"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 650 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 5-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 53-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат):
      914-бапта "немесе оларға қатысуға байланысты талаптары" деген сөздерден кейін "ойын бастамашысы (ұйымдастырушысы) құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар;N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж, N 1, 4-құжат; N 2, 16-18 құжаттар; N 3, 20-23 құжаттар, N 28, 33-құжаттар, N 5-6, 40-құжат, N 9, 67-құжат, N 10, 69-құжат, N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143,144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжаттар; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы Заңы ):
      1) 338-1-бапта:
      алтыншы бөліктің бірінші абзацы "не ақшадан басқа, өзге мүлік түрінде ұтыс тігуді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ойын бизнесін ұйымдастырушының казино кассалары мен ойын орындарын, сондай-ақ ойын автоматтары залдарын бейне жазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды орындамауы, не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы -";
      тоғызыншы бөліктің бірінші абзацындағы "заңнамасына сәйкес тестілеу және сертификаттау туралы талаптарды" деген сөздер "заңнамасының талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 576-6-баппен толықтырылсын:
      "576-6-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган:
      1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган 357-2-бапта (бірінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаға тартуға құқылы.";
      3) 636-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
      екінші абзацтағы "338 (бірінші бөлігі)" деген сөздерден кейін "338-1 (бірінші, екінші және оныншы бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;
      отыз бесінші абзацтағы "161 (төртінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "338-1 (үшінші, тоғызыншы және оныншы бөліктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "543 - 576-3" деген сандар "543 - 576-6" деген сандармен ауыстырылсын.
      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж.,N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж.,N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат, N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" және 2008 жылғы 24 мамырда "Официальная газета" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 6 мамырдағы Заңы ; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы Заңы ):
      1) 367-2-баптың 4) тармақшасындағы "кассасы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) тотализатордың электрондық кассасы;
      6) букмекер кеңсесінің электрондық кассасы.";
      2) 367-3-бап мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "тотализатордың электрондық кассасы - тоқсанына 375 айлық есептік көрсеткіш;
      букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - тоқсанына 225 айлық есептік көрсеткіш.".
      4. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж.,N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
      "29. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік орган:
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау.".
      5. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 15-құжат):
      1) бүкіл мәтіндегі "ойын мекемесін ұйымдастырушы", "ойын мекемесін ұйымдастырушыға", "ойын мекемесінің ұйымдастырушының", "ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың" деген сөздер "ойын бизнесін ұйымдастырушы", "ойын бизнесін ұйымдастырушыға", "ойын бизнесін ұйымдастырушының", "ойын бизнесін ұйымдастырушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-бапта:
      2) және 7) тармақшалардағы "ойын мекемесінің өкілімен" деген сөздер "ойын бизнесін ұйымдастырушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада:
      "ойын мекемесін ұйымдастырушыға" деген сөздерден кейін "(өтініш берушіге)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(депозитті)" деген сөз алып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) ойын автоматы - ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерінің қатысуынсыз, кездейсоқ жағдайда айқындайтын, құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізу үшін пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);";
      17) тармақшада "төлемдер мен ұтыстардың болуын" деген сөздер "ұтыстар алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17-1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтінім жасаған тұлға;
      17-2) ставка - құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережеге сәйкес құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысуға негізгі шарт болып табылатын ақша сомасы;";
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы - аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін орын;";
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе;";
      20) тармақша алып тасталсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) ұтыс - құмар ойындарды ұйымдастырушы белгілеген ережелерде көзделген құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижесінде құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің қатысушысына міндетті түрде төлеуге немесе берілуге тиіс ақша немесе өзге де мүлік түріндегі мүліктік пайда, соның ішінде мүліктік құқықтар;";
      3-баптың 2-тармағындағы "ақшалай" деген сөз алып тасталсын;
      6-баптың 2-тармағындағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ақшадан басқа өзге мүлік түрінде ставкаларды қабылдауды көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға тыйым салынады.";
      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.";
      8-баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      9-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ойын бизнесі саласындағы қызмет өтініш берушіге әрбір ойын мекемесіне 10 жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Лицензиялар туралы деректер ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға берілетін лицензиялардың тізіліміне енгізіледі.
      Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін уәкілетті орган бекітеді.";
      8) 11-бапта:
      3-тармақтағы "Ойын мекемелері" деген сөздерден кейін "және тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 12-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Әрбір ойын автоматы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен тиісті ойын жабдығына қатысты белгіленген міндетті талаптарға сай болуы тиіс";
      4-тармақтағы "және (немесе) беруді" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтағы "казиноның" деген сөз "ойын мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "беру" деген сөз "төлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен және ойын жабдықтары арқылы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеу мен ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.
      10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өздігінше анықтайды.";
      11-тармақтағы "орнатады" деген сөз "орнатуға міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ставкаларды тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды.";
      10) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Өтініш берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
      1. Өтініш берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы;
      2) меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғау қызметін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
      4) ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген ережелерінің болуы;
      5) қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
      6) өтініш берушіде осы Заңда айқындалатын әрбір ойын мекемесі үшін міндетті резервтер (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткішпен) түрінде ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін іске асыру үшін:
      казино және ойын автоматтары залдары үшін - 25000;
      букмекер кеңселері үшін - 10000;
      тотализаторлар үшін - 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз ету.
      2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына оның сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
      3. Өтініш берушінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың түрлері мен нысандарын уәкілетті орган бекітеді.";
      11) 14-бапта:
      тақырыптағы "және банк кепілдігі" деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақта:
      "қызмет түрі үшін" деген сөздерден кейін "әрбір ойын мекемесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(депозит)" деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақтағы "және Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      "және банк кепілдігі" деген сөздер алып тасталсын;
      "беру" деген сөз "төлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "салымдардағы (депозиттердегі)" деген сөздер "банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 15-бапта:
      2-тармақтағы "Ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізу ережелері" деген сөздер "Ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "құмар ойын ережелерін және ойын мекемесінің ішкі ережелерін" деген сөздер "ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындар мен (немесе) бәс тігудің ережелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 және 16-3-баптармен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы
                 заңнамасының сақталуын бақылау
      1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды тексерістер және (немесе) құжаттарды сұрату арқылы жүзеге асырады.
      2. Тексерістерді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Тексеріс уәкілетті органның тексеріс жүргізу туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.
      4. Тексерістер жоспарлы, жоспардан тыс, рейдтік және кешендік болып бөлінеді.
      5. Жоспарлы тексеріс Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарын ескере отырып, уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын адам бекіткен тексерістер өткізудің алдын ала жоспарланған жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      6. Жоспарлы тексерістердің мерзімділігі жылына бір рет жасалады.
      7. Жоспардан тыс тексерістер жеке, заңды тұлғалардың арыздарына, өтініштеріне және (немесе) басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдарға дереу ден қоюды талап ететін қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеріс нәтижесінде анықталған жолсыздықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында өткізіледі.
      8. Рейдтік тексерістер бір мезгілде бірнеше ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының талаптарын олардың сақтауы мәселелері бойынша тексеру арқылы жүргізіледі.
      9. Кешендік тексерісті уәкілетті орган өзінің құзыреті шегінде ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізеді.
      16-2-бап. Тексеріс жүргізуді ұйымдастыру
      1. Тексеріс жүргізу үшін уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам мынадай мәліметтері болуға тиіс тексерісті белгілеу туралы акт шығарады:
      1) бақылаушы органның атауы, тексерісті белгілеу бойынша өкілеттікке ие болған адамның тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын қызметі және оның қолы;
      2) бақылаушы органның журналы бойынша тексерісті белгілеу туралы актінің күні және тіркеу нөмірі;
      3) тексерісті жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      4) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы, тұрғылықты жері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      5) тексеріс түрі;
      6) тексерістің мәселесі;
      7) тексерісті жүргізу мерзімі;
      8) тексерісті белгілеу негіздемесі;
      9) ойын бизнесін ұйымдастырушының құжаттарын белгіленген уақыт кезеңінде зерттеу талап етілген жағдайда, тексерілетін кезең.
      Тексерісті белгілеу туралы актінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      2. Тексерісті белгілеу туралы акт өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркеледі.
      3. Тексеріс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерісті белгілеу туралы акті тіркелгеннен кейін жүргізіледі.
      4. Тексерісті белгілеу туралы актіде көрсетілетін тексерісті жүргізу мерзімі қойылған міндеттер мен алдағы жұмыстардың көлемі есепке алына отырып белгіленеді, бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер (сынақтар) және сараптама жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерістің біршама көлемді болуына байланысты уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексерісті жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ отыз күнтізбелік күннен асырмай ұзартуы тиіс, бұл ретте тексеріс жүргізуші уәкілетті органның лауазымды адамы жиырма төрт сағаттың ішінде бұл туралы ойын бизнесін ұйымдастырушыға хабарлайды.
      Тексеріс мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган міндетті түрде құқықтық статистика органында тіркеу арқылы тексерісті ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексерісті белгілеу туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
      Тексерісті белгілеу туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеріс жүргізілуі мүмкін.
      5. Тексерісті белгілеу туралы актіде көрсетілген уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) ғана тексерісті жүргізе алады.
      16-3-бап. Тексерістерді жүргізу тәртібі
      1. Ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерісті белгілеу туралы актіні тапсырған сәт тексерістің басталғаны болып есептеледі.
      2. Тексерісті белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда немесе уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеріс жүргізу үшін қажет материалдарды алуына кедергі болған жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға уәкілетті органның лауазымды адамы және ойын бизнесін ұйымдастырушы немесе оның өкілі қол қояды.
      Тексерісті белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тарту тексерісті жүргізбеуге негіз бола алмайды.
      3. Тексеріс мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) тексерісті жүргізу;
      2) тексерісті жүргізу кезінде алынған нәтижелерді талдау және қорыту, қорытындыларды тұжырымдау, тиісті құжаттарды ресімдеу;
      3) ойын бизнесін ұйымдастырушыны тексерістің нәтижелері туралы хабардар ету;
      4) жұмыстың қорытындыларын шығару;
      5) жолсыздықтар анықталған болса, ол фактілер бойынша шаралар қолдану.
      4. Тексерісті жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдар:
      1) ойын бизнесін ұйымдастырушыға қызметтік куәліктер мен тексерісті белгілеу туралы актіні көрсетуге;
      2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға ықпал ететін себептер мен мән-жайларды анықтауға міндетті.
      5. Лауазымды адамдар тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға және тексеріс мәніне қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
      Тексерістерді жүргізу кезінде ойын бизнесін ұйымдастырушы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша лицензиялардың түпнұсқаларын, сондай-ақ жүзеге асырылатын қызметтің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды көрсетеді.
      6. Тексерістің нәтижелері бойынша мыналар көрсетіле отырып, тексерістің нәтижелері туралы акт жасалады:
      1) акті жасалған орны және күні;
      2) тексерісті жүргізген мемлекеттік органның атауы;
      3) тексерісті белгілеу туралы актінің негізінде жүргізілген тексерістің деректемелері;
      4) тексерісті жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты;
      5) тексерілуші ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы, тексеріс жүргізу кезінде қатысқан ойын бизнесін ұйымдастырушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
      6) тексеріс жүргізілген күні, орны және кезеңі;
      7) тексерістің түрі;
      8) тексерістің объектісі;
      9) тексерістің нәтижелері туралы, соның ішінде анықталған жолсыздықтар туралы, олардың сипаттары туралы мәліметтер;
      10) алдыңғы тексерістер және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде қабылданған шаралар туралы мәліметтер;
      11) анықталған жолсыздықтарды жою жөніндегі ұсынымдар;
      12) ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның өкілінің, сондай-ақ тексеріс жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтер;
      13) тексерісті жүргізген лауазымды адамдардың қолдары.
      Тексерістерді жүргізудің нәтижелері туралы актінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      7. Тексерістің нәтижелері туралы актіні жасау кезінде уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып, анықталған жолсыздықтар туралы тек нақты, негізделген және құжаттармен расталған деректерді көрсетуге міндетті.
      8. Тексерістің нәтижелері туралы актіге тексерісті жүргізген лауазымды адам және ойын бизнесін ұйымдастырушының осы тексерісті жүргізуге қатысқан өкілі тексеріс аяқталысымен қол қояды.
      Тексерістің нәтижелері туралы акті бойынша ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған жағдайда, ол бұл туралы өзінің қол қоюының алдында ескертеді және жазбаша түсініктемені қоса береді. Ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тексерістің нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда актіде тиісті жазба жүргізіледі.
      9. Тексерістің нәтижелері туралы акті екі данада жасалады. Актінің бірінші данасы ойын бизнесін ұйымдастырушыдағы түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен ойын бизнесін ұйымдастырушының тексерісті жүргізуге қатысқан өкіліне тапсырылады, екінші данасы тексерісті жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамында қалады.
      10. Тексерісті жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы:
      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға;
      2) тексерілуші адамға жою мерзімін көрсете отырып, анықталған жолсыздықтарды жою туралы нұсқама беруге;
      3) уәкілетті орган басшысының алдында Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы сотқа талапты арыз беру туралы өтініш жасауға міндетті.
      11. Тексерістің нәтижелері бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы нұсқаманы тексеріс жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамы екі данада жасайды. Бірінші данасы ойын бизнесін ұйымдастырушының тексеріске қатысқан өкіліне тапсырылады, нұсқаманың екінші данасы уәкілетті органда қалады.
      12. Ойын бизнесін ұйымдастырушы анықталған жолсыздықтар туралы нұсқамада көрсетілген мерзім ішінде жолсыздықтарды жоюға және бұл туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
      13. Жолсыздықтарды жою туралы жазбаша жауап алғаннан кейін немесе оны нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы ойын мекемесін ұйымдастырушыға анықталған жолсыздықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мәніне тексерісті жүзеге асырады.
      14. Тексерісті белгілеу туралы актіде көрсетілген тексерістің аяқталу мерзімінен кешіктірмей ойын бизнесін ұйымдастырушының осы тексеріске қатысқан өкіліне тексерістің нәтижелері туралы актіні тапсырған күн тексерістің аяқталған күні болып есептеледі.
      Ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тексерістің нәтижелері туралы актіні алудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы почта байланысы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерістің нәтижелері туралы актіні хабарламасы бар тапсырысты хатпен жібереді. Осы жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерістің нәтижелері туралы актіні тапсырысты почтамен жіберген күн тексерістің аяқталған күні болып есептеледі.
      15. Егер ойын бизнесін ұйымдастырушы тексеріс нәтижесінің актісімен келіспесе, ол сот тәртібімен осы әрекеттерге шағымдануға құқылы.".
      2-бап . Осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады