"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 1083 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы 

      Душанбеде 2007 жылғы 5 қазанда қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
      меншік түріне қарамастан мәдени құндылықтарды ұрлау Тараптардың мәдени мұрасына едәуір залал тигізетінін атап өте отырып,
      мәдени құндылықтарды ұрлау трансұлттық сипат алғанына алаңдаушылық білдіре отырып,
      мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы тиімді күрес жүргізу барлық мүдделі Тараптардың өзара іс-қимылының негізінде ғана мүмкін екендігін мойындай отырып,
      мәдени құндылықтарды ұрлаудың алдын алу және оларды қайтаруды қамтамасыз ету үшін келісілген шаралар жүргізу қажеттігін ұғына отырып,
      қатысушылары Тараптар болып табылатын осы саладағы халықаралық шарттарды, сондай-ақ ұлттық заңнаманы басшылыққа ала отырып,
       төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады:
       мәдени құндылықтар - Тараптардың әрқайсысы мәдени, археологиялық, тарихи, әдеби, өнердегі немесе ғылыми мәні бар деп қарайтын, олардың жасалу уақытына қарамастан, діни және зайырлы сипаттағы бұйымдар және/немесе коллекциялар, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктері мен фрагменттері;
       мәдени құндылықтарды ұрлау - Тараптардың заңнамасына сәйкес жауаптылық көтертетін, мәдени құндылықтарды алуға бағытталған кез-келген заңсыз іс-әрекет;
       ұрланған мәдени құндылықтар - олардың ұрланған заттар екенін жорамалдауға негізі бар мәдени құндылықтар;
       орталық құзыретті орган - Тараптың осы Келісім шеңберінде Тараптың құзыретті органдарының іс-әрекетін үйлестіруге уәкілетті мемлекеттік органы;
       құзыретті орган - мәдени құндылықтармен байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, ашу бойынша жедел-іздестіру іс-әрекетін жүзеге асыруды және/немесе ұйымдастыруды және/немесе ұрланған мәдени құндылықтарды іздеуді жүзеге асыруды және/немесе мәдени құндылықтардың меншік иелеріне олардың осы құндылықтарға деген құқығын беруде заңсыз әкету, әкелу кезінде және оларға деген меншік құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетуді және/немесе мәдени құндылықтарды заңсыз әкеткен кезде оларды қайтаруға көмектесу және/немесе тыйым салынған, қолданылудан қалдырылған, тәркіленген немесе тұтқынға алынған мәдени құндылықтарды тіркеуге алу, мәдени құндылықтардың жоғалуы, шығынға ұшырату, ұрлаған фактілерін тіркеуге алу және/немесе осы Келісімге сәйкес ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы сұрау салуларды жіберу және/немесе оларды қайтару туралы шешімдерді қабылдауды өзінің заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға уәкілетті Тараптың мемлекеттік органы;
       мәдени құндылықтардың сақталуы - сұрау салынған Тараптың құзыретті органының қайтару не қажет етілмеген мәдени құндылық туралы мәселе шешілгенге дейін шешім орындалғанша олардың сақталуына қажетті талаптарды сақтай отырып мәдени құндылықтарды сақтау;
       мәдени құндылықтардың меншік иесі - мәдени құндылықтарға ие болу, пайдалануға, басқаруға және өнімдік етуге құқықтары бар заңды немесе жеке тұлға;
       ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару - сұрау салатын Тараптың құзыретті органының шешімі бойынша сұрау салынған Тараптың құзыретті органына мәдени құндылықтарды беруі.

2-бап

      1. Тараптар осы Келісімге сәйкес мәдени құндылықтарды ұрлауға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудағы, жолын кесудегі, анықтаудағы, ашудағы, оларды іздеудегі және қайтаруды қамтамасыз өтудегі ынтымақтастықты өздерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырады.
      2. Әр Тараптар орталық құзыретті органын көрсетіп құзыретті органдарының тізілімін анықтайды және оны осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындау туралы хабарландыру тапсырған кезінде депозитарийге беріледі.
      Құзыретті органдар тізімінің өзгерілуі туралы әр Тарап бір ай ішінде жазбаша түрде депозитарийді хабарландырады.

3-бап

      Тараптар ынтымақтастықты мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      а) мәдени құндылықтарды ұрлаумен күрес жүргізу және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі Тараптар ынытмақтастығының нормативтік
құқықтық негіздерін жетілдіру, осы салада Тараптар заңнамасын үйлестіру;
      б) мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрес жүргізуге бағытталған Тараптар қатысушы болып табылатын әмбебап және аймақтық халықаралық шарттарды орындау үшін келісілген шараларды іске асыру;
      в) мәдени құндылықтарды ұрлауға байланысты қылмыстардың жағдайы мен өсіңкілігі және олармен күресу нәтижелеріне талдау жасау;
      г) мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы әрекет және оларды іздеу мен қайтаруды қамтамасыз өтудегі келісілген шараларды қабылдау үшін құқық қорғау және басқа органдардың өзара көмектесе әрекет жасау механизмдерін жетілдіру;
      д) мәдени құндылықтарды ұрлауға мүмкіндік қатыстылығын жорамалдау негізі бар кезінде заң және жеке тұлғалар жөнінде тиісті шаралар өткізу.

4-бап

       1. Тараптар ынтымақтастықты мынадай негізгі түрлерде жүзеге асырады:
      а) жедел, криминалистикалық, статистикалық және басқа ақпараттар сонымен қатар дайындалып жатқан және жасалған құқық бұзушылықтар мен оларға қатысты заң және жеке тұлғалар туралы мәліметпен айналысу;
      б) жедел-іздеу шараларын өткізу туралы мәселелерді орындау;
      в) үйлестірілген алдын алу және жедел-іздестіру шараларын жоспарлау мен іске асыру;
      г) нормативтік құқықтық актілер, басылымдар және ғылыми-әдістемелік материалдармен алмасу;
      д) жұмыс тәжірибесімен алмасу, жұмыс кездесулерін, консультациялар, кеңестер, практикалық конференциялар және семинарлар, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу;
      е) Ұрланғандардың мәдени құндылықтарды өткізу мақсатында ашық телекоммуникациялық жүйелерді қолданудың алдын алу және ескертудің
келісілген іс-шараларын әзірлеу және іске асыру;
      ж) кадрлар даярлауда және мамандардың біліктілігін арттыруда көмек көрсетуі;
      з) мәдени құндылықты таңбалаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу.
      2. Осы Келісім қылмыстық істер және экстрадиция бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелерін қозғамайды.

5-бап

      Тараптардың әрқайсысы:
      1. Мыналар:
      а) мәдени құндылықты шығару және кіргізу тәртібін қамтамасыз ету және орнату сондай-ақ өз аумағында мәдени құндылықтарға байланысты өзге де операцияларды жүзеге асыру;
      б) жолын кесу, мәдени құндылықтарды заңсыз әкелу және шығару, алдын алу және құқық бұзушылық, тонауға байланысты алу, мәдени құндылыққа байланысты заңсыз қазба және өзге де заңсыз операциялар жүргізу;
      в) сатып алынған мәдени құндылықтың ұрланған немесе заңсыз әкелінгенін білген сатып алушының мойындауының адал еместігін қамтамасыз ету;
      г) мемлекет меншігіндегі мәдени құндылықты жасырын таңбалау және суретке түсіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдайды.
      2. Мәдени құндылықты заңсыз әкелу және шығаруға, ұрлықпен байланысты құқық бұзушылыққа қатысқан немесе жасаған, мәдени құндылыққа байланысты заңсыз қазба және өзге де заңсыз операциялар жүргізген заңды және жеке тұлғаларға байланысты санкцияларды белгілейді және қолданады.
      3. Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелу және шығару, мәдени құндылыққа байланысы заңсыз қазба және өзге де заңсыз операциялар жүргізу мақсатында қоғамды ақпараттандыруды жетілдіру үшін қолда бар барлық құралдарды пайдаланады.

6-бап

      Тараптардың әрқайсысы:
      1. Тиісті құзыретті органдардың мынадай:
      а) жоғалған, жойылған, ұрланған және іздеудегі мәдени құндылықтар туралы;
      б) ұсталған, алынған, тыйым салынған немесе тәркіленген мәдени құндылықтар туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық деректер базасының енгізуін;
      2. Екінші Тараптардың құзыретті органдарының сұратуы бойынша жоғарыда көрсетілген ақпараттық деректер базасында жазылған мәліметтерді жедел ұсынуды қамтамасыз етеді.

7-бап

      1. Мәдени құндылықтар бір Тараптың аумағында ұрланған жағдайда оның құзыретті органы ол туралы тараптың орталық құзыретті органына хабарландыру жібереді.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жіберілген хабарландыруда мүмкіндігінше мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      а) мәдени құндылық категориясы;
      б) авторы/мектеп;
      в) аты/атауы;
      г) күні/дайындалған кезеңі;
      д) дайындау материалы және техникасы;
      е) көлемі/салмағы;
      ж) жеке ерекшелік белгілері туралы мәліметтер (жазулары, қолдар, таңба белгісі, бүлінгені, қайта өңделген іздері ж.с.с);
      з) ерекше сақтау тәсілі туралы мәлімдеме;
      и) өзге де мәліметтер.
      3. Хабарландыруға ұрланған мәдени құндылықтың түрлі-түсті бейнесі, сондай-ақ іс жүргізуінде мәдени құндылықты іздестіру туралы іс бар құзыретті орган туралы мәліметтер қоса беріледі ұрланған мәдени құндылықтың қара-ақ түсті бейнесі болған жағдайда негізі түрлі-түсті гаммасы қосымша хабарланады, бейнесі жоқ жағдайда - ұрланған мәдени құндылық толық сипатталады.

8-бап

      1. Басқа Тараптың аумағында ұрланғаны туралы негіз болған жағдайда мәдени құндылықтар Тараптардың біреуінің аумағында анықталған, қамауға алған, алынған немесе тәркіленген кезде, осы жағдайды анықтаған Тараптың құзыретті органы 30 күн ішінде мүдделі Тараптың орталық құзыретті органына мәлімдейді.
      Мәлімдеме алған Тараптың орталық құзыретті органы өндірісінде сол мәдени құндылықты іздестіру туралы іс бар құзыретті органды хабардар етеді.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жіберілген мәлімдеме, осы Келісімнің 7-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес мәдени құндылықтарды сипаттаудан басқа, келесі мәлімдемелер болуы тиіс:
      а) мәдени құндылықтың тұрған жері және оның жай-күйі туралы ақпарат;
      б) анықталған, ұстаған, алған, қамауға алған немесе олардың тәркіленуін, және/немесе олардың сақтауын, сондай-ақ қосымша ақпаратты алуға тиіс байланыс, реквизиттерін қамтамасыз ететін құзыретті органның аталуы;
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты анықтау үшін мәлімдейтін Тараптың құзыретті органы мәдени құндылықтарға сараптама жүргізуді тағайындай алады.
      4. Мәдени құндылықтардың ұрланғаны негіз болған жағдайда, бірақ оның қай Тараптың аумағында жасалғаны анықталмаған кезде, немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұрланған жері туралы алғашқы болжам дәлелденбеген жағдайда мәлімдеме барлық Тараптардың орталық құзыретті органдарына жіберіледі.

9-бап

      1. Осы Келісімнің 8-бабының 1-тармағына сәйкес мәлімдеме алған Тараптың құзыретті органы оны алған күннен бастап 90 күн ішінде осы мәдени құндылықтарға қатысты шаралар туралы сұрау салған Тараптың құзыретті органына хабарлауға немесе сұрау салған Тараптың құзыретті органына ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы себептелген сұрау жіберуге міндетті.
      2. Тараптардың біреуінің аумағында ұрланған мәдени құндылықтарды анықтау кезінде осы құндылықтарды анықтаған Тараптың құзыретті органы мәдени құндылықтары болуы тиіс Тараптың орталық құзыретті органына оларды қайтару туралы себептелген сұрау жібереді.
      3. Мәдени құндылықтарды қайтару туралы сұрау салу басшымен немесе оның орынбасарымен және осы органның гербті мөрімен куәландырылып, сұрау салған құзыретті органының ресми бланкінде жазбаша түрде жіберіледі.
      4. Сұрау салған Тараптың заңына сәйкес ұрланған мәдени құндылыққа жеке меншік құқығын дәлелдейтін, мәдени құндылық иесінің мәліметтері көрсетілген куәландырылған құжаттардың көшірмелері қосылады.

10-бап

      Осы Келісімнің 7,8 және 9-баптарында көрсетілген мәлімдемелер және осы құзыретті органның өкілетті лауазымды адамның қолы қойылған және құзыретті органның ресми бланкінде жазбаша түрде жіберіледі.

11-бап

      1. Сұрау салған Тараптың орталық құзыретті органы 30 күн ішінде ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы мәселені шешуге өкілетті құзыретті органды анықтайды және сұрау салған Тараптан алған құжаттарды оған жібереді.
      2. Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы ұрланған мәдени құндылықтары қайтару туралы сұрауды алғаннан кейін 60 күн ішінде қарайды және қарау нәтижесі туралы Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
      3. Сұрау салған құзыретті орган ақпарат қосымша сұратуы белгілеп мүмкін, керек нақты мерзім ұсынуға, бірақ сұрау түскен күннен бастап 30 күннен аспайды.
      4. Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы қайтару туралы шешімді қабылдап ол туралы 30 күн ішіндегі сұрау салған Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
      5. Ұрланған заттардың ішіндегі мәдени құндылықтардың мүліктік құқығы туралы дау болған кезде олардың иесі туралы мәселе аумағында анықталған Тараптың заңына сәйкес сот органдармен шешіледі.

12-бап

      1. Қайтарылатын мәдени құндылықтар сұрау салған Тараптың құзыретті органының өкіліне оның осы құндылықтарды алуға өкілеттігін дәлелдейтін сұрау салған Тараптың құзыретті органымен берілген құжатты көрсеткенінде беріледі.
     2. Талап етілмеген мәдени құндылықтар туралы мәселелер олар тұрған аумақтың Тараптары заңнамасына сәйкес шешіледі.

13-бап

      1. Тараптардың әрбірі алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Егер сұрау салатын Тарап олардың мазмұнын жариялау орынсыз деп есептесе, Құпиялық дәрежесі сұрау салатын Тараппен айқындалады.
      2. Осы Келісім шеңберінде алынған құпиялы мәліметтерді үшінші жаққа берудің қажетті туындаған жағдайында осы мәліметтерді ұсынған Тараптың жазбаша келісімі талап етіледі.

14-бап

      1. Сұрау салған Тараптың заңнамасында көзделгеннің негізінде ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы сұраудың орындалуынан бас тартылуы мүмкін.
      2. Сұраудың орындалуынан бас тартылуы туралы сұрау салатын Тараптың орталық құзыретті органына бас тарту себептерін көрсетіп, хабардар етеді.

15-бап

      1. Ұрланған мәдени құндылықтардың қайтарылуы туралы сұраудың орындалуы кейінге қалдырылуы мүмкін, егер:
      а) сұрау салынып жатқан мәдени құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалса - әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жіргізуінің аяқталғанына дейін немесе қылмыстық іс бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін, немесе мына мәдени құндылықтар бойынша тиісі шешім қабылданғанға дейін;
      б) оларға қатысты қайтару туралы сұрау түскен ұрланған мәдени құндылықтардың меншіктік құқы, ұстау, тыйым салу, алу немесе тәркілеу туралы мәселесі, мына іс бойынша соттық шешім күшіне енгенге дейін - сұрау салынған Тарапта сот талабы болады.
      2. Сұрау салынған Тараптың орталық құзыретті органы сұрау салатын Тараптың орталық құзыретті органына осы баптың 1-тармағының негізінде ұрланған мәдениет құндылықтардың қайтарылуы туралы мәселенің шешілуін кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайды.

16-бап

      1. Осы Келісімге сәйкес қайтарылып жатқан ұрланған мәдени құндылықтарды кедендік шекара арқылы өткізгенде осындай өткізуге байланысты кедендік және өзге төлемдер төленбейді, ал кедендік рәсімдеу ол жүзеге асырылып жатқан аумақтағы Тараптың заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша реттеледі.
      2. Ұрланған мәдени құндылықтарды ұстауға, сұрау салатын Тараптың құзыретті органының уәкіліне тапсыруға дейін олардың сақталуына байланысты шығындарды сұрау салынған Тарап көтереді.
      3. Ұрланған мәдени құндылықтарды сұрау салатын Тараптың аумағына қайтару жөнінде шығындарды сұрау салатын Тараптың құзыретті органы көтереді.
      4. Ұрланған мәдени құндылықтарды қайтаруға байланысты көтерілген шығындар Тараптардың заңнамасына сәйкес төленеді.

17-бап

      1. Іздеудің бастамашысы болып табылатын құзыретті органнан іздеуді тоқтату туралы хабарлама келіп түскеннен кейін Тараптар ұрланған мәдени құндылықтарды іздеуді тоқтатады.
      2. Тараптардың орталық құзыретті органдарына іздеуді тоқтату туралы хабарлама жазбаша түрде құзыретті органның ресми бланкісімен жіберіледі.

18-бап

      Осы Келісімді орындау барысында шыққан шығындарды осы Келісімнің 16-бабында көрсетілгеннен басқа Тараптардың құзыретті органдары деребес көтереді.

19-бап

      Осы Келісімнің Ережелері Тараптардың қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

20-бап

      Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Тараптар жұмыс тілі ретінде орыс тілін қолданады.

21-бап

      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осындай рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін Келісім депозитарийге тиісті хабарламалар сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

22-бап

      Осы Келісім оның ережелерін бөлісетін басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру арқылы ашық. Осы Келісім қосылып жатқан мемлекет үшін осы Келісімнің 21-бабының 1-тармағын сақтаған кезде қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.

23-бап

      Тараптардың әрқайсысы депозитарийге одан шығатын ықтимал уақытқа дейін кемінде алты ай бұрын осы туралы жазбаша хабарлама жіберіп, осы Келісімнен шыға алады.

24-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

25-бап

      Егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша жеке хаттамамен ресімделетін, осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзірбайжан Республикасы үшін     Молдова Республикасы үшін

Армения Республикасы үшін        Ресей Федерациясы үшін

Беларусь Республикасы үшін       Тәжікстан Республикасы үшін

Грузия үшін                      Түрікменстан үшін

Қазақстан Республикасы үшін      Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін         Украина үшін

       Осымен 2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің Штабы
      Халықаралық ынтымақтастық басқарма
      бастығының орынбасары                       Ғ. Әушәріп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады