Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 147-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 697 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 323-жолда:
      2-бағандағы "маусым" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-бағанда:
      "мамыр" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "маусым" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2) "Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 147-ө өкімінде :
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 4-жолдың 5-бағанындағы "маусым" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады