Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 891 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 1070 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.18 N 1070 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 4, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметтерін сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 486-құжат);
      2) "Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 563-құжат);
      3) "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 611-құжат).
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады