Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 780 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығын қараңыз.


      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 28 тамыздағы
N 780 қаулысымен  
бекітілген     

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан
өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу және бағалау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарын зертханалық сынау - морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сортты сынау;
      3) егістік сынау - жаңа сорттарды өнімділік деңгейі, өнімнің сапасы, ауруларға және зиянкестерге төзімділігі және басқа да шаруашылық құнды белгілері бойынша стандарттармен салыстыра отырып жан-жақты және терең зерттеу және бағалау, сондай-ақ олардың экономикалық тиімділігін бағалау;
      4) деректер банкі - Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) енгізілген сорттарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сорттарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізілген және бағаланған сорттардың паспорттық деректерінің жинағы;
      5) Мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынауды жүзеге асыратын, тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия;
      6) өтінім беруші - сортты патент беруге және/немесе шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;
      7) патент қабілеттілігі - сорттың сонылық, ерекшелік, біртектілік, тұрақтылық өлшемдеріне сай болуы;
      8) сараптама ұйымы - мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыратын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым;
      9) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
      10) сортты сақтау - сортты Қазақстан Республикасының өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізіліміндегі ресми сипаттауға сәйкес қолдау;
      11) сорттың паспорты - сорттық тиесілілікті айқындайтын дәл және қалпына келтірілетін белгілер бойынша сортты сипаттау;
      12) шаруашылық пайдалылығы - өнім өндірудің барынша жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық құнды белгілер кешенінің болуы.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші тапсырған деректерді пайдалана алады.
      4. Сорттың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сынақтан өткізуді тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер (бұдан әрі - әдістемелер) бойынша белгіленген мерзімде Мемлекеттік комиссия жүргізеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.

2. Сорттарды патент қабілеттілігіне сынау және бағалау

      5. Патент беруге арналған өтінімді сараптама жасау ұйымына өтінім беруші береді.
      Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтінімнің және сорттың сауалнамасының көшірмелері Мемлекеттік комиссияға жіберіледі.
      Сараптама ұйымы алдын ала сараптаманың оң нәтижесі, өтінім беру күнін белгілеу, сорттың басымдылығы және өтінім материалдарының Мемлекеттік комиссияға берілгені туралы өтінім берушіні бір ай мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.
      6. Патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.
      7. Сортты патент қабілеттілігіне сынау мыналарды қамтиды:
      1) патент беруге арналған өтінімнің көшірмесін бағалауды жүргізу;
      2) сортты сонылығына бағалауды жүргізу;
      3) сорттың атауын бағалауды жүргізу;
      4) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган оны одан әрі қарау туралы шешім қабылдаған сорттың ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынау.
      8. Сортты патент қабілеттігіне бағалау кезінде өтінім берушінің деректері бойынша сортты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынау жүргізілмейді.
      9. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі түскен күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік комиссия:
      1) патент беруге арналған өтінімнің көшірмесін бағалауды;
      2) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес сортты сонылығына бағалауды;
      3) сорттың атауын бағалауды;
      4) сауалнамада көрсетілген белгілерге сәйкестігіне зертханалық сынақ жүргізеді.
      10. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесін бағалау өтінімде болуы немесе оған қоса берілуі тиіс құжаттардың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.
      11. Сортты сонылығына бағалау өтінім беруші тапсырған құжаттарды талдау арқылы жүргізіледі.
      Егер мәлімделген сортты сонылығына бағалау нәтижесінде сорттың сонылық өлшеміне сай келмейтіні анықталса, Мемлекеттік комиссия патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және ол туралы селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және өтінім берушіге бір ай мерзімде жазбаша нысанда хабарлайды.
      12. Сорттың атауын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: сорттың атауы сортты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сорттарының атауларынан өзгеше болуы тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сорттың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.
      Ұсынылған селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.10.2013 № 1097 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Сорттың атауы осы Ереженің 12-тармағының талаптарына жауап бермейтін жағдайларды қоспағанда, егер бір сортқа арналған өтінім Қазақстан Республикасына да және басқа елдерге де берілсе, ол сорттың атауы да бірдей болуы тиіс.
      14. Егер сорттың атауы осы Ереженің 12, 13-тармақтарында белгіленген талаптарға жауап бермесе, өтінім беруші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша екі ай мерзімде жаңа атау ұсынады.
      Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім беруші көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса не апелляциялық кеңесте селекциялық жетістіктің атауын мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.10.2013 № 1097 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Зертханалық сынақ жүргізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша Мемлекеттік комиссия көрсеткен және әдістемелерге сәйкес айқындалған көлемде тиісті тұқымдық материал тапсырады.
      16. Зертханалық сынақ барысында:
      1) деректер банкін пайдалану арқылы басқа сорттардан ерекше белгілердің болуы анықталады;
      2) тапсырылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;
      3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.
      17. Зертханалық сынақтың теріс нәтижелері анықталған жағдайда (өтінім беруші тапсырған сауалнамадағы белгілерге сай болмауы және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы) Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға сорттың ерекшелік және (немесе) біртектілік өлшемдеріне сай келмейтіні туралы қорытынды жібереді.
      18. Зертханалық сынақтың оң нәтижелері алынған жағдайда Мемлекеттік комиссия ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа мемлекеттік сынақтар жүргізу туралы шешім қабылдайды.
      19. Патент беруге арналған өтінім беру сәтінде бар болуы баршаға мәлім болып табылатын сорт кез келген басқа сорттан ерекше болса, сорт ерекшелік талаптарына жауап береді.
      Егістік сынау кезінде сорттың ерекше өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін белгілер жақсы көрінуі және дәл сипаттау мен қалпына келтіруге икемді болуы тиіс.
      20. Егер көбею ерекшеліктерін ескере отырып селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болып қалса, сорт біртекті деп саналады.
      21. Негізгі белгілері әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы кезінде - әрбір көбею циклы соңында, өзгеріссіз қалса, сорт тұрақтылық өлшеміне жауап береді.
      22. Ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынақтар жүргізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге жіберетін хабарламада көрсетілген мекен-жайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық материалдың қажетті көлемін Мемлекеттік комиссияның тәртіптемелері бойынша тегін береді.
      23. Тұқымдық материалдың үлгiлерiн iрiктеп алу ұлттық стандартқа сәйкес ағымдағы жылғы егiннiң өнiмiнен жүзеге асырылады және тұқым аттестатымен немесе куәлiгiмен, карантиндiк немесе фитосанитариялық сертификатпен бiрге жүредi.
      Сынақтар жүргізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық материалдың үлгілері сорттық және себу сапаларын куәландыратын құжаттармен, фитосанитариялық сертификатпен және импорттық карантиндік рұқсатпен бірге жүруі тиіс.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338, 23.07.2013 № 735 қаулыларымен. 
      24. Тұқымдық материалдың үлгілерінде карантиндік зиянкестер, аурулар мен арамшөптер, бөтен қоспалар, басқа өсімдіктердің тұқымдары болмауы тиіс, сондай-ақ егер Мемлекеттік комиссия мен өтінім беруішінің арасындағы шартта айтылмаса, қабықтанбауы, дәріленбеуі тиіс.
      25. Тұқымдық материалдың үлгісінде мыналарды қамтитын ішкі және сыртқы заттаңба болуы тиіс:
      1) сорттың атауы (егер аты әлі айқындалмаса - селекциялық нөмірі). Шетелдік сорттың атауы өтінім берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда жазылады;
      2) тегінің, түрінің атауы (латынша және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде).
      26. Өтінім беруші сондай-ақ құрамында гербарий, тұқым, түйнектер, пиязшықтар, қалемшелер, гүлшоғырлар (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсімдіктердің басқа да бөліктері) бар үлгіні (сорт эталонын) тұқымдық сорттық тектік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін жібереді.
      27. Сортты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынау нәтижелері Мемлекеттік комиссияда деректер банкін пайдалану арқылы өңделеді.
      28. Егер Мемлекеттік комиссия жүргізген сынақ нәтижесінде өтінім берілген сорт патент қабілеттілігі шарттарына сай екендігі анықталса, Мемлекеттік комиссия патент беруге арналған қорытындымен бірге сорт сипаттамасын жасайды және оны үш данада селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
      29. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сорттың патент қабілеттілігі шарттарының ең болмағанда біреуіне сай еместігін анықтаған жағдайда, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік себептерін негіздей отырып, патент беруге арналған қорытындымен бірге сорт сипаттамасын жасайды және оны екі данада селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
      30. Селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Мемлекеттік комиссияның қорытындысы негізінде патент беру туралы немесе патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдап, бір ай мерзімде ол туралы өтінім берушіге жазбаша хабарлама жібереді.
      Өтінім беруші селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға алған күннен бастап үш ай ішінде патент беруден бас тарту туралы шешімге қарсылық бере алады. Қарсылық апелляциялық кеңестен келіп түскен күннен бастап үш айлық мерзімде қаралады.
      Апелляциялық кеңестің шешіміне өтінім беруші шешімді алған күннен бастап алты ай ішінде сотқа шағымдана алады.
      31. Патентті иеленуші сортты патенттің қолданылу мерзімі ішінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін Қазақстан Республикасының өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімінде оны тіркеген күні жасалған сорттың ресми сипаттамасында (паспортында) көрсетілген белгілері сақталатындай қалыпта ұстайды.
      32. Патентті иеленуші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша бақылау сынақтарын жүргізу және сорттың сақталуын тексеру үшін тұқымдық материалдың үлгілерін сұрау салу жіберілген күннен бастап он екі ай ішінде жібереді.
      33. Патенттің күшін жою және оны мерзімінен бұрын тоқтату "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

3. Сорттарды шаруашылыққа пайдалылығына
сынақтан өткізу

      34. Шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.
      35. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынауға:
      1) пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді қабылдау;
      2) пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді және сорт атауын сараптау;
      3) өнім өндірудің ең жоғарғы экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін белгілер кешені бойынша (өнімділігі, сапасы, зиянкестер мен ауруларға төзімділігі және әрбір дақыл үшін әдістемелермен айқындалған өзге де шаруашылық құнды белгілері) егістік сынаулар жүргізу;
      4) деректер банкінде сорттың паспортын тіркеу;
      5) Мемлекеттік комиссия нәтижелері бойынша сорттың ресми сипаттамасын жасайтын сортты морфологиялық белгілері бойынша сәйкестендіру енеді.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.
      36. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылық пайдалылығына сынау кезінде белгілер кешені бойынша егістік сынаулар және сортты морфологиялық белгілері бойынша сәйкестендіру мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:
      1) өтінім беруші рұқсат беруге ұсынылатын топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;
      2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын сынау нәтижелері түсімділігі бойынша стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық бағалы белгілері болғандығы туралы куәландырады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.
      37. Пайдалануға рұқсат беруге өтінімді кез келген тұлға, ал патент беруге өтінім берілген сорт бойынша - патент беруге өтінім берген тұлға немесе көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыруға сенімхаты бар өтінім берушінің өкілі бере алады.
      38. Пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді өтінім беруші белгіленген тәртіппен уәкілеттік берген өкіл арқылы беруге болады.
      39. Шетелдік өтінім берушілер пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді Мемлекеттік комиссияға өздерінің Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген арнайы өкілдіктері арқылы береді. Көрсетілген өкілдіктер өтінім бойынша істер жүргізуге байланысты әрекеттерді, оның ішінде кедендік ресімдеу және Мемлекеттік комиссияның тәртіптемесі бойынша сынау үшін тұқым жіберу жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс.
      40. Жаңа сортты кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынау жоспарларына енгізу үшін пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінім Мемлекеттік комиссияға: жабық топырақ дақылдары бойынша - 15 тамыздан; күздік егіс дақылдары бойынша - 10 қазаннан; жаздық дәнді масақты, дәнді бұршақты, жармалық (күріштен басқа), майлы дақылдар (күнбағыстан басқа), картоп, көкөніс және бақша дақылдары, біржылдық, көпжылдық шөптер (құмай жүгеріден басқа), жемдік тамыртүйнек және күнбағыс бойынша - 1 желтоқсаннан; жүгері, күріш, құмай жүгері бойынша - 15 желтоқсаннан; тоқымалық, техникалық, эфирмайлы дақылдар, мақта, жеміс, жидек дақылдары, жүзім, тұт ағашы, тұт ағашының гибридтері, гүлді-сәнді өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша - 25 желтоқсаннан кешікпей түсуі тиіс.
      41. Сорт сәйкестік бойынша мәлімделген сипаттамаға сай келмесе, сортқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты Мемлекеттік комиссия пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді қабылдамау және сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      42. Егістік сынауларды жүргізу үшін Мемлекеттік комиссияға тапсырылатын тұқымдық материалдың үлгісінде ішкі және сыртқы заттаңба болуы тиіс, онда мынадай ақпарат болады:
      1) сорттың атауы (егер аты әлі айқындалмаса - селекциялық нөмірі). Шетелдік сорттың атауы өтінім берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда жазылады;
      2) тегінің, түрінің атауы (латынша және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде).
      43. Егістік сынаулар бір жерде, дақылдың қолайлы дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда, екі вегетациялық кезең ішінде жүргізіледі.
      44. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынау нәтижелері деректер банкінде тіркеледі.
      45. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынау нәтижелері бойынша:
      1) алдағы уақытта сынақтан алуды немесе құнды шаруашылық белгілері кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беруді негіздей отырып, қорытынды жасалады;
      2) Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде тиісті шешім қабылдау үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құрған Мемлекеттік тізілімге өзгерістерді қарау және енгізу жөніндегі республикалық комиссия тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныс енгізеді.

4. Қорытынды ережелер

      46. Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде Мемлекеттік комиссияға мәлімделген селекциялық жетістікке қатысты талабын жібере алады.
      Мүдделі тұлғалардың наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссия сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытынды шығарады және оны селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға бір ай мерзімде хабарлайды.
      Селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген қорытынды негізінде сорттың патент қабілеттігі туралы шешім қабылдайды және бір ай мерзімде ол туралы мүдделі тұлғаларға хабарлайды.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.22 № 338 Қаулысымен.
      47. Мемлекеттік комиссиямен хат алмасуды өтінім беруші немесе уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір өтінім бойынша бөлек жүргізеді.
      Мемлекеттік комиссияға жіберілетін құжаттарда сорттың атауы (егер аты әлі анықталмаса - селекциялық нөмірі) және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуы тиіс. Сорттың атауы (егер аты әлі анықталмаса - селекциялық нөмірі) көрсетілмеген құжаттар қаралмай қайтарылады.
      48. Сортқа арналған өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және мәлімделген сорттың мәнін өзгертетін белгілер бар қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде есепке алынбайды, ол туралы Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге бір ай мерзімде жазбаша нысанда хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады