенты по использованию территории в пределах ее границ и назначению запланированного объекта;
      2) решение местного исполнительного органа о реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий;
      3) материалы инженерных изысканий площадки строительства (в границах земельного участка и трасс прокладки коммуникаций), необходимые для проектирования и строительства;
      4) технические условия на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения;
      5) архитектурно-планировочное задание местного (города республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения) органа архитектуры и градостроительства, включая условия инженерной подготовки территории, благоустройства и озеленения;
      6) утвержденное задание на проектирование (разработку проектной документации).
      4. Оформление и выдача указанных исходных материалов (данных) производится бесплатно.
      5. Порядок составления, согласования и утверждения задания на проектирование, а также разработки проектов (предпроектной или проектно-сметной документации) и их состав определяются государственными строительными нормами и правилами.

2. Решения местных исполнительных органов

      6. По письменному заявлению заинтересованного физического или юридического лица (заявителя), имеющего намерение осуществить строительство либо произвести реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, структурным подразделением соответствующих местных исполнительных органов, осуществляющих функции в сфере архитектуры и градостроительства, принимается соответствующее решение:
      1) о предоставлении заявителю соответствующего права на землю;
      2) о реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий.
      7. В письменном заявлении лица (заявителя), имеющего намерение осуществить строительство либо реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, соответственно указываются:
      1) фамилия, имя, отчество, адрес и телефон заявителя, регистрационный номер налогоплательщика (РНН), либо индивидуальный идентификационный номер (ИИН) - для физических лиц;
      2) наименование организации, его государственный регистрационный номер, фамилия, имя, отчество руководителя, почтовый адрес и телефон, регистрационный номер налогоплательщика (РНН), либо бизнес идентификационный номер (БИН) - для юридических лиц;
      3) назначение и основные параметры намечаемого к строительству объекта (расчетная мощность, общая площадь, этажность, вместимость, пропускная способность и тому подобное);
      4) обоснование места предполагаемого (желаемого) размещения участка строительства;
      5) адрес (местонахождение) существующего здания, помещения (отдельные части), которого подлежат реконструкции (перепланировке, переоборудованию).
      Для получения решения о реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий к заявлению прилагаются:
      1) копии документов, удостоверяющих право собственности заявителя на изменяемый объект, с представлением подлинников для установления государственным органом, рассматривающим заявление, подлинности документов, либо нотариально засвидетельствованное письменное согласие собственника (сособственников) объекта на намечаемое изменение и его параметры;
      2) нотариально засвидетельствованное письменное согласие собственников других помещений (частей дома), смежных с изменяемыми помещениями (частями дома), в случае, если планируемые реконструкция (перепланировка, переоборудование) помещений (частей жилого дома) или перенос границ помещений затрагивают их интересы.
      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 16.11.2012 № 1452 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      8. В случаях если заявитель указывает конкретное место и размеры (границы) запрашиваемого земельного участка, то структурные подразделения соответствующих местных исполнительных органов, осуществляющих функции в сфере архитектуры и градостроительства запрашивают у него эскизы, обосновывающие пожелание заявителя относительно местоположения участка в системе застройки и основных параметров намеченного (планируемого) объекта строительства.
      9 При испрашивании земельного участка для строительства объектов предварительно осуществляется выбор земельного участка по поручению местного исполнительного органа.
      Выбор земельного участка для строительства объекта осуществляется в соответствии с землеустроительными и градостроительными регламентами.
      10. Сроки рассмотрения заявлений о предоставлении заявителю соответствующего права на землю, а также дачи мотивированного отказа определяются Земельным кодексом.
      11. Решение соответствующего местного исполнительного органа о предоставлении заявителю соответствующего права на землю, действует в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденной в составе проектной (проектно-сметной) документации.
      12. В случаях невозможности положительного решения о предоставлении заявителю соответствующего права на землю, местные исполнительные органы обязаны в течение 10 календарных дней с момента обращения ответить заявителю (заказчику) мотивированным отказом, с указанием норм (положений, условий, ограничений, сервитутов) законодательства, в противоречие с которыми вступает его намерение осуществить данное строительство.
      В случае представления заявителем неполного пакета документов, необходимых для принятия решения о предоставлении либо об отказе в предоставлении соответствующего права на землю, местные исполнительные органы в течение двух рабочих дней дают письменный мотивированный отказ заявителю в рассмотрении заявления.

3. Предпроектные процедуры и сроки рассмотрения заявлений на
выдачу исходных материалов (данных)

      13. Архитектурно-планировочное задание и технические условия на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения выдаются структурным подразделением соответствующих местных исполнительных органов, осуществляющих функции в сфере архитектуры и градостроительства.
      14. Технические условия на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения являются обязательным приложением к архитектурно-планировочному заданию, если есть необходимость в их получении.
      15. Заявление на получение архитектурно-планировочного задания и технических условий представляется заказчиком в структурное подразделение соответствующих местных исполнительных органов, осуществляющих функции в сфере архитектуры и градостроительства.
      К заявлению прилагаются следующие документы:
      1) решение местного исполнительного органа о предоставлении соответствующего права на землю или реконструкции (перепланировке, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий;
      2) утвержденное задание на проектирование.
      16. Структурное подразделение соответствующих местных исполнительных органов, осуществляющих функции в сфере архитектуры и градостроительства не позднее следующего рабочего дня после получения заявления на получение архитектурно-планировочного задания и технических условий направляет запрос на получение технических условий с приложением документов к поставщикам услуг по инженерному и коммунальному обеспечению.
      17. Поставщики услуг по инженерному и коммунальному обеспечению в течение пяти рабочих дней с момента получения запроса направляют в структурное подразделение соответствующих местных исполнительных органов, осуществляющих функции в сфере архитектуры и градостроительства, технические условия с указанием параметров и места присоединения либо обоснованный отказ в выдаче.
      Отказ в выдаче технических условий может быть обжалован заявителем в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.
      18. Срок рассмотрения заявлений на выдачу архитектурно-планировочного задания и технических условий для проектирования объектов не должен превышать восемь рабочих дней с момента подачи заявления, за исключением объектов, перечисленных в пункте 27 настоящих Правил.
      Сроки рассмотрения заявлений на выдачу архитектурно-планировочного задания на разработку проекта реконструкции (перепланировки, переоборудования) помещений (отдельных частей) существующих зданий не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования, осуществляемые в существующих границах земельного участка (территории, трассы), или мотивированного отказа в их выдаче не должны превышать трех рабочих дней с момента подачи заявления.
      19. Архитектурно-планировочное задание и технические условия действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденной в составе проектной (проектно-сметной) документации.
      20. Выданное архитектурно-планировочное задание означает разрешение на разработку проекта в установленном порядке.
      21. В случаях, если реконструкция (перепланировка, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий намечается в зоне (районе) повышенной сейсмической опасности и требует пересмотра конструктивных решений, то в архитектурно-планировочном задании указывается необходимость получения по данному проекту заключения (технических условий) специализированных организаций по сейсмостойкому строительству (специалистов, имеющих соответствующую лицензию).
      21-1. В случаях, если реконструкция (перепланировка, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий затрагивает изменение несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования, а также требует отвода дополнительного земельного участка (территории, трассы), то в архитектурно-планировочном задании указывается необходимость уведомления органов государственного архитектурно-строительного контроля и надзора в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "Об административных процедурах".
      Сноска. Правила дополнены пунктом 21-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 16.11.2012 № 1452 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      22. В случаях, когда для строительства объекта или реконструкции (перепланировки, переоборудовании) помещений (отдельных частей) существующих зданий не требуется отвода (прирезки) земельного участка, а также если для этих целей отсутствует необходимость в дополнительном подключении к источникам инженерного и коммунального обеспечения или увеличения нагрузок, то в архитектурно-планировочном задании делается соответствующая запись.
      23. Необходимость либо отсутствие необходимости в проведении экспертизы проекта строительства и реконструкции (перепланировки, переоборудования) помещений (отдельных частей) существующих зданий указывается в архитектурно-планировочном задании в соответствии с законодательством Республики Казахстан и государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства.
      24. По решению, принимаемому заказчиком (собственником), экспертиза может не проводиться по проектам:
      1) индивидуальных жилых домов, выполненным лицами, обладающими лицензиями, в соответствии с архитектурно-планировочным заданием местных органов архитектуры и градостроительства. Данное правило не распространяется на индивидуальное жилищное строительство в районах (зонах) повышенной сейсмической опасности или иных особых геологических (гидрогеологических) и геотехнических условий, требующих специальных проектных решений и мероприятий при их реализации;
      2) временных строений, жилых и бытовых помещений для сезонных работ и отгонного животноводства;
      3) хозяйственно-бытовых построек на территории индивидуальных приусадебных участков, а также на участках садовых и огороднических товариществ (обществ);
      4) благоустройства на приусадебных и дачных участках, не требующих изменения действующих инженерных сетей;
      5) мобильных комплексов контейнерного и блочного исполнения, а также одноэтажных зданий (сооружений) для предприятий торговли, общественного питания и бытового обслуживания, возводимых из сборно-разборных конструкций и не требующих согласования с санитарно-эпидемиологическими службами;
      6) автостоянок открытого типа при количестве автомашин не более пятидесяти единиц, а также гаражей с боксами не более чем на две автомашины;
      7) перепланировок (переоборудования) помещений непроизводственного назначения, осуществляемых в существующих зданиях и не требующих изменения несущих конструкций;
      8) защиты инженерных сетей от электрокоррозии;
      9) капитального ремонта линейных инженерных сетей и сооружений на них, не требующих изменения их положения, отметок заложения, диаметра труб;
      10) малых архитектурных форм и ограждений территорий;
      11) открытых спортивных площадок, тротуаров, мощений вокруг зданий (сооружений);
      12) ремонта и замены единиц технологического или инженерного оборудования, по которым исчерпан технологический ресурс и не требующих реконструкции или перепрофилирования предприятия (цеха);
      13) реконструкции (перепланировки, переоборудования) помещений (отдельных частей) существующих зданий, выполненных лицами, имеющими лицензии, и не требующих отвода дополнительного земельного участка (прирезки территории), не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования, о чем имеется соответствующая запись автора проекта (главного инженера проекта, главного архитектора проекта);
      14) других технически несложных строений, предназначенных для личного пользования граждан.
      25. Не допускается в архитектурно-планировочном задании установление требований по цветовому решению и использованию материалов отделки фасадов зданий (сооружений), а также их объемно-пространственному решению.
      26. Разработчики проекта изменений, вносимых в существующие (эксплуатируемые) объекты, должны указывать в проектной документации сведения о наличии или отсутствии проектных решений, затрагивающих интересы других собственников как в процессе работ по реконструкции (перепланировке, переоборудованию) помещений (отдельных частей) существующих зданий, так и при последующей эксплуатации измененного объекта.
      27. Сроки оформления и выдачи архитектурно-планировочного задания и технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения составляют 15 рабочих дней с момента подачи заявления по следующим объектам:
      1) производственные предприятия, вырабатывающие электрическую и тепловую энергию;
      2) горнодобывающие и обогатительные производственные предприятия;
      3) производственные предприятия черной и цветной металлургии, машиностроительной промышленности;
      4) гидротехнические и селезащитные сооружения (дамбы, плотины), обеспечивающие безопасность населенных пунктов и территорий;
      5) линейные сооружения, расположенные за пределами границ населенных пунктов:
      магистральные трубопроводы (нефте-, газопровод и т.д.) с объектами их обслуживания;
      высоковольтные линии электропередач и волоконно-оптические линии связи;
      железные дороги с объектами их обслуживания;
      автомобильные дороги общего пользования, отнесенные к республиканской сети, включая мосты, мостовые переходы, тоннели, многоуровневые развязки.

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 6 мая 2008 года № 425 

Правила
прохождения разрешительных процедур на строительство и
реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений
(отдельных частей) существующих зданий

      Сноска. Правила исключены постановлением Правительства РК от 16.11.2012 № 1452 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 6 мая 2008 года N 425 

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 1313
"Об утверждении Правил прохождения разрешительных процедур на строительство новых и изменение существующих объектов" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 45, ст. 449);

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2004 года N 819 " О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 1313"(САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 29, ст. 381);

      3. Пункт 6 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года N 647 "О внесении и изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам архитектуры, градостроительства и строительства" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 25, ст. 259);

      4. Пункт 10 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года N 352 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., N 13, ст. 157).