"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 646 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің
мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер
енгізу туралы

      1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат;№ 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8,  5-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжат; N 23, 141-құжат; 2007ж, N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      мынадай мазмұндағы 147-6, 147-7, 147-8-баптармен толықтырылсын:
      "147-6-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясы
                  тарифінің шекті деңгейінен не электр энергиясына
                  арналған инвестициялық тарифтен асатын тарифтер
                  (бағалар) бойынша электр энергиясын сатуы
      Электр өндіруші ұйымдардың табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган энергия өндіруші ұйымдар үшін бекіткен электр энергиясына арналған шекті тарифтен асатын не келісілген инвестициялық бағдарламаны іске асырған жағдайда нақты энергия өндіруші Ұйым үшін бекітілген инвестициялық тарифтен асатын тарифтер (бағалар) бойынша электр энергиясын сатуы, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      147-7-бап. Реттеуші органға ақпаратты (хабарламаны) беру
                 жөніндегі міндеттерді бұзу
      Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникация және почта саласындағы нарық субъектілері және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сататын нарық субъектілері реттеуші органға босатылатын бағалар және өндірілетін (сатылатын) тауарлардың табыстылық деңгейі туралы ақпаратты және (немесе) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы заңнамалық актіде белгіленген мерзімде ұсынбау, сондай-ақ реттеуші органға шынайы емес және (немесе) жалған ақпаратты ұсыну, -
      жеке кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      147-8-бап. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының
                 Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға
                 (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға
                 белгілеу тәртібін бұзу
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сататын нарық субъектісінің реттеуші органнан дәлелді қорытынды алғаннан кейін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны төмендетпеу түрінде баға белгілеу тәртібін сақтамау, -
      жеке кәсіпкерлерге және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табысты тәркілей отырып айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 541-баптың 1-бөлігі "145" деген цифрлардан кейін ",147-8" деген цифрлармен толықтырылсын;
      3) 565-1-баптың бірінші бөлігіндегі "147-5-бабында" деген сөздер "147-5, 147-6, 147-7, 186, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 565-1-баптағы, 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз төртінші абзацындағы "қызметті бақылауды және реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз төртінші абзацындағы "(356-бап)" деген сөздер "(147-8, 356-баптар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3,20-құжат):
      6-баптың алтыншы бөлігіндегі, 14-баптың бесінші бөлігіндегі, 16-баптың төртінші бөлігіндегі "қызметті бақылауды және реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; № 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат):
      8-2-баптың 4-тармағындағы, 36-3-баптың 2-тармағындағы "қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1,4-құжат; N 2,14-құжат; N 2,18-құжат; N 9, 67-құжат):
      19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "қызметті бақылауды және реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8,45-құжат; N 13, 87-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2007 ж., N 19,148-құжат):
      1) 3-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
      2) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде тануға;";
      3) 7-бапта:
      бірінші бөлік 18) тармақшадағы "міндетті" деген сөздің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "19) көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған жағдайда және еңсерілмес күштің, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары ұлғайтылатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеруге жол бермеуге;
      20) нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға;
      21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті орган айқындаған шамаға төмендетуді қамтамасыз етуге.";
      4) 14-баптың 1-тармағында:
      12) тармақша алып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптардың төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге";
      5) 14-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "олардың шекті деңгейлеріне енгізу," деген сөздерден кейін "уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының шектерін бес пайыздан асатын шығыс баптарын арттыру," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) мыналарға:
      табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
      шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;".
      6. "Темір жол туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат):
      14-баптың 2-тармағының 3), 20), 21) тармақшаларындағы, 57-баптың 1-тармағындағы "қызметті бақылауды және реттеуді", "қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2,18-құжат; N 20 (2501), 152-құжат):
      35-баптың 2-тармағындағы "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 19,148-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;
      2) авариялық бұзылу - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
      3) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылуы;
      4) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;
      5) жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;
      6) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;
      7) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
      8) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жүргізілетін қатынастары жүйесі;
      9) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
      10) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;
      11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес талап етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;
      12) қосалқы қызметтер көрсету - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;
      13) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;
      14) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;
      15) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілері;
      16) өңірлік электр желісі компаниясы - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым;
      17) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      18) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
      19) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      20) ұлттық электр желісі - жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;
      21) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;
      22) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
      23) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызметі;
      24) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
      25) электр энергиясына арналған инвестициялық тариф - табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен, уәкілетті органмен және табиғи монополия саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымы үшін электр энергиясын беруге арналған тарифтің шекті шамасы;
      26) электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының бөлшек сауда нарығында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;
      27) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда жүргізу операторы және электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;
      28) электр энергиясы тарифінің шекті деңгейі - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен энергия өндіруші тобы үшін электр энергиясын босатуға арналған тарифтің (бағаның) шекті шамасы;
      29) электр өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың үлгісі, белгіленген қуат, пайдаланып отырған отынның түрі, отын кенішінің алшақтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдардың шоғырландырылған тобы;
      30) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар тұтынушының кінәсі болмаса да энергиямен жабдықтауды тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
      31) электр энергиясын беру - энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;
      32) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттарының негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;
      33) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қарым-қатынастар жүйесі;
      34) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;
      35) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер;
      36) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;
      37) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - операциялық тәуліктерден бір күн бұрын және соның ішінде режимдерде қысқа мерзімді негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда жүргізу;
      38) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, көтерме тұтынушылар, өзге де ұйымдар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастар жүйесі;
      39) электр энергиясының теңгерімділігі - электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергетикасы;
      40) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесіндегі шамадан ауытқуы;
      41) энергетикалық сараптама - жұмыс істеп тұрған объектілер, қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылыстар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
      42) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;
      43) энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндірілген және (немесе) сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын жеке және заңды тұлғаларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
      44) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйым.";
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) электр энергиясына тарифтердің шекті деңгейлері өзгерістерінің болжамдық индекстерін бекітеді;";
      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      1) уәкілетті органның ұсынымы бойынша энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
      2) энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін электр энергиясына арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітеді;
      3) уәкілетті органмен және табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндіруші ұйымдар іске асырған жағдайда олар үшін электр энергиясына инвестициялық тарифтерді бекітеді;
      4) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу тәртібін бекітеді;
      5) осы Заңның 12-бабының 3, 4, 5-тармақтарында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауына бақылауды, оның ішінде энергия өндіруші ұйымдардың қызметтеріне тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырады;
      6) осы Заңның 12-бабының 3, 4, 5-тармақтарында көзделген талаптардың энергия өндіруші ұйымдардың бұзуын жоюы туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
      7) осы Заңның 12-бабының 3-5-тармақтарында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;
      8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді.";
      4) 9-баптың 1-тармақшасындағы, 14-баптың 4, 5-тармақтарындағы,
16-баптың 1-тармағындағы, 22-баптың 4-тармағындағы "қызметті бақылау мен реттеуді" деген сөздер "басшылықты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. энергия өндіруші ұйымдар беретін электр энергиясына арналған бағаларды энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органның келісімімен оған белгілеген тәртіппен бекітетін тарифтердің шекті деңгейлері шеңберінде өз бетінше айқындайды.
      электр энергиясына арналған тарифтердің шекті деңгейлері табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай өлшемдер мен белгілер: пайдаланып отырған отынның түрі, станцияның үлгісі және қуаты, отын кенішінің алшақтығы бойынша топтарға біріктірген энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін бекітіледі.
      Уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген инвестициялық бағдарламаларды іске асырған жағдайда энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органның келісімімен оған белгілеген тәртіппен бекіткен электр энергиясына арналған инвестициялық тарифті қолдануға құқылы.
      4. Энергия өндіруші ұйымдар энергия өндіруші ұйымдардың тобы үшін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган электр энергиясына бекіткен тарифтердің шекті деңгейлерінен не келісілген инвестициялық бағдарламаны іске асырған жағдайда нақты энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына бекітілген инвестициялық тарифтен аспайтын тарифтер бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыруға міндетті.
      5. Энергия өндіруші ұйым осы баптың 3-тармағында көрсетілген электр энергиясына арналған тарифтер деңгейін асырған жағдайда, энергия өндіруші ұйым тұтынушыларға асырған соманы қайтаруға міндетті.".
      9. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат, N 17, 136-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 25-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
      табиғи монополиялар салаларындағы бақылау;
      энергия өндіруші ұйымдардың электр энергетикасы туралы заңнаманы сақтауын өз құзыретінің шегінде бақылау.".
      2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады