Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 881 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 310 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 310 Қаулысымен.

      Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың негізгі бағыттарын айқындау және Алматы өңірін елдің экономикалық өсу аймағы ретінде қалыптастыру мен өңірлік және әлемдік нарықтармен ықпалдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1 . Қоса беріліп отырған Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
      2. Орталық атқарушы органдар, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері тиісті шешімдерді әзірлеу және іске асыру кезінде осы Тұжырымдаманың негізгі ережелерін басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 24 қыркүйектегі
N 881 қаулысымен   
мақұлданған     

Алматы қаласы және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы

Астана, 2008

Кіріспе

      Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) болашақта Алматы қаласын және Алматы облысын бірыңғай Алматы өңірі ретінде дамытудың және ұстанымдаудың жалпы көрінісін, негізгі бағыттарын, сондай-ақ алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің тетіктерін айқындайтын құжат болып табылады.
      Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының, Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы) атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген.
      Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері елдің мынадай негізгі стратегиялық құжаттарында белгіленген басымдықтарға: Президенттің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясына, Мемлекет басшысының 2005 - 2008 жылдардағы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы N 216 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына жауап береді.
      Перспективаға арналған дамудың негізгі бағыттары, сондай-ақ әрбір өңірдің қойылған міндеттерді шешу жолдары мен қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешені 2007 жылғы 31 қазандағы N 22 қалалық мәслихаттың IV сессиясының шешімімен қабылданған Алматы қаласын дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясында және 2007 жылғы 25 шілдедегі N 41-307 облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен қабылданған Алматы облысын дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясында егжей-тегжейлі жазылған.
      Осы Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігі Алматы өңірін іскер, өнеркәсіптік және сервистік орталық ретінде дамытудың бірыңғай ұзақ мерзімді тұжырымдамасының жоқтығынан туындайды.
      Тұжырымдама қолданыстағы мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттарда көзделіп жүзеге асырылатын жобалар мен іс-шаралар шеңберінде Алматы өңірін дамыту, сондай-ақ өңірде бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру, кластерлік ұстаным негізінде салааралық және өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік беретін қорытындылау (байланыстыру) сипатына ие.
      Құжат мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарының аумақтық тиімді дамыту жөнінде былайғы іс-қимылдары үшін бағдар болып табылады және Алматы өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әрі оны елдің серпінді дамитын "озық" өсу аймақтарының бірі етіп қалыптастыруға бағытталған.

1. Алматы қаласының және Алматы облысының қазіргі дамуы

      Алматы қаласының Алматы облысының өзара тығыз экономикалық байланысының тарихи тамыры бір. Қала ондаған жылдар бойы Алматы облысының орталығы болды. Осыған байланысты бұрынғы астана мен оған іргелес орналасқан елді мекендер, бірінші кезекте Талғар, Есік, Қапшағай қалалары арасындағы қалыптасқан тауар және еңбек ағындары қарқынды сипатқа ие.

1.1. Алматы қаласының ағымдағы мамандануы дамуы

      Алматы қаласы - елдің қаржылық, мәдени, туристік, білім беру орталығы болып табылатын ірі мегаполис.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігері Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі өңірлік қаржы және мәдени орталық ретінде одан әрі дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1019 Жарлығымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Алматы қаласын дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды.
      Жыл сайын республикалық бюджеттен білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға, жаппай жеке тұрғын үй салу аудандарында көлік инфрақұрылымын, инженерлік-коммуникациялық желілерді дамытуға айтарлықтай қаражат бөлінуде, тұрғын үй құрылысына кредиттер бөлінуде. Мысалы, көлік инфрақұрылымын дамытуға 2007 жылы 58 млрд. астам теңге көлемінде бюджеттік қаражат инвестицияланды.
      2007 жылы энергия кешенін және инженерлік коммуникацияларды дамыту үшін жалпы алғанда 53 млрд. теңге инвестициялау жоспарланды, оның ішінде қаражаттың жартысынан астамы жеке инвесторларға тиесілі.
      Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығын FITCH (ВВ+ рейтингі тұрақты) халықаралық агенттіктерінің оған берген рейтингтері растайды.
      Алматының экономикасы тұрақты дамуымен ерекшеленеді. Өнеркәсіптің азық-түлік, машина жасау және басқа да салаларындағы, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы жылдам өсу қарқыны өнеркәсіптегі  орташа 15%-дық тұрғын үй құрылысындағы - 11%-дық, инвестициядағы - 14%-дық жыл сайынғы өсімді қамтасыз етеді.
      Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі - ЖӨӨ) көлемі номиналды мәнде 1995 жылдан бастап 10 есеге ұлғайды, ал оның қала тұрғындарының жан шаққандағы көрсеткіші республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары. Бұл ретте, ЖӨӨ құрылымында әр түрлі қызмет түрлерінің үлесі барынша көп (85%). Көлік, құрылыс және қаржы қызметтері неғұрлым жылдам қарқынмен дамуда.
      Алматының дамыған зияткерлік-ғылыми базасы бар. Мұнда 47 жоғары оқу орны, 700 ғылыми-зерттеу ұйымы бар, ядролық медицина, ғарыштық технологияларды, жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту, ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және басқа салаларда іргелі зерттеулер жүргізіледі.
      Инновацияларды қолдау инфрақұрылымы - технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық кәсіпкерлікті қолдау орталықтары едәуір дамуда. Бұл болашақта Алматы қаласына Алматы өңірінде де, тұтастай алғанда республикада да ғылыми идеялардың, инновациялардың, сондай-ақ технологиялар трансфертінің бас генераторы мәртебесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде Алматы қаласында бірқатар серпінді жобалар іске асырылуда.
      Алматы қаласына жақын жерде "Аlаtаu ІТ Сіtу" ақпараттық технологиялар паркін құру және дамыту неғұрлым ірі инновациялық жобалардың қатарына жатады, оның базасында сұйық кристалды панельдер, радио жүйелерін және ілеспе аксессуарларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіру жөніндегі зауыт салу жобасын іске асыру басталып кетті.
      "Аlаtаu ІТ Сіtу" жұмысына ақпараттық технологиялар және коммуникациялар саласындағы жетекші әлемдік компаниялар қатысады: Міckrosoft, Неwlеtt Расkаrd, Sіеmеns, Сіsсо Sуstеms, Тhаlеs Іntеrnаtiоnals, LG, Sun Місrоsуstеms, Sаmsung және басқалары.
      Қаржы және банктік қызметтер секторы қарқынды дамуда. Алматы қаласында елдің негізгі қаржы институттары мен ресурстары шоғырланған. Қалада Ұлттық Банк, Қазақстан қор биржасы, екінші деңгейлі банктердің, олардың елдегі жалпы санының 88%-ы, Қазақстанның 14 жинақтаушы зейнетақы қорының - 11-і, 40 сақтандыру компаниясының - 31-і, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың көпшілігі қызмет етеді.
      2006 жылдан бастап Алматы қаласында Өңірлік қаржылық орталығы (АӨҚО) жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта АӨҚО-да сауда-саттық көлемі 40 млн. АҚШ долларын, акциялардың нарықтық капиталдануы - 5,3 млрд. АҚШ долларын, облигациялар - 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
      Алматы қаласының тау сілемдері баурайындағы Ұлы Жібек жолының бойында орналасуынан, сауықтыру және спорттық туризмді дамытуға ықпал ететін табиғи-климаттық жағдайларының алуан түрлілігі жөнінен қуатты туристік-рекреациялық әлеуеті мол.
      Әлеуеті мен өсу қарқыны тұрғысынан спорттық сипаттағы келу туризмі мен рекреациялық сипаттағы ішкі туризм, сондай-ақ Қазақстанның ойын бизнесінің орталығы ретінде Қапшағай қаласын дамытуға байланысты Алматы қаласында туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бар.
      Қазіргі уақытта туристік кластерді дамыту шеңберінде Медеу және Шымбұлақ кешендерін жаңғырту жобалары іске асырылуда.
      Алматы қаласы 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын өткізу орны ретінде таңдалды. Осыған орай, бизнесті тиімді жүргізу, туризмді дамыту және қысқы Азия ойындарын, болашақ Олимпиада ойындарын, сонымен қатар басқа да халықаралық спорттық  жарыстарды тиімді өткізу үшін дамыған инфрақұрылымы бар халықаралық маңызды өңірлік орталық ретінде Алматы агломерациясының жағдайын нығайту мәселелері өткір қойылып тұр.
       Алматы қаласы ірі мегаполис бола тұра, өзіне жақын маңдағы кіші қалалар мен ауылдық жерлерден ғана емес, тұтастай республикадан еңбек ресурстарын тарта отырып, өңірдегі урбанизация процестеріне объективті түрде айтарлықтай ықпал етеді. Статистика органдарының деректері бойынша қалаға көшіп-қонушылардың саны 2006 жылы 38 мың адам болды. Көшіп-қонушы халықтың негізгі құрамы өңіраралық көшіп-қонушылардан тұрады, қалаға келушілердегі олардың үлесі 90%-ды құрайды.
      Алайда, қазіргі әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым және еңбек нарығының мүмкіндіктері ескерілмей, елдің басқа өңірлерінен халықтың ағыны жүйесіз сипатқа ие болуда.
      Осыған байланысты қазіргі уақытта Алматы қаласында халықтың шамадан тыс қоныстануы және мүмкіндігінен тыс жүктемесі, қоршаған табиғи орта сапасының төмендеуі, ішкі көшіп-қонушылар ортасында жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы және қалаға стихиялы түрде келушілер үшін тұрғын үйдің қол жетімділігі оның негізгі проблемалы мәселелері болып табылады.
      Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының жер мәселелерін реттеудегі келісілмеген іс-қимылы Алматы қаласының маңына заңсыз жаппай қоныстануға себеп болуда.
      Қазіргі таңда Алматы қаласының дамуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1330 қаулысымен бекітілген Бас жоспардың негізгі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуда.
      Бұл ретте, Бас жоспарда Алматы қаласының аумағын перспективті дамыту қалалық аумақтармен жалпы инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар оның қала маңы аймағын өзара үйлестірімді дамытуға бағытталған, бұл Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өзара жұмыс істеу және құрылыс салу мәселелері бойынша келісілген іс-қимылын алдын ала айқындайды.
      Алайда, қазіргі уақытта қаланың қала маңы аймағына және ерекше қала құрылысын реттеу аймағына құрылыс салу "Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердің пайдалану ережесі мен режимін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1269 қаулысының нормалары сақталмай жүзеге асырылуда.
      Осыған байланысты қазіргі уақытта қала маңы аумағын оның инженерлік-геологиялық және табиғи жағдайларын ескермей жүйесіз игеру байқалуда.
      Бұл, бірінші кезекте қала маңы аймағында қала құрылысын дамытудың кешенді жобасының жоқтығына байланысты, яғни қала маңы аумағы мен тек қана қала құрылысын реттеу аймағына толығынан жобалау-жоспарлау құжаттамасының болмауынан қала маңына құрылыс салу процестерін реттеу тетігі жоқ.
      Алматы қаласының проблемасын шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының аумағында серіктес қалалар қалыптастыру жолымен Алматы агломерациясын кешенді дамыту, қала мен қала маңы аумақтарын салу бойынша жол берілген заңсыздықтарды жою, Алматы қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шараларды іске асыруды бастады.

1.2. Алматы облысының ағымдағы мамандануы және дамуы

      Аумағы 224,0 мың ш.км. (ел аумағының 8,2%) және 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1642,3 мың халқы бар Алматы облысы еліміздің ең ірі өңірлерінің бірі болып табылады.
      Облыстың қолайлы табиғи-климаттық аймақта географиялық орналасуы, құнарлы жерлер мен су ресурстарының болуы, оның аумағымен көлік дәліздерінің өтуі, сондай-ақ көршілес елдер аумақтарына жақын орналасуы облыстың ағымдағы мамандануын айқындайды.
      Алматы облысы экономиканың аграрлық-индустриялық бағытымен сипатталады және іс жүзінде Алматы қаласының азық-түлік белдеуі болып табылады. Облыстың ауыл шаруашылығы республикадағы жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 13,0%-ын өндіреді. 2007 жылы жалпы ауыл шаруашылық өнімі 146,0 млрд. теңгеге немесе алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда 104,3% өндірілді.
      Облыста барлығы ауылшаруашылық дақылдарының шамамен 60 түрі өндіріледі. 2007 жылдың қорытындылары бойынша жүгері, қант қызылшасы, соя, темекі, картоп, көкөніс өндірісінде облыс республикада бірінші орын, күнбағыс, жеміс-жидектер, жүзім өндірісінде екінші орын алды.
      Қазіргі уақытта облыс ет, сүт, жұмыртқа және жүн өндірісі бойынша алдыңғы қатарлы орынды иеленген.
      Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің үлес салмағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 59,5%-ды иеленеді. Облыс жүзім шараптарының, темекі өнімдерінің, ашытқының ішкі тауар нарықтарында алдыңғы қатарлы орынды иеленген.
      Алматы облысында "ПлодЭкс" акционерлік қоғамының базасында қазіргі уақытта жеміс-көкөніс кластері қалыптасуда. Облыс көкөніс пен жеміс-жидектерді қайта өңдеуде басым әлеуетке ие. Облыс үлесіне республикада өндірілетін көкөніс өнімінің жалпы көлемінің 27% тиесілі, орташа алғанда жылына 664,4 мың тонна көкөніс жеміс дақылдары өндіріледі .
      Облыста Қазақстанның таулы өзендер су энергиясы ресурстары қорының 65%-ы шоғырланған. Су электр станцияларын салу мүмкін болатын  таулы өзендерінің перспективалы учаскелері бар, 15 су электр станциясы мен 5 жыл электр станциясын салудың неғұрлым перспективалы   жобалары Республиканың Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілді. 2006 жылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ арқылы Шарын өзенінде Мойнақ СЭС-ының бірінші кезеңін салу жобасын қаржыландыру басталды.
      Жел энергетикасын дамыту үшін қуатты жел дәліздері бар. Алакөл ауданындағы "Жоңғар қақпасы" ауданында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ және Кербұлақ аудандарындағы "Шелек дәлізіндегі" желдің энергетикалық әлеуеті әлемде үздік деп танылды.
      Облыстың туристік әлеуеті табиғи-рекреациялық ресурстардың (Іле және Жоңғар Алатауының ландшафтары, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, тау көлдері, Іле өзені және көптеген басқа да сулы, таулы және жазықтық артерияларды, минералды су және емдік саз балшық көздері, тірі табиғат ескерткіштері, қайталанбас флора мен фауна және мәдени-тарихи (қорғандар) кешендер және тас үстіндегі бейнелер, мұражайлар және театрлар, кесенелер және мазарлар, бұрынғы кезеңдегі сәулет құрылыстары) бар болуымен сипатталады.
      Қазіргі таңда Алматы облысында 2007 - 2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы әзірленді және 2006 жылғы 12 желтоқсандағы облыстық мәслихат сессиясының N 34-252 шешімімен бекітілді. "Туризм" кластерін дамытудың мастер-жоспары әзірленді және бекітілді.
      Туристік индустрияны жедел қалыптастыру, сондай-ақ жалпы республика экономикасының туристік секторын жандандыру мақсатында Алматы облысының Қапшағай қаласында туристік орталық құру жөнінде шаралар қабылдануда.
      Облыс Қытай Халық Республикасымен және Қырғыз Республикасымен шекаралас жатқандықтан, қазіргі кезеңде Алматы облысын дамытудың басты мәселелері өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және маңызды халықаралық экономикалық ынтымақтастық аймағы ретінде шекаралық аумақтардың рөлін өңір арқылы өтетін көлік бағыттарын, сондай-ақ шекаралық сауда орталықтары инфрақұрылымын дамыту жолымен күшейту болып табылады.
      Облыс аумағында "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" жобасы шеңберінде халықаралық көліктік-коммуникациялық дәліздер - Достық-Алматы және Қорғас-Алматы бағытындағы елдің Оңтүстік көліктік дәлізі дамитын болады.
      Орталық Азия республикаларының экспорттық-импорттық операциялары облыстың үш елді-мекені - Қытай Халықтық Республикасымен шекаралас орналасқан Достық, Қорғас және Көлжат бойынша жүзеге асырылады.
      Қазіргі уақытта "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қамтамасыз ету мақсатында оның көліктік және сервис-сауда-өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
      "Көліктік логистика" кластерін қалыптастыру шеңберінде Іле ауданындағы Первомайск және Өтеген батыр кенттерінде көліктік-логистикалық кешен құрылған болатын.
      Достық бекетін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңір қажеттілігін қамтамасыз ету және транзитті контейнерлік жүктерді өңдеу, Достық теміржол өткелінің өткізу мүмкіндігін кеңейту үшін Достық шекаралас өткелінің базасында ірі көліктік-логистикалық орталық құру қарастырылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес көліктік-логистикалық орталық арқылы транзитті жүк тасымалы үлесін ұлғайта отырып, халықаралық көліктік дәліздерінің белсенді әрекет ететін көліктік-логистикалық торабы ретінде Достық шекаралас өткелін одан әрі дамыту жоспарланған.

2. Тұжырымдаманың мақсаттары мен негізгі міндеттері

      Тұжырым даманың мақсаты қаржылық, инновациялық-білім беру, көліктік-логистикалық, сауда, қызметтік-технологиялық және туристік қызметтерді ұсынатын елдің экономикалық өсуінің бірыңғай орталығы ретінде Алматы қаласын және Алматы облысын ұстанымдаудың негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.
      Тұжырымдаманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      Алматы қаласын және Алматы облысын дамытуды ықпалдастыру;
      Алматы өңірін экономикалық мамандандырудың перспективті тауашаларын анықтау және дамыту арқылы Алматы өңірін республикалық, өңірлік және әлемдік нарықтарға біріктіруді қамтамасыз ету;
      кластерлік тәсіл негізінде Алматы қаласының және Алматы облысының өңіраралық және салааралық өзара әрекет жасауына ықпал ету;
      өңірдің дамуына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және даму институттарымен серпінді жобаларды іске асыру;
      "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі шеңберінде Алматы өңірі бизнесінің дамуына ықпал ету;
      тұрғындардың сапалы өмір сүруін жоғарылатуға және өңірдің өңірлік және халықаралық тартымдылығын өсіруге бағытталған өмір сүруді қамтамасыз етуші инфрақұрылымның озық дамуы;
      халықаралық ынтымақтастықтың шекаралас пункттерін дамыту;
      Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер мен Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңестің өзара белсенді әрекет арқылы өңірлік даму саласындағы өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
       облыс аумағы бойынша өндірістік күштерді ұтымды бөлу есебінен   өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету (серіктес қалаларды қоса алғанда, Алматы облысының қала құрылысын дамытудың кешенді схемасының тұғырнамалық негіздерін әзірлеу).

3. Алматы қаласын жане Алматы облысын ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі негізгі бағыттары

      Алматы қаласын және Алматы облысын бірыңғай Алматы өңірі ретінде дамыту біріккен тездетілген өзара байланысты және кешенді дамыту үшін қосымша импульсті алуға мүмкіндік беретін, ерекшелігі жағынан қала мен облысқа тән қазіргі бар және әлеуетті іске асырылатын бәсекелестік артықшылықтарға жүгінетін болады.
      Ұлттық және әлемдік нарықтарда Алматы өңірі - көлік, логистика, халықаралық сауда саласындағы, халықаралық оператор және қаржылық қызмет, сауда, туризм, шағын және орта бизнес, жоғары технологиялар, білім беру, медицина саласындағы қазіргі сервистік орталық ретінде ұстанымдануы қажет.
      Өңірдің халықаралық және ұлттық деңгейлерде өзін:
      Алматы өңірінің барлық аумағы бойынша туристік және спорт инфрақұрылымы объектілерін орналастыру арқылы туристік және спорттық орталық;
      көліктік және сервистік-логистикалық инфрақұрылымның жалпы өңірлік жүйесін дамыта отырып, көліктік-логистикалық қызметтер орталығы;
      ірі өндірістік және сервистік орталық;
      іргелі және қолданбалы ғылым орталығы ретінде мәлімдеуге барлық алғышарттар бар.
      Сонымен бірге облысқа қарағанда Алматы қаласында оған ұлттық және әлемдік нарықтарда халықаралық қаржы орталығы ретінде дербес ұстанымдануға мүмкіндік беретін жеке бәсекелестік артықшылықтары бар екендігін атап өту қажет.
      Бұл басымдықтар қаланың және тұтастай Алматы агломерациясы дамуының серпінді салаларының, "қозғаушы күштерінің" рөлін атқарады, ал олардың жоғары серпінді өсу қарқынын құрылыс, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымы және қызметтер саласындағы кәсіпкерлік сияқты салалар қолдайды.
      Әлемдік деңгейде өңірдің қазіргі кездегі ұстанымы төмен, себебі Алматы мегополисінің ұстанымдануының әр түрлі бағыттары бойынша (қаржы, инновация, сауда, туризм) әлемде кемінде оннан бірнеше жүздеген бәсекелестік өңірлер бар.
      Бәсекелестіктің жоғары деңгейі маманданудың таңдалған салаларына неғұрлым нақты бағытталудың қажеттілігін негіздейді - дамудың іріленген саласымен қатар (туризм немесе инновация) мамандандырудың неғұрлым ықшам науашасы да таңдалуы қажет, себебі біріншіден, Алматы өңірінде қосымша бәсекелестік артықшылықтары бар немесе құрылуы мүмкін және екіншіден, халықаралық нарықтарда бәсекелестіктің төмен деңгейі байқалады. Сонымен бірге Алматы қаласы және Алматы облысының бәсекелестік артықшылығы туризмді дамыту саласында кластерлік бастамашылықты іске асырудан тұрады. Әсіресе, осы жерде қонақ үйлер, демалыс орындары, ойын-сауық объектілері, табиғат қорықтары және саябақтар барынша шоғырланған және туристер үшін өңірдің жалпы тартымдылығын жоғарылатуға жеке бизнес өкілдерінің шынайы дайындығы байқалуда.
      Бұдан басқа, Алматы облысының ауылшаруашылық басымдылығын ескере отырып, Алматы қаласы Ресейдің Сібіріндегі нарықтарда дайын тауарларды дистрибуциялау арқылы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша қуатты орталық ретінде одан әрі дамуы қажет.
      Өңірлік деңгейде негізгі міндет ретінде Қазақстанның өңірлік көшбасшылығын нығайтуға бағытталған өңірге және елге ресурстар мен іскерлік белсенділікті тарту орталығын қалыптастыру болып табылады.
      Әлемдік экономика деңгейінде Алматы өңірін ұстанымдандырудың негізгі міндеті өндірістік-коммерциялық қызметтің ауқымы мен тиімділігін ұлғайту, қала кәсіпорындарының, Алматы агломерациясының және тұтастай Қазақстанның мол пайда табуы, сонымен қатар шетелдік ресурстардың (санаткерлік, қаржылық, технологиялық) көмегімен қала мен облыс экономикасының жоғары технологиялық өндірістерінің озық дамуы мен жаңғыру мүмкіндіктерін іске асыру болып табылады.
      1) Алматы өңірі туристік және спорт орталығы ретінде
      Қала Алматы облысымен бірге, өңір үшін төмендегі бірегей бағыттар бойынша туристерді тарту орталығы болуы мүмкін: спорттық шаралар (2011 жылғы қысқы Азия ойындары, қысқы спорт түрлері бойынша әлем кубоктарының кезеңдері) және қаланың спорт объектілерінің қызметтері (Шымбұлақ, Медеу); рекреациялық қызметтер (Іле Алатауында орналасқан санаторийлік-курорттық кешендер); табиғаттағы туристік бағыттар (Шарын, Түрген, Есік, Шымбұлақ, Үлкен Алматы көлі, Ыстықкөл), халықаралық ауқымдағы маңызды мәдени іс-шаралар (джаз фестивалі, қазіргі заманғы өнер биенналесі), мамандандырылған туристік қызметтер (Жаңа Іле серіктес қаладағы ойын бизнесі орталығы, тау туризмі, альпинизм, рафтинг, салт атпен серуендеу және т.б.).
      Бәсекелестік артықшылықтар: қолайлы климаттық жағдайлар, Алматы облысының аумағында бірқатар бірегей ландшафт объектілері мен бірнеше табиғи-климаттық аймақтардың болуы. Облыс аумағында тарихи сауда бағытының - Ұлы Жібек жолының өтуі, Алматыда болған кезде баруға мүмкіндік беретін Ыстықкөлге жақындығы. Қаладағы демалыс және бос уақытты өткізу орындарының жоғары дамыған инфрақұрылымы.
      Еуропалық туризм орталықтарымен салыстырғанда Алматы өңірінде болу құнының төмендігі. Көптеген шетел туристері үшін Орталық Азия өңірінің аз зерттелгендігі және экзотикалығы. Қалада көрсетілген магистралды бағыттар бойынша жүріп өтетін шетелдік туристердің транзиттік аялдамалары үшін алғышарттар жасайтын Еуропадан Азияға көлік ағындары қиылысында Алматының қолайлы орналасуы.
      Алматы облысында аса бай термалды су көздерінің, емдік балшық көлдерінің, қорықтардың, ұлттық парктер, Балқаш және Алакөл көлдерінің, Қапшағай су қоймасының және басқа да рекреациялық ресурстардың болуы облыс аумағында, Алматы қаласында да қосылған құн тізбегіне кіретін компанияларды орналастыра отырып, туристік кластерді дамытуды қамтамасыз етеді.
      2) Алматы өңірі көліктік-логистикалық орталық ретінде, өңіраралық көлік ағындарын жүйелендіру және өңірдің экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін құрылатын және көлік торабынан, жүктерді өңдеу және оларды топтастыру, партияларға бөлу, жүктердің сапасын бағалау орталығы сияқты. Өңірлік маңызы бар көтерме сауда және дистрибуция орталығы, туризмге байланыстырылып дамитын бөлшек сауданың өңірлік орталығы.
      Перспективада ірі көліктік-логистикалық торабын оны Орталық Азиядағы аса ірі көліктік-логистикалық орталығы ету перспективасымен дамытып, қалыптастыру, "хаб" қағидаты бойынша қала әуежайының қызметін ұйымдастыру көзделіп отыр. Қытай мен Ресей, сондай-ақ ТМД елдері арасындағы көтерме сауданың тірек пункті. Өңірдегі ірі бөлшек сауда және қаланың туристік орталық ретіндегі қосымша тартымдылығын жасайтын әлемдік озық сауда маркаларын (Дубаи, Стамбул, Шанхай қалаларына ұқсас) дистрибуциялау орталығы.
      Қолда бар көліктік-логистикалық инфрақұрылым, Азия-Еуропа көлік ағындарының жолында орналасқан географиялық тиімді орналасу, қаржы инфрақұрылымдарының және көліктік-логистикалық инфрақұрылым объектілерінің болуы, Қазақстанда Алматы өңірінің транзиттік әлеуетін одан әрі іске асыруға бағытталған бірқатар бағдарламаларды іске асыру, көтерме және бөлшек сауданы дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасайтын халықтың тауарға деген жоғары және серпінді дамып жатқан төлеуге қабілетті сұранысы, қаржы, туристік және инновациялық орталық ретінде қала дамуының қолайлы перспективалары қала мен облыстың бәсекелестік артықшылықтары болып табылады.
      Перспективада облыстың көліктік-логистикалық орталықтарын салу жоспарланған Алматы қаласының терминалымен бірге, өңірдің көлік-логистикалық қызметтерінің бірыңғай жүйесін қалыптастырады.
      Алматы өңірінің толыққанды көліктік-логистикалық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін:
      1А санатты "Алматы - Қапшағай" алты жолақты автожолын, сондай-ақ 1Б санатты "Қапшағай - Талдықорған" төрт жолақты автожолын ("Алматы - Өскемен" республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының учаскелері);
      "Алматы - Жаркент - Қорғас" жаңа терт жолақты автомобиль жолын ("Өзбекстан шекарасы - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы - Қорғас - Қытай шекарасы" республикалық маңызы бар автокөлік жолының учаскесі) ұзындығы 301 км;
      Қорғас - Жетіген темір жол тармағын;
      2 әуе жай, автовокзалдар, темір жол вокзалдарын (Қорғас және Жаңа Іле);
      болашақтағы таулы-климатты курортты қалаларда қоғамдық және жеке меншік көлікті қабылдау үшін және жолаушыларды жазықтарға жеткізуге арналған көлік-техникалық торабын;
      облыстың Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағымен өтетін 6 жолақты Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және қайта жаңарту;
      "Алматы - Өскемен" автожолының "Алматы - Жаңа Іле - Талдықорған" учаскесін;
      "Бірлік - Ақбұлақ" автожолын;
      туристер мен көліктердің ағынына қызмет көрсету үшін дамыған өзен инфрақұрылымын - порттар, айлақтар, көпірлер, су көлігін (шағын кемелер) және басқалар құру.
      Алматы қаласында көлік торабының орталығы бар Алматы облысы көлік-коммуникация қызметтерін дамыту, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия, Ресей және Еуропа арасындағы транзиттік қызметтерді кеңейту үшін үлкен әлеуетке ие. Облыс бойынша: Термез - Ташкент - Алматы, Алматы - Талдықорған - Достық - Қытай автомобиль транзиттік дәлізі, сондай-ақ Орталық Азия - Қазақстан - Ресей (Сібір) темір жол транзиттік дәлізі, Пресногор - Көкшетау - Астана - Мойынты - Ақтоғай Достық Трансазия магистралінің солтүстік дәлізі өтеді.
      Алматы облысы бір қатар қуатты жүйе құрайтын және қарқынды дамып келе жатқан геостратегиялық ресурстарға ие. Бұл көрші Қытайдың дамып келе жатқан шекара маңы аудандарымен шекаралас аумақтар, "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы, Көлжат шекара маңы автоөтпесі, "Қорғас - Шығыс Қақпасы" шекара маңы сауда-экономикалық аймағы мен "Достық" индустриялық-сервистік аймағы.
      "Қорғас - Шығыс Қақпасы" шекара маңы сауда-экономикалық аймағы Орта Азия көліктік-өнеркәсіптік дәлізінің және Тасқала - Озинки халықаралық құрғақ портын (Батыс Қазақстан облысы) мен "Ақтау" теңіз порты қамтитын халықаралық көліктік-логистикалық жүйенің құрылымына кіреді.
      Осыған байланысты Алматы өңірі халықаралық сауда мен көліктік-логистикалық қызметтер жүйесінде өңірлік оператор ретінде қызмет ете алады.
      3) Алматы өңірі ірі өндіріс және сервистік орталық ретінде
      Алматы өңірі өндірістік орталық ретінде мыналарды табысты дамыта алады:
      тамақ өнеркәсібі: сүт және ет өнімдері, өсімдік майы, қант, ұн өндірісі, шарап ісі, темекі өндірісі. Соя, томат, жүгері-крахмалды патоктарын қайта өңдеу, лимон қышқылын, қойылтылған және құрғақ сүт, ет және балық консервілерін өндіру мүмкіндіктері;
      машина жасау: аккумулятор өндіру бойынша қуаттар, темір жол көлігі үшін қосалқы бөлшектер өндірісі;
      жеңіл өнеркәсіп: жүн маталарын өндіру, тігін өндірісін, тері өндірісі мүмкіндіктері;
      өсімдік шаруашылығы: астық, жүгері дәндері, қант қызылшасы, сояның майлы дәндерін, картоп, көкөніс, жеміс-жидек дақылдарын, жүзім және темекі өндіру;
      мал шаруашылығы: ет-сүт бағытында ірі қара мал мен қой, шошқа және құс өсіру.
      Жалпы таралған пайдалы қазбалардың - мәрмәр, кварц құмының, әктастың, гипс шикізатының, қыш және отқа төзімді саздың, құрылыс және жапсырма тастардың елеулі әлеуетінің, қолайлы көлік инфрақұрылымының және еңбек ресурстарының үлкен әлеуетінің болуы құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға және құрылыс кластерін қалыптастыруға оң әсер етеді.
      Бұдан басқа, су және жел энергиясы ресурстарының елеулі қорын ескере отырып, өңірдің сыртқы энергия жеткізушілерден энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін облыс экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын, дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану болады.
      Облыс пен Алматы қаласының бірыңғай энергетикалық жүйесінің әлеуетін төмендегідей сипаттауға болады: облыс энергетикамен барынша қамтамасыз етілген өңірлердің бірі болып табылады (3 су электр станциясы, 3 жылу электр станциясы), көптеген су энергетикалық ресурстардың болуы - тағы 2 су электр станциясын салу мүмкіндігі, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мүмкіндіктері: күн энергиясын, жер асты суларын (геотермалды энергия), жел электр энергиясын, оның ішінде Жоңғар қақпасында 100-110 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндіруде.
      4) Алматы қаласы іргелі және қолданбалы ғылым орталығы (инновациялық кешен), оның қызметі Қазақстанда, оның ішінде ТМД елдерінен және алыс шетелдерден зерттеушілер тарту есебінен, "білімге негізделген экономика" қалыптастыруға бағытталған. Қаржылық, ұйымдастырушылық және маркетингтік қолдаудың инновациялық жобаларының  өңірлік орталығы. Өңір нарығына бағытталған жоғары технологиялық өнімдердің жекеленген түрлерін өндіру.
      Жоғары технологиялы өндірістерді венчурлық қаржыландыру, "Алатау" технопаркін, Алматы өңірлік технопаркінің базасында инновациялық салаларды дамыту, Дүниежүзілік банк жобасының шеңберінде  технологияларды коммерцияландыру жүйесін, өңірлік дистрибуция орталығын дамыту және жетекші әлемдік брэндтердің hi-tech өнімдерін енгізу, информатика саласында өңірлік маңызы бар компанияларды қалыптастыру ұстанымдаудың тауашасы бола алады.
      ІТ ұлттық нарығын дамытуды ынталандыру саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерінің бірі мамандандырылған ІТ-білім беруді дамыту және білікті ІТ-мамандары сыныбын қалыптастыру болып табылады.
      Осыған байланысты "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі ("Алатау" АТП) базасында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ІТ-университет) құрылатын болады. Мамандандырылған ІТ-университетін құру ақпараттық технологиялар саласында сапалы серпінділік қажеттілігінен, өсіп отырған ақпараттық қоғам қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр. ІТ-университеттің кәсіпкерлік компонентін қамтамасыз ету үшін ғылыми, жобалау және енгізушілік қызметке қажетті тиісті жағдайлар жасалатын болады, ол нәтижесінде ғылыми және қолданбалы ІТ-жобаларды коммерцияландыруға алып келеді. "Алатау" АТП аумағының тиісті жеңілдіктер мен артықшылықтарды қамтамасыз ететін мәртебесі бар, бұл әлеуетті тапсырыс берушілермен барынша тиімді ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді.
      Осындай деңгейдегі ІТ-университетті құру және дамыту елдің негізгі өндірістік және білім беру ІТ ресурстарын бір жерге шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл синергетикалық әсер мен жоғары технологиялар саласының дамуына алып келеді.
      Алматы қаласының іргелі және қолданбалы ғылымы дамыған ғылыми-техникалық саладағы маңызды функцияларының бірі оның нәтижелерін отандық және халықаралық нарыққа жылжыту және технологиялар трансферті - экономиканың нақты секторындағы, оның ішінде Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы ғылыми-техникалық және инновациялық әзірлемелерді енгізу болады. Өндірісте жаңа технологияларды қолдану шығарылатын тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
      Бұл бағытта Алматы қаласының мынадай бәсекелестік артықшылықтары бар:
      Алматыда және облыста экономиканы инновациялық дамыту мақсатында ғылыми зерттеулер және ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының көп бөлігі шоғырланған;
      мемлекеттің қолайлы жағдай жасауды және жоғары технологиялы өндірістерді дамытудың арнайы аймақтарын ("Алатау" технопаркі, Алматы өңірлік технопаркі, бизнес-инкубаторлар) құруды көздейтін инновацияға бағдарланған экономикалық саясаты;
      елде және Алматы қаласында әрі Алматы облысының қала маңы аймағында құрылған және қалыптасып отырған венчурлық қорларды, инновациялық және жоғары технологиялы өндірістерге қолдау көрсететін даму институттарын - Ұлттық инновациялық қорды, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын және Дүниежүзілік банктің технологияларды коммерцияландырудың әзірленген жобасын қамтитын инновациялық инфрақұрылым желісі.
      Бұдан басқа, облыстың аумағында: Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Іле ауданында үш индустриялық аймақ құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
      "Ғылым қаласы" технополисін салу мәселесі пысықталуда.
      5) Алматы қаласы халықаралық қаржы орталығы ретінде.
      Осы саладағы бәсекелестік артықшылықтар бәсекелесуші орталықтармен салыстырғанда АӨҚО сауда алаңдарына шыға алатындығына, АӨҚО шеңберіндегі инвесторлар мен эмитенттер үшін арнайы жағдайларға, Алматыға ел өңірлерінің және олардың инвесторлары мен эмитенттерінің географиялық жақындығына, ел өңірлеріндегі компаниялардың бағалы қағаздарды тиімді орналастыруына алғышарттар жасайтын қазақстандық қаржы жүйесінің икемділігіне байланысты болуда. Алматыда бірқатар халықаралық қаржы институттарының өңірлік өкілдіктері (Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық комиссия және басқалары) орналасқан, бұл осы ұйымдардың қаржылық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржы нарығының жоғары дамыған инфрақұрылымы және қала аумағында орналасқан шетелдік қаржы компаниялары үшін білікті кадрлардың болуы.
      Алматы қаласы Оңтүстік Шығыс Азия (Гонконг, Токио, Сингапур) және Еуропа (Франкфурт, Лондон) биржалары арасындағы уақытша көпір рөлінде әрекет ететін ҒОRЕХ әлемдік валюта нарығы орталықтарының бірі бола алады. Тауарлық активті халықаралық сауда орталығы - мұнайға, мысқа, қалайыға, қорғасынға, мырышқа, алтынға келісім-шарттарының бар болуы келешекте - уран және сирек кездесетін металдармен бүкіл әлемдік биржалық сауда орталығы болуы мүмкін. Алдағы болашақта - уран мен сирек кездесетін металдармен сауда жасайтын дүниежүзілік биржа орталығы.
      Қаланың Қытай және Ресей сияқты неғұрлым перспективті нарықтарға тікелей жақын болуы - қалада орналасқан шетел қаржы компанияларына өзінің қызметімен қазақстандық, ресейлік және қытайлық - бірден үш нарықты қамтуына мүмкіндік береді.
      Алматы қаласын қаржылық қызмет орталығы ретінде дамыту барлық Алматы өңірін дамытуда инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді және оның инвестициялық тартымдылығын жоғарылатады.
      Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысындағы болып жатқан экономикалық үдерістер осылайша (Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға көмектесе отырып, олардың аумақтық шекарасын басып өтетінін, олардың функционалдық рөлін күшейтетінін жалпы атап өткен жөн. Алматы өңірінің салааралық және өңіраралық байланысын келешекте нығайтуға "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі де ықпал ететін болады.
      Алматы облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес облыстың негізгі экономикалық қаңқасы Алматы қаласына іргелес тұрған агломерациялық аймақ облыстың аумағы арқылы өтетін басты көліктік-инфрақұрылым белдеулер мен Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының шекарасында қарқынды дамушы трансшекаралық аумақтар тұтастық өңірдің көп орталықтылығын дамытуды қалыптастыру болып табылады.
      Осыған байланысты ұстанымдау мен оған тиісті аумақтық ұйымдарды дамыту перспективалары және Алматы өңірінің халықтарын қоныстандыру жүйесі мынадай орталықтарды дамытуға байланысты:
      1. Өңірдің солтүстік бөлігін дамытуды күшейту үшін облыстың әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы мен оған іргелес жатқан Үштөбе және Текелі қалаларының ұстанымын нығайту жоспарланып отыр.
      Осы қалаларда индустриялық аймақ құру, әкімшілік-іскерлік орталық, көп функционалды тұрғын үй кешендерін және шағын аудандар салу ұйғарылып отыр.
      2. "Достық" индустриялық-сервистік аймағын құру. Достық кентінің базасында халық санының 15 мың адамға көбеюі көліктік-логистикалық орталық пен жеміс-жидек, "Райымбек" компаниясымен сүт өнімдері топтарын, "Вита" фирмасымен соя мен жүгері өнімдерін қайта өңдеуді өндіру бойынша серпінді жобаларды іске асыру жоспарланып жатқан шекара маңы қаласын салу жоспарланып отыр.
      3. Өңірдің шығыс аймағы Құлжа тас жолымен жағалай Қорғасқа қарай "тірек" каркасын тартуды қалыптастырумен анықталады.
      "Серпінді" жобалар шеңберінде 30 мың адамы бар қала, жүк тасымалдау үшін халықаралық әуежай, темір және автомобиль жолын салуға арнайы "Қорғас-Шығыс қақпасы" шекаралық сауда-экономикалық аймағын құру жоспарланып отыр.
      4. Өңірдің батыс аймағы - Жетіген, Алматы Жиһаз, Талдықорған индустриялық-логистикалық парктерін құру жолымен өнеркәсіп өндірістерін орналастыру үшін әлеуетті ірі аймақ болып табылады.
      Туризм аймақтары дамытылады. Олар шартты түрде үшке бөлінген: тау бөктеріндегі - Іле және Жоңғар Алатауы, Қапшағай су қоймасының жағалауы, Балқаш пен Алакөл жағалауы.
      Тау бөктері аудандарын перспективалы дамытуда тиісті инфрақұрылымды таулы-климаттық курорттар Ұлы Жібек Жолының Қазақстан бөлігінде базалық нысан сияқты Талғар қаласындағы этнографиялық кешен, "Меркур парк" гольф-курортын, "Орлиный ручей" халықаралық курортын, "Ақсай" халықаралық демалыс орталығын салу ескерілген.
      Қапшағай су қоймасының жағалауында ойын-сауық және спорт инфрақұрылымын дамытумен ойын мекемелерін орналастыру үшін "Жаңа Іле" туристік орталығы құрылатын болады.
      Балқаш ауданында экология-этнографиялық парк "серпінді" жобасы іске асырылатын болады.
      Ірі спорт нысандарын салу жоспарланып отыр.
      2011 жылы Азиялық ойындар өткізу үшін облыстың аумағында үш нысан салу жүзеге асырылуда.
      Барлық жоғарыда айтылған облысты аумақтық жайластыру жобалары 4 млн-нан астам адам өмір сүретін Алматы өңірінің халқы санының көбеюіне әкеледі.
      5. Серіктес қалалар, олар G4 Сitу жобалары шеңберінде Іле ауданында Алматы - Қапшағай трассасын бойлай жылдам темір және автомобиль жолымен Алматы қаласынан өнеркәсіп кәсіпорындарын шығара отырып жоспарланған. Келешекте Талғар мен Қаскелең қалаларын серіктес қалалар мәртебесіне жеткізу жоспарланып отыр.
      Алматы агломерациясын дамытуға бағытталған бірнеше инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларды, оның ішінде мыналарды іске асыру қажет:
      ЖЭО-1, 2, 3, ЖЭО-2 - ЖЭО-1 жалғастыру магистралы және қалалық жылу магистралін қайта жаңарту және жаңғырту;
      Азиада объектілерінің электрмен жабдықтау үшін КС 220 кВ "Ерменсай", КС 220 кВ "АТП", КС 110 кВ "Медеу" КЖ - 110 кВ мен, КС 110 кВ "Шымбұлақ" кіші станцияларын салу;
      "ОҚГРЭС-Алма" 500 кВ ӘЖ-500 кВ мен "Алма" кіші станциясының құрылысы;
      Алматы қаласының метрополитеніне: КС 220 кВ "Кенсай" ӘЖ-220 кВ мен, КС 110 Кв "Отырар" КЖ - 110 кВ мен, КС 110 кВ "Алатау" тарту кіші станцияларын салу, КС 110 кВ "Отындығын" қайта жаңарту;
      қазіргі бар "Ақыртөбе" газ қоймасын, оның сыйымдылығының ұлғаю мақсатымен қайта жаңғырту;
      N 2 газ таратушы бекеті мен газ құбырын қала сыртына шығару;
      Алматының айналасын Сумен қоршау жобасын жасауды іске асыру.
      Осы шаралар Алматы облысының және елдің басқа да жақын өңірлерінің серпінді дамуына мультипликативті әсер ететін өмірдің жоғары ұйымдастырылған урбанистикалық ортасымен және экономиканың жартылай функционалдық бағытымен Алматы агломерациясын "өсу полюсі" ретінде құруға мүмкіндік береді.
      26 кіші және бірқатар ірі ГЭС, жел электр станциясын, Балқаш жылу электр станциясын, Талдықорған қаласында жылуэлектрорталықтарын салу өңірдің энергия ресурстарына сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталатын болады.
      6. "Өсу полюсі" ретінде тиімді Алматы агломерациясын қалыптастыру Алматы қаласының қала маңы аймағының дамуына тікелей байланысты.
      Осы мақсатта Алматы қаласының қала құрылысын жоспарлаудың қала маңы аймақтары аумағы дамуының кешенді жобасы қабылданады және әзірленеді соның ішінде қаламаңы аймағының жобалық шектері белгіленеді. Аумақтың кешенді бағалануы (табиғат және инженер-геологиялық жағдайлар, қала құрылысы және шаруашылық қызметін жоспарлы шектеуді айқындау), сондай-ақ қала маңы аймағының шаруашылық дамуының гипотезасы және демографиялық даму болжамдарына және еңбек ресурстарына баға берілетін болады.
      Алматы қаласының қала маңы аймағы аумағының қала құрылысын  жоспарлауды дамытудың кешенді жобасы қала маңы аймағын сәулет-жоспарлау және әлеуметтік ұйымдастыруды қамтиды (функционалдық аймақтарға бөлу, таратып орналастыру және елді мекендердің дамуы) және аумақты инженерлік қамтамасыз ету (көліктің, сумен қамтамасыз етудің, энергиямен жабдықтаудың салалық схемалары). Құжат қала маңы аймағында рекреациялық аймақтар жүйесі бар Алматы қаласының орман-парк белдеуін ұйымдастыруды және табиғат пен материалдық мәдениет ескерткіштерін қорғау шараларын белгілейді.
      Кешенді жобаның құрамында қала маңы аймағының 59 ірі елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу және олардың дамуы үшін қала маңы аймағының аумағын резервке алу көзделетін болады.
      Алматы қаласының айналасында экологиялық жағдайды жақсарту үшін Қарасай ауданында жұмыс істеп тұрған қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигонды жабу жобасын іске асыру және Алматы облысының аумағында жаңа полигон салу қажет.
      Жалпы алғанда қалалардың қала маңы аймағының аумақтарын ұтымды пайдалану үшін қала құрылысын жоспарлау, жер учаскелерін бөлу, жобалау және құрылыс салу, кезінде су қорғау және табиғат қорғау тәртібінің сақталу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жеделдету қажет.

4. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері

      Алматы және Алматы облысының одан әрі дамуы мен сәтті ұстанымдау перспективалары олардың бар нақты басымдықтарын, тиімді транзиттік және қолайлы географиялық орналасуын барынша көп қолдануға, сондай-ақ олардың экономикаларының тиімді өзара қатынасына байланысты болады.
      Барлық Алматы агломерациясын дамытуға отандық және шетел капиталын тарту арқылы, сондай-ақ қала мен облыс аумағында тиісті кластерлерді дамыту шеңберінде кооперациялық байланыстар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар тізбегін құру арқылы қол жеткізіледі.
      Алматы өңірі ұстанымының негізгі бағыттары мынадай стратегиялық және бағдарламалық құжаттар шеңберінде іске асырылатын болады:
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы;
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы;
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы  N 1019 Жарлығымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1097 қаулысымен бекітілген "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы;
      облыстық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 шілдедегі N 41-307 шешімімен қабылданған Алматы облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы;
      қалалық мәслихаттың IV сессиясының 2007 жылғы 31 қазандағы N 22 шешімімен қабылданған Алматы қаласының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы;
      облыстық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы  N 35-252 шешімімен бекітілген Алматы облысының туризмін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1061 қаулысымен бекітілген "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы.
      Бұдан басқа Алматы өңірін кешенді, мақсатты бағытта және іс жүзінде қалпына келтіру мақсатында халықаралық деңгейдегі іскер, туристік және спорт орталығы ретінде Алматы өңірін дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. Құжатта экологиялық аспектілерді ескере отырып, туристік және спорт жобаларын, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар нысандарын салу, сондай-ақ серіктес қалалар салу жөнінде басым іс-шаралар анықталатын болады.
      Алматы облысы мен Алматы қаласында - көлік логистикасы, құрылыс материалдары, азық-түлік өнеркәсібі және туризм сапалары бойынша Қазақстанның кластерлік бастамаларын іске асыру жалғасады.
      АӨҚО-ның жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын одан әрі қамтамасыз ету жалғасады.
      Орта мерзімді болашақта Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының, қоғамдық кәсіпкерлер құрылымдарының жеке меншік секторларында тауарлар мен қызметтер өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға шығару жөніндегі бірлесіп күш салулары үшін шаралар қолдану керек.
      Мемлекеттік және жеке секторларды топтастыру және инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру жолымен Алматы өңірін экономикалық дамытуға "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ықпал етеді.
      Алматы қаласының жүктеме проблемасын шешу мақсатында қала мен облыстың жергілікті атқарушы органдары Алматы қаласы маңында оның Бас жоспарын нақтылау және серіктес қалалардың желілерінен агломерацияны  қалыптастыру бойынша өмірдің жоғары ұйымдастырылған урбанистикалық ортасын құру жөнінде бірлескен шаралар қабылдайды.
      Өндіруші күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін қамтитын Қазақстан Республикасы аумағындағы ұйымдардың Бас схемасы шеңберінде Алматы облысының аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемасы әзірленетін болады. Бұл өңірдің урбанизацияланған, табиғи, ауылшаруашылық, өнеркәсіп каркасы аумақтарын нормативтік-құқықтық өрісте өзара кіріктіруді қамтамасыз етеді.
      Бұдан басқа Алматы қаласының қала маңы аймағы аумағының қала құрылысын жоспарлауды дамытудың кешенді жобасын әзірлеу және қабылдау жеделдетілетін болады.
      Бұл ретте, Тұжырымдамада баяндалған Алматы облысы және Алматы қаласының ұстанымдау бағыттары Алматы өңірінің экономикалық әлеуеті мен халықты орналастыруды кеңістікте ұйымдастыру кезінде негіз болады.

5. Күтілетін нәтижелер

      Алматы қаласы мен Алматы облысының Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттары бойынша ұстанымдары олардың бәсекеге қабілетті мамандануын анықтауға және Алматы өңірінің әлемдік және ұлттық нарықта өз тауашасын иеленуіне мүмкіндік береді.
      Серіктес қалаларды, Қапшағай курорттық аймағын және Алматы облысының шекаралық аудандарын қоса алғанда, Алматы қаласын "өсу полюсі" ретінде дамыту өңірді елдің "озық қарқынмен" өсу аймағына айналдырады.
      Географиялық орналасуына және қала мен облыстық көлік жүйелерінің ортақтығына байланысты экономикалық мамандандырудың жалпы және бірін-бірі толықтырушы салаларының бар болуы өңірдің кәсіпкерлері мен бизнес-топтары арасында экономикалық қатынастардың жақындасуы мен күшеюіне және өңірде бірыңғай экономикалық кеңістік құратын кластерлерді тиімді дамытуға жағдай жасайды.
      Таңдалып алынған ұстанымдау бағыттарын іске асыру Алматы өңірін Еуропалық кеңістікте сапалы қаржылық, инновациялық-білім беру, көліктік-логистикалық, сауда-дистрибьютерлік, қызмет көрсету-технологиялық және рекреациялық қызметтерді ұсынатын халықаралық экономикалық және мәдени қатынастардың маңызды торабы ретінде қалыптастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады