Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 Қаулысы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 26 маусымдағы
N 610 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 N 252 Қаулысымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.23 N 1226; 2010.01.30 № 43; 2010.03.31 N 252; 16.04.2013 № 369; 27.01.2014 N 28; 03.02.2014 № 43 қаулыларымен.

Театрлар

      1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.02.2014 № 43 қаулысымен.
      3. "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Концерттік ұйымдар

      10. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.

Мұражайлар

      17. "Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.01.2014 N 28 қаулысымен.
      19. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      20. "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      21. "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      22. "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Кино

      23. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.

Тарихи-мәдени қорықтар

      24. "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
      25. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
      26. "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
      27. "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
      28. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
      29. "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
      30. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30-1. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      30-2. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Кітапханалар

      31. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі.
      32. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" мемлекеттік мекемесі.
      33. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі.

Өзге де ұйымдар

      34. "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамы
      35. "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      36. "Мәдени саясат және өнертану институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      37. "Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      38. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 № 369 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2008 жылғы 26 маусымдағы
N 610 қаулысымен   
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2012 № 1641 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады