"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы N 1052 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж. N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат):
      143-баптың 1-тармағында:
      "сот арқылы" деген сөздер "сот тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6,  42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139,   140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат, N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар;  N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 342-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы ", бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 350-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "тәркілене отырып" деген сөздерден кейін "не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат, 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 77-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат):
      1) мемлекеттік тілдегі мәтінінде 1-баптың 9) тармақшасы өзгеріссіз қалдырылсын;
      2) 5-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығаруды (эфирге шығуды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға:
      1) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы қуәлік;
      2) теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия негіз болып табылады.
      Бұл талаптар WЕВ-сайттарға қолданылмайды.";
      3) 10-бапта:
      тақырыбындағы "Бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздер "Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта "таратылатын, WEВ-сайттардан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы және ақпарат агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтарда "бұқаралық ақпарат құралының", "бұқаралық ақпарат құралын", "арыз" деген сөздер "мерзімді баспасөз басылымының және ақпарат агенттігінің", "мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін", "өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "бұқаралық ақпарат құралын", "бұқаралық ақпарат құралының", "бұқаралық ақпарат құралы", "арыз", "арызды", "арыздың" деген сөздер тиісінше "мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін", "мерзімді баспасөз басылымының және ақпарат агенттігінің", "мерзімді баспасөз басылымы және ақпарат агенттігі", "өтініш", "өтінішті", "өтініштің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақшада "(эфирге шығуын), (эфирге шығуы)," деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралы" деген сөздер "мерзімді баспасөз басылымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаның, ақпарат агенттігінің" деген сөздер "Ақпарат агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығаруға" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөлікте:
      "бұқаралық ақпарат құралының", "бұқаралық ақпарат құралы", "бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздер "мерзімді баспасөз басылымының және ақпарат агенттігінің", "мерзімді баспасөз басылымы және ақпарат агенттігі", "мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(эфирге шығуын)" деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақта:
      "Бұқаралық ақпарат құралы" деген сөздер "Мерзімді баспасөз басылымы және ақпарат агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "хабардың" деген сөз "материалдар мен хабарлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 11-бапта:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "Бұқаралық ақпарат құралын", "бұқаралық ақпарат құралы" деген сөздер "Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін", "мерзімді баспасөз басылымы және ақпарат агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "Арызға" деген сөз "Өтінішке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мерзімді баспасөз басылымының, ақпарат агенттігінің материалдары мен хабарларының тілі (тілдері);";
      5) 13-баптың 3-тармағында "3-2" деген сандар "6" деген санмен ауыстырылсын;
      18-баптың 3-тармағындағы ", ал одан соң" деген сөздер "не" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19-баптың 1-тармағында:
      "сот арқылы" деген сөздер "сот тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", егер мұндай мәліметтер таратушы олардың шындыққа сәйкестігін дәлелдемесе" деген сөздер алып тасталсын;
      8) 21-баптың 4-1) тармақшасы алып тасталсын.
 
       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады