"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 913 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
      6-баптың 2-тармағындағы "ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен оның мөлшерін" деген сөздер "ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6, 42-құжат; N 18, 145-құжат):
      1) 5-бап 14) тармақшадағы "айқындау" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:.
      "15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мөлшері мен беру тәртібін айқындау";
      2) 7-бапта:
      3-тармақ 3) тармақшадағы "тыңдау" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге шараларын айқындау";
      4-тармақ 7) тармақшадағы "беру" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру";
      3) 18-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақылары мен тарифтік ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайыз жоғары жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленеді.
      8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімімен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.".
      3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат):
      53-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі.".
      4. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж.,N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
      51-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.".
      5. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 24,147-құжат):
      26-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын.
 
       2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады