1993 жылғы 12 наурыздағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеңілдікті жол жүру құқықтарын өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 487 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған 1993 жылғы 12 наурыздағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеңілдікті жол жүру құқықтарын өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 1993 жылғы 12 наурыздағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеңілдікті жол жүру құқықтарын өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға мынадай: "Қазақстан Республикасы Келісімнің ережелерін осы Хаттамамен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың қалалық және қала маңы жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру құқықтарын іске асыруға байланысты шығыстарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бөлігінде Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес орындайтын болады." деген ескертпемен қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 487 қаулысымен   
мақұлданған      

жоба     

1993 жылғы 12 наурыздағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеңілдікті жол жүру құқықтарын өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1993 жылғы 12 наурыздағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеңілдікті жол жүру құқықтарын өзара тану туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Келісімге қатысушы мемлекеттердің көлік ұйымдары осы Келісімде көрсетілген адамдарға олардың тұратын жеріне қарамастан, қалалық және қала маңы жолаушылар көлігінде қызмет көрсетудің жеңілдікті шарттарын қамтамасыз етеді.
      Келісімге қатысушы мемлекеттердің көлік ұйымдары осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген жеңілдіктерді олардың аумағында тұрақты тұратын:
      өзінің азаматтарына;
      Келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтарына;
      азаматтығы жоқ адамдарға береді.".

      2. 7-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қалалық және қала маңы жолаушылар көлігінде тегін жүру үшін бұрынғы КСР Одағының немесе Тараптардың тиісті органдары 1992 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болған нысан бойынша берген куәлік және ұлттық паспорт негіз болып табылады.".

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап, ал мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін депозитарийге тиісті хабарламаларды тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
      2008 жылғы "___"___________________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.

      Әзірбайжан Республикасының       Молдова Республикасының
            Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Армения Республикасының          Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының         Тәжікстан Республикасының
          Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін

      Грузия Үкіметі үшін              Түрікменстан Республикасының
                                              Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының
          Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының           Украина Үкіметі үшін
          Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы күн тәртібінің 12-тармағы бойынша ескертпесі

      2008 жылғы 23 мамыр                           Минск қаласы

1993 жылғы 12 наурыздағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеңілдікті жол жүру құқықтарын өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      "Қазақстан Республикасы Келісімнің ережелерін осы Хаттамамен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың қалалық және қала маңы жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру құқықтарын іске асыруға байланысты шығыстарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бөлігінде Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес орындайтын болады".

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары                      Ө. Шөкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады