Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы N 1005 Қаулысы.

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі бекітілсін.

      2. "Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.

      3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 3 қарашадағы
N 1005 қаулысымен
бекітілген

Концессияға берілуі мүмкін объектілердің
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16 N 526, 2010.02.26 № 137 Қаулыларымен.

Р/с

N

Атауы

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары

1

"Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы - Қапшағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2

"Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

3

"Үлкен Алматылық орамды автомобиль жолы" (ҮАОАЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

4

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

5

Астана қаласының жаңа көлік жүйесі

Астана қаласының әкімдігі

6

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа" автомобиль жолының "Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы" учаскесін қайта жаңарту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

7

"Зияткерлік-көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының "Астана - Щучье" учаскесін пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

8

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану

Маңғыстау облысының әкімдігі

9

Маңғыстау облысының Маңғышлақ (Тамақ) станциясында темір жол вокзалын салу және пайдалану

Маңғыстау облысының әкімдігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады