Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 846 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      10-тармақта "дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      1) тармақшада "дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      58) тармақшада "және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "59) мониторинг, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды талап ету жолымен;";

      98) тармақша сол күйінде қалдырылсын;

      99) тармақшада "және соттан тыс тарату рәсімінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "103-1) сотқа сыртқы байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау туралы өтінішпен жүгіну;";

      106) тармақшада:
      "немесе кредит берушілерді соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданғанға" деген сөздер алынып тасталсын;
      "немесе соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдағаннан" деген сөздер алынып тасталсын;

      107) тармақшада:
      "өтініш беру" деген сөздер алынып тасталсын;
      "басқарушы" деген сөз "басқарушылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сотқа" деген сөзден кейін "өтініш бере алады" деген сөздермен толықтырылсын;

      113) және 115) тармақшалар алынып тасталсын;

      152) тармақшада "және", "таратудың соттан тыс рәсімінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;";

      160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу;

      мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады